Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

С.Н.Раимбекова
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0115000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

Өскемен, 2021 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Қорғауға жіберілді _____________2021 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары

Мамандығы: 0115000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

Орындаған 4-ШК-1
тобының білім алушысыС.Н.Раимбекова

Ғылыми жетекшісі
_____________2021 ж.Н.Ж.Омарова

Норма бақылаушы
_____________2021 ж.

Өскемен, 2021 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

7
1.1
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7
1.2
Бастауыш оқушыларына арналған музыка пәніндегі сұлулыққа қатысты шығармалардың мәндік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

11
2
Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәнін оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .

24
2.1
Музыка пәні арқылы 1-сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

24
2.2
1-сынып оқушыларының музыка сабағы арқылы эстетикалық дүниетанымын кеңейтудегі әдістер, оларды жетілдіру мәселелері ... .

30
2.3
Эстетикалық тәрбиені музыка пәні арқылы ұйымдастыруды жүзеге асыру іс-тәжірибиелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

33

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын, 2020 жылға қарай Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды, деген болатын [1;6-7 б.].
Қазіргі кезде әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың әсемдік жақтары ықпал етеді. Әсемдік құбылыстары адамның шындыққа қатынасын анықтайтын пайдалы істердің шын факторына айналып отыр.
Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады.
Қазіргі қоғамымыздағы болашақ ұрпақты дайындауда әр ұстаз өз тәжірибесін оқу тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар, шығармашылық жұмыс жүргізуіге тиісті.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! [2;7-8 б.]. Бүгінгі талап өткен өмірімізден кеткен қателіктерімізді болдырмау мақсатында, жаңа ұрпақты қалыптастыру мен тәрбиелеу үшін мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған [3;15 б.].
Ел Президентінің Қазақстан халқына жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету; білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми - педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау; [4;10 б.]. Еліміздің болашағы көркейтіліп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Өміріміздің жалғасы ұрпақ тәрбиесі. Бала тәрбиесінде эстетикалық тәрбиенің алар орны ерекше. Енді сол эстетика туралы қысқаша түсінік беріп өтсек.
Эстетика (грек сөзі - aisthetikos сезінуші, сезім қызметіне қатысты) - көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем творчествоның жалпы заңдары туралы, адмның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым.
Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі туралы және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде, адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулык пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие деп жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын түсінеміз.
Эстетика - өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы. Эстетикалық тәрбие оқушыны сұлулықты айқын қабылдап түсінуге, көркемдікті, айналадағы шындық, болмыстағы және көркем шығармалардағы сұлулық көріністерін сүюге, оларды бағалай білуге, көркемдік элементтерін тұрмысқа енгізу және өмір мен өнердегі жағымсыздыққа қарсы күресуді үйретеді.
Эстетикалық тәрбие мәдени жетістіктер мен жеке шығармашылық негізде дамиды. Сұлулық көркемдеу, әуен туғызу, сурет салу, әдемілікті сезіну секілді даму және жетілу шыңы қалыптасады.
Тәрбиенің басты мақсаты - адам. Ш.А.Амонашвилидің адамгершілікке тәрбиелеу педагогикасында, балаға үмітпен, сенімді көзбен қарап, оны жағымды көре біліп, жақсы қасиеттерін көріп, соны үнемі арқау етіп, үлгі етудің тәлімді мәні зор [7;11б.]. Осы мақсатпен кейде Сенен болашақта жақсы адам шығады, Мен сенің ұлы адам болатыныңа сенемін - деген жылы сөздерді жиі-жиі пайдаланып отырсақ, әрбір оқушы бойында жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өмірге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.
Ғасырдан - ғасырға жалғанып келе жатқан халқымыздың озық тәжірибесі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятып, қалыптастырады. Осы эстетикалық тәрбие беруге де көп көңіл бөлу керек.
Театр өнері баланың жан-дүниесіне, мінез-кұлқына әсер етіп, рухани кемелденуіне ықпал жасайды. Себебі, сахнада бейнеленген өмір суреттері, қаһармандардың толғанып айтқан сөздері, күй, саз, мұқамдар әрбір көрермендердің жүрегін тебірентіп, терең сезім күйлеріне бөлейді, әрі жақсы арманға жетелейді.
Мұндағы мақсат - жас ұрпақты өнерге баулып, өз қабілеттерін ашып, келешекте өнердің негізін меңгерген, жан-жақты тәрбиелі, мәдениетті, өз халқының өнерін қадірлейтін жастарды жетілдіру. Республикамыз егеменді ел болып отырған қазіргі шақта мектеп оқушыларын елін, жерін, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, ән-жырларын қастерлейтін саналы да, отансүйгіш, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде музыка пәнінің алатын орны ерекше. Осыған байланысты музыка өнері отбасында да, мектепте дс, балабақшада да бала тәрбиесінің ең негізгі құралы. Күй, ән, өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел сияқты өнер түрлері халық педагогикасының қайнар көзі. Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе шәкірттің шығармашылық жұмысын, эстетикалық тәрбиесін дамытатын оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріп отыр. Осыған байланысты зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу әдістемелік құралдарға жасалған талдау қазіргі кезеңде бұл мәселенің әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, өзіндік іс-әрекетінің анықтамалық ғылыми негіздемесін жасауда, оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы курстық жұмысымыздың тақырыбын Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу болжамы:
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқыту үдерісінде эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі.
Курс жұмысының міндеттері:
1) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда педагогикалық еңбектерге талдау жүргізіп, теориялық жағынан негіздеу.
2) Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда эстетикалық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін қарастыру.
3) Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін қолдану.
Зерттеу әдісі: Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге, газет-журналдардағы озат тәжірибелерге талдау, сұрыптау жасау.
Курс жұмысыныңқұрылымы: Кіріспе, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі

1.1 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:
Эстетикалық қабылдау.
Эстетикалық сезім.
Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетиталық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалың мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты - түрде сіңіру болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
::Бейнелеу өңері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәр-биелеу.
Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбиеде халықауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін-қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орныерекше:
Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.
Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеуөнері.
Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
Жаратылыстану - оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мәнберілген. Музыка пәнінің-бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б. шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады [8; 202 - 207 б.].
Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді. Ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілілгін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын калыптастыру, сөйтіп табиғатпеи үндестікте ғұмыр кешу салтын қалау - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бала тәрбиесіне әрбір ұлт үлкен жауапкершілікпен қараған. Бұл жөнінде Н.К.Крупская балаға деген бауырмалдылық, жылы жүректілік шығыс халқына тән қасиет екенін айта келіп: Балаға деген сүйіспеншілікті өзге ұлттар қазақ халқынан үйренсін - деп өте орынды айтқан [9;8 б.].
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Бүгін алдымыздағы бала ертеңгі ұлтымыздың зор үмітін ақтар азамат. Сондықтан бала тәрбиесіне әрбір отбасы, қоғам жауапты. Бұл негізде орыс педагогы А.С.Макаренко былай деді: Біздің балаларымыз - еліміздің азаматы. Олар тарихты жасайды. Балалар дұрыс тәрбиеленіп өссе, біздің бақытымыз [10; 161-166 б.]. Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаты, өнердегі,еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу.
Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтық сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені мәлі [13;20 б.].
Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбиенің өзіне тән эмпириалзмдік тәржірибесін, өскелең ұрпақда музықалық тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтаған.
Бала миының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де баланың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктеліп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ірі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделді. К.Д.Ушинскийдің тілімен айтқанда оқу жүйесінс барлық сезім мүшелерін қатыстырып, оқушылардың қызығу белсенділігін арттыра берудің ерекше маңыз алатынын ескертеді. Ол сондай-ақ қазақ балаларының өзіндік кейбір ұлттық ерекшеліктерін көрсете келіп, осы жәйтті де оқу тәрбие ісінде мұғалімнің үнемі ескеріп отыруын қажет деп санады.
Эстетикалық тәрбиені нәтижеге бағыттау үшін тұлғаның іс-әркет түріне қарамастан, жоғарыда келтірілген формалардың барлығын тығыз байланыста және жан-жақты ықпал етуіне мүмкіндік туғызу [15;20 б.].
Тәрбие - терең мазмұндағы ұғым. Педагогикада баланың рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне білім беру арқылы белгілі бір дағдының қалыптасуына әсер етуші фактор ретінде қарастырылады. Тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты - сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдық пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбіне эстстикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі. Эстетикалық ұғымды, байымдайды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындагы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор.
Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені мәлім. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік-экономикалық тарихы және тұрмыс-салты қазақтардың материалдық-рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын калыптастырып, тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкеледі.
Халықтың ауызекі шығармашылығының түрлі жанрлары да, ұлттық ойындар да, халықтың қолданбалы өнері де соның жарқын айғағы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені мәлім. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік-экономикалық тарихы және тұрмыс-салты қазақтардың материалдық-рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын калыптастырып, тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкеледі.
Қазақтың халықтық педагогикасында болмысқа эстетикалық көзкарасты, эстетикалық талғамдарды қалыптастыру, балаларды бай әдеби және музыкалық мәдениетке тарту құралдары сан алуан. Халықтың ауыз екі шығармашылығының түрлі жанрлары да, ұлттық ойындар да, халықтың қолданбалы. өнері де соның жарқын айғағы болып табылады.
Қорытындылай келе баланың бройына эстетикалық тәрбие беруде муыка пәнінің ерекшелігін, қоғамдық өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өсуіне, жалпы және музыкалық берер эстетикалық тәрбиенің үлесі мол. Ал эстетикалық-рухани тәрбие оқушылардың музыкалық мәдениетінің негізі.

1.2.Бастауыш оқушыларына арналған музыка пәніндегі сұлулыққа қатысты шығармалардың мәндік сипаты

Бастауыш мектепте оқыту барысында шешімін күтіп тұрған басты мәселелердің бірі оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы адамгершілік, мейірбандық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял-сезімін шарықтату.
Алайда қазақтың педагогикасындағы эстетика жөніндегі тәрбие күні бүгінге дейін төменгі сыныпқа арналған арнайы педагогикалық зерттеу нысаны болған емес. Оның үстіне мектеп практикасын талдауда эстетикалық тәрбиені халықтық дәстүрлер құралдарымен жүргізудің қажеттігін айғақтай түседі. Осы арада мынадай субъективті фактордың да бар екенін айта кеткен орынды. Көптеген педагогтар мектеп оқушыларныа эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлерінің сарқылмас мүмкіндіктерін жете бағалай бермейді. Мұның бөрін тұтас алғанда оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге халықтық педагогика құралдарын пайдалану жөніндегі теориялық ұсыныстардың жоқтығымен түсіндіруге болады.
Ұлттық педагогикамызда балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге арналған әндер де, үлкендердің іс-әрекетін бейнелеп көрсететін және балаларды болашақ еңбекке даярлайтын ойындар да көптеп саналады.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететін мәлім.
Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер - айналадағы қоршаған ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы өнердің әлеуметтік - тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құындылығымен ғана бағаланбайды,
сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениеттен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.
Бұған мысал ретінде 1-сынып оқушыларына бейнелеу, еңбек сабақтарында қошқар мүйіз, түйетабан сияқты ою-өрнектермен жұмыс жасағанда музыка пәніндегі әндер арқылы жан-жануарлармен таныстырып жан-жақты таныстыруға болады. Бұл жерде әннің алар орны ерекше. Сол әуендерді тыңдап, айта отырып қоршаған ортаға, жан-жануарларға деген сүйіспеншілік, аяушылық сезімдерін ояту құрғақ сөзге қарағанда анағұрлым тиімді нәтижесін береді.
Бейнелеу және сәндік - қолданбалы өнерлерінің түрлері мен ерекшеліктерін, тарихи құндылығын, оқушылардың рухани дамуына әсерлі ықпал ететін принциптердің бірін көруге болады.
Мектеп мұғалімдері мен мектептен тыс мекеме қызметкерлері жас буындарды табиғат қорғау әдебі мен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу шараларынлда, ең алдымен, табиғаттан бастау алатын ұлттық тәрбие көзі - халықтық педагогикаға арқа сүйегең абзал. Тәрбие көзі - халықтық педагогикаға арқа сүйегені абзал. Табиғат қорғау дүниетанымына үйрететін тәрбие түрлеріне, іліміне қазақ халқы -ежелден бай халық. Халқымыздың қалыптастырған табиғатты қорғау дәстүрі, табиғатқа сыйыну мен сену ырымдары мен табиғаттың жеке жаратылысына қатысты шығарған әрі қолданып келген әдет-ғұрыптары сан тарау. Біздің қазақ халқы мұндай рухани мұраларды негізінде өсиет-нақыл, мақал-мәтел түрінде қалдырған. Ал мақал-мәтелдер, өсиет-нақылдар халқымыздың бастан кешірген оқиғаларды бейнелеген шежіресі ғана емес, әлеуметтік ой-санасы, аңсар арман-тілегі, дүниетанымы мен-оған деген табиғи көзқарасы. Мақал-мәтелдер -уақыт сынынан өткен, өшпес қоғамдық өркениетті ұстаным нормаларын анықтап беретін өлшеуіштері. Мәселен, қазақ халқының байырғы ата кәсібі - мал бағып өсіруі, одан өнім өңдеуі, сақтауы әсте түрпайы әдіске емес, керісінше табиғат пен сана иелері арасындағы қарым-қатынас жүйесінің орнықты реттілік заңына негізделгенін көзбен көріп, кітаптан оқымай-ақ халықтың дана сөздері, сөз көркі мақал-мәтелдерден оңай аңғаруға болады. "Мал жайсаң өрісін тап", "Жерің отты болса, малың сүтті болады", т.б. өсиет нақылдары табиғаттың адамға қызмет ететінін көрсетеді. Демек оны жәбірлеуге болмайтындығын ескертіп, табиғат анаға залал келтіруден сақтандырады, әрі оның мінезінің ыңғайымен өмір сүруін насихаттайды.
Қазақ халқы табиғатты қорғау үшін жөн-жорық ырымдар жасау арқылы жастарды сергектікке баулып, қатерден сақтандырып отырған. Табиғатты ардақтауға байланысты қалыптасқан үғымдарға қайшы келетін іс-әрекеттер қатты айып саналған. Соның арқасында халық табиғатты жүдетуге жол бермейтін тиым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтере білген.
Қазіргі кезде эстети калық көзқарастарды тәрбиелеу -тәрбие барысының зейін салуды, күн сайын санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің коғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түріңдегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуын, білім алуы, қалыптасу құрамына айналдырады .
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелеріміздің бірі - балалардың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика(еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай жағдай эстетикасы) адамдарды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет [18;138-146 б.].
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болып келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармаларды іс-әрекеттің оқиға жемісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Балалардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік, әсемдік элементтерін енгізе алады.
Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйіремелер - олар әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т.б.
Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесі окушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті окушылар қабылданады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, эстетикалық өнер құралдарымен (музыкада-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай жасайды.
Музыканың әсер етушілік қабілеті музыкалық шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.
1 . Музыкалық шығарманың жазылу сапасы - оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен елшенсді.
2. Әлеуметтік жағдай - оқушының қоршаған ортадағы музыкамен қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай, мүмкіндік. Қазіргі жедел, күрт даму кезеңінде оқушылардың музыкалық талғамы меи ой өрісі әлдеқайда жоғары. Қазіргі оқушылардың музыкалық тәрбиесіне тек қана мектеп емес, қоршаған орта (теледидар, радио, театр т.б.) айрықша ықпал етуде. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқының, көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайлымдардың күйін анықтау, ауа-райының өзгеруін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын дәл табу т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста еңбекте бекітуге тырысты. Оны халқымыз үй жиһаздар жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық үйелмендік тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлендер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, шаңқобыз, үскірік, дабыл, жетіген, т.б.)- Бұлардың кез-келгенін ана тілі, дүниетану пәндерінде тарихпен байланыстыра отырып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалануға болады. Сонымен қатар, бос уақытта пайдаланып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етеді.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды. Ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, оқушының әрбір іс-әрекетіне, қимылына эстетикалық сипат береді. Мысалы, ана тілі сабағында туған жер, ел туралы шығарма өтіліп жатқанда, арасында байланыстырып тұрған жер туралы ән тыңдалса немесе өздеріне айтқызса, өтіліп жатқан шығарма оқушыларға өзгеше әсер ететіні, анық. Себебі, музыканы, әнді әрбір адам жан-дүниесімен тыңдайды.
Тындау, түсіну арқылы балалар эстетикалық ләззат алып, әсемдікті бағалауға үйренеді.
Мектептегі этетикалық тәрбие жөніндегі жұмыс тәрбие процесінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Ұйымдастыру формалары сан алуан және оның нәтижелері іс-әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыс мыналарды қарастырады:.
- тұрмыста, еңбек, ойын процесінде қоғамдық және табиғи кұбылыстармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді.
- өнер құралдары мен эстетикалық тәрбие беру (көркем тәрбие, шығармашылық қабілеттерді дамыту).
Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығаруда, адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер құу мақсатында шықпай, табиғилық, жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәрбиесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырып, бейтаныс әуен теңізі ішінен бір халық әнінің тақырыбы естіле қалса, біраз уақыттан бері көрмеген бір досыңның төбесі көрінгендей сезім пайда болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын-ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де осы қасиетінде, сол әндерінің де халық өмірінің сәулесі болуында.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды зерттеу, іс-әрекеттерін бақылау олардың мектепке дейінгі жастағы балалардағы сияқты әсемдік пен өнегелік жөніндегі түсініктерінің араласып жататынын көрсетеді.
Баланың әсемдікке көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиетгері бар әр түрлі өміршең қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асатын жайдың барысы болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың әсемдікке көзқарасы тез, үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық пайдалы және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әcемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу -- дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу -- адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды.
Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу -- дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу -- адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді. Ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезендерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасы мен эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, сөйтіп табиғатпен үндестікте ғұмыр кешу салтын қалау - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бала тәрбиесіне әрбір ұлт үлкен жауапкершілікпен қараған. Бұл жөнінде Н.К.Крупская балаға деген бауырмалдылық, жылы жүректілік шығыс халқына тән қасиет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Пәндер