Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Курстық жұмыс Тақырыбы: Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі Орындаған: Жумахан Аида Тобы: ПМНО-35 Ғылымы жетекшісі: Кененбаева М. А Павлодар 2021

Мазмұны

Глоссарий

Кіріспе

1

3

: 1
ГлоссарийКіріспе: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
13: 4
: 1. 1
ГлоссарийКіріспе: Білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты талабы
13: 7
:

1. 2

2

2. 1

2. 2

ГлоссарийКіріспе:

Бастауыш мектептегі жаңартылған білім мазмұнындағы әдіс - тәсілдерді қолдану

Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспар

13:

9

13

11

13

20

:
ГлоссарийКіріспе: Қорытынды
13: 25
:
ГлоссарийКіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
13: 27

Глоссарий

Экономикалық-( үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

Демократия- теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Технология- жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т. б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде.

АКТ-заңды күші бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі.

Ашық сабақ - мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарту түрі. Ашық сабақ өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқындалды.

Интерактивті-программаны пайдаланушының әрекеті, оның таңдаулары мен шешімдері оқиғалар ретіне әсер ететіндей жолмен бейне және электронды технологияларды біріктіріп қолдану.

Оқытуды дифференциациялау - орта және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың оқу іс- әрекетін олардың бейімділіктерін, қызығушылықтарын және байқалған қабілеттерін ескере отырып ұйымдастыру формасы.

Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

Әдіс - білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Принцип - іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, қандай да бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді.

Білім беру - жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.

Оқу бағдарламасы - оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім көлемін айқындайтын құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі құрылады.

Білім беру әдістемесі - ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қарастырып, алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру.

Білімді бекіту - оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін барыс.

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласында алдына қойып отырған басты мақсаты-білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гипербелсенді балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау, еліміз бойынша 12 жылдық оқыту бағдарламасына көшудегі жаңартылған білім мазмұнына көшу-білім саласының басты мақсаты.

Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын қанатқақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен басталған болатын.

Білім мазмұнын жаңарту сабақтың тағы бір ерекшелігі кері байланыс орнату. Әрт атқарылған жұмыс соңында кері байланыстың алар орыны ерекше. Себебі, кері байланысты жиі орнату арқылы оқушының нені және қалай үйренді, қандай қиындықтар туындағанын біліп және оның шешу жолдарын дер кезінде анықтап отырудың маңызы зор. Сонда сабақтың мақсаты қаншалықты жүзеге асқанын өлшеуге мүмкіндік туады және сабақ кезеңдері арасындағы бірізділік сақталады. Кері байланыстың ауызша және жазбаша түрі болады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мент оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Сұрақ қоюда оқушының жауабын шектемеу қажет керісінше оқушыларға мәселені мейілінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну қажет. Оқушылардың сұраққа жауап бере алмауын қалыпты деп қабылдау қажет. Оқушыларды сұраққа жауаптарымен шектелмей кей жағдайда олардың өздерін жоғарыда аталған сұрақтарды қоя білуге үйрету маңыздырақ. Себебі, сұрақ қоя білген адам сыни тұрғдан ойлана да біледі. Білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалім өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет [1] .

Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Кез- келген пәнде қолжетімді ресурстарды сабақта қолданып, зерттеу жұмыстарын жасау оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар зерттеуге негізделген оқу дегеніміз не? деген сұраққа мен бастауыш сыныпта өтетін математика пәнінен бірнеше зерттеу жұмыстарын ұсынбақпын.

Сабақ үстінде оқушылар ермексазбен таяқшаларды пайдаланып көзімен көріп, қолымен ұстап ұшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш жасайды. Өмірде қолданып жүрген заттарды оқушылар сабақ үстінде қолданады. Атап айтсам: ризинка, моншақ, кір қысқыш, киім ілгіш, балмұздақ таяқшалары. Ризинкадан фигуралар есте жақсы сақталып қалу үшін топпен геометриялық фигуралар жасайды. Осындай жаттығулар оқушының сыни тұрғыдан ойлауын, қиялын дамытады. «Алтылықты тастама» ойыны арқылы оқушылар 1-20 дейінгі сандарды қосып, азайтып, өрнек құрып үйренеді. Балмұздақ таяқшаларындағы есептерді шығару арқылы сандар құрамын еске жақсы сақтап алады [2] .

Курстық жұмыс мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және 6ілім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.

Курстық жұмыс міндеттері:

- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес ке-летін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

- мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағ-дыларды қалыптастыру [3] .

1 Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -дегені белгілі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи, танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол жаңалыққа жаны құштар болып, шығармашылықпен жұмыс істесе, оқу мен тәрбие ісіне етене еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.

Осы мақсатқа сай қазіргі заман оқушыларынан кең ауқымды дағдылыр талап етіліп отыр:

- білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;

- сын тұрғысынан ойлау;

- зерттеу жұмысын жүргізу;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

- коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;

- топпен және жеке жұмыс жасай білу.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін білу қажет:

- біріншіден , пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек­шеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол­дануға жетелеу спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары­на жатады.

- екіншіден, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы қолданылады, білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша бағалау критерийлері бойынша сабақ мақсаттары анықталады.

- үшіншіден, бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптар» беріледі. Әр пәнді жеке оқыту маңызды болып табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. Каррдың пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің араларындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді. Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқушы үшін оқу үдесірін анағұрлым байланысқан және маңызды етуге бағытталған. Бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылары жаттығуларды белгілі бір пәнге жатқызбайды, сондықтан пәнаралық байланыс тәсілі олардың оқу түрін анағұрлым нақты көрсетеді.

- төртіншіден, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылады.

Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн және дағдылар сипатталған. Дәл осы оқу мақсаттарын оқу бағдарламасынан, оқу жоспарынан және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтан таба алады. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Бастауыш сынып сабағын жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылуы керек, міне, осы жағынан ерекшеленіп отыр.

Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді.

Орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң, мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды. Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Осы қысқа мерзімді жоспарлау барысында сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударылады, сабақты жоспарлауды жеңілдетеді, оқуды бағалауды, оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі

-бесіншіден , оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік рухани қасиеттері қалыптастырылады. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т. б. [4] .

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, жаңа бастауыш, негізгі және жоғары мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша білім берудің оқу бағдарламалары әзірленетін болады.

-алтыншыдан, білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қойылады.

- жетіншіден, бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Түрлі мəдениет пен көзқарастарға деген құрмет - жеке тұлғалық, тұлғааралық жəне мəдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Мінез-құлықтың сəйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша көпмəдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның əлеуметтік жəне еңбек өміріне тиімді əрі конструктивті қатысуына мүмкіндік береді.

-сегізіншіден, оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) . Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет болады.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру барысында осы көрсетілген ерекшеліктерді ескеру қажет. Сонда, бастауыш сынып мұғаліміне жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты өткізу үшін өзін қайтадан «сындырып», қайтадан құрастыру қажет [5] .

1. 1 Білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты талабы

Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»-баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Білім мазмұнын жаңарту-білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек . Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс», -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сабақ-мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсатміндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Репродуктивті білім беру кезінде оқушы тек 5 тыңдаушы, орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар қойылып отыр:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Мұғалімнің бағалау қызметі
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Деңгейлік саралап оқыту
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz