Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрілігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Көрікұлы Ә.
Ә.Кекілбаев - қоғам қайраткері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020300 - Тарих мамандығы
Қарағанды 2022
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Қорғауға жіберілді
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі PhD докторы
________Бөдеев Қ.Т.
30 04 2022 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ә.Кекілбаев - қоғам қайраткері
5В020300 - Тарих мамандығы
Орындады: Көрікұлы Әсет
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Н.А.
Қарағанды 2022
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Факультет: Тарих
Мамандық: 5В020300 - Тарих
Кафедра: Археология, этнология және Отан тарихы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
PhD докторы Бөдеев Қ.Т.
_____________________
** ** ****ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент: Көрікұлы Әсет
аты-жөні
4 - курс, ГИ-43 тобы, 5В020300 Тарих, күндізгі оқу түрі
курсы, тобы, мамандығы, оқу түрі
1.Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Ә.Кекілбаев - қоғам қайраткері университет бойынша
** ** **** ж. №**** Бұйрықпен бекітілді.
2. Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ** ** **** ж.
3. Жұмысқа бастапқы мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік мәліметтер):
4. Дипломдық жұмыста (жобада) өңдеуге жататын мәселелер тізімі:
5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т.б.):----------
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
7. Жұмыс бойынша консультациялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсетумен)
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алу мерзімдері
Тапсырманы берді
(қолы)
Тапсырманы қабылдады (қолы)
Кіріспе
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Қазан
2021 ж.
1 Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен қызметі
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Қазан
2021 ж.
1.1 Әбіш Кекілбаевтың туып-өскен ортасы, отбасы
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Қараша
2021 ж.
1.2 Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Желтоқсан 2021 ж.
2 Әбіш Кекілбаевтың рухани мұрасы
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент.
Қаңтар
2022 ж.
2.1 Әбіш Кекілбаевтың шығармалар жинағы
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Қаңтар
2022 ж.
2.2 Әбіш Кекілбаев және Тәуелсіз Қазақстан
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Ақпан
2022 ж.
Қорытынды
Бейсенбекова Н.А.
т.ғ.к., доцент
Сәуір
2022 ж.
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
№
Жұмыстың кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері
Ескерту
1
Дипломдық жоба тақырыбын бекіту
Қыркүйек 2021 ж.
2
Дипломдық жобаны дайындау үшін материалдар жинау
Қыркүйек - қазан
2021 ж.
3
Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлімін дайындау (1 тарау)
Қараша - желтоқсан
2021 ж.
Іс-тәжірибеге кеткенге дейін
4
Дипломдық жұмыстың (жобаның) сараптамалық бөлімін дайындау (2-3 тарау)
Қаңтар - ақпан
2022 ж.
Іс-тәжірибе уақытында
5
Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінінің жобалық нұсқасын аяқтау
Наурыз - сәуір
2022 ж.
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада
6
Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауға ұсыну
Сәуір 2022 ж.
Шолу дәрістерінің (консультациялар) уақытында
7
Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікірге ұсыну
Мамыр 2022 ж.
8
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшінің пікірімен және сын-пікірмен соңғы нұсқасын тапсыру
Мамыр 2022 ж.
9
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
Маусым 2022 ж.
МАК кестесіне сәйкес
Тапсырманың берілген күні 29 09 2021 ж.
Ғылыми жетекшісі Бейсенбекова Н.А. т.ғ.к., доцент
қолы аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі
Тапсырманы қабылдады: студент Көрікұлы Әсет
қолы аты-жөні
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен қызметі 9
1.1 Әбіш Кекілбаевтың туып-өскен ортасы, отбасы 9
1.2 Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері 23
2 Әбіш Кекілбаевтың рухани мұрасы 32
2.1 Әбіш Кекілбаевтың шығармалар жинағы 32
2.2 Әбіш Кекілбаев және Тәуелсіз Қазақстан 45
Қорытынды 55
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 57
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта өткен мен қазіргі арасындағы тарихи байланысты зерттеу маңызды ғылыми және танымдық мағынаға ие. Қазақ халқының тарихында ең бір өзекті әрі күрделі ХІХ-ХХ ғасырлардағы ақын жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығын толығымен зерттеу мәселесі болып табылады.
Көрнекті қаламгер, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, философ Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың алар орны ерекше. Оның еңбектері ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің дамуында өз шығармашылығында атаған. Әбіш Кекілбаев ақын, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан үлкен мұра.
Оның шығармаларымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерімен таныса отырып, Әбіш Кекілбайұлының біз білмейтін қырлары әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармаларының мағынасы өте тереңде.
Әбіш Кекілбайұлы көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, сонымен қоса орыс, неміс, түрік және тағы басқа елдерде сүйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таныды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағаланды.
Қазақстанның дамуы үшін өз еңбегін еш аямаған Әбіш Кекілбаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық мәселелерінде белсенділік танытты. Тіл мәселесі де оның жадынан ешқашан тысқары қалған емес. Қазақстанның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, азаттық жолында, ұлттық мүдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз үлесін қосқан азамат.
Ел жағдайы ушығып тұрған сәтте дүниеге келген Әбіш Кекілбайұлының балалық шағы жан аярлықтай өтсе де ешқашан өз арман-мақсатынан алыс қалмаған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әбіш Кекібайұлының қоғамдық-саяси қызметі өте ауқымды, қоғамдық алатын орны өте ерекше. Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы, мемлекеттік қызметтерін, атқарған еңбектері ерекше құрметке ие. Бұл тұрғыда көптеген еліміздің жазушыларының еңбектерінен көрініс табуға болады. Атап айтсақ, Жанбибі Дүйсенбаеваның Әбіш Кекілбаев - суреткер [1] атты еңбегінде ақынның повестері мен кейбір романдарына негіз болған желілер және олардың көркемдік шешімі мәселесі қарастырылып, жазушы туындыларын орта, жоғары мектептерде оқутудың тиімді жолдары жазылған. Ж. Ибрагимованың Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы фольклорлық сары [2] атты еңбегінде ақынның шығармаларына талдау жасалса, Н. Джуанышбекованың Абиш Кекилбаев: Очерки о жизни и творчестве [3] және Ж. Дүйсенбаеваның Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы [4] атты еңбектерінде тарихи тұлға ретінде ақынның өмірі мен шығармашылығы берілсе, ал М.К. Абдраевтың Кестелі сөз кемеңгері [5] ақынның әдебиеттегі орны сипатталған. Ә. Қабыловтың Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы күлкі табиғаты [6] жазушының шығармаларындағы табиғат мәселелеріне зерттеу жүргізілген.
Ақынның өміріне, отбасы туралы жазылған еңбектерге де талдау жүргіздік. Өмірі жайлы еңбектерге тоқталсақ Әбіш Кекілбаев: Өнегелі өмір [7], Ж. Мұқановтың Жүз күндік жалғыздық [8] және Әбіш жолы. Әбіш тағылымы [9] аталмыш бұл үш еңбекте ақынның өмірге келген күнінен тұлға болып қалыптасуы мен отбасы туралы деректер келітірсе, Ә. Кекілбаевтың Дәуірмен бетпе-бет [10] атты еңбегінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының ауыз-әдебиетінің дамуы мен Әбіш Кекілбаевтың әдебиеттегі орнын жазған.
Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаевтың өзінің шығармаларында оқып, қарастырдық. Атап айтсақ, Үркер [11] романы қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, тарих шежіресін жырлайтын туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында көркемдік дәрежесі жоғары шығарма. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі - қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Және ақынның Махамбет және қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы [12] атты еңбегінде қазақтың ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қозғалысты бастаушы, өз сөзімен айтқанда ереулі атқа ер салып,егеулі найзасын қолға алған батыр бабамыз Махамбет туралы тарихи жазлған. Тіл және Тәуелсіздік [13] еңбегінде азаттық үшін күрескен халықтар тағдыры, әлемнің әр түкпірінде отарлық жүйенің орнығуы, жер шарына үстемдік етуге ұмтылған ірі мемлекеттердің озбыр саясаты, осындай аласапыран дүниеде аз ұлттардың елдігін сақтау үшін жанкешті күресі, тіл саясаты туралы жазылған. Аңыздың ақыры [14] тарихи романы тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесі бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы жеткізеді.
Әбіш Кекілбайұлы шығармалары көптеген тақырыптарға арналған. Шығармаларының көпшілігінде қазақ халқының тарихы, қиын-қыстау кезеңдердегі әл-ауқаты жайында баяндалады. ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған қазақ тарихына деген бетбұрыс ұлт тағдырын ойлаған қаламгерлердің ешқайсысын енжар қалдырған жоқ.
Жазушы Әбіш Кекілбаев туралы шет елдік азаматтардың бірнеше көлемді еңбектері жариялаған болатын. Атап айтқанда: М.Кемел, С.Бәйішев, Ө.Оралбайұлы, Қ.Сұлтанов, С.Қирабаев, С.Өтениязов, Қ.Жүсіп, А.Тұрысбекова, Қ.Есенова, А.Бейсенбай, Ж. Дюсенбаеваның Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармашылығы бойынша жүргізілген сұхбат [15] бұл еңбекте жазушымен жүргізілген сұхбат түрінде жазылған шығарма болса Ж. Дүйсенбаеваның Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы [16] атты еңбегінде ақынның тарихтағы алар орны мен тарихи тұлғасын жазып көрсеткен.
Әбіш Кекілбаевтың шығармалары әлемнің 14 тіліне аударылып, бірнеше мақалалар басылып шыққан болатын. Оның ішінде орыс тіліндегі, түрік және неміс тілдеріндегі еңбектері жарық көрген. Түркияда Әбіш Кекілбайұлы құрметіне арналған жеке пошталық марка қолданысқа енгізілген. Тек қазақ елінің ғана емес, бірнеше шетелдік мемлекеттердің де сүйікті қаламгері әрі қоғам қайраткері ретінде танылған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Әбіш Кекілбаевтың шебер саясаткерлігін, қоғамдағы орны мен мемлекет көлеміндегі атқарған жұмыстарын анықтап, оның шығармашылығына, ғылыми еңбектеріне шолу жасап, ондағы кейіпкерлердің болмысын, тарихтағы орнын саралау дипломдық жұмыстың мақсаты етіп. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен қызметін зерттеу;
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына талдау жасау;
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жинақтау
Еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі жылдардағы Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметтерін қарастыру;
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Әбіш Кекілбайұлының саяси қызметтерімен танысу;
Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастарын анықтау;
Қазақстан Республикасы және шетел көлеміндегі Әбіш Кекілбайұлының қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті қаламгер ретінде алатын орнын айқындау.
Зерттеу нысаны: Көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, қоғамдық қызметтері, еңбектері мен шығармашылығындағы тарихи тұлғалар және олардың Қазақ тарихындағы орны.
Ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыпты зерттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, жазушы, қаламгер, сыншы, драматург, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Әбіш Кекілбайұлы туралы жаңа деректер мен мәліметтер жинақталып, төмендегі мәселелер анықталды:
Әбіш Кекілбайұлы халықаралық интеллектуалдық әлеумет бойынша әлемнің ең ойшыл 100 адамы санатында;
Әбіш Кекілбаев еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 14 тілінде жарық көріп, бірнеше мың данамен тараған;
Егемендік алған жылдардан бері Әбіш Кекілбайұлының көптеген ғылыми-танымдық, тарихи зерттеу еңбектері жарық көрді;
Саясат, мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелерінен көптеген мақалалары жарыққа шықты;
Қырғыз Республикасының қайраткері, неміс және түрік ұлттарының көрнекті қаламгері;
Әбіш Кекілбаев құрметіне арналған Түркия Республикасының пошталық марка айналымы;
Көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері;
Кекілбаев еңбектері жан-жақты зерттеле келе, қоғам қайраткері ретінде және көрнекті қаламгер ретінде танылған саяси тұлға екендігі сараланып бір тұжырымға келтірілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Әбіш Кекілбаев - жазушы, қоғам қайраткері атты бұл ғылыми зерттеуді жоғары оқу орындарының тарих, филология факультеттеріне оқылатын дәрістерде, практикалық сабақтарда, білімгерлердің өз беттерімен жұмыс істеуіне берілетін тапсырмаларға қосымша ұсынуға болады.
Зерттеудің құрылымы: Әбіш Кекілбаев - жазушы, қоғам қайраткері атты жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен және кіріспе мен қорытындыдан тұрады.
Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен қызметі
Әбіш Кекілбаевтың туып-өскен ортасы, отбасы
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылғы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келді.
Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасынан басталып, 1957 жылы 5 мамырда Лениншіл Жастың белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетенің мақтау қағазымен марапатталады. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарды. Соңғы курста оқып жүріп, Қазақ әдебиет газетінде қызмет атқарған. Ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. Қазақ әдебиетінен кейін 1962-65 жылдар аралығында Лениншіл Жас газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Ә.Кекілбайұлы Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты және бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған. Ол - Қазақстанның Еңбек Ері, Отан, Н.Назарбаев, Достастық ордендерімен және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері атақтарымен марапатталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің. Л.Гумилев атындағы ұлттық университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университтерінің және ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тын Кентукки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обыстарының және республикамыздың бірқатар аудандарынын құрметті азаматы [1, 54 б.].
Қаламгердің қазақ қоғамындағы алар орнын оның жазушылығымен де, тарихшылығымен де, ойшылдығымен де, саясаткерлігімен де, қайраткерлігімен де толық жеткізіп айта алмаймыз. Әбіш Кекілбаев туындылары жалпыадамзаттық мәселелерді әлемдік өреде қарастыратындығымен, ой тереңдігінің, көркемдік кестенің, тіл өрнегінің классикалық үлгісін көрсетуімен, қай жанрға салғанда да өрен жүйрік шығатындығымен, әрі көп, әрі дөр жазуға болатындығын дәлелдеуімен тәнті етті. Бір бойынша жазушының, ақынның, драматургтың, аудармашының, мемлекеттік қайраткердің, саясаттанушының, тарихшының, философтың, мәдениеттанушының, өнертанушының, әлеуметтанушының, публицистің, журналистің, шешеннің таланты тамаша тоғысқан, соның бәр-бәрін далалық данышпандықтың қайнарынан суарған Әбіл Кекілбаевтың шын мәнінде феномен құбырысқа жататыны қазірдің өзінде талас тудырмайды.
Әбіштің халықтың рухына еткен еңбегі - даусыз ұлы еңбек. Кекілбаев кеңістігіндегі аса бай мұра руханият ауқымы да сыймайды. Әбіштің дара ақылы бізге өтпелі кезеңде көп көмектескенін, Әбіштің сара сөзі алабұртқан халықтың санасын сабасына түсіруге септескенін, туған тілдің тағдыры таразыға түсіп, тар кезеңге тірелген шақта депутат болмаса да сөз сұрап, Парламент мінберіне көтеріліп, ақырып теңдік сұрағынын, Кекілбаевтың сол сөзінің кейін қазақ тіліне дербес мемлекеттік мәртебе беру дауысқа қайта қойылғанын, тарихи мәні бар мәселе осындай ой қуатының, азаматтық ерліктің арқасында шешілгенін біз еш уақытта ұмытпауға тиіспіз.
06.12.1939 - Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келді.
1962 - С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
1962-1965 - Қазақ әдебитеі, Лениншіл жас газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгершісі болып қызмет атқарды.
1964-1968 - Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметінде болды.
1970-1975 - Қазақфильм киностудиясында бас редактор болып жұмыс істеді.
1975-1984 - Қазақстан КП Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болды.
1981 - Құрмет Белгісі орденімен марапатталды.
1984-1986 - Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды.
1986 - Абай атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1986-1988 - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы.
1988-1990 - Тарихи және мідени ескерткіштерді қорғау қоғамы ОРталық кеңесі Президиумының төрағасы.
1990 - Қазақстан КП Орталық Комиететінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
1991 - Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты, Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту коимтетітінің төрағасы.
1992 - Қазақстанның Халық жазушысы атанды.
1992-1993 - Егемен Қазақстан газетінің бас редакторы қызметін атқарды [4, 112 б.]
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әке туралы ой-толғау кітабында Әбіш Кекілбаевқа жүрекжарды сөздер арналған. Президент әкесі - қазақтың көрнекті қаламгері, төл әдебиетіміздегі детектив жанрының ізашары Кемел Тоқаев туралы айта келіп, былай дейді:
Оның Әбіш Кекілбаевқа деген көзқарасы ерекше еді. Әкей оның шығармаларын тарихи ауқымдылығы және философиялық тереңдігі үшін жоғары бағалайтын. Бұл жазушы гуманитария саласында энциклопедиялық білімге ие және оларды өз шығармаларында ұтымды пайдалана біледі деп ылғи айтып отыратын. Әбіш Кекілбаевты бақытты жазушылық тағдыр күтіп тұр, ол қазақ әдеибетінің классигі болып танылады деуші еді.
Арада біраз жылдар өткенде маған Әбіш Кекілбаевты жерлеуге қатысты мемлекеттік комиссияны басқаруға тура келді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салардағы қаралы жиында мен қазақ әдеибетінің классигімен, ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілімен қоштасып тұрғынмызды баса айттым.
Енді бір тұста жазушы жайындағы ойын әрі қарай тарата түскен.
80-ші жылдардың соңында Жазушылар одағының екінші хатшысы Әбіш Кекілбаев болды. Әкем Ә.Кекілбаевтың тарлан таланты оның есімін уақыт өте келе қазақ әдебиеті алыптарының қатарына жеткізеді деп санайтын. Ә.Кекілбаев туындыларынан қазақ ұлтының өр рухы сезіліп тұрады деп жиі айтушы еді. Сонымен қатар жазушының қарапайымдылығы мен қайырымдылығын да жоғары бағалады. Уақыт әкейдің болжамының шындыққа ұласқанын дәлелдеді. Ә.Кекілбаев қазақ әдеибетінің көрнекті өкіліне айналды, саяси сабырлығы мен шебер мәмілегерлік қасиеттері арқасвнда күрделі жағдайларда көптеген жылдар бойы тәуелсіз Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарды. Ол Жоғары Кеңестің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы болды, мемлекетік кеңесші қызметінде биіктен көрінді. Өмірдің соңына дейін Әбекең қоғамымыздың шынайы ілтипатына бөленіп өткен айтулы тұлға болды. Екеуміз Қазақстан Парламаенті Сенатында бірге қызмет істедік. Ол депутат ретінде де, өзекті деген тақырыптарға қалам сілтей отырып, жазушы, публицист ретінде де көп еңбектенді [5, 68 б.].
Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылғы 6 желтоқсанда Әбіш Кекілбаевтың туған күнінде Ұлттық академиялық кітапханада қаламгер атындағы оқу залының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Әбіш Кекілбаевтың әдеби әлемі шексіз дүние, көпқырлы, мағыналы мұра. Білімінің көкжиегі шексіз, бірегей тұлға, әрі жазушы, әрі әдебиеттанушы, ғалым, тарихшы, ойшыл, философ қана емес, мемлекетіміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген көрнекті мемлекет қайраткері. Бұл -- ұлы жазушылардың арасында өте сирек кездесетін құбылыс деп ерекше айтты. Жаңа жылдан бастап бұл жұмысқа кірісуіміз керек. Үкімет, тиісті әкімдіктер қажетті жоспарларды дайындап, тиісті іс-шараларды қолға алады деп ойлаймын. Бұл бүкіл халыққа керек маңызды жүмыс деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін өңірлерге алғашқы сапарларының бірінде Маңғыстау облысына барды, Ақтауда сөйлеген сөзінде де жазушы тойының өзіне лайықты деңгейде өтетінін қадап айтты. Әбіш Кекілбаевты қазақтың абызы аталды.
Қаламгердің туғанына 80 жыл толуы қарсаңында жариялаған мақаламызда (Мудрец, Казахстанская правда, 2019 жыл, 17 мамыр) Президенттің естелік кітабындағы сөзін келтіріп: Бұл үзінді Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әке туралы ой-толғау кітабынан алынып отыр. Иә, дәл айтылған: жазушының сан қырлы шығармашылығы қазақ рухының өзіндiк бiр жиынтық бейнесі болып табылады. Әбіш Кекілбаев біздің мына әлемге халқымыздың лайықты перзенті ретінде таныта алатын аз адамымыздың бірі деген болатынбыз.
Әбіш аға өзі абыздай аруақты, аңыздай ғажайып деп сипаттаған Серке Қожамқұловтың мерейтойына арналған мақаласында: Оның жетпіске шыққаны күллі қазақ халқы үшін, ұлтымыздың өрге басқан өскелең мәдениеті үшін үлкен мереке, деп жазған екен. Сол сөзді біз жазушының өзіне де бағыштай аламыз. Ол да абыздай аруақты, аңыздай ғажайып тұлға.
Ел болу әртүрлі шаруалардан танылады. Соның ішінде Әбіш Кекілбаевтай жазушыға үш томдық энциклопедия дайындаудан да танылуы мүмкін. Арыс қоры дайындаған үш томдық Әбіш Кекілбаев энциклопедиясы - сондай шаруа. Халықпыз ғой, шіркін, дейсің осындайда. Халық болғанда да асылдарын Өлі-тірісінде артына жаман сөз ілестірмеген, тумысында гуманист жазушы, энциклопедиялық білімге ие ғұлама, аузы дуалы шешен би, ұлт жанының білгірі, кең пейілді, жұмсақ жүректі жан тұлғасы уақыт өткен сайын өркештене, зорая түсеріне, кемел Қазақстанның келер буындарының да арқа тірер рухани сүйеніпті болып қала береріне кәміл сенеміз деп ардақтай алатын халықпыз гой, дейсің ризадар көңілден. Faрифолла Әнестің жауапты редакторлығымен жарық көрген бұл энциклопедия Елбасы бастап, елі қостап, кең құлашпен қолға алынған Рухани жаңғыру бағдарламасына қосылған қомақты үлес. Бұл еңбек біздің қоғамдық ойымыздың жаңа заман биігіне көтеріліп, жаһандану көшіне қосылып үлгергенін кемел түрде, келісті көрсетеді. Бұл еңбек біздің өз қадірімізге жететін, шын ғажайыптарымызды ұлттық мақтаныш тұта білетін ел екенімізді тамаша танытады.
Әбіш Кекілбайұлы бұл күндері кемеліне келген, толғауы тоқсан сөз өнерінің жемісін көрген, алапат еңбегі мен таланты арқылы атақ-абыройдың бигіне шыққан, бірегей адамның бақ-талайына бітетін қызық-қуаныштың бәрін татқан суреткер. Ол биік мансаптың буына пісіп, отына шарпылған адам. Бұл ретте отызға келмей ел үкіметін басқарған Сәкен Сейфуллиннен басқа Әбіш шыққан мансап биігіне қазақ қаламгерлерінен ешкім де көтерілген емес. Өркениетті елдерде мұндай ауқымдағы тұлғалар туралы көзінің тірісінде-ақ көлемді еңбектер жазылып, өмірбаяндық шығармалар туып жатады. Топ-тобымен деректі фильмдер де түсіріледі. Ал бізде, әрине, олай емес. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін осы фильмді түсіруді қолға алған едік Сұлтан Оразалинов толық метражды Ақ пағылда туған арман деректі лентасының авторлық мәтінінде осылай айтатын [9,47 б.].
Қытай жаулап алған Жоңғар хандығы мемлекеттік сипатынан бірден айырылды. Ресей бодандығына өткен Қазақ хандығы біртіндеп айырылды. Ең алдымен, ортақ хан сайланбайтын болды. Кешегі үш ұлыстан тұратын тұтас ел енді біржолата үшке ыдырады. Әр ұлыс өз кезегінде әлденеше сұлтандардың иелігіне бөлшектенді. Кейін сұлтандар биліктен тайдырылып, қара сүйек өкілдеріне тізгін тиді. Ақыр аяғында далалық билеудің дәстүрлі құрылымдары мен жүйесі түгелімен жойылды. Ел төртке бөлініп, Ресейдің көршілес губернияларына бағындырылды. Басқару жүйесі ішкі Ресейдің таза аймақтық құрылымына сәйкестендірілді. Бір кездегі тұтас ел, сөйтіп, әуелі саяси, сосын аумақтық, ақыр аяғында этникалық тұтастығынан жұрдай болып шыға келді. Отаршылдық атаулының зорлығы халықтың наразылықтарын тудырды. Сырым, Атақозы, Саржала, Көктемір, Тіленші, Жоламан, Қасым, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Асау, Барақ, Жанқожа, Есет, Бекет, Арынғазы, Иса, Досан, Сыпатай, Ақкөз, Байзақ бастаған және 1916 жылғы көтерілістер секілді біреуі басылмай жатып, екіншісі бас көтеріп жататын ереуілдер тізбегінің аяғы жиырмасыншы ғасырдың басындағы азамат соғысына келіп ұласты. Қазақ халқы патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымдардың бірі. Бірақ, отаршылдықты тойтарып тастай алмады. Хандардың тұсында-ақ көшпелілер шабуылынан қорғанамыз деп үш тараптан шыр айналдыра қоршап алған әскерлер шебі енді әлгі ереуілдерді жаныштауды сылтауратып, ішке қарай сұғына түсті. XIX ғасырдың орта тұсында қазақ даласының оңтүстік шекараларына дейін жетіп тынды. Ақмешіт, Түркістан, Ихан, Шымкент, Әулиеата, Мерке шайқастары отаршылдыққа мойынсұнбаудың жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Сырт қарағанда, амалсыз жасалғандай көрінетін бұл әскери баса-көктеу ұлттык биліктің түбіне біржолата жетіп тынуды көздеген шын мәніндегі басқыншылық соғыс еді. Елдің әлгіндей наразылығын пайдалана отырып, барлығына осылар кінәлі деп, ұлттық билеуші топты көзіне құм құйылды. Сосын бүлікшілердің өзіне ауыз салынды. Сөйтіп, ұлтты саяси дәрменсіздендіруге екі есе қарқындылық бітті.
Дәстүрлі биліктен басқа билiк жүйесіне ауысу ел ұстарлар арасындағы бақастық пен бақталастықты қоздырды. Олардың патша әкімшілігіне тікелей бағынышты болуы қалған халыққа жеккөрінішті етті. Көшпелі қауымдардағы бұрыннан бар аталастық, руластық, тайпаластыққа бөлінетін көлденең жіктеліске енді әкім-қаралар мен қалың бұқара болып бөлінетін деңгейлік жіктелістер қосылды. Ұлттық ынтымаққа сөйтіп екі тараптан бірдей шабуыл жасалды. Тәуелсіздік жолындағы күреске қол байлау жасайтын ішкі кедергіні көбейту айла-шарғысы барған сайын жетілдіріле түсті.
Ресей Қазақстанның саяси-аумақтық құрылымын өзгертуге асыққанымен, қалыптасқан мәдени-экономикалық үрдісін өз заманына лайықтандыруға тап онша асыға қоймады. Олай етуге әлемдік дамудың жаңа деңгейіне ол кезде әлі өзі де көтеріле қойған жоқ-ты. Оның үстіне, оған қарауындағы бодан елдердің басындағы эволюциялық сәйкессіздікті одан әрі асқындыра түсу тиімді еді. Сол бұрынғы өгіз-аяң күнелтіс қалпынан асырмай ұстай тұру арқылы қалған адамзаттың даму қарқынына ілесуден каралай күдерлерін үздіріп, әбден титықтатып, өз беттерімен ел бола алмайтындай кылып, өз-өзінен аздырып-тоздырып жіберу көзделген-ді. Қазақтар арасындағы еуропаша сауаттылықты үш пайыздан асырмаудың ар жағында да сондай гэп жатқан-ды. Алайда, бір кезде еуропалық құқық танудың Гоббс, Локк, Монтескье сынды асқан біліктілерінің өзі жоққа шығара алмағандай, кейінгі ұрпақтың тұсында бабалары айырылып қалған мемлекеттілікті қайта талап етуге құқылы екендігін сезінуге сол үш пайыз сауаттылықтың өзі де әбден жеткілікті болды [11, 71 б.]
Жиырмасыншы ғасыр басындағы әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына ат салыса алатындай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Әлихан Ермеков, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқаев, Халел және Жанша Досмұхаммедовтер, Мұхамеджан Тынышбаев сынды алаш азаматтары өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің қай-қайсысымен де нықтас тұра алды. Тап сол жылдары ұлт-азаттық қозғалысының мұншама шарықтауына тағы да сол мәдени эволюция заңдылықтары себепші болған-ды. Бір кезде Жерорта теңізі маңының түгін ешкі жеп құртыпты-мыс дейтін экологиялық апаттан басталған эволюциялық сәйкестілік жолындағы күрес күнкөріс айырудың жаңа жолдарын іздеуге, ал ол өз кезегінде соған лайық ұжымдасудың жаңа түрлеріне көшуге мәжбүр еткен. Ауыл шаруашылығы мәдениеті заманында пайда болған мемлекеттілік өндірістік өркениетке көшер тұста ұлттық мемлекетті туғызып, олар өркендей келе жаңа тұрпаттағы империялар құруға көшкен. Жер жүзілік отарлаушылық соғыс содан туындаған. Бес ғасырдай дәуірлеген отаршылдықтың асып-тасып кеткендігі сонша, өзіне мерт тапқызар жаңа авантюраларға ұрына бастады. Ол кезде жер беті түгел дерлік отарланып біткен-ді. Бес құрлықтың бесеуін де бес-алты мемлекет қол астарына қаратқан-ды. Өмірлік кеңістіктерді кеңейту соғысы бұжан былай қарай бұрынғыдай әлді мен әлсіздердің арасында емес, әлді мен әлдінің арасында өрістей бастаған. Имперализмге көшкен отаршылдық дүниежүзілік соғыстардың тұтануына әкеліп соқтырды. Күштінің қолымен күштіні жеңіп, екі ортада әлсіз тендік алатын "тарихи парадокс" етек жайды. Алып империялар күйрей бастады. Ең алдымен, Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Оларға бодан елдер тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұған біреулер қобалжи қараса, біреулер үміттене қарады. Ондай үміт халықтар түрмесі атанған Ресейдің шет аймақтарында да ояна бастады. Әсіресе, Балқан мәселесін үйлестіруді өз мойнына алған мемлекеттік құқықтың білгірі, АҚШ президенті Вудруф Вильсон ұсынған бір ұлт - бір мемлекет кескіндемесі отар жұрттардың құлағына майдай жақса, отаршыл елдердің көбіне ұнамады. Әсіресе, патшалық Ресейге ұнамады. Қанша ұнамағанымен, процесс сол бетімен өрістей бергенде, Шығыс Еуропа империялары киген таз телпекті Ресейдің де киюі сөзсіз еді. Бір есептен солай болды да. Бірақ, оның тағдырына кенеттен киліккен шектен тыс саяси авантюризм оқиғалардың барысын мүлдем басқа жаққа бұрып әкетті. Тіпті монархияға өлердей қарсы күштердің өзі бұл мәселеде бірауыздылық таныта алмады. Бұны соғыста өлiмшi болып жеңілген елдегі өлердей ызалы қаналған қатқан қақыраш топтарға сүйенген әсіре солныл күштер өз пайдасына жаратып кетті. Вильсон зандастырып берген ұлттарды өзін-өзі билеу құқығын большевиктердің көсемі онды-солды желеуетіп бақты. Сол арқылы шет аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыстарын өз жағына шығаруға тырысты [14, 54 б.].
Бұл, бірақ, таза саяси көзбояушылық еді. Ұлт тек ұлттық ынтымақ жағдайында ғана өз мүддесіне жете алатын еді. Іштен бұлтарып, сырттан шот салып жеңіске жеткен большевизм шет аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыстарын таптық күрес уымен уландырып бақты. Езгі көріп қалған аймақтың қалың бұқарасын өз дәулеттілеріне, солардың арасынан шыққан оқығандарға, солардан тұратын ұлттық саяси элитаға, сол арқылы олар күресіп жатқан ұлттық мүдделерге қарсы айдап салды. Бұрынғы бұратана халықтың онсыз да аз зиялылары екіге жарылып кетті. Біреулері байлардың сойылын соғатындар саналып, ұлтшылдар атанды. Екіншілері кедейлердің сойылын соғушылар деп табылып, интернационалистер ретінде марапатталды. Соңғылардың ауызымен алдыңғыларды оңды-солды айыптап, халық алдындағы ықпалдан айыруға күш салынды. Патша заманынан қолға көп түсе қоймайтын азғантай билік жолында неден болса да тайынбауға баулынған оқығандарға өз баққұмарлығын оңай ақтап алар жаңа кисындар тауып берілді. Тапшылдыққа бой ұрғандар ұлт мүддесін ту еткен Алаш қозғалысы мен Алашорда мемлекеттілігін әлі көз ашпаған қызыл шақа қалпында талап тастады. Бірақ, өздерінің қызылдар құрып беретін ұлттық мемлекеттің тізгінін ұстамақ дәмелерінен түк те шықпады. Бастапқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар көп ұзамай қол жаулық мемлекеттілікке айналды. Әуелі бірнеше ұлт республикаларының басын біріктіріп, федерациялар құру арқылы жаңа мемлекеттіліктерді ұлттық сипаттан ауытқытудың алғашқы кадамы жасалды. Ұлттық құрылымдардан жоғары тұратын ұлтаралық құрылымдар түзу үрдіске енді. Ол үрдіс бірте-бірте асқындай келе, әлгі федерациялардың да көзін құртып тынатын одақ құрылуға ауысты. Әр республиканың дербестігін сақтаймыз деген сылтаумен мықты орталыққа қарсы шығуға дәрмені жететін аймақтық саяси күштердің аяқ-қолы байланды. Ұлттық республикалар, шын мәнінде, саяси дербестік атаулыдан атымен жұрдай, жай әншейін әлжуаз шет аймақтар боп шыға келді. Оған да місе тұтпаған орталық ұлттық аймақтардағы билікті біржолата тартып алу саясатына ашық кірісті. Бірінші басшылыққа адамдар орталықтан жіберілді. Олардың қолданына төтенше өкілет берілді. Ұлт зиялыларының тапшыл тобы сазға отырғандарын сонда барып аңғарды. Олардың таптық идеология тұрғысындағы айтыс-талатарының өзі ұлтшылдық ауытқу деп бағаланды. Оларға да кешегі өз бәсекелестері киген таз телпекті киюге тура келді. Сөйтіп, ұлт біржолата рухани жұтқа ұшырады. Орталыққа бұл да аз көрінді. Енді қазақ қауымын экономикалық жағынан дәрменсіздендіру керек болды. Әуелі байларды, сосын орташаларды тап жауы ретінде құрту, іле-шала жеке меншікті жойып, колхоздастыру ұлтты ең болмаса күнкөрісін өзі айырға ақылы жететін есі бүтін шаруа табынан да ада қылуды көздеп еді. Бұл зымияндыққа да бүкіл халық боп қарсылық көрсетілді. Шұбартау, Қарақұм, Ырғыз, Созақ, Іле бойы, Батпаққара, Сарысу, Маңғыстау - ұлы даланың түкпір-түкпірі түгел ереуілдеді. Қызыл үгіт оған езілген бұқараның ермеуін көздеп, әзәзіл әрекеттерін күшейтті. Қалың бұқараны шаруа күйттеуден қалдырып, әртүрлі әлеуметтік желіктерге бой алдыртып, әсіреңкі әуресарсаңға салудың жолдары мықтап қарастырылды. Сөйтіп, ұлт санаулы жылдар ішінде барлық жағынан да өз қамын өзі жей алмайтын мүгедектікке ұшырап шыға келді. Ол жаппай аштыққа әкеліп соқтырды.
Егемендіктің елең-алаңынан бері алдымызға көлденең тартылған көп мәселе Кекібаевтай кемелдің ой көкжиегін ең алдымен еліміздің кешегісін байыптауға, бүгінгісін бағамдауға, ертеңін електен өткізуге, соның бәрін мәдениеттанушылық тұрғыдан қарастыруға бағыттауы заңды да еді. Кейінгі кезде біздің ғылыми әдебиетімізде ағартушы сөзі сирек кездесетін болып барады. Мұның өзі бір кездегі қара халықты ағартушы дегеннен қашқандықтан да шығар. Бәлкім, просветитель ұғымын енді санаткер деп алған жөн бе екен? Мәселе ұғымның атында емес, затында десек, Әбіш Кекілбаевтың тәуелсіздік жылдарында ағартушылық, санаткерлік жолға саналы түрде түскені талас тудырмайды. Ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар межесінде жаңа жолға шығып, тәуелсіздік көшін бастаған халқының заман, қоғам жөніндегі ұғымының әу бастан дұрыс қалыптасуын қамдаған қаламгер бұл жолда өзінің ең асылынан - көркем шығармашылығынан бас тарта тұрудан да тайынбады. Жазушының кейінгі жиырма жылдың қарамында жаңа прозалық шығарма ұсынбағаны рас. Басқа жанрлардан да ана жолғы Абылай ханнан, одан бертіндегі Дүние ғапыл атты өлеңдер жинағынан басқа көп ештеңе атай қоймаймыз. Рсыған орай қаламгерді Саясатқа бару арқылы өзінің жазушы ретінде бар асылын ақтарып беретін жылдарын өткізіп алды деп кінәлайтын пікірлер айтылмай жүрген жоқ. Ол сөздердің жаны бар да рас. Жазушының өзі де бейресми әңгіменің бірінде Әбілқайырдың өмірі, атап айтқанда, оның Үркер, Елең-алаң романдарында қамтылмаған соңғы жеті-сегіз жылы жайында Мен - тарихи тақырыпқа жазатын жазушымын. Ол үшін нақты тарихи құжаттарға иек артуым керек. Соның желісінен шықпауым керек...Тірі жүрсем, әдеби шығарма жазамын. Шынтуайтын айтсам, Үркер , Елең-алаңның үшінші кітабын шығаруым керек. Өйткені, Әбілқайырдың содан кейінгі тағдыры қалай болды? Бұл орайда әркім әрқалай соғып жатыр: біреулер біліп, білеулер білмей бөсіп жүр. Ал ол туралы менен басқа ешкім жауап бере алмайтынына менің анық көзім жетіп болды! Сендердікі дұрыс емес деп әлгілермен жаға жыртысып, төбелескім келмейді, сондықтан өз төбелесімді өз кітабымда көрсеткенім жөн деп ойлаймын... дегені есімізде. Алайда, тарихтың осынау өтпелі, екіұдай кезеңінде, бір жүйеден бір жүйеге ауысып, жаңа қоғам құрылып жатқан шақта бізге прозашы Кекілбаев, сыншы Кекілбаев көбірек керек па еді, әлде саясаткер Кекілбаев, тарихшы Кекілбаев, философ Кекілбаев, әлеуметтанушы Кекілбаев, мәдениеттанушы Кекілбаев көбірек керек па еді десек, осы жылдарда бізге оның қаламкергерлікке суарылған қайраткерлігі керегірек болғанына көзіміз жетеді [15, 86 б.].
Бұл сөздерді біз Әбіш Кекілбаевтың жетпіс жылдығының тұсында бергі уақыт ол ойымызды орнықтыра түсті. Оны жазушының ойшылдығын арқау ететін бұл Әбіш Кекілбаевтың саясаттанушылығына, саясаткерлігіне арналған осы тарауында тиянақтауға тырысатын боламыз.
Амангелді Кеңшілікұлы Көңіл күнделігінде Әбіш Кекілбаев үйіне барғанын, әңгіме ұстінде Сіз осы қызметке не үшін бардыңыз? Соншама уақытыңызды қор қылдыңыз. Егер бүкіл ғұмырыңызды шығармашылыққа арнағанда сіздің қаламыңыздан Толстойдың ұлы дүниелеріне пара-пар ұлы романдар туар еді, - деп сұрағанын, сонда Мені Толстоймен салыстыруға болмайды ғой. Өйткені, ол басқа елдерге тырнағын батыра бастаған империялық мемлекетте дүниеге келді. Ал мен нағыз шығармашылықпен айналысатын уақытта еліміз Тәуелсіздік алды. Мемлекетімізді нығайту үшін талай істер атқару керек болды. Мемлекеттігімізді нығайту үшін талай істер атқару керек болды. Әлі де оңды-солын айырып үлгермеген еліме пайдамды тигізу үшін қаламгерлікті қойып, қайраткерлікпен айналысуға тура келді,- деп біраз сыр шерткенін айтады. Әрине, бұл - көп ойланып, көп толғанып барып былданған шешім. Әбіштей дана адам мына дүниеге рухани дағдарыс басталғанын, адамщат кітаптан бетін әрі бұруға көшкенін елден бұрын сезіп, жаңа мемлекетке көркем сөзден гөрі көсем сөз керегірек болуға айналғанын алдымен ұғынған сияқты.
Саясат - кең мағыналы ұғым. Елді басқару ісін жүргізуді де, мемлекет қызметінің түр-түрін, міндеттерін, мазмұнын анықтауға байланысты іс-әрекеттерді де, билікке ие болу жолындағы айла-шарғыларды да, қоғам өмірінің жекелеген саласындағы белгілі бір мақсатты көздейтін іс-шараларды да, ел билеудегі бағыт пен амалдар кешенін де,нақты ұжымның, мекеменің өз мүдделерін жүзеге асыру бойынша атқаратын жұмысын да саясат деген бір сөзбен сипаттай береміз. Біздің қазақтың кәдімгі қулық-сұмдықты да саясатқа жатқыза салатынын кездеседі, жұрттың Әй, осының бір саясаты бар-ау дейтіні де содан.
Антик заманында өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдастық түрінде қалыптасқан грек полистерінің атынан шыққан политика ұғымын басқару әдістемесін белгілейтін термин ретінде б.д.д. 4 ғасырда Аристотель енгізген еді. Ол оны мемлекетті (полисті) басқару өнері деп атаған. Ғылыми және философиялық ойдың дамуы барысында саясаттың азаматтардың бәрін сақтау білу және олардың жамандарынан жақсы адам жасай білу өнері, дұрыс және даналықпен басқара білу ілімі, мемлекеттік аппараттың көшбасшылығы немесе сол көшбасшылыққа ықпал ету, тап мүдделерінің күресі сынды сан түрлі анықтамалары алға тартылған. Қазақша Уикипедия бойынша оңайлатып сөйлер болсақ, саясат ұғымы мыналарды білдіреді: 1.Өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің, мекеме, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау; 3. Адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және аман-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4. Әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің сипаты; 5. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы [16, 175 б.].
Саясат - мәдениет категориясы. Өйткені, мәдениет - өмір сүру өнері. Саясат салалары негізінен экономикалық мәдениет, саяси мәдениет, кәсіби мәдениет, педагогикалық мәдениет деп бөлінеді. Саяси мәдениет қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі, әлеуметтік субъектінің саяси қарым-қатынастардың тарихи тұрғыдан белгілі бір жүйесіндегі саяси білімнің, құндылық бағдарларының, жөн-жосық үлгілерінің жиынтығы болып табылады. Демократияның мүлтіксіз қызмет істеуі үшін тек билік институттарын құрып, олардың арасындағы міндет бөлісумен шектеліп қалмай, азаматтық қоғам институттары мен саяси партиялардың сындарлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz