Жезқазған - Ұлытау өңірінің металлургия орталықтары


Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Aкaдeмик E. A. Бөкeтoв aтындaғы
Қapaғaнды унивepcитeтi
Шерхан ФИО
Жезқазған -Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіші
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
5В011400 - «Тapиx» мaмaндығы
Қapaғaнды 2022
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Aкaдeмик E. A. Бөкeтoв aтындaғы
Қapaғaнды унивepcитeтi
«Қopғaуғa жiбepiлдi» Apxeoлoгия, этнoлoгия жәнe Oтaн тapиxы кaфeдpacының мeңгepушici
Абдрахманова К. К.
30. 04. 2022ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: «Жезқазған -Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіші»
5В011400-«Тapиx» мaмaндығы
Opындaғaн:
Ғылыми жeтeкшi:
т. ғ. к., пpoфeccop Жaуымбaeв C. У.
Қapaғaнды 2022
МaзмұныКipicпe6
1 Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі метталургия ескерткіштерінің тарихы 12
1. 1 Жезқазған 12
1. 2 Жезқазған-Ұлытау ежелгі кен орындары . . . 14
2 Жезқазған-Ұлытау өңірінің металлургия орталықтары22
2. 1 Жезқазған-ежелгі және ортағасырлық металлургиялық орталық (Милықұдық) 22
2. 2 Талдысай-ежелгі металлургия орталығы 29
Қopытынды59
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi62
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының орталық бөлігін орналасқан - Жезқазған-Ұлытау территориясында оның көне ескерткіштерін зерттеуі, Қазақстанның археологиясы мен Еуразия даласында маңызды рөлге ие болады. Ең алдымен, бұл - Қазақстан аумағындағы өндіруші экономикасы бар мәдениет дами бастаған кездегі ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеуге қатысы бар [1] .
Орталық Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне жататын көптеген ескерткіштердің зерттелуіне - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Ә. Х. Марғұлан Сарыарқа археология институты ғалымдарының тигізген үлес салмағы- орасан зор. Орталық Қазақстан өзінің мысты кен ресурстар қорымен, бай мал жайылымдықтары - Еуразияның қола ғасырындағы бірегей мәдениет ошақтарының бірі ретінде көріністі берген [2] . Қола дәуірі Қазақстанның тарихындағы айрықша кезең. Ежелгі қоғам өмірінің көптеген бөлігінде- түбегейлі өзгерістер мезгілі. Бұл кезеңде-өндіруші түріндегі экономикасымен бірге болған мәдениеттер кеңінен тараған және этнолингвистикалық қауымдастықтар қалыптасқан. Кейінірек, олардың негізінде жалпы әлемдік тарихта салмақты үлес қосқан этностар қалыптасқан. Кейінгі қола дәуірінде-қола құю өндірісі өзінің ең жоғарғы даму шыңына жеткен. Спорадикалық темірді балқытуға көшіп, адамның алдына металлдарды игеруде жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ерте темір дәуірінің қарсаңында, бұл фактор жиынтықтарының барлығы-аталмыш аумақтағы көптеген ғасырларға халықтың шаруашылық тұрмысын айқындап берген көшпенді мал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан далаларында бір-андронов мәдениетін бөліп көрсеткен.
Зерттеу тақырыбының мақсаты - Орталық Қазақстан аймағында болған қола дәуіріндегі мәдениеттің тарихи сабақтастығын тану негізі Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері зерттеуге жататын археологиялық кешендерінің кезеңдестіруін, хронологиясын және мәдени тиістілігін анықтап білу болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер ді шешу керек:
- Орталық Қазақстандағы Жезқазған-Ұлытау аймағындағы қола дәуіріне жататын археологиялық зерттелу тарихын сипаттау дәрежесін талдау;
- Орталық Қазақстанның Жезқазған-Ұлытау қола дәуірі мәдениетінің қоныстары мен жерлеу ескерткіштерін көрсететін материалдарды жан-жақты зерттеу;
- Зерттелетін кешендерді құрған ежелгі халықтың шаруашылық қызметінің, дінінің және өнерінің кейбір аспектілерін қарастыру;
- Жаңа материалдарға жалпы сүйене отырып, Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерінің орны мен маңызын анықтау.
Ғылыми жаңалық . Дипломдық жұмыста бұрын белгілі болған және жаңа материалдар талданып, қорытылады. Зерттелетін өңір мен іргелес аумақтардың хронологиялық жақын кешендерімен Ұлытау материалдарын салыстырмалы талдау негізінде олардың кезеңдестірілуі мен хронологиясы нақтыланады, олардың шығу тегі мен мәдени қатыстылығы айқындалады.
Дереккөздің базасы. Жұмыстың барысында түрлі академиялық басылымдарда жарияланған Орталық Қазақстан қола дәуірінің Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі археологиялық артефактілер мен басқа да материалдар зерттелді.
Теоретикалы-методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық бөлігінің негізін тарихи-мәдени көзқарас құрайды. Археологиялық кешендер бірқатар сыртқы факторларға негізделген адам қызметінің қорытындысы ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі әдісі-салыстырмалы анықтау болып табылады.
Хронологиялық мерзімі . Зерттеудің хронологиялық мерзімі - б. з. д. ІІ мыңж 2-і жартысы - VIII ғғ. аралығы Жезқазған-Ұлытау өңірін қамтиды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері тарих факультетінің студенттері үшін жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-көпшілік басылымдарда және мұражайлық жұмыста арнайы курстарды дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Оларды іс жүзінде пайдалану - экскурсияларда, археологиялық-тарихи мұражайда экспозициялық және көрме жұмыстарын құру кезінде мүмкін болады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері (ежелгі кен орындары, қоныстар, қорымдар) бойынша мерзімді басылымдар бірталай мөлшерде ғылыми әдебиетте жинақталған. Мұнда көптеген ондаған қоныстар мен қорымдар, кен қазбалары, табыну-салттық объектілер бар, олардың зерттеу материалдары ғылыми айналымға бұрыннан берік енген, жыл сайын жаңа жаңалықтар мен фактілермен, жаңа ғылыми гипотезалармен, пікірлермен толықтырылады [3] . ХVIII-XIX ғғ. И. П. Шангин, Б. Ф. Герман, П. С. Паллас, П. И. Рычков, А. И. Шренк, В. В. Радлов сияқты авторлардың еңбектерінде тау-кен ісі жөнінде көп мәліметтер бар. Бұл ғалымдардың еңбектері бүгінгі таңға дейін өз маңызын жоғалтпаған.
XX ғасырдың 30 жылдарында тұңғыш рет академик Қ. И. Сәтбаев бірқатар мақалаларында Жезқазған көне және орта ғасырларда металлугия мен кен ісінің ірі орталықтарының бірі болғандығын атап өтті. Оның Жезқазған көне өндіріс орталығы екендігі жайындағы пікірлерін екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өңірде қазба жұмыстарын жүргізген Ә. Х. Марғұлан мен Н. В. Валукинский дәлелдеді.
Бұл өлкенің көне металлургиясына байланысты материалдарды осы саланың маманы С. А. Берденов өз еңбегінде жинақтап қорытты.
Орталық Қазақстанның көне металлургиясы және шикізат тарихы жайындағы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі саяхатшылар, ғалымдардың еңбектерінде бар. С. А. Попов өз кәсібін негізгі Орталық Қазақстанның шығыс бөлігінде (Баянауыл және Қарқаралы өңірлері) жүргізді. Н. Рычков күнделігінде (1771ж) Ұлытау маңында Жезді-Кенгір өзені аңғарында көп мөлшерде мыс орындары кездесетінін жазған. ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Ресейлік кәсіпкерлер мен барлаушылар кен орындарын ашумен, зерттеумен шұғылданады. С. Г. Белл 1910 жылы кен орындарын зерттегенде, Жезқазған алқабындағы ежелгі кеншілер 1 млн тонна руда шығарып, одан 10 мың тонна мыс алынғаны жайында мағұлмат берген [4] .
Дипломдық жұмыстың пәні- Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу барысындағы табылған заттай деректер.
Дипломдық жұмыстың негізгі деректері. Археолог-ғалымдардың осы тақырыптың көлемі бойынша - еңбектері, мақалалары, арнайы сызба-кестесі мен карталар, жалпы жоспар сұлбасы, оқу құралдары мен құжаттары саналады. Тақырып бойынша ең алғашқы дереккөзіне- Ә. Х. Марғұланның өзіндік 14 томдық шығармалар жинағы (1998) болып есептеледі [5] . Дипломдық жұмысты жазу кезінде- А. Х. Маргулан, К. А. Акишев, М. К. Кадырбаев, А. М. Оразбаевтың Древняя культура Центрального Казахстана (1966), Сарыарқа. Қола дәуіріндегі тау-кен ісі және металлургиясы. Жезқазған көне және ортағаырлық металлургия орталығы (милы құдық қалашығы) (2001) атты еңбектері қолданылды. Бетпақ даланың солтүстігінен Ақсай, Сартабан қорымдары, Атасу аңғарынан Қараөзек қорымы, сондай-ақ кен орындары зерттелінді.
1966 жылы Орталық Қазақстан археологиясына арналған Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, М. Қ. Қадырбаев, Ә. М. Оразбаев дайындаған іргелі зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Кейінірек, 1979 жылы Ә. Х. Марғұлан 50-60 жылдары шоғырланған материалдарды пайдалана отырып Сарыарқаның жарқын феномені болып табылатын беғазы-дәндібай мәдениетіне арналған монографиясын жариялайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жезқазған-Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерінің тарихы
1. 1 Жезқазған
Көшпелі халықтардың ежелгі тарихында металлургия Ұлы Дала кеңістігіндегі барлық мәдениеттердің технократтық жеңісінің басты көрсеткіштеріне айналды. Ежелгі металлургияның жылдам дамуының негізі мыс еді. Бұл металл қазақ жерін әлемдегі тау-кен, металлургия орталықтарының (ТКМО) біріне айналдырды. Еуразия аумағында ежелгі металлургия өндірісінің пайда болып, дамуы барысындағы ірі орталықтардың бірегейі - Орталық Қазақстан болып табылады. Археология мен топонимика деректері бұл жердің мұрасы ежелден-ақ тау-кен орындары және металлургия өндірісімен тығыз байланысты екендігін куәландырады. Қазақстан археологиясының тарихнамасында ірі аймақ - Сарыарқадағы (Орталық Қазақстан) қола және ерте темір дәуірінің металлургиясы мен қыш құмыра ісіне арналған іргелі еңбектер кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Осы заманғы талдау әдістерін пайдалану ертедегі металлургтар өнімінің химиялық және минералдық құрамын анықтауға, мыстан, қоладан, алтын мен күмістен бұйымдар жасап шығару үрдісінің технологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Ертедегі металлургтердің мүмкіндігі жөнінде маңызды бақылау жасалды, ол Еуразиядағы жетекші металлургиялық орталықтардың озық технологияларынан кем түспеген. Шикізат базасын металлургиялық өндіріспен және нақты объектілерін байланыстыру мәселелері шешілген. Ерте (б. д. д. VII - III ғғ. ) көшпелілер дәуіріндегі металлургияның дамуында прогресшіл белгілер байқалды. Бұл ең алдымен металл сапасынан көрінді. Металлургия мен кен ісін үстемелердің технологиялық ерекшеліктері мен құрамын кешенді зерттеу нәтижесінде Қазақстанның кен-металлургия аймағында жеті металлургия орталығы анықталды [6, 26 б. ] .
Орталық Қазақстандағы, нақтырақ Жезқазған жері мен Ұлытау тауларындағы табиғи мыстың кен орындарын зерттеу ертеден басталған. Бұған негізгі себеп, осы өңірдің жер қойнауының қазба байлыққа молдығы, әсіресе мыс металын ежелгі тұрғындардың өте көне дәуірде игеріп одан бұйым жасай алуында жатыр. Ұлытау-Жезқазған аймағындағы кен орындарының ошақтары мен көне металлургиялық қоныстарының орындарын барлаушы геологтар мен кен инженерлері байқап картаға түсіріп, қысқаша мәлімет қалдырған. XX ғ. 30- 50жж. геологтар И. С. Яговкин, Ф. В. Чухров, Қ. И. Сатпаевтардың еңбектерінде табиғи металдардың көне кен орындары толық әрі нақтырақ көрсетілген. Барлаушы геолог И. С. Яговкин «Геологический очерк Джезказгано-Улутавского района» атты мақаласында: «Километрах в 3 к юго-юго-востоку от калмыцких ям на Никольском отводе имеется большой естественный карьер, составленный из нескольких вымоин с торчащими гребнями более устойчивых пород. Породы сильно разрыхлены и представлены белыми светлосерыми и желтыми глинами, бурыми, вишнево-красными песчаниками с пластами яшмовидных кварцевых песчаников. Сверху наблюдается осыпь конгломерата, причем среди гальки наблюдается кремнистый известняк с фауной. Под микроскопом яшмовидные песчаники состоят из мелкораспыленного кварцевого материала, среди которого имеются более крупные зерна того же кварца. Мелкая пыльца гематита придает породе красный цвет. Развалы опокового песчаника наблюдаются также километрах в 15 к северу от Джезказгана по левую сторону лога Соркудуксай» деген дерегінен жер қойнауындағы кеннің сан алуан сипатын көреміз [7, 98 б. ] .
Тау-кен инженері Иван Степанович Яговкин он бес жыл бойы қазақ елінің жер қойнауын зерттеген білікті маман. Ал, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Ф. В. Чухров «Рудные месторождения Джезказган-Улытауского района в Казахстане» деген еңбегінде «Среди месторождений меди имеющих выходы на поверхности весма мало таких, которые были бы неизвестны древним рудоискателям. К месторождениям, на которых имеются древние выроботки, относятся крупные рудные обьекты, как например, Джезказган и многие мелкие месторождения . . . Наиболее крупные золоторудные месторождения казахских степей, как Майкаин, Джолумбет, Алексеевское, Степняк, Бестюбе (Бестобе) разрабатывались рудакопами древности» [8, 4 б. ] .
Қазақтың алғашқы геологы Қ. И. Сәтбаевтың 1935 жылы жазылған әрі тұңғыш рет жарияланған «Историко-археологические данные о Джезказганском районе» атты мақаласында: «Кроме указанных каменных памятников доисторического периода значительное место в районе занимают памятники, связаннные с добычей и плавкой медных руд в медно-бронзовый период развития человечества. Ярким проявлением памятников этого рода является Джезказган, где добыча окисленных медных руд в древности достигала огромных масштабов. Так, отдельные древние выработки(разносы) в Джезказгане достигают 750 м в длину, 50 м в ширину и 6-8 м в глубину. Самые скромные подсчеты свидетильствуют о том, что из джезказганских разносов было добыто в древности не менее 1 млн богатых медных руд. Опробование стенок древних разносов показало, что древние рудокоп добывали лишь руду с содержанием меди выше 5% » - деген мәліметтерден көне заманда тау кен жұмыстары қандай көлемде және қаншалықты жүргізілгендігін анықтаймыз [9] .
1941 жылы жарық көрген «Доисторические памятники в Джезказганском районе» мақаласында «Все эти факты свидетельствуют о том, что Джезказганский район в доисторическом прошлом пережил период своеобразной индустриальный культуры, когда технология добычи и переработки окисленных медных руд была на высоком уровне, включая даже способы мокрого их обогащения. Несомненно, что эта древняя культура имела прекрасную разведочную службу, так как подавляющие большинство известных в районе медных месторождений носит следы пребывания на них древних рудокопов. Последнее положение, впрочем, справедливо не только для Джезказганского района, но и в целом для всего Казахстана и Сибири. » [9, 108 б. ] деген тұжырымынан Ұлытау-Жезқазған өңірінде эволюциялық жолмен дамыған металлургия өндірісі және тау-кен ісі Қазақстан мен Сібір жеріне дейін жеткендігін көреміз. Жезқазғанның металлургиялық және кен ісінің ежелгі ескерткіштерінің тарихы мәселелерін қарастыру тарих ғылымында көкейкесті тақырыптардың бірі болып табылады. XX ғасырдың 30 жылдарында тұңғыш рет академик Қ. И. Сәтбаев бірқатар мақалаларында Жезқазған ежелгі және орта ғасырларда металлургия мен кен ісінің ірі орталықтарының бірі болғандығын атап өтті. Оның Жезқазған көне өндіріс орталығы екендігі жайындағы пікірлерін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өңірде қазба жұмыстарын жүргізген академик Ә. Х. Марғұлан мен әуесқой археолог Н. В. Валукинский дәлелдеді [10, 8-9 с] .
Жезқазғанның ежелгі кеніш орыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан батысқа қарай отыз шақырым жерде орналасқан ірі кешен болған. Өткен ғасырдың 30 жылдарының басына дейін Жезқазғанның төрт жүздей ежелгі кеніштері және ежелгі кен қазушылар мен металлургтар қоныстарының орындары сол қалпында сақталып келген [11, 10-11 с] . Мұның барлығы кейінгі жылдары карьерлерде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жойылды. Біз мақаламызда осы кешеннің ең ірі ескерткіштері Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл тұрақтарына тоқталамыз. Милықұдық тұрағы - қола дәуірі мен орта ғасырда пайдаланылған мыс кенін өндіріп оны қайта өндеудегі негізгі орын, қалашық болған. Ертеден оны «Елуқұдық» деп атаған. Ескерткіш Жезқазған кенішінен оңтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан. Милықұдық тұрағының көлемі өте үлкен, батыстан шығысқа қарай 800 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 м жерді алып жатыр, жалпы аумағы академик Қ. И. Сәтбаевтың есептеуінше 10 гектар [12, 33-34 с] .
Милықұдық ең алғаш 1939 ж. Қ. И. Сәтбаевтың назарына ілігіп, ғалым ежелгі өндірілген кеннің көлемін анықтау үшін зерттеулер жүргізген. Ұлы Отан соғысынан кейін тұраққа әуесқой археолог Н. В. Валукинский зерттеулер жүргізген. Зерттеушілердің пікірінше Милыққұдық төменгі, орта және жоғарғы қабаттардан тұрады, олар қола дәуірін, ерте және кейінгі орта ғасырларды қамтиды. Милықұдықта жартылай жеркепелердің орындары сақталған. Кіретін есіктері солтүстік-шығысқа қарайды. Ірі жеркепелер № 1 8×9 м, № 2 8×7 м, ең кішілері № 3 5×6 м. Жеркепелердің тереңдігі 0, 8- ден 1, 2 м дейін [12, 122-123 с] .
Милықұдықтың төменгі қабаты Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай дәуіріне жатады.
Ежелгі металлургтердің әр үйінде тас ошақтар орын тепкен. Кенді ұнтақтаудың ежелгі әдістері назар аударуға лайық. Милықұдықтан қола дәуірінің 15 мыс балқыту пештері табылды. Пештері дөңгелек пішіндес, диаметрі 3-4 м, тереңдігі 1-ден 2 м дейін. Қазба жұмыстары кезінде салмағы 10 кг болатын тас қайлалар табылған. Н. В. Валукинский 30 аса сына тәрізді тас қайлаларды тапқан. Сол сияқты Милықұдықтың тұрағында кенді өндіруге арналған қайла, балға, сына, қолбалталар, көптеп кездеседі. Тастан жасалған еңбек құралдарынан руданы ұнтақтап балқытуға даярлайтын келілер, келсаптар, балғалар, құйылған металл заттарды өңдейтін тас қайрақтар, мүйізден, сүйектен жасалған заттардан, бұғының маралдың мүйіздерінен жасалған жеңіл балғаларды, руданы пешке салатын, пештің күлін алатын үлкен малдардың жауырын сүйегінен жасалған күректерді, қыш ыдыстарды жасауда пайдаланылған сүйек пышақтар табылды. 1946-1949 жылдары Ә. Х. Марғұланның және Н. В. Валукинскийдің басшылығымен көпқабатты Милықұдық қонысы қазылды, қоныс үш мәдени қабаттан тұрады, төменгі мәдени қабаттан, жартылай жертөлелердің орындары, жан-жағынан әртүрлі шаруашылық шұңқырлары, қола дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Екінші мәдени қабаттан темірді балқытқан пеш орындары, қорытылған темір қалдықтары, темір шлактар шыққан. Қоныс үйлерінің арасынан ұстаның төрт шеберханасы қазылды, онда темірді ыстық күйінде өңдегендігін дәлелдейтін, еңбек құралдары табылған. Ол тотыққан темір рудасын Милықұдық қонысының маңындағы Кресто-Центр руднигінен алған. Үйлердің ішінен табылған темір шлактарға, тас құралдарға және қыш ыдыстарға қарап, қоныс Х-ХІІ ғасырларда өмір сүргендігі анықталды. Үшінші мәдени қабат Х-ХV ғасырларға жатады, бұл мәдени қабаттан да қола және темір рудаларын қорытқан пештердің орындары, руданы жуған құдықтар, қыш ыдыстарды күйдірген, ағаш көмірлерді даярлаған орындар кездеседі. Жалпы Милықұдық, Сарықұдық және Айнакөл қоныстарынан мысты қорытқан қарапайым пештермен қатар, темір балқытқан күрделі пештерді, қорыту процесіне пайдаланған тигелдердің сынықтарын, мыстың, темірдің сынықтары көптеп кездеседі. Тастан жасалған еңбек құралдарынан руданы ұнтақтап балқытуға даярлайтын келілер, келсаптар, балғалар, құйылған металл заттарды өңдейтін тас қайрақтар, мүйізден, сүйектен жасалған заттардан, бұғының маралдың мүйіздерінен жасалған жеңіл балғаларды, руданы пешке салатын, пештің күлін алатын үлкен малдардың жауырын сүйегінен жасалған күректерді, қыш ыдыстарды жасауда пайдаланылған сүйек пышақтар табылды.
Сорқұдық тұрағы - Жезқазған аумағындағы көлемі жағынан Милықұдық тұрағынан кейінгі ең ірі қола дәуірінің металлургиялық орталығы. Жезқазған қаласынан 15 км қашықтықта Жезқазған руднигінің солтүстігінде, екі төбенің ортасында орналасқан. Сорқұдықты алғаш рет А. В. Кузнецов пен Н. В. Валукинский 1945 ж ашып зерттеді. Тұрақ көптеген тұрғын жай және шаруашылық құрылыстардың материалдық өндірістің орындарынан тұрады. Жартылай жеркепе тұрғын жайлардың көлемі 6×8-ден 8×12 м дейін, тереңдігі 1, 3 м, 18 тұрғын үй ошақтарының орны сақталған. Үйдің қабырғалары жалпақ тақта тастардан салынған. Тұрғын жайлардың қасында кен алған орын орналасқан. Кен өндіретін жерге өзеннен ені 6-8 м, ұзындығы 60-80 м болатын арық тартылған және арықтың соңынан диаметрі 6-8 м, тереңдігі 1, 5 м дейін болатын алты су сақтайтын орлар қазылған. Тұрақтар орналасқан ауданнан сегіз балқыту пештерінің орны, тұрақтардың мәдени қабатынан өрнексіз керамикалардың сынықтары табылған [12, 33-36 с] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz