Графика бейнелеу өнерінің жанры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"Өнер және спорт" институты
"Дизайн" кафедрасы

Омар Айым Сағынтайқызы

"Қазақ салт-дәстүріндегі әйел бейнелері"

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

"6B0414" - Графика" мамандығы

Алматы, 2022 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"Өнер және спорт" институты
"Дизайн" кафедрасы
"Қорғауға жіберілді"
"___"__________2022 жыл.
Кафедра меңгерушісі:
_______________rnjjnkjnjп

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: "Қазақ салт-дәстүріндегі әйел бейнелері"

"6B0414" - Графика" мамандығы
Орындаған: 5 курс студенті Омар А.С

Ғылыми жетекші: аға оқытушы: Абдрахманов М.

Рецензент:
Алматы, 2022 жы
Дипломдық жұмыс кеңес беру
рс
Бөлім атауы
Кеңес беруші аты-жөні
Қолы
1
Теориялық бөлім

2
Әдістемелік бөлім

3
Тәжірбиелік бөлім

4
Экономикалық бөлім

Тапсырма берілген мерзім:

Кафедра меңгерушісі: ________________________________

Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі: ________________________

Орындаған студент: ________________________

Университет бұйрығымен бекіткен мерзімі: ________________

Мерзімі: ____________________

Аннотация
Дипломдық жоба тақырыбы: Қазақ салт-дәстүріндегі әйел бейнелері

Кілтті сөздер: Акварель, композиция, салт-дәстүр, әшекей бұымдар,
Кіріспеде дипломдық жобаның мақаты, міндеті, не себепті ол тақырып тандалуы жане қазақи салт-дәстүрдегі әйел образының маңыздылығы қарастырылады.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ. АКВАРЕЛЬ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТҮСТЕРІ
1.1. Графика бейнелеу өнерінің жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
1.2. Графикалық акварель техникасы туралы түсінік. ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Аралас техникадағы акварель мен линердын ерекшеліктері ... ... ...
II.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
2.1. Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Қазақ қоғамындағы әйелдің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Композициядағы түстік шешім мен колорит үндестігі ... ... ... ... ... ..

ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
3.1. Сурет өнерінің қазіргі кездегі пайдасы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Шығын кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

КӨРНЕКІЛІК СУРЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .




КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім (үш бөлімшеден), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және көрнекі құралдардан (ізденіс фотолары мен жұмыс барысындағы этаптар) тұрады.
Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, көкейтестігі, мақсаты мен жаңалығы қарастырылады.
Бірінші бөлімде жалпы акварел туралы түсінік оның шығу тарихы және техникалары туралы айтылыды.
Екінші бөлімде қазақ салт-дәстүріндегі әйел образының маңызын, сондай-ақ композициядағы түстік шешім мен жұмыстың техникалық ерекшеліктері туралы сөз болады.
Қорытынды бөлімде, алдағы негізгі бөлімде айтылған дипломдық жұмысының тақырыбы мен орындалу техникасына байланысты ұсыныстар мен жаңашылдықты көздеу мақсаты арқылы қорытындыланады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бейнелеу өнерінің әр саласында, немесе кандай жанрда болсын әйел бейнесі әрқашан ерекше орын алатынын білеміз. Суретшілердің шығармашылығында жиі кездесетін образдардың бірі ол - әйел бейнесі. Жалпы бейнелеу өнеріндегі әйел бейнесі сонау палеолит дәуірінен бастап қалыптасып келеді. Алғашқы қауымдық өнерді зерттеу барысында ғалымдар тек сол кезеңге ғана тән әйел бейнесін тапқан. Ол мүсіншелер, яғни Венералар - деп аталды. Олардың көлемдері кішкентай және бет- әлпеттері бейнеленбеген күйінде болды. Венералардын дене пішіндері қазіргі таңдағы біз білетін сұлулықтан алшақ болса да, сол замандағы адамдар үшін бұл нағыз сымбаттылық болып есептелген. Әлемдік суретшілердің шығармашылығын әйел бейнесінсіз елестету мүмкін емес. Мысалы: Сандро Боттичелли Венераның туылуы (1482-1483 ж.ж.), Эдгар Дега Бишілер (19 ғасыр), Эдуард Моне Олимпия (1863 ж.), Ван Гог Арлезианка (1888 ж.), Рембрандт Саскидің портреті (1633 ж.), Леонардо да Винчи Джаконда (1503 ж.) және т.б. әйгілі суретшілердің нәзіктікке толы туындыларын атап өтуге болады. Ал, қазақ бейнелеу өнерінің қаламгерлері нағыз қазақ әйелі бейнесі ретінде: Әбілхан Қастеевтің Қарындасымның портреті, Қанапия Телжановтың Жамал, Үкі Әжиевтің Қазақ мадоннасы сынды туындыларын келтіруге болады болады. Суретшілердің шығармашылық туындыларында тіршілік болмысты түйсіне лирикалық сезім мен ұлттық менталитет, ондағы философиялық ұғымды таныту мәселесін мақсатталғанын көреміз. Жалпы әйел тақырыбында бейнелемеген, жырламаған, әндетпеген жан жоқ шығар. Негізінде Әйел - көп мағыналы терең ұғым. Бұл тақырып қай жанрда болсын қиын шешім. Тақырыптық бейнені мағыналы ашу көрегендікті, сезімталдықты талап етеді.
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі: Мыңдаған жылдар, жүздеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпақтан жалғасқан ата-дәстүр, үлгі-өнеге, көркем өнерді көздерінің қарашығындай сақтап, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, дамытып, өркендету - өнегелі іс. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашанда адам қиялынан туындайды. Мазмұнын тереңдете заман ағымына сай тәрбиелік мәнін сақтау және ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәжірибе белгілерін көрсету зор тағылым.
Адамның рухани өмірінің негізгі саласының бірі өнер болып табылады. Бейнелеу өнерін түсіну әркімге қолжетімді, бірақ әсіресе ол өзі жасағанға ашылады: адам жаңадан қоршаған ортаны қабылдай бастайды.
Заман талабына сай графика өнерін жетілдіріп, шығармашыл қазына ретінде пайдалану, бәсекеге қабілетті график-суретші, өнерді жаңаша дамытатын мамандар даярлау көкейкесті мәселелердің бірі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Таңдалған дипломдық жұмыстың тақырыбына сай әйел образының композициясы және оның бейнелену мүмкіндіктерін өнер шеберлерінің туындыларынан сабақ ала отырып сараптама жасау. Қазақ халқының салт-дәстүрімен мен тыныс-тіршілігін суретке түсіру, этюдке шығу арқылы бақылау. Сериалы картина жасаудағы алғашқы триптих жұмысына бағытталған ортақ тақырып таңдау және үйлесімділік іздеу.
Аралас техникадағы акварель мен линердын көмегімен әйел бейнесін қарапайым этаптар арқылы көрсету. Техникадағы түстік ережелерін сақтай отырып, әйел мен қыз бейнесін, ұлттық әшекей бұйымдар, басқа да қосымша атрибуттардың ырғақтылығын, композиция ерекшелігін, жарық пен көлеңкені ажырату арқылы сапалы жұмыс шығару.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Графика - бейнелеу өнерінің жанры
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Өнер түрлерінің бірі, ішкі жан дүниенің көрінісін бейнелейтін сурет өнері де - адам бойындағы құндылық. Ол - табиғат пен оны сүюді, әділдік пен қатыгездікті, жауапкершілік пен жаңашылықпен қарауды үйретеді.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, сән және қолданбалы өнер сияқты ұлттық дүниетанымға негізделген салаларды қамтитын көркем өнер.
Бейнелеу өнерінде затты көзбен көре түйсініп, оны бейнелейтін өнердің бір саласы. Бейнелеу өнерімен айналысқан адам тек суретшіліктің практикалық дағдыларын меңгеріп, өзінің шығармашылық ой-қиялдарын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар оның ой өрісі кеңейіп, эстетикалық талғамы да дами түседі. Сөйтіп, үйреншікті көзге таныс нәрселерден сұлулықты көре білу мен таба білу қабілетіне ие болады. Жас суретшінің қиялы толысып, суреткерлік көзбен талдап-зерделеуге, көрген-білгенін жинақтауға үйреніп, зердесі күшейеді.
Суретті еркін орындау, айқын бейне көрінісін шығару - реалистік шығармашылықтың негізгі міндеті. Қай заманда да бейнелеу өнерінің шеберлері суретті жоғары бағалап оған ерекше мән берген. Орыс суретшісі П.П.Чистяков: Сурет сала алмайтын адам картина да жаза алмайты деп есептесе, қайта өркендеу дәуірі өнерінің хас шебері Микеланджело: Сурет - бейнелеу өнерінің барлық түрінің қайнар бастауы мен жан-жүрегі деп есептеген. Суретшінің табиғи жаратылыс дарыны мен оған жоғарғы деңгейдегі кәсіптігі күллі пластикалық өнердің бастауы.
Суретші бейнелеу өнерінің кез-келген саласында суретте адамдардың сезім дүниесі, көңіл-күйі айқын бейнелеп көрсете алады. Мысалы: сурет салушы табиғатты бейнелесе, оның шығармасынан табиғат құбылысының сан алуан бояулары, реңктік өңдерін, ырғақтарын көріп, сезіне аламыз.
Бейнелеу өнерінде қағаз бетіндегі бейне қосалқы қызмет атқарады деп есептеу негізсіз. Суретшінің туындыға жұмсаған ұзақ уақыты - сол суреттен еңбек сіңіретін арнайы көркем шығармасы болады. Кейбір суретшілер станокты көркем сурет салуды шығармашылық әдетіне айналдырған. Сондай-ақ бейнелеу өнерінің әрбір саласы суретшінің ішкі жан-дүниесінің қалауы, бейнесі.
Бейнелеу өнерінің салаларының бірі - графика. Графика сөзін грек тілінен (graphein) аударғанда жазамын, сызамын, сурет саламын деген мағына береді. Бұл саланың ерекшелігі графит (қарындаш), акварель, тушь, қаламұш, көмір, соус, сангина, пастель, қылқалам сияқты графикалық материалдармен салынған суреттер, гравюралар, кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, шарж, түрлі көшедегі плакаттар секілді жұмыстар жатады. Сонымен қатар бұл сала каллиграфиямен де тығыз байланысты. Графика негізі - түрлі сызықтар, штрихтар, ақ-қара дақтардың арақатынасы, кейбір түрлерінде түстердің қолданылуы болып табылады.
Графика өнерінің тарихы сонау ғасырларда Батыс Еуропа елдерінен бастау алып, әлемдік өнерден орын алған Леонардо да Винчи, Рембрандт, В.Перов, К.Брюллов, И.Репин секілді суретшілердің туындылары дүниежүзілік бейнелеу өнерін байытты. Қазақстандағы жартастарға салынған суреттер Балқаш, Маңғыстау сияқты жерлерден табылған. Елімізде графика өнерінің бастау алуы ежелгі палеолит дәуірінен екенін осынан аңғаруымызға болады. Қазіргі таңда қазақ бейнелеу өнеріндегі графика саласы 1930-50 жылдары аралығында қалыптасқан. Еліміздің графика өнеріне үлесін қосып, дамытқан Е. Сидоркин, Б. Пак, В. Поликарпов, M.Kucамединов, С. Калмыков, С.Айтбаев, Ж.Нурлыбаев, Ә.Өтеген-Тана, М.Жақсығарина, Т.Ордабеков, М.Канленов, И.Исабаев, В.Гурьев, Ә.Рахманов, Б. Табылдиев, В.Тимофеев, секілді графикалық туындылардың авторларын атауға болады.


1.2. Графикалық акварель техникасы туралы түсінік

Жалпы сурет сала алу міндетіне тек реалистік сурет ережелерін білу мен меңгеру ғана емес, сонымен бірге техникалық көркем шеберлікті ұштау да жатады. П.П.Чистяков өз ойын былай деп жазады: Өнер бір ғана ғылым емес, өнер ғылымды пайдаланады, өнер заңдары болуға тиіс және білімді іске асыру керек, сондықтан ол өнер - шеберлік.
Бейнелеу сауатының негізін білу - суретшіге дұрыс кенеп кере білу мен табиғат формаларының құрылыс заңдылықтарын түсінуді және көргенді деп басып бейнелеу мүмкіндігін береді. Ал графикалық суретші болу үшін ол жеткіліксіз. Графикші натураны салудың негізгі ережелерін жақсы түсініп есте сақтауы мүмкін, бірақ сол алған білімді іс жүзінде пайдалана алмауы да ғажап емес. Суретші білімнен басқа шеберлікті де меңгере білуі қажет. Осы мақсатты іске асырудың шешуші бір кезеңі көркем шеберлік техникасын жан-жақты мұқият меңгеру. Көркем жазуды еркін әрі мәнерлі, әрі шапшаң жазатын адам сияқты графикші де техникалық дағдыны жетілдіруі керек.
Сол сияқты бейнелеу өнерінде бояу, түс негізгі рөл атқарса, графикада штрих, ақ-қара дақ, сызықтар және олардың арақатынасы, кейде қажетінше акварель, гуашь, пастель сияқты түсті материалдарды қолдану да ерекше рөл атқарады. Соған байланысты графика жанрын бірнеше мағынада қарастыруға болады:
Біріншіден, графикалық материалдардың көмегімен қағаз бетіне түсірілген сурет, жазу таңбаларының (каллиграфия) жиынтығы, оның жүйесі мен тілдік фонетикалық жүйесінің арақатынасын, байланысын білдіреді.
Екіншіден, тырнау, жазу, грифель (гравюрада қолданылатын) құралының көмегімен жасалатын өнер түрі.
Графиканың кескіндемеден ерекшелігі оны барлық жерден кездестіре аламыз. Кітап иллюстрациясы, газет суреттемелері, карикатура, тауар орауыштарының безендірулері, плакаттар - графика техникасында орындалады. Ерекшелігі сол түстерді жеңілдете беріп, ең негізгісін анықтап алынады. Ал ортақ нәрсесі екеуінде де бейне жазықтық үстінде орындалып, перспектива, анатомия, сурет сала білу негізгі рөл атқарады.
Графика өнерінің тілін жоғары деңгейде меңгеру суретшінің бүтіндей шығармашылыққа берілуіне, мақсаттар мен көркем ойларды жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Ал, керісінше графика техникасын әлсіз меңгерген суретші өз ойын толық көрсетіп бере алмайды, ол жұмыс барысында шырмаланып қала береді.
Графикалық жұмыс суреттен бастау алады. Яғни, баспа техникасында жасалған жұмыстардан бөлек қолмен салынған нобайлар, нұсқаларды жұмыстың алғашқы қадамына жатқызылады.
Нобай - графиканың ең сараң сызықтық суреті. Алайда оның да заңы бар. Мысалы, суретші адам характерін, қимылын бере алуы және көзбен дәл өлшеп, сенімді түрде сызықтарды қолдануы, әрбір сызықтың ауытқулары көлеңке-жарық ретінде көрсетуі асқан шеберлік. Ал заттың пішінін, жарық-көлеңкесін, фактурасын нақты беру мақсатында штрихтар қолданып, жәй ғана нобай салу суретшінің графикаға жол ашуы.
Графика техникасындағы туындылардың түрлерін бірнеше топқа бөліп қарастырамыз:
Плакат;
Сатира;
Гравюра (станокты);
Компьютерлік графика;
Кітап графикасы;
Акварельдік графика Скечинг.
Плакат - неміс тілінен аударғанда хабарландыру, жарнама деген мағына беретін графика өнерінің бір саласы. Ол қысқа, мағыналы үгіт, насихат жолдайтын, тұжырымды ой жазылатын, көрнекі түрлі-түспен бейнеленетін өнер шығармасы. Бұндай ақпарат саласында графикалық безендіруге пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар да мысал бола алады.
Сатира - оқиғаны немесе кейіпкерді сынға ала отырып, көркем бейнелеу тәсілі. Оның жанрлары: шарж, карикатура, мысал, пародия, анекдот және т.б.
Гравюра - графикада көркемдік мүмкіндіктерді көрерменде қызықтыра, күрделі ете беріп, түрлі әдістердің көмегімен өте бай әріп тартымды етіп және оны ойдағыдай шығару саласы болып табылады. Гравюра сөзі француздың graver сөзінен қию, тырнау, бедерлеу деген мағына беретін, өзіндік ерекшелігі бар, бетінде сурет ойылып салынған тақтаны және одан басылып алынған суретті айтамыз. Гравюраның барлық түрлерінің басқа салалардан айырмашылығы оларды бірнеше данаға көбейтіп алуға болатындығында. Гравюра ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түсті гравюра 2 немесе одан да көп тақталардан басылады.
Гравюралық басылымдарды жасау барысында қолданатын материал, тақталары және жұмыс істеу әдісіне қарай негізі түрлері: офорт - металл бетіне, ксилография - ағаш бетіне, литография - тас бетіне, линогравюра - линолеум бетіне жасалған гравюралар.
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді, яғни сызба, сурет, мультипликация сияқты компьютер көмегімен орындалатын графика түрі. Заман талабына сай жылдан жылға программалар көмегімен көптеген жаңа графикалық жұмыстар жасауға мүмкіндіктер көбеюде. Суреттеу графикасы (экранда ерікті түрде сурет, сызба салу), жарнамалық графика (ролик, видеоәдіс, презентация, мультфильм, компьютерлік ойындар), компьютерлік анимация (экранда қозғала алатын кескін, сурет, сызба жасау), мультимедиа (жоғары сапалы кескінге музыка немесе дыбыс қосып біріктіру) сияқты қазіргі компьютерлік графиканың бірнеше салалары дамуда.
Кітап графикасы - графиканың маңызды салаларының бірі. Оның ішкі және сыртқы безендірулері, суретшінің иллюстрацияларының барлығы осы саланың тұтас өнер туындысы. Кітап құрылымындағы элементтерін (кітап бумасы, мұқаба, супер мұқаба, кант, форзац, каптал, титул, фронтиспис, авантитул, колонцифр, заставка) үйлестіру, мәтіндік материалдарды толықтырып, кітап макетін жасау графика саласының мүмкіндіктері. Кітап графикасы елімізде алғаш 1920-30 жылдары қалыптаса бастады. К.Қожыцов (Абай өлеңдері), С.Романов (Қырық өтірік), К.Я.Баранов (Қазақтың халық эпосы) сияқты есімдермен кітап графика саласы тығыз байланысты.
Баспалар, жарнама, плакат шығаруға да гравюра жұмыстарының көмегімен орындауға болады. Оны бір тақтадан көп мөлшерде басып алуға мүмкіндік болғандықтан жиі қолданады және оның бірнеше рет басып шығаратын түрін "эстамп" деп атайды. Ал ең алғашқы графикалық түпнұсқаны шығармашылық туынды деп аламыз. Эстамптың типография, полиграфиядан айырмашылығы авторлық туындының түпнұсқасынан бірнеше көшірмелерін басып ала алады.
Акварельдік графика - қандай да бір себептермен Акварель әрдайым графикалық өнерге берік болды, дегенмен ол кескіндеменің барлық белгілерін көрсетеді. Соңғы анықтамаға сәйкес Акварель техникасы бір уақытта кескіндеме ретінде де графика ретінде де танылады.
Акварельдің тарихы іс жүзінде өте берік. Егер сіз акварельдің суда еритін (бастапқыда табиғи) пигменттерді қолданатын бейнелеу өнері техникасы ретінде нақты анықтамасын ұстанатын болсаңыз, онда оның тарихы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Бейнелеу өнерінің теориясы
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар
Сурет салу кезеңдері
Сақтардың бейнелеу өнері
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Пәндер