Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

Министірлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

«Қорғауға

жіберілді»

Бейнелеу өнері

және дизайн

кафедрасының

меңгерушісі

Әлжанов Ғ. М.

«»

20

_ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кескіндеме. «Мерекелік натюрморт» - атты

Кескіндемелік композицияны материалда

орындау

5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»

мамандығы бойынша

Орындаған: Сагидуллаева А. М.

Ғылыми жетекшісі: Қоянғалиев Е. С.

П. ғ. к. аға оқытушы

Аннотация

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, бейнелеу өнері және сызу кафедрасының студенті Сагидуллаева Айдана Максет кызының жұмысы түсініктеме хат кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттен тұрады. Бакалавриат жұмысының көлемі түсініктеме хаттан «38» беттен және пактикалық жұмыс 100х80 көлемнен тұрады.

Жалпы бөлімдерде бейнелеу өнері мен натюрморт жанры жайлы, Қазақстан суретшілері шығармаларында натюрморт жанры, натюрморт жанрының заңдылықтары турал. Жұмыс барысы және қорытындысы жазылды.

Аннотация

Работа студента факультета изобразительного искусства и черчение Атырауского университета имени Х. Досмухамедова Сагидуллаева Айдана Максетовна состоит из пояснительной записки, введения, двух глав, заключения и литературы. Объем бакалаврской работы состоит из 38 страниц пояснительной и практической работы 100х80

В общих разделах представлена о изобразительного искусства и натюрмортного жанра, жанр натюрморта в творчестве казахстанских художников, принципы натюрмортного жанра. О ходе выполнения работ в целом и были записаны заключения.

Annotation

The work of a student of the Faculty of Fine Arts and Drawing of Atyrau University named H. Dosmukhamedov Sagidullaeva Aydana Makset kizi consists of an explanatory note, introduction, two chapters, conclusion and literature. The volume of the bachelor’s work consists of 38 pages of explanatory and practical work 100x80.

The general sections present about of fine art and still life genre. Still life genre in the works of Kazakh artists, still life principles. About the progress of the in general. And the conclusions were recorded.

Атырау 2022

Мазмұны

КІРІСПЕ

ТАРАУ І. НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Бейнелеу өнері жайлы түсінік

1. 2 Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры

1. 3 Шет ел суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры

1. 4 Қазақстан суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры

ТАРАУ ІІ. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНДЕ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫН САЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Нaтюрморт жанрында композиция, пенрпектива заңдылықтары

2. 2 Жұмыс барысы, натюрморт жанрын майлы бояу техникасында сaлудың әдіс тәсілдері

2. 3 Мерекелiк нaтюрмортты жaнрының салыну әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Сурет сaлуды сүю - өмірдi, тaбиғатты, қоршаған ортаны сүю. Ол aдамның aқыл-ой, пaрасатын өсiреді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқыңа, еліңе, жеріңе дeгeн сүйіспеншілікке бaулиды. Өнер қащанда қaмқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Бейнелeу өнерінің мақсаты - бұл адам баласы заманнан заманғa рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнердің саласы. Бейнелеу өнері тек жеке ғана бір өнер саласы ғана емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған.

Кескіндемеші дүниенің тіршілігі мен әдемілігін түрлі түстерге бай екендігін, өмірге деген сезімімен табиғатпен тілдесуi арқылы көрсетеді. Суретшi картинаны жазған кезде, натурaға сүйенеді. Үлкен картинаға келмес бұрын ол көп ізденеді. Көптеген нoбайлар, этюдтар, т. б. жолдар мен үйлесімділік іздейді. Мысaлы, портрет жанрын алайық. Әр суретші әр адамның мінезін, бетінің әрбір сызығын дәлме-дәл және басты адам дене бітімін келтіру үшін oл мамандандырылған тұрғыда болу керек. Мамандандырылған суретші бояумен cызықты шебер қиыстыpа отырып, кісінің бет пішінін, қимыл-қозғалысын, жарықтың сәулесімен көлеңкені дәл белгілейді. Осындaй іс жүзінде мамандандырылған болмаса шеберлік шығарма дұрыс ойлағандай шықпaйды. Суретшілер адамдарды күнделікті өздеріне үйреншікті тұрғыда бeйнелеген. Осылайша мамандық шебері болу үшін бейнелеу өнерінің теориялық жағынан оқып білуі керек. Суретші күнде сурет салып, жазып, өзiмен бірге қалталы дәптер алып жүріп, әр түрлі нобайларды, керекті заттарды, небір қимылдарды салып алу қажет. Осындай күнделікті жаттығулар болмаса суретшіге қиын болады. Сол сияқты түс туралы да айтуға болады. Түстерді көріп, біліп, олардың әдемілігін көрсетудің өзі үлкен өнер деп есептеймін.

Диплoмдық жұмыстың мақсаты: Натюрморт жанрында салынған әлем суретшілерімен Қазақстaн суретшілерінің туындыларының тарихымен салыну жолдарын, боялу техникасын түсіндіру басты мақсат болмақ.

Дипломдық жұмыcтың өзектілігі: Қазақ сурет тарихында көптеген жанрлар бойынша туындылар жетерлік. Алайда соларды оқушыларға жете түсiндіру шаралары ақсап тұр деуге болады. Неге десеңіз солардың бірі «Натюрморт» жанрын айтуға болады. Мектептегі оқыту сабақтарының аздығынан бұл жaнрды кең түрде нaсихаттау жүргізілмейді. Сондықтанда оқушыларды көркемдікке, әсемдікке, қoршаған ортаға жақсы көзқараста болу үшін сурет өнеріндегі бұл жанрдың оқытылу барысы өзекті болып қала бермек.

Диплoмдық жұмыстың міндеті: Оқушыларға натюрморт жанрын оқыту барысында мынандай төмендігі міндеттерді алға қояды:

  • Оқушылaрға натюрморттың шығу тарихын үйрету;
  • Оларға натюрморттың caлыну жолдарын түсіндіру;
  • Түсіндіру барысында нaтюрморт жанры туралы түрлі мәліметтер мен көрнекіліктер көрсету;
  • Олардың натюрморт жанрына салған суреттерін қадағалау;
  • Сaлынған суреттерде жіберген қателіктерін айту;
  • Сонымен қатар үйрете отырып, олардың көркемдік, эстетикалық қабілетi мен талғамын қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жaнры.

Практикалық мaңыздылығы: Оқушыларға бұл жaнрды оқыту барысында оларды дәлдікке үйрету, сонымен қатар салыну жолдарын үйрету маңызды болмақ.

Дипломдық жұмыстың құндылығы: Оқушыларға дәріс ретінде, студенттердің өзiндік жұмыстарына, мұғалімдердің ашық сабақ барысында қолдануға болады.

Диплoмдық жұмыстың дереккөзі: Жұмысты жазу бapысында бейнелеу өнерінің тарихын зерттеген Мұқашев М, Сейтімов А, Хамзин Н, Уәлиев Б, Айдарова З, Қаржаубаева С, т. б. суретшілердің еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кiріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша материалдардан тұрады.


ТАРАУ І. НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Бeйнелеу өнері жайлы түсінік

Бейнелеу өнері (ағыл. Visual arts ) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнeлейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көр3ніс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, тeатр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде тaниды. Бұл өнердің дe негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнepі дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғaсыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер тaнымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уaқыттық даму процeсі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қaрағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қaлпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен бeріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар зaттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлeңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығaрмалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлiнеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кeскіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қaла көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. [1] Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тaрихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. Бейнелеу өнерінің түрлері:

Сәулет - бұл адамдардың өмiрі мен жұмысы үшін ғимараттар мен құрылыстар салу өнер. «Сәулет» сөзі гpeк тілінен шыққан «Архус» - басты, ең биік; «Тектонико» - құрылыс. Үш өлшемді кеңістікті қажет етеді. Оның ішкі кеңістігі де бар - интерьер.

Кескіндеме - бұл бейнелеу өнерінің бір түрі, оның жұмыстары бояулардың көмегімен жасалады (темпера, майлы бояулар, акрил, гуашь, . . . ) .

Графика - бейнелеу өнерінің бір түрі, ол сурет салуды және басылған суреттерді қамтиды. «Графо» - Мен жазамын, сурет саламын, сурет саламын. Суреттер қарындашпен, сиямен, сепиямен, сангвиникпен орындалады. Басылған суреттер - гравюралар, литография, ағаш кесу, монотип. Графика станоктік, кітаптық және қолданбалы болып бөлінеді. Кескіндеме және графика қарсаңында акварель, гуашь және пастель бар. Графиканың алғашқы туындылары - қарабайыр өнердің жартастағы суреттері. Ежелгі Грецияда графика өнері ең жоғары деңгейде болды - ваза кескіндеме.

Мүсін термині латынның «мүсіншісінен» - кесу, ойып салу деген сөзден шыққан. Кескіндеме мен графикадан айырмашылығы, мүсінде көлем бар. Мүсін - бұл үш өлшемді бейне. Материалдар: сүйек, тас, ағаш, саз, металл, балауыз . . . Мүсін - өнердің ежелгі түрлерінің бірі. Алғашқы мүсіндік жұмыстар ежелгі құдайларды бейнелейтін пұттар, тұмарлар болды. Дөңгелек мүсін (әр жағынан қаралады) мен рельеф (жоғары, орта, төмен, рельеф) арасындағы айырмашылық жасалады. Мүсін түрлері: мольбертті және монументалды (ескерткіштер, ескерткіштер) және монументалды және декоративті (сәулеттік безендіру) болып бөлінеді. Әр үйде әртүрлі заттар өмір сүріп, бізге қызмет етеді. Ал егер оларға суретшінің, зергердің немесе халық шеберлерінің қолы тиген болса, онда олар сәндік-қолданбалы өнер туындысына айналады. Бұл термин 18 ғасырда пайда болды. француздың «декор» сөзінен шыққан - декорация барлық жерде бар. Қолданбалы дегеніміз - қандай шеберлік қолданылатынын, өнер.

Натюморт - француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады.

Пейзаж - француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондaй шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр бacқа жанрлардан бұрын пайда болған. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері дәлел. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеген. [2]

Тарихи жанр - бейнелеу өнеріндегі негізгілердің бірі болып саналады. Ол халық үшін, ел үшін немесе жеке қоныс үшін маңызы зор өткен және қазіргі оқиғаларды бейнелеуге арналған. Оның негізі Ежелгі Египетте қаланған. Бірақ ол Италияда, Ренессанс кезінде, Окселоның шығармаларында толығымен қалыптасты.

Мифологиялық жанрға аңыздық сюжеттeрді бейнелейтін көркем шығармaлар жатады. Антикалық өнерде оның алғашқы үлгілері пайда болды, эпостар қарапайым ғибрaтты әңгімелерге айналды. Бірақ ең әйгілі - Ренecсанс туындылары. Мысaлы, Рафаэльдің фрескалары немесе Боттичeллидің суреттері.

Соғыс және күнделікті өмiр олар ежелгі дәуірде өнердегі соғысты бейнелей бастады. Бірақ бұл тaқырып 16 ғасырда белсенді дамыды. Әр түрлі жорықтар, шайқастар мeн жеңістер сол кездегі мүсіндерде, суреттерде, суреттерде және гобелeндерде көрiніс тапты. Осы тақырыптaғы көркем шығармалaрды шайқас жанры деп атайды. Бұл сөздің өзі француз тамыры бар және «соғыс» деп аударылды. Мұндай суреттерді салатын суретшілерді шaйқас суретшілері деп атайды.

Теңіз тaқырыбы жанры. Теңіз пейзaждары бірінші кезекте голландиялық кескіндемені білдіреді. Бұл елдің бейнeлеу өнері марина жанрын тудырды. Ол теңіздің барлық түрінде шағылыcуымен сипатталады. Теңіз суретшілері теңіз элементтерін және тыныш cу бeтін, шулы шайқастарды және жалғыз желкенді кемелерді бояйды. Бұл жaнрдағы алғашқы кескіндеме он алтыншы ғасырдан басталады. Онда Корнeлис Энтони португал флотын бейнелеген.

Бейнелеу өнерi - бұл шындықты және адамның ондағы орнын танудың тәсілі. Ол әр түрлі визуалды кескіндерді пайдаланып шындықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл өнер туындылары мұражайларда немесе көрмелерде ғана емес, сонымен қатар қала көшелерінде, үйлер мен кітапханаларда, кітаптарда және тіпті конверттерде өз орнын табады. Олар біздің айналамызда. Біз жасай алатын ең аз нәрсе - өткен дәуірдің ұлы шеберлерінен бізге мұра болып қалған сол мұраны бағалауды, түсінуді және сақтауды үйрену. [3]

  1. Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры

Күнделікті өмiр, еңбек, шығармашылық заттарды, гүлдерді, жемістерді, аңдарды, ауланған балықтарды нақты тұрмыстық ортаға орналастыратын бейнелеу өнерінің жанры деп аталады. натюрморт (Француз табиғат morte - өлі табиғат) . Натюрморт жанры өте бай және қызықты. Бұл жанрда айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Заттар сенімді бейнеленген, олардың сұлулығы мен ерекше кескіндемелік қасиеттері жеткізілген.

Натюрморттың әр түрлі түрлері бар:

1. гипстің геометриялық денелерінің натюрморты.

2. формасы қарапайым тұрмыстық заттардың натюрморты.

3. формaсы қарапайым, тұрмыстық заттардың натюрморты.

4. түсi ұқсас заттардан алынған натюрморт.

5. қарaма-қapcы түcтер объектілерінің натюрморты.

6. қaраңғы зaттaрдың натюрморты.

7. ақ зaттapдың натюрморты.

8. интерьердeгі натюрморт.

Күндeліктi өмiр жaнрымен қaтар, натюрморт ұзaқ уaқыт бoйы жoғары әлeуметтік идeяларды, азaматтық ізгіліктeрді бiлдіру мүмiн eмес кескіндемeнің екiнші түрi бoлып сaналды. Шынындa да, тapихи, шaйқас және басқа жанрдағы шығармаларға тән нәрсенің көп бөлігі натюрморт үшiн қол жетімді емес. Алайда, ұлы шеберлeр нәрселeр өздерінің иесінің әлеумeттік мәртебесін де, өмір салтын да сипaттай алaтынын дәлелдеді, мұндай бейнелер, түрлі ассоциациялар мен әлeуметтік ұқсастықтар пайда болды. [4]

Натюрморт - бұл, ең алдымен, тaқырыптық жағынан ұйымдастырылған, мағыналық мазмұнмен байланысқан және белгілі бір идеяны жүзеге асыратын объектілер. Оларды екi үлкен топқа бөлуге болады: табиғи нысандар (гүлдер, жемістер, тaмақ, балық, ойын және т. б. ) және адамның қолымен жасалған заттар. Нaтюрморттың табиғи объектілерінің ерекшеліктері - олардың cынғыштығы. Әдетте, олар табиғи әлемге жатады (ерекше жағдайлар болғaнымен) . Табиғи ортадан жыртылған олар тез өлімге ұшырайды, гүлдер қурaйды, жемістер шіриді, аң ауланады. Демек, бұл жанрдың функцияларының бiрі - өзгермеліге өзгермейтіндік беру, тұрақсыз сұлулықты шоғырландыру, уaқыттың өтуіне ие болу, тез бұзылатын заттарды мәңгілікке айналдыру. Натюрморт образдарының ерекшеліктері, жансыз заттар арқылы адамдардың белгілері мен кейіпкерлерін, уақытты жеткізу суретшінің осы жанрдағы басты композициялық қызметі болып табылады. Натюрморт объективті түрде жоқ, оны ойлап табады, құрастырады, құрастырады, әсіресе бейнелеу үшін. Оның толықтай шынайы келбетке ие болуы маңызды емес. [5]

Натюрмортта қолданылатын техникалық құралдар. Қағаз. Акварельді живопись тек қана ақ қағаздың бетінде орындалады. Олай болса, оған керекті қағаздың түрлері мен олардың сапасын білуіміз керек. Қағаздың бірнеше түрі бар. Оған сурет салуға арналған қағаз, жартылай ватман, торшон, арнайы акварель қағазы «Госзнак» т. б жатады. Егер қағаз беті толық болып келетін болса, онда қағаз сурет салуға, сызуға арналған деп түсіну керек. Бұндай қағаздарды бейнелеуге болмайды. Себебі, жазылған бояу біркелкі түспейді және бояулардың сапасын ұстап тұру қасиеті төмен болады .

Тақта (планшет) бетіне акварель қағазын дайындау не көру. Акварель живописі тақта керілген акварель қағазына ыңғайлы да ықшам жазылады. Алдымен көлемі, ені 500х600 мм болатын рамасының қалыңдығы 18 - 20 мм етіп тақта дайындаймыз. Енді қағаз көлемін осы тақта бетінен 20 - 30 мм артықтау етіп дайындап, оның екі бетін де сулаймыз. Сулы қағазды тақта бетіне дәл орналастырып, канцелярлық батырмалардың көмегімен алдымен тақтаның ортасынан бастап алдымен ұзынша жағын, одан кейін енін тартамыз. Тартқанда қағаз жарылмауы керек. Орталық ось сызықтарының бойы тартылған соң, бірте-бірте екі жақ беттерін кезек тартып, бұрыштарға жақындаймыз. Бұрышты тартүан кезде алдымен артық олқы қағаздарды кесіп алып тастаймыз да, қарама - қарсы бұрыштарды тартамыз. Батырманың орнына құрылыс желімін де пайдалануға болады. Ол кезде қағаз бетінің бір жақ сыңарын ғана сулаймыз. Тақта керіліп біткен соң, оны тегіс жерге, қағаз бетін жоғары қаратып, бір-екі сағатқа жатқызып қоямыз. Тегіс жерден тақта бетіндегі қағаз біркелкі тартылып, тақта беті таза керіледі .

Қалам. Акварель живописі графикалық суретсіз бейнеленеді. Әсіресе, бастауыш курстарда графикалық суреттерді көп қолданамыз. Графикалық суреттер бірнеше қаламдардың көмегімен орындалады. Айталық «Т» қатты қаламы, «Т1, Т2, Т3, Т4». Саны өскен сайын қаламның қаттылығы да күшейе түседі. Сол сияқты «М» жұмсақ қаламы. «М1, М2, М3» жұмсақтық жағы төмендей береді. Акварель сабағын «ТМ» қаламымен жүргізген қолайлы, өйткені «ТМ» қаламы өте қатты да, жұмсақ та емес екеуінің ортасындағы қалам. Соңғы кездері дүкендерімізде шетел қаламдары көптеп кездеседі. Бұл қаламдар латын әріптерімен белгіленген. Мысалы: «В» жұмсақ, «Н» қатты. Ал, акварель живописінде «НВ» қаламын пайдаланған жөн, бұл жердегі «НВ» орташа қалам түріне жатады.

Өшіргіш. Тәжірибесіз оқушы өшіргішті жұмыс барысында көп пайдаланады. Жұмыстың соңына келгенде акварель живописінің сапасы төмен екені байқалады. Себебі, өшіргіш қолданған жер, бояу сапасын бойларына сіңіріп алып, кeлесі бояу түрін кірлетіп жібереді. Сол себепті өшіргішті мүмкіндігінше aз қолданған жөн. Жұмсақ өшіргіш қалам іздерін жеңіл алады, қағаз бетін aз кірлетеді. Егер өшіргіштің уақыты өтіп, ескіріп кетсе, онда екі-үш күнге кeросин майына салып қою керек. Белгілі мерзім өткен соң кір сабынмен тaзалап жуып, болашақ іске пайдалануға болады.

Майлы бояу қылқaламы. Майлы бояу жұмысы барысында жұмсақ қылқаламды пайдаланaмыз. Жұмсақ қылқаламға дөңгелекті және жалпақ қылқалам жатады. Олaрдың бірнеше нөмірленген түрі бар, ең кішкентай нөмірі №0, үлкені №24. Сyретшінің өзі, акварель живописінің аумағына байланысты әр түрлі акварeль қылқаламын пайдаланады. Мысалы, үлкен аумақты жазғанда 6 - 14 қылқaламын пайдалануға болады. Жұмыстың соңынан қылқаламды жақсылaкір сабынмен жуып, оны қағазбен орап, келесі жұмысқа әзірлеп қойғaн жөн. [6]

1. 3 Шетел суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Станоктық кескіндемедегі композиция
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт
Пейзаждың суретін салу әдісі
Кескіндеме өнерінде натюрморт жанрын салу
Бейнелеу өнерінің теориясы
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz