Абай дана Абай дара
Тақырыбы: Абай дана Абай дара неге
Секция:
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Абай Құнанбайұлы дана тұлға
2.2 Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы дара және дана феномен
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1 Абай дана Абай дара
ІҮ. Қортынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аңдатпа
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 -- 1904) -- ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған Қара сөздері -- тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Аннотация
Абай (Ибрагим) Кунанбаев (1845-1904) - поэт, педагог, основоположник письменной казахской литературы, казахского литературного языка, философ, композитор, переводчик, политический деятель, гуманитарное образование на основе ислама, направленное на модернизацию казахстанской культуры через сближение с русской и европейской культурой. реформатор. В своих поэтических произведениях Абай сосредоточил внимание на социальных, общественных и нравственных проблемах казахского народа.
Абай был хорошо знаком с культурой и цивилизацией Востока и Запада. Он был хорошо знаком с произведениями ряда мыслителей мира. Написанные в стиле философских трактатов Слова - ценны масштабом темы, глубиной мировоззрения, политическим и социальным балансом.
Annotation
Abai (Ibrahim) Kunanbayev (1845 -- 1904) - poet, educator, founder of written Kazakh literature, Kazakh literary language, philosopher, composer, translator, political figure, liberal education based on Islam, aimed at modernizing Kazakh culture through rapprochement with Russian and European culture. reformer. In his poetic works, Abai focused on the social, public and moral issues of the Kazakh people.
Abay was well acquainted with the culture and civilization of the East and the West. He was well acquainted with the works of a number of world thinkers. Written in the style of philosophical treatises, "Words" - is valuable for the scale of the topic, the depth of worldview, political and social balance.
Жобаның мақсаты: Абай дана Абай дара неге екендігін оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Жобаның міндеттері:
Оқушылардың бойында Абайды оқу арқылы құндылықтарды қарастыру;
Абайды дәріптеу;
Жоба өзектілігі: Абайды танымдық тұрғыдан зерттеу.
Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы Абай әлемі арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Абайды танымдық тұрғыдан зерттелуі.
Кіріспе
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы Абай деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
2.1 Абай Құнанбайұлы дана тұлға
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған Қара сөздері - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы Абай деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Абай өлең жазуды 10 жасында (Кім екен деп келіп ем түйе қуған...) бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -- Йузи-рәушән, екіншісі -- Физули, Шәмси. Сап, сап, көңілім, Шәріпке, Абралыға, Жақсылыққа, Кең жайлау өлеңдері 1870 -- 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы -- Қансонарда 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі -- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі -- ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі -- өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік -- шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын Масғұт және Ескендір деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің -- сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы -- жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген кемшіліктерді себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.
Көпшілік оқырман қауымын ұлы ақынның мол творчестволық мұраларымен таныстыруға бағытталған көрсеткішке Абайдың әл-Фараби кітапханасының қорында сақталып келе жатқан шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптар берілген.
Көрсеткішке Абайдың 1939-1940 жылдар аралығында латын графикасымен шыққан еңбектері еңгізілді.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда. Библиографияға біздің қорымыздағы ақынның қара сөздерінің орыс, ағылшын, тәжік, қытай, неміс тілдеріндегі аудармалары және де түрік тіліндегі таңдамалы шығармалары, араб тіліндегі өлеңдері берілген.
Абайдың еңбектерін зерттеу барысында хронологиялық тәртіп бойынша жинақтадым, әр жылдың ішінде алфавитпен орналасқан. Әдебиеттер алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және шет тілдерінде орналасқан.
1-тәжірбие Абайдың тұлға болып қалыптасу жолы баяндалған.
1-сурет Абай Құнанбаев. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін : монография құраст. М. А. Балақаев. - Алматы: Қазбірмембас., 1945
2-тәжірбие Қазақтың әдеби тілі мен жаңа әдебиетінің негізін салған ұлы ақын - Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларының осы жинағы ақынның туғанына 100 жыл толу мерекесіне арналып шығарылды.
2-сурет Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы Абай (Ибраһим) Құнанбай. - Алматы : Қазбірмембас., 1945.
3-тәжірбие Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы
3-сурет Абай Құнанбаев. Өлеңдер жинағы : монография Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1950.
4-тәжірбие Абайдың 150 жылдығына арналған кітап қазақ, орыс, қытай тілінде жазылған.
4-сурет Абай Құнанбаев. Қара сөздер - Книга слов: поэмалар Абай; Абай Құнанбаев - Иерусалим
5-тәжірбие Автор бұл кітабында елдік пен ерлікті, ынтымақ рен бірлікті, дін мен дәстүрді, адамгершілік пен имандылықты дәріптей отырып, жас ұрпақты отанжандылыққа, адамзатты сүюге үгдейді. Сондай-ақ, кітапта көптеген танымдық дүниелер бар.
5-сурет Макин, Қайыржан қажы. Абай жаққан алау : танымдық мақалалар мен ой-толғамдар Қ. Макин. - Алматы : Тамыр, 2020
Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындык дегеннің не екеніне бірнеше per кеңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол қазақ өмірін, оның адамдарын, табиғатын, жан дүниесін терең білді және соны бірінші болып көркем әдебиет бетінде жан-жақты бейнеледі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлендерін оқи отырып, одан сәл де болса, жалғандық табу қиын. Бәрі де бар, болған және қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз аддыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлендері өзінін карапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. Жазу өнерінің қарапайымдылығы мен табиғилығын Абай қазақ поэзиясының ұлттық сипатына айналдырды. Оның ұғымы, танымы, бейнелеу жүйесі түгелдей ұлттық шындықтан өрбіп, біртіндеп терендейді. Жаңа ой, жаңа сөзге лайық стиль де жаңарып, өзгеше көркемдік куатқа ие болады. Ондағы тіл байлығы, суреттеу кұралдарының әр алуан түрлері, теңеулер мен метафора, күштеусіз, төгіліп, ұйқасып тұрған тармактар, ішкі үйлесімдер қазақтың сөз өнерін әсемдік әлемінің биігіне көтереді. Осымен Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды. Ол қазақ коғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты қараңғылықтан жарыққа сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі дамыған көрші елдермен қарым-катынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну -- Абайдың даналығының белгісі.
3.1 Абай дана Абай дара
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да! Өкінішке орай, Абайдың сол әлеуметтік-философиялық өткір сындарын сындарлы сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап - толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрібір ол кемшіліктен арыла алмаймыз ғой. ...Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауға Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас... Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танутудың сан түрлі жолы бар. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді.
Абай - өз заманының жыршысы. Оның шығармалары - сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.
Ұлы суреткен Мұхтар Әуезовтің ақын өміріне арналған эпопеясын халқының дәл сондай ауызы уәлі, беделді азаматы, Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы деп бағаласа, көркемдік ойдың осынау іргелі ескерткішіне арқау болған шығармашылық өмірбаянын да сол дәуірдің ең бір дәлелді деректерінің қатарында қабылдай аламыз.
Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі отарлау саясатының осы үшінші кезеңінің дәуірлеп тұрған шағына тұспа-тұс келеді. Әкесі Құнанбай ағасұлтандық құрып тұрғанда, сол әке ырқымен оқудан шығарып алынып, ел билігінің шет жағасына араластырылған жас жігіт кейін, елдің әлеуметтік саяси өміріне елеулі өзгеріс енгізіліп, тұрмыс-салты мүлде басқа арнаға түсіріле бастаған кезде де сол ел тіршілігінен қол үзе алмай, неше түрлі талас-тартыс пен дау-шардың қалың ортасында қалып қояды.
Қазақ халқының ұлы ақыны
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шамшырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады.
Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды -- ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.
Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның аңыз болған қайнары Әбілхаяттан мәңгі суын татқан жыршы үшін мүшел ғасырлармен өлшенеді. Өзінің еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне алған ақынның есімін біздің әділетті совет халқы аса қастерлейді.
Абайдың қайтыс болғанына елу жыл толғанын атап өте отырып, біз ақынның уақыт сынынан мүдірмей өткен ұмытылмас, қымбатты және ұлы мұрасын еске аламыз.
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Мысалы, сүйікті қызы Тоғжанға арналған өлеңдерінің тек бастапқы жолдары ғана белгілі, жас Абайдың ақын қыз Қуандықпен айтысуының ауызша мазмұны ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан, бізде Абайдың жас кездегі өлеңдерін сақтаған, оның өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz