Жиде ағашының биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ》КАФЕДРАСЫ

КазНАИУ - Казахский национальный аграрный исследовательский университет

Реферат

Тақырыбы: Жиде ағашының биологиялық ерекшеліктері

Орындаған:ТұрсынбайАида

Тобы:Лр-302К

Тексерген: Шыныбеков М

ЖОСПАР

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Жиде және оның пайдасы

Жиде ағашын экологиялық мақсатта пайдалану

КІРІСПЕ

Жиде (Elaeagnus) - жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын (кейбіреулері мәңгі жасыл) ағаш. Бұта түрлері де бар. Қазақстанда 2 түрі бар: түрікмен жидесі (E. turcomanіca), үшкіржеміс жидесі (E. oxycarpa) . Солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі. Бұталары тікенді, күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтары болады. Гүлі қос жынысты. Жазғытұрым гүлдейді. Жиде - шірнелі өсімдік. Тұқымынан, тамыр өскінінен не тамыртүбінен көбейеді. Жемісі - жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Жиденің барлық түрі - әсемдік өсімдіктер. Оларды шөлді жерлерді көгалдандыруға, құм тоқтатуға, өзен мен арналардың жағасын бекітуге, т. б. пайдаланылады. Ағашын, сүрегін құрылысқа және отын ретінде, жемісін медицинада қолданады, құстарға жақсы азық болады. Жапырағы мен қабығында бояулық және илік заттар бар. Сабағынан алынатын сағызды заттан (камедь) лак және бояу өндіріледі. Жиде - жидектер тұқымдасына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Жиде ағашы еліміздің барлық өңірінде өседі. Биіктігі 10 метрге дейін жететін бұталы ағаш. Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр, қызыл-қоңыр түсті. Жапырақтары сопақша келген, ұзындығы 3-8 см, ені 0, 4-1, 8 см. Гүлі ұсақ, жұпар, хош иісті, қызғылт сары. Гүлінің жұпар иісі жүз метрге дейін шығып тұрады. Жиденің гүлінен ара бал жинайды. Жиде жеміс-жидек тұқымдастарының ішіндегі ең соңында гүлдейтін ағаш. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде мамыр мен маусымда, ал солтүстік өңірлерде маусым мен шілде айларында гүлдейді. Жидегі сүйекті, тәтті, құрғақ болады. Дүние жүзінде жиденің 40-қа жуық түрі бар. Қазақстанда 2 түрі өседі. Біріншісі - ұсақ, ақшыл түсті, сүйір жемісті жидек ағашы. Биіктігі 3-4 метр, бұталары тікенді болып келеді. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, сонымен бірге Сырдария, Шу, Талас, Іле, Арыс, Сарысу өзендерінің маңайында, көл бойындағы тоғайларда, құмды және сортаң жерлерде өседі. Екіншісі - түркмен жидесі еліміздің оңтүстік аймағында өседі. Биіктігі 3-8 метр. Жидегі ірі, түсі қоңыр.

ЖИДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫ

Жиде - ағашта өсетін ортасында дәні бар жидек. Жиде ағашы өте төзімді, шөл, құрғақшылық секілді көптеген шарттарда өсе алатын қасиетке ие. Осы ерекшелігімен әлемнің көп жерлерінде және еліміздің барлық өңірлерінде өседі. Жиде ағашының барлық өңірлерде өсе алуын қамтамасыз ететін қасиеті, топырақтағы азотты тамырына сіңіруі болып табылады. Сондықтан құм тоқтатуда, өзен, арық бойын, қаланы көгалдандыруда пайдаланылады. Гүлдеген кездегі жұпар иісі жағымды әсер қалдырады. Жиденің 40-қа жуық түрі бар. Жидені тұтынудың денсаулық тұрғысынан ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы айтарлықтай көп, әсіресе ішек жолдары мен бүйрекке өте пайдалы болып табылады. Жидеде Е дәрумені көп болады. Бүйрегі ауыратындарға жиде жеуге кеңес беріледі. Бүйректер ағзамыздың ең көп жұмыс атқаратын мүшелерінің бірі. Бүйрек зиянды заттардың сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Зиянды заттар бүйректен өтетіндіктен адам жеткілікті мөлшерде су тұтынбайтын болса, кейбір қалдықтар қатайып бүйрек тасын қалыптастырады. Бүйрек тасы өте қатты мазалайтын, емі қиын аурулардың бірі. Ал жиде, гүлі, жемісі және дәнімен қоса толықтай бүйрек ауруына жақсы әсер етеді. Жиденің өзін жеп тұтыну пайдалы дедік. Сондай-ақ дәні мен гүлін қайнатып ішкен жағдайда бүйрегінде тасы барларға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар ішек жолдары, асқазан ауруларына өте пайдалы. Әсіресе іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі. Іш өтуі де ас қорыту жүйесінің кеселі. Іш өткен кезде бір уыс жидені реңі аздап сарғайғанға дейін суға қайнатып ішу керек. Іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі. Жиде гүлдеген кезде омарташылар араларын жіберіп бал жинатады . Жиде балын анемия, салқын тиіп иммунитет төмендеген де жесе өте пайдалы.

Ежелде қытай монахтары жийденің жемісін ғана жеген. Шығыс медицинасында, жемістерін метаболизм, өткір және созылмалы гастрит, неврастения, шаршау, депрессия, созылмалы инфекциялар, ревматизм реттеу, тері туберкулез, көз, өкпе үшін, асқазан ауруларында пайдаланылады. Шығыста, жийде, сондай-ақ тыныс жолдарының суық тию аурулары үшін жұмсартқыш және қабынуға қарсы құрал ретінде танымал. Кептірілген жемістермен жөтел, бронхит, ысқырықты, көк жөтел емдеуге болады. Қытайда, осы мақсат үшін, 10-20 г жемісті қабылдауға 300 мл су мен қайнатылады. 1-2 ас қасықтан қолданылады. Корей медицинасында, жийде жемісі улы есірткі бейтараптандыру үшін пайдаланылады. Орталық Азияда, жемісі жұмсартқыш, сондай-ақ стенокардия, асцит, цистит ретінде қолданылады. Тәжіктер өміршеңдігін арттыру үшін жемісін қайнатып ішіп, целлюлоза тұмауды әсіресе жөтелді емдеу үшін пайдаланылады. Артериалдық гипертонияда және жүрек жеткіліксіздігінде 20 жидектен 3 ай күніне үш рет қабылданылады. Жийде жемістері, сондай-ақ стоматит, және басқа ауыз қуысының қабыну ауруларында қолданылады. Емдеу мақсатында, сондай-ақ тамыры, қабығы, жапырақтары, тұқымдары пайдаланылады. Корейс медицинасында, жийденің ағаш қабығы -асқазан және ішек үшін, жапырақтары- қан қысымын төмендету үшін пайдаланылады. Күзде жиналған жапырақтар және қабығы - гипертония үшін тиімді құрал

ЖИДЕ АҒАШЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ.

Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті жердің топырағының ерекшелігін еске ала отырып, көкалдандыру жолын қарастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер жиденің еліміздің сортаң жерлеріне ексек, басқа ағаштардан гөрі шыдамды, берік, жиде жердің тақырлығынан сақтап, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізер еді.
Зерттеу ісінің мәнділігі:Қоршаған ортада өсімдіктің, ағаштардың дұрыс өспеуі - ауаның құрғаунан, ластануына, жер бетіннің тақырлануына апарып адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Егер табиғатта өсімдік өспесе, өлі организммен тірі организмде зат алмасу болмайды. Мәдени емес өсімдіктердің өзі өлкемізге экологиылық өзгерістер әкеліп, табиғат берген сыйын өзгерте алмайтындығымызды ғылыми тұрғыдан қарастырдық.
Зерттеудің тактикалық ерекшілігі: Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғауға, адам өміріне толық пайдасы бар екендігі анықталып, табиғат сыйын көбейтуге күш салып, зор мән беру керектігі ұсынылады.
Зерттеудің жаңалығы: Сортаң топырақты Қызылорда облысының жерінде елімізді көгерту, көркейту, экологиялық апаттан құтқару жолының бірі - жиде ағашын өсіру арғылы бал алу, тосап сусындар жасау, жұқпалы аурудан сақтану, арылу үшін дәрі-дәрмек өндіру, косметикалық заттар лак, бояулар шығару, қолөнер, құрылыс заттарын өндіру, отын ретінде пайдалану. Ең негізгісі қоршаған ортаны қорғау.

1. Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданылады
2. Тамақ ретінде қолданылады

3. Медицина саласында қолданылады

4. Хош иісті бояулар жасауда қолданылады

5. Қолөнер заттарын жасауда қолданылады

6. Үй құрылысы заттарында қолданылады

7. Тұрмыстық заттар жасауда қолданылады

8. Отын ретінде қолданылады

9. Қазақ халқының сенімінде, ырымында қолданылады

Жиде ағашынан кесе салғыш, кебеже, қамшының сабы т. б заттар жасалады;
- Жиде ағашының сүйегінен, жапырағынан, бұтақтарынан сан алуан картиналар жасауға болады;
- Сүйегін қайнатып, шайырынан бояу жасауға болады;
- Жиденің қабығын суға қайнатыпта бояу алуға болады;
- Қайнатылып, жұмсар, аң сүйегінен қыз балаларға табиғи әдемі моншақтар жасалады;
6) Құрылсыста -Дінгегін қиып ұсталар үй салуға пайдаланады; -Жас бұтақтарынан қараша үйдің сүйегін жасаған;
7) Тұрмыста- Келі, келсап жасап бұрын әжелер бидай, тары, күріш түйген; - Күбі жасап, айран пісірген;
8) Отын ретінде қураған жиденің бұтағын, дінін пайдаланған
9) Қазақ халқының сенімінде, рымында жиде ағашының қасиетіне сенген. - Найзағай отынан сақтану үшін үйге сексеуіл не жиде ағашының бұтағын іліп қоятын болған.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер шары өсімдіктеріне сипаттама
Алма ағаштары және зиянкестері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Шырынды жемістер
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Шекілдеуіктер
Шекілдеуіктілер
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz