Мектеп жасындағы оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оқу тәрбие үрдісіндегі ойын әдісінің тиімділігі
Мазмұны
І. КІРІСПЕ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Оқу- тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолданудың ерекшеліктері...
2.2. Ойын- бала дамуының басты құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Ойын әдісі тәрбие жұмысында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Курстық жұмысының өзектілігі : Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни- саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды. Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл- ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Барлық теориялық және
практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын - пән ортасында әлі де
жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. Ойын - пән ортасы деген
ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу - пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
Жұмыстың басты мақсаты - ойын әдісінің түрлерін, қолданылатын мақсаттарын, мағыналық құрылымын анықтап, өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін , қолданылатын маңыздылығын, тиімділігін көрсету.
Міндеттері :
-Ойынның оқу- тәрбие үрдісіндегі теориялық негіздерін зерттеу;
-Ойын түсінігін ашу;
-Мектеп жасындағы оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету;
-Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;
-Ойын - баланың білім - білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру.
КІРІСПЕ.
Білім-бүгінгі уақыттың ең шынайы капиталы. Сондықтан да,қоғамымыздағы өзгерістер мен жаңа тұрпатты стратегиялық бағдарлар білім беру сапасына деген бұрынғы талап пен міндеттерге жаңашыл көзқараспен қарауды қажет етеді.
Ж.Аймауытов : Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек,-деген екен. Бүгінгі күнде сан түрлі технологияларды меңгеру жолындағы мұғалімдердің ізденістерін жазушы осылай бір-ақ тұжырыммен білдіргендей.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштері-әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеріп,оларды өздерінің сабақтарында пайдалана білу.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.Осыған орай,соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық әдістер жасалып,мектеп өміріне енгізілуде.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын- баланың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайгыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, бала ойын үстінде бір затқа деген бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады.
Еңбек,ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелген.Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен қызығушылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс.Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский,Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда,дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы рөлі туралы алғашқы пікірлерін айтқан - Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділік,кәсіптік шеберлік талап етілері сөзсіз.Осы талаптарға сай мұғалім оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып,әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отыруда жүзеге асады.Бала қоршаған орта туралы шындықты белсендік әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол-ойын.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,олардың пәнге қызығушылығын оятып,ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ұлы Абайдың Ойын ойнап,ән салмай өсер бала болама? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып,білімді берік меңгерту болса,мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып,оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге ,ой белсенділігімен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгетуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім,білік және дағдыларды қалыптастыру,тиянақтау,бекіту немесе тексеру болып табылады.
Оқушылар ойынын зерттеуші О.С.Газман былай деп жазды: Табиғат балалар ойынын оларды өмірге жан-жақты бейімдеу үшін жаратқан.Сондықтан да,ойынның адам әрекетінің барлық түрлері мен генетикалық байланысы бар және танымның ,еңбектің,қарым-қатынастың,өнердің , спорттың т.б. арнайы формасы болып табылады.
Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану,біріншіден,оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден ,балалардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табылады.
Сондай-ақ мұғалім ойын элементтерін оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып,үй тапсырмасын тексеру,қорытындылау кезінде,жаңа тақырыпты меңгерту барысында,жаңа материалды қорытындылау кезінде,білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
II. Негізгі бөлім.
2.1.Оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде "ойын" ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады .
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:
- Ойын - сауық;
- Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- Әлеуметтендіру.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Сабақтарда креативті ойын технологиясын қолдана отырып білім сапасын арттыруда ойын арқылы оқушы қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген .
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Ойын ұғымына түсінктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі. Ойын, қоршаған ортаны танудың қарапайым және жақын негіздемесі біліп алу әдісі мен әдістемерлердің қол жеткізетін түрі болуы керек. Бұл қажеттілік оқу және тәрбие жұмыстары кезінде өте жақсы меңгеруді қажет етеді. Ойын-жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар көзі. Сондықтан да ол адамдарды кәсіби дайындауда маңызы өте үлкен, адамның айтып болмайтын өміріне сәйкес келеді. Ойынды зерттеу барысында ғалымдар оның бай қажетіне, шексіз шекарасына көп көңіл бөледі .
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.М. Жуковская , Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова , Н.Я. Михайленколардың айтуынша, балардың өздігінен көрістік-рөлдік ойындар ойнауы үшін білім - машыктарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезендерді нақтылы білуі қажет. Ол кезендер мыналар: жоспарлау, дайындау, іске асыру (ойынды өздігінен) ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынасы, тәртібі.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойынның жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады
Ойын-оқытады, тәрбиелейді, дамытады, көптеген қарапайым көріністерді орыс жазушысы Ю. Нагибин балалар ойынын былай бағалайды "Ойында баланың мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Өздері сезбей балалар ойын барысында, өмірлік маңызды нәрселерді шешуге, үйренеді. Балалық шақ ойынсыз дұрыс емес.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында креативті ойын технологиясын қолдана отырып білім сапасын арттыру оқушыны ойнатпау оны негізі даму мүмкіншілігінен айыру; ұжымда тіршілік ету, және табыс мүмкіншіліктерін дамыту. Бала үшін ойын дегеніміз өмір сүру жалғандық пен шындықтың шегі. Оның өмірге деген қөзқарасты қалыптастырады. Ол балада балалықты сақтайды және дамытады. Қайта құру процесі де болып жатқан өмірдің барлық жақтарын қамтиды.
Дидактиқалық ойындардың оқу процесі кезінде мектепке жағымды көзқарас қалыптастыруы. Дидактикалық ойынның негізгі балаларға ойын түрінде берілген ошау тапсырмаларын ішінде, өздері соның барысында барлық қиыншылықтарды шешеді. Дидактикалық ойын кезінде логикалық ойлау қабілеті артады. Ойын тапсырмасын орындау кезінде заттарды салыстыру, ерекшіліктері, қорытынды жасау. Сондықтан да өзінің білімін әртүрлі жағдай да пайдалануға болады. Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымаққа болуға үйретеді [37, 28].
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын -айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын - балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтады. Ал заманымыздың таланты педагогы В.А. Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчесвосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды " - деп санайды [38, 198].
Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, орта сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушыладың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын "түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сап алы орындайтын болады. Орта сыныптарда ойындар қимыл - қозғалысты және дидактикалық болып бөлінеді. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылада.
Ойынға қойылатын методикалық талаптар.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде Орта сыныптар мұғалімдері жыл бойын программалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қажетті құрал - жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастап қолға алғаны жөн. Өз практикамда, осы жағына көбірек көңіл бөліп келемін. Алдымен көптеген дидактикалық ойындарды өткізуде жиі пайдаланылатыи құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындап аламын. Олардың қатарына мыналар жатады; демонстрациялық екі қатарлы қалталы полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оқушының жеке қалталы полотносы, түстері, өлшемдері, пішіні әр түрлі және бірдей заттар, олардың жиынтығы, заттың суреттері, ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар, самолеттер т.б.), дидактикалық қима материалдар (цифрлар, таңбалар, геометриялық фигуралар) санау шыбықтарының, түрлі түсті шыбықтардың және таблицалар мен үлестірме карточкалар, ұсынылатын материалдардың тексі. Дидактикалық материалдарды жинақтау мұнымен шектелмейді
Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны методикалық танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта, ойын әлементін пайдалану - сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Әрбір бір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуға тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс - әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі және нақты нәтижеге бағдарлануы тиіс. Ал оқытудың мазмұны мүмкінділігінше анықталған мақсаттың толық шешімін табуға лайықталып іріктелуі керек. Сонда алдымен оқулықты және басқадай оқу құралдарының (дәптер, дидактикалық материалдар, көрнекі көрсету кестелері, үлестірме дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар) ескерілуі тиіс. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және өзара қарым- қатынастарың одан әрі дамуын анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. Ойын әдістерін қолдана өткізелген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете түсуге жәрдем деседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горькийдің "Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады", дегені мәлім .
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады. Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда "жақсы ойын" жасауға үйретеді .
Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұның тәрбиелік- танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойынды ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білу. Түптеп келгенде оқыту мен тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойының да білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ойын көмегімен әр түрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы: оған "баспалдақ", "доп қағу", "кім шапшаң" ойындарын алуға болады.
Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенімен, оқу-тәрбие үрдесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда екі қызмет: таным және бағдарлық бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыру, ол бағдарлық қызметке араласуға ынтаны арттырады. Жас өспірім шақтағы мейілінше көп тараған ойындар таным сипатындағы спорт және басқа қозғалмалы және шығармашылдық рөлді ойындар балып табылады. Ойынға қызығу ойыншының жасына, жынысына, өмір жағдайына байланысты. Тілдің дамуына да ойын әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды, т.б. үйренеді. Ойын баланың психикасында сапалы оң өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ Оқушыларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезінде, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың Электрондық, атомдық, ғарыштық пен аталып жатуының өзі адамның ақыл - ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үдерісінде дамуын жүзеге асыру білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді. Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығынның мәнін құрайды [42, 178].
Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үдерісін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсетткіші ретінде бағаланатын оқу үдерісінде оқушылардың жас және дербез ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, тек XIX ғасыр аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. Ойын мәселесінің жан-жақты зерттеуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан әлі толық шешімін таппаған. Алғашында іскерлік ойындар әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданды. 1932 Ленинград жылдар инжинерлік-экономикалық инситутында М. Бирштеин басшылық етуімен Львов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді. Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономиялық қатынастар 1960 жылдары басқару және педагогика саласына тарады, Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р. Уорфорд, Г.Шедровский еңбегінде дамыды .
Г. Шедровский анықтамасына сәйкес, іскерлік ойындарның мынадай ерекшелігі бар:
а) қоршаған ортаға ерекше қатынас;
ә) ойынға қатысудың субективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушыға өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз Менін тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатыныс негізінде жеңісті, ұтыс бағытында ойналуы);
в) түсінудің ерекше мазмұндағы (ойынға қатысушыларды теориялық, әдіснамалық тәжірибиелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдаумен көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады).
Сабақты қызықты етіп өткізу, оқыту үрдісін тартымды етіп ұйымдастыру мәселесін шешу жолында ойымызға келетін ең негізгі жолдардың бірі - ойын технологияларын қолдану. Оқытушы өз пәнінің теориясын қаншалық жетік білсе де, оның ісінің нәтижелі болуының ең басты кепілі - әдіс - тәсілдерінің дұрыс таңдалуы, тиімді жұмыс түрлерінің жүргізілуі. Сондықтан оқушыларды оқытуда ойын технологияларын дұрыс қолдану педагогикалық шеберлікті, ізденіс пен шығармашылықты, алдына айқын мақсат қоя біліп, оған жетудің жолдарын жан - жақты ойластыра алуды, сонымен қатар психологиялық білімді де талап етеді.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни - саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен, аса қажетті құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - оқытушының сабағындағы материалды тіл үйренушілердің аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды оқытушы мен тіл үйренушінің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ең бастысы, кез келген ойын әрекеті оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Бұл үрдіс сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Тіл үйрету сабағының ортасында қолданылатын ойын технологиялары тіл үйренушілердің көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады, сонымен қатар тілдік материалды бекітуге, жаңа ақпаратты есте сақтауға игі ықпал етеді. Ал сабақтың соңында ойын тақырыпты бекіту, сабақта алған тілдік білімді жинақтау мақсатын көздейді. Демек, оқытушының алдына қойған мақсат - міндетіне байланысты ойынды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады
Жалпы оқытушының ойынды ұйымдастыру жұмысы ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш кезеңді қамтиды. Дидактикалық мақсатына қарай ойынды таңдау, оған қажетті материалды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Тіл үйренушілерді ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау - бұл ойынның өз мақсатына жетуі, қатысушылардың белсенділігі, олардың іс - әрекеті және ең бастысы тиімділігі қаншалықты болғанын ой елегінен өткізу. Әр оқытушы өзінің сабағында қолданған ойындарды өзі үшін осылайша талдап отырса, өзінің оқыту үрдісінде дәстүрлі түрде қолданатын ең тиімді деп табылған ойындары сараланып шығады.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуанышы. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады
Міне, осындай тиімді де тартымды әдіс ретінде ойынды қолдануда оқытушының назарда ұстайтын маңызды мәселелерінің бірі - психологиялық жағы. Сабақта қолданылатын кез келген ойын ересектерге бейімделуі тиіс. Ол үшін ойынның пайдалы екені айқын болуы шарт. Сондай - ақ ойын технологиясы қолданылатын топтағы психологиялық жағдайды, олардың бір - бірімен қарым - қатынасын де ескеру қажет. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға дидактикалық жаттығуларды орындау тән. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе - ойнау. Оқушылар назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында білім беру мақсатының қалай орындалатындығы байқалмай қалады.
2.2. Ойын- бала дамуының басты құралы
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері -мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады. Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар - көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Бастауыш сыныптардың тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі болу керек. А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К. Бабанский - ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады. Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын. H.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, Тапсырманы ықыласпен орындайды. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz