Сұлулық байқаулары ұлттық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Нажімова Айгуль Абзалқызы

Сұлулық байқауы бұқаралық мәдениет феномені ретінде

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық «5В020400 - Мәдениеттану»

Нұр-Сұлтан, 2022

Қазақстан Репсубликасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

К. А. Медеуова

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Сұлулық байқауы бұқаралық мәдениет феномені ретінде»

Мамандық «5В020400 - Мәдениеттану»

Орындаған: Нажімова Айгуль Абзалқызы

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. к, доцент Адаева Гульнар Аманбековна

Нұр-Сұлтан, 2022

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

5В020400-«Мәдениеттану» мамандығы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Медеуова К. А.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Нажімова Айгуль Абзалқызы - «5B020400- Мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті, күндізгі форма

1. Дипломдық жұмыс тақырыбы: «Сұлулық байқауы бұқаралық мәдениет феномені ретінде». 2022 жылдың «14» ақпанындағы ректордың № 47-п бұйрығымен бекітілген.

2. Студенттің дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2022 жылдың «25» сәуір айы .

3. Жұмыстың бастапқы мәліметтері (заңдар, әдеби деректер, зертханалық-өндірістік мәліметтер) : отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми монографиялары, диссертациялық жұмыстардың авторефераттары, мерзімді басылымдар.

4. Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылуы тиіс мәселелер тізімі:

  • «Бұқаралық мәдениет», «шоу мәдениет», «сұлулық байқаулары» ұғымдарына анықтама беру;
  • Сұлулықты стандарттау механизмдеріне шолу жасау;
  • Отандық сұлулық байқауларына мәдениеттанулық талдау жасау.

5. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1 Новикова, А. А. Современные телевизионные зрелища: истоки, формы и методы воздействия - СПб. : Алетейя, 2008. - 208 с.

2 Тоффлер Э. Шок будущего. М., 2003;

3 Асанова А. Е. Культурное наследие казахского народа как источник вдохновения дизайнеров- модельеров //Мир науки, культуры, образования. - 2012. -№1. - С. 8-12.

6. Жұмыс бойынша консультациялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсету)

Нөмір, бөлім, тарау атауы: Нөмір, бөлім, тарау атауы
Ғылыми жетекші, консультант: Ғылыми жетекші, консультант
Тапсырмалар алу күні: Тапсырмалар алу күні
Тапсырма берген (қолы): Тапсырма берген (қолы)
Тапсырма қабылдаған (қолы): Тапсырма қабылдаған (қолы)
Нөмір, бөлім, тарау атауы:

1 Бұхаралық мәдениеттегі шоу экспансиясы

  1. Сұлулық байқаулары шоу көрінісі ретінде
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні:

Қараша,

2021 ж.

Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):
Нөмір, бөлім, тарау атауы: 1. 2 Сұлулықты стандарттау механизмі
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні: Желтоқсан 2021 ж.
Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):
Нөмір, бөлім, тарау атауы: 2 Cұлулық байқаулары Қазақстан мәдениеті мәнмәтінінде
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні:

Қаңтар,

2022 ж.

Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):
Нөмір, бөлім, тарау атауы: 2 бөлім бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні:

Ақпан

2022 ж.

Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):
Нөмір, бөлім, тарау атауы: 2. 2 Сұлулық байқаулары бренд өнімдерін жарнамалау құралы ретінде
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні: Наурыз, 2022
Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):
Нөмір, бөлім, тарау атауы: Қорытынды
Ғылыми жетекші, консультант: Адаева Г. А.
Тапсырмалар алу күні: Сәуір, 2022 ж.
Тапсырма берген (қолы):
Тапсырма қабылдаған (қолы):

8. Дипломдық жұмысты орындау кестесі

№:
Жұмыс кезеңдері: Жұмыс кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі
Ескерту: Ескерту
№: 1
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысы тақырыбын бекіту
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Қазан, 2021 ж.
Ескерту:
№: 2
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты дайындауға деректер жинау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Қазан - қараша, 2021 ж.
Ескерту:
№: 3
Жұмыс кезеңдері:

Диплом

жұмысының

теориялық

бөлімін дайындау (Бөлім 1)

Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі:

Қараша-желтоқсан,

2021 ж.

Ескерту: Практика басталуына дейін
№: 4
Жұмыс кезеңдері: Диплом жұмысының сараптамалық бөлімін дайындау (Бөлім 2-2)
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Қаңтар-ақпан, 2022 ж.
Ескерту: Практика өту кезінде
№: 5
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыс толық мәтінінің қолжазба нұсқасын аяқтау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Наурыз, 2022 ж.
Ескерту: Практика аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада
№: 6
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты алдын ала қорғауға ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Наурыз, 2022 ж.
Ескерту: Шолу дәрістері (консультация) кезінде
№: 7
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты рецензияға ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Мамыр, 2022 ж.
Ескерту:
№: 8
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын ғылыми жетекшінің пікірі және рецензиямен бірге ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Мамыр, 2022 ж.
Ескерту:
№: 9
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты қорғау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімі: Маусым, 2022 ж.
Ескерту: МАК кестесіне сәйкес

Тапсырманы беру күні 2021 жыл «15 » қазан айы.

Ғылыми жетекшісі: Ғылыми жетекшісі
:
Адаева Г. А.: Адаева Г. А.
Ғылыми жетекшісі: Тапсырманы қабылдаған: студент
:
Адаева Г. А.: Нажімова А. A.

Мазмұны

Кіріспе

  1. Бұқаралық мәдениеттегі шоу экспансиясыСұлулық байқаулары шоу көрінісі ретінде

1. 2 Сұлулықты стандарттау механизмі

2 Сұлулық байқаулары Қазақстан бұқаралық мәдениеті мәнмәтінінде

2. 1 «Қазақ аруы» байқауы: дәстүр мен модерн

2. 2 Сұлулық байқаулары бренд өнімдерін жарнамалау құралы ретінде

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Адамзат өмірінің барлық бөліктеріне енген бұқаралық мәдениет барлығына белгілі бір стандарттар қоюда. Сұлулық әлемі де шетте қалмады. «Сұлулық әлемді құтқарады», - деген Достоевскийдің сөзі әрбір жанға таныс. Сұлулыққа белгілі бір критерийлер берілмейді, себебі сұлулық туралы ойлар, оны қабылдау индивидуалды болып табылады. Не дегенмен, қалың бұқараға арналған мәдениеттің әсерінен әйел адамның сыртқы сұлулығы, жұртшылықтың көңілін көтеруіне арнал а ған шоуға айналды. Осындай байқаулардың әр жыл сайын өткізіліп келе жатырғандығына бір ғасырдан астам уақыт өтті.

Бүгінгідей гендер ұғымының шекарасы айқын емес, феминисттік қозғалыстар сәнге айналған уақытта сұлулық байқауларының өткізілуіне сын көзбен қараушылар саны күрт өсе бастады. Бұған оң көзбен қараушылар да, ондай шоулардың әкелетін еш пайдасы жоқ деушілер де аз емес. Осылайша зерттеу тақырыбының өзектілігі сұлулық байқауларының қоғамдық өмірдегі рөлі мен оған тигізетін әсеріне талдау жасау, қалыптасқан сұлулық стандарттарына жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттілігіне байланысты болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: әлемдік деңгейде және Қазақстанда өтетін сұлулық байқаулары.

Дилом жұмысының зерттеу пәні: бұқаралық мәдениет негізіндегі көңіл көтеру индустриясы және қазақы мәнмәтіндегі сұлулық түсінігі.

Дипломдық жұмыс мақсаты: сұлулық байқауларын бұхаралық мәдениет феномені ретінде зерделеу.

Аталған мақсатқа қол жеткізу төмендегі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

  • Бұқаралық мәдениет және шоу -мәдениет ұғымдарын талдау;
  • Сұлулық байқауларын сұлулықты стандарттау механизмі ретінде зерделеу;
  • «Қазақ аруы» байқауларын талдау арқылы қазақ мәдениетіндегі сұлулық символдарын айқындау;
  • Сұлулық байқауларының табыс табу көзі ретіндегі рөлін зерделеу;

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: сұлулық байқауларының миссиясын анықтауда, сұлулық байқауларының этикалық, эстетикалық функцияларына шолу жасау, шет елдерде Қазақстандық брендті нығайтудағы сұлулық байқауларының атқаратын PR, жарнамалық маңызын айқындауда, сұлулық байқауларының экономикалық, адамдардың сұлулық байқауларына қатынасын анықтау арқылы олардың өткізілу формасы мен шарттарын жаңарту мәселесін зерттеуде.

Диплом тақырыбының зерттелу деңгейі : бұқаралық мәдениет негізіндегі сұлулық байқауларын зерттеу барысында шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің жұмыстарына сүйенеді. Әсіресе шетелдік Э. Тоффлер [14, 254 б. ], Р. Бартс [1, 154 б. ], Л. Фестингер [], Н. Ход [], С. Егорова [], С. Бобрихин [], П. Гуленко [], В. Цвик [], П. Бергер [] еңбектері қолданылады.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Бұқаралық мәдениеттегі шоу экспансиясы

1. 1 Сұлулық байқаулары шоу көрінісі ретінде

Бұқаралық мәдениеттің кеңінен таралуы барлық үрдістердің коммерциялануынан туындады. Рухани мәдениеттің коммерциялануы мәдениеттің көркемдік, шығармашылық көзқарастан қаржылық- экономикалық көзқарасқа ауысуымен байланысты. Көптеген шығармашылық ұйымдар банк капиталымен біте қайнасқан, сондықтан қазіргі уақытта барлық мәдени үрдістер капиталдық, ойын- сауықтық бағытта жүргізіледі. Ал бұқаралық коммуникация және ақпарат құралдары жаңа технологияларға сүйене отырып, мәдени феномендердің алуан- түрлі формаларын әлемнің түпкір- түпкіріне тарату күшіне ие болып отыр. Мәдени артефактілер қатарына жататын кітап, кино, музыка, фильмдер қалың жұртышылық үшін қызықты болуы шарт, өйткені бұқаралық мәдениет тек халық арасында аса сұранысқа ие болған жағдайда ғана дами алады. Ұсыныс және сұраныс - бұл қазіргі заманғы бұқаралық мәдениеттің басты сипаттамалары. Бұқаралық мәдениет заманында барлық заттан капитал жасауға болатыны сөзсіз. Тіпті адам өзін, өз қабілеттерін жақсы жұмысқа орналасу үшін, өзгелермен дұрыс байланыс орнату үшін тауар ретінде сатумен айналысады. Ал қазір одан асып әйел адамдар сұлулығын тауар ретінде қолданып, бренд қалыптастыру үстінде.

Адамның сұлулық сезімі- бұл күрделі әмбебап құбылыс, өйткені ол субъективті және объективті негіздері бар әртүрлі нысандармен байланысты. Тіпті әлеуметтік және қоғамдық тану кеңістігінде орын алатын сұлулық байқаулары да көркем шығармашылықпен, өнермен, қоғамдық санадағы адамның сұлулығы туралы идеялар деңгейінің көрінісі бола алмайды. Мұндай іс - шаралар адам сұлулығын бағалау барысында «артық қоспалардың» бар екендігін есепке ала бермейтіндігі өтірік емес.

Сұлулық ұғымына анықтама беру барысында, ойымызға бірден қатып қалған образ келетіні рас. Барлық әлем нағыз сұлулықтың символы ретінде қабылдайтын Венера Милосскаяның мүсіні немесе сурет әлеміндегі «Джаконда» портреті туралы қайшы пікірлер мүлдем қалыптаспайды. Алайда әйел адамының сұлулығын сипаттағымыз келсе, Р. Барттың тавтологиясына жүгіну қажет секілді: «Әдемі әйел әдемі болғандымен әдемі» [1, 154 б. ] . Бұл тавталогия «сұлулық», «әйелділік» және «сұлу әйел адамның бейнесі» сынды ұғымдарға жіті назар аударуды талап етеді. Әйелдің сұлу бейнесі ешқашан толықтай индивидуалды болуы мүмкін емес, адамның физикалық сұлулығы ерте замандардан бері қойылған шеңберді толықтай бұзып шыға алмайды.

Сұлулық туралы сөз қозғалғанда әлбетте ең басты назарды аудартатын ол адамның бет- әлпеті. Әйел адамның бет- әлпеті нәзіктіліктің ең басты индикаторы десе де болады. Қыз баласының бет- әлпетінде белгілі бір күш сақталған [2, 105 б. ] . Р. Барт «Гарбоның жүзі» атты эссесінде ХХ ғасырдың әйгілі актрисасы Грета Гарбоның шырайлы жүзі ғажайып құбылыс ретінде сипаттаған еді. « . . . оның бет- әлпеті үйлесімділік пен шынайы сұлулықтың бет-бейнесі: ол періштедей сұлу, бірақ ол да біз секілді тән мен қаннан тұратын адам . . . ». Барт оның жеңіл макияжын оның бет-әлпетінің кемшіліктерін жасыру және оның байқалмайтын көздерін жарқын ету үшін қолданатын құрал ретінде сипаттайды. Гарбоның бет-әлпеті, Барттың айтуынша, " идея ", өйткені оның бет-әлпеті ер адамдардың барлығының дерлік идеалы [1, 56 б. ] . Керісінше, әйелдер оған қызғаншпен қарап, сол секілді болуды армандайды [3, 76 б. ] . Гарбоның бет-әлпеті орта таптың үстем идеологиясының, патриархалды идеологияның шеңберіне өте жақсы сәйкес келеді. Кез-келген басқа идеология сияқты, мінсіз бет сұлулығының идеологиясы биліктің мүдделері туралы идеяларының көрінісі болып табылатыны сөзсіз [4, 71 б. ] .

Бұқаралық мәдениет заманында әйел адамның бейнесі «сұлуырақ» болып көрінуі үшін ерніне, көзіне және терісіне макияж жағу арқылы өзгерсіке ұшырау үстінде. «Әйел» гендерлік рөлдер мен әлеуметтік шарттылықтарға қатысты болғанымен, «әйелділік» ол патриархалды қоғамның өнімі және ол әйелдерді төмен позицияға қою арқылы қалай әйел ретінде өмір сүруге үйрететін нормаларды ұстанады [5, 11 б. ] .

Ал тұлғалылық екінші орында. Әйел адамның сыртқа келбеті «әйелділік» стандарттарының партиархалды шеңберіне сәйкес келгенше, әйел адам болмыс ретінде елеусіз болып саналды. Капиталистік патриархаттың басым дискурсында әйел сыртқы келбетке толығымен назар аударуы керек, ал оның кеңістік пен уақытта өмір сүретін адам екендігі елеусіз қалатын уақыттарда болады. Әйел, кез-келген ер адам сияқты, өзіндік эстетикалық қасиеттері бар, белгілері, түсі, өлшемі, формасы бар бет пен дененің иесі болып табылады. Алайда, бұл талаптар әлі де әйелдік стандарттармен күресте жеңіске жете алмай келеді [5, 16 б. ] .

Гарбоның мысалында еске түсіретін болсақ, ол патриархаттық идеалогиялық стандарттарға сәйкес келеді. Оның сұлулығы бұл әлемнен тыс, жоғары, яғни барлық ер адамдардың таза сұлулық туралы ойларына толықтай сәйкес келеді.

Адамның физикалық сұлулығы туралы түсінік адамзат тарихындағы әрбір мәдениеттерде өзіндік болды. Ефремовтың "ежелгі дәуірдегі әр нәсілдің өз сұлбасы, өзіндік сұлулық өлшемі болды"деген әйгілі мәлімдемесін еске түсірейік [6, 125] . Дегенмен, тіпті физикалық сұлулық адамзатқа ортақ жалпылама немесе нормативтік сипаттамаларға ие. Адамның сұлулығы рухани және әлеуметтік орындылықтың көрінісі ретінде адамдағы адам өлшемін жалпылама тәсілі, жалпыадамзаттық болмысты стандарттау тәсілі болып табылады. Сыртқы көріністі нормативті және тартымды деп қабылдау тек қана биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлармен де байланысты. Мәдениетті, жақсы киінген адам бейнесі қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық жағдайын көрсетеді. Тиісінше, әлеуметтік өзгерістер жаңа стандарттар мен нұсқаулықтарды тудырады. Жаһандану дәуіріндегі сұлулық канонының өзгеруі, этникалық, ұлттық және аумақтық шекаралар айқын емес кезде, көптеген жалпы адамзаттық проблемаларды тудыру үстінде.

М. Л. Бутовская өз жұмысында былай деп жазады: "алыс мәдениеттер арасындағы байланыстардың күшеюі, байланыс құралдарының дамуы, бұқаралық мәдениет және Азия елдеріндегі батыс мәдениетінің орасан зор әсері, Африка мен Латын Америкасы, өкінішке орай, әйел сұлулығының канондарын жаһандандыру (әмбебаптандыру) үрдісіне әкеліп соқты" [7, 50 б. ] .

Айта кету керек, бұл сыртқы келбеттің бір жалпы стандартын тарату ғана емес - бұл тек қана "батыстық" сұлулық стандартының енгізілуі.

Ұлттық мәселе бойынша өзекті және ауқымды міндеттерді шешу жолында фестивальдер мен шоу индустрияға мәдениетаралық қарым-қатынас нысаны ретінде ерекше назар аударған жөн, өйткені ол өзінің бастапқы мақсатына байланысты айтарлықтай бітімгершілік әлеуетке ие [8, 128 б. ] .

Масс-медиа технологиялар қарқынды дамуы басталған соңғы онжылдықта теледидарлар үлкен сұранысқа ие болды. Барлық ақпараттық технологиялардың ішінен теледидар постмодернизм атмосферасын неғұрлым толық және айқын жеткізді. Канадалық саясаттанушылар Артур Кроккер мен Дэвид Кук дұрыс атап өткендей: «теледидар тек техникалық нысан ғана емес, сонымен бірге қоғамға салыстырмалы биліктің символдық мәдени формасы ретінде еніп, барлығын жарнама мен билік әлеміне айналдыратын электронды бейнелердің симуляциясы ретінде әрекет ететін әлеуметтік аппарат» [9] . Делеуз және Бодриардың теорияларына сүйене отырып, біз симулякр әлемінде өмір сүру үтіндеміз деседе болады. Симулякор- өзіндік болмысы бар, өзіне тән шындықты жасай алатын құбылыс. Біз қолымызбен ұстап, көзімізбен көре алатын дене сияқты симулякрді шынайы зат ретінде қарастыруға тиіспіз. Симулякр ол виртуалды кеңістік деп қарастыруымызға болады [10, 49 б. ] .

Бұқаралық мәдениет феноменін зерттеумен франзцуздық ғалым Гюстав Лебон айналысқан болатын. Оның пікірінше сән (киімнен бастап адами ойларға дейін) маңызды рөл атақарады, себебі қалың халықты басқару белгілі бір бейнелер мен образдар есебінен орын алады. Яғни, біз оған қазір «тренд» деген атау берген болатынбыз. «Әр заманда халықты өз әрекеттерімен тамсандырып, еліктететін адамдар болады», - деп жазды Г. Лебон.

Г. М. Маклюэн қоғамның, мәдениеттің барлық дамуы техникалық бұқаралық коммуникация құралдарының дамуымен тікелей байланысты деп санайды. Г. М. Маклюэннің пікірінше, ақпарат құралдарының өзгеруі ақпарат сипатының да, әлемді қабылдаудың да өзгеруіне әкеледі.

З. Фрейд бұқаралық психологияны және оның жеке тұлғаға әсерін зерттей отырып, «бұқара әр нәрсеге өте жеңіл сенеді, сыни ойлауға қабілетсіз, олар үшін шынайы емес нәрсе жоқ. Бұқара шектен шығуға бейім болғандықтан, туындаған күдік бірден шектен шыққан сенімділікке, антипатия асқан жеккөрушілікке ұласады».

Х. Ортеге-и-Гассет бұқаралық адамның басты психологиялық қабілеттерін сипаттай отырып, бұрын таңдаулы және жоғары болып саналаған мәдениетті тұтынушылық мәдениетке алмастыру қазіргі заманның мәселесі деп атап көрсеткен болатын.

Г. Тардта осыған ұқсас ой қалдырып кеткенін атап өткен жөн. Оның айтуынша: «әлеуметтік өмірдің басты функциясы өзгеге еліктеу, қайталау, көңіл көтеру».

Көңіл көтеру -бұл адамның күнделікті өмірінің маңызды бағыттарының бірі, ол біліммен қатар қоғамның жағдайына айтарлықтай әсер ете алады. Оларға қажеттілік бастапқы қажеттіліктерді қанағаттандырғаннан кейін бірден пайда болады. Олардың сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану адам үшін оның әлеуметтік жағдайының көрсеткіші, ал қоғам үшін - тұтастай алғанда ел экономикасының және оның әлеуметтік саласының дамуының көрсеткіші, өйткені көңіл көтеру индустриясының қалыптасуы халықтың бос қаражаты пайда болған кезде белгілі бір табыс деңгейіне қол жеткізудің тікелей салдары болып табылады. Көңіл көтеру процестерін ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлар жасау тәжірибесі ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан өте қуатты ойын- сауық индустриясының пайда болуына әкелді [11, 13 б. ] .

Кеңес үкіметі заманынан кейін теледидарлардада болған өзгерістер тек тақырыптық емес, сонымен қатар телешоулардың жанрлық құрамына әсер етті. Осы жылдары ойындық немес драмалық негіздегі әртүрлі жобалар жұмысын бастайды: ток-шоу, реалити- шоу. Бұл жобалардың көпшілігі-БАҚ жанрларының дәстүрлі жүйелерінің бірінеде сәйкес келмейтін шетелдік форматтардың қарызға алынған аналогтары болатын. Олар белгілі бір көрермендердің мінез-құлқын қалыптастыратын жаңа әдістерді белсенді қолданады. Осылайша, жаңа жанрлар тобы пайда болады және олардың байланстырушысы "шоу"болады.

Шоу- қазіргі отандық теледидардағы ең қарқынды дамып келе жатқан құбылыстардың бірі. Алайда, осы уақытқа дейін практиктер арасында да, теледидар журналистикасының теоретиктері арасында да бұл тұжырымдаманың нақты анықтамасы жоқ: қазақстандық теледидарындағы "шоу"деп нені атауға болады және оның маңызды белгілері қандай?

Ағылшын тіліндегі шоу- көрініс, артизацияның бір түрі, өзіндік қойылым, қоғамдық және мәдени өмірдің іс-шараларымен (саяси жиналыстар, көркем байқаулар, теледидарлық ойындар, түрлі сыйлықтар беру және т. б. ) бірге жүретін театрлық көрініс деген мағынаны береді [12, 102 б. ] . Осылайша, іс-шараны шоуға айналдыру үшін оны сахнада өткізіп, актерлердің көмегімен әрекет ету керек. Әрине, сахна міндетті түрде театр сахнасындай болуы шарт емес, ал кадрға түскен кез-келген адам актер атана алады.

Сонымен, шоудың бұқаралық коммуникация құбылысы ретінде қандай ерекшеліктерін ажыратуға болады.

1. А. А. Новикова "Заманауи теледидарлық көріністер: шығу тегі, формалары және әсер ету әдістері" кітабында шоу дәстүрлі теледидар өнерінен және классикалық теледидар журналистикасынан алыс көрініс түрі деп жазады, бірақ сонымен бірге ол өзінің құрылымында әртүрлі жанрларды синтездей отырып, екеуінің де ерекшеліктерін жинақтайды, ең бастысы шоулардың миссиясы аудиторияға әсер ету екендігін атап өтеді[13. 167 б. ] . Өз құрылымында аудиторияға әсер етудің әртүрлі жанрлары мен әдістерін синтездей отырып, телешоулар көрермендерде эмоциялар тудырады. Бұл туралы болашаққа болжам жасай отырып Э. Тоффлер өзінің «Шок будущего» кітабында «сезімдер индустриясы» дамитынын сипаттаған болатын. «Қазіргі кездегі қарапайым әзірлемелерді қарап отырып, біз арнайы саланың дамуына куә боламыз, оның өнімдері- тауарлар емес, тіпті қарапайым қызмет емес, бағдарламаланған "сезімдер" болады» [14, 254 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілін оқудағы бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиесі
Қиын балаларды тәрбиелеу туралы жалпы түсінік
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
Адами қарым - қатынас
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру ұғымы
Шоқанның табиғатты зерттеуі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz