Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»

Д. Д. Ермагамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстан аумағының үстіндегі озон қабатының жұқару себептері және оның алдын алу шаралары»

5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша

Орындаған: Д. Д. Ермагамбетова

Ғылыми жетекшісі А. Ә. Перзадаева

т. ғ. к., доцент

Нұр-Сұлтан, 2022

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Экология» кафедрасының меңгерушісі

Г. К Сатыбалдиева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тaқырыбы: «Қазақстан аумағының үстіндегі озон қабатының жұқару себептері және оның алдын алу шаралары»

5В060800 - «Экология» мaмaндығы бойыншa

Орындаған Ермагамбетова Д.

Ғылыми жетекші Перзадаева А. Ә.

т. ғ. к., доцент

Нұр-Сұлтан 2022

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті

Экология кафедрасы

«5В060800 - Экология» мамандығы

«Бекітемін»

«Экология» кафедрасының меңгерушісі

Г. К Сатыбалдиева

« » 2022 ж.

ТАПСЫРМА

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша

Студент Ермагамбетова Дана

Тақырыбы «Қазақстан аумағының үстіндегі озон қабатының жұқару себептері және оның алдын алу шаралары»

жоғары оқу орны бойынша _ « »_ ж.

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі « » 2022 ж.

Жұмыстың бастапқы деректері

Дипломдық жұмыстың өзектілігі, негізгі міндеттері:

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан аумағының үстіндегі озон қабатының жұқаруының себептерін анықтау, алдын алу шараларын талдау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылды: ОБЗ пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.

Графикалық материалдардың тізімі (міндетті сызбаларды көрсету) :

Төретам ауылында орналасқан бақылау бекеттері,

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілер

Тарау
Кеңесші
Бақылау
Мерзімі
Қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: Перзадаева А. Ә.
Бақылау:
Тарау: Әдебиеттік шолу
Кеңесші: Перзадаева А. Ә.
Бақылау:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Перзадаева А. Ә.
Бақылау:
Тарау: Қорытынды
Кеңесші: Перзадаева А. Ә.
Бақылау:
Тарау: Нормалық бақылау
Кеңесші: Дюсенова Г. Б.
Бақылау:

Тапсырма берілген күні

Жұмыс жетекшісі: т. ғ. к., доцент Перзадаева А. Ә.

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент Ермагамбетова Д.

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: НОРМAТИВТIК CIЛТEМEЛEР
: 6
:
МАЗМҰНЫ: ҰҒЫМДАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
: 7
:
МАЗМҰНЫ: БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
: 8
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 9
: 1
МАЗМҰНЫ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
: 10
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Озон қабатының сипаттамасы және оны бұзатын заттардың қасиеттері
: 10
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасы және Озон қабатың қорғау жөніндегі Вена конвенция талаптарының орындауы
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ҮСТІНДЕГІ ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЖҰҚАРУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Төретам ауылының экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Озон қабатын бұзатын заттардың қауіпсіз балама химиялық заттарға ауыстыру мүмкіндіктері
:
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Озон қабатын бұзатын заттарды қауіпсіз утилизацилау, жою, сақтау тәсілдері
:
: 2. 4
МАЗМҰНЫ: Озон қабатының жұқару үдерістерінің алдын алу шаралары
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР
:

НОРМAТИВТIК CIЛТEМEЛEР

Оcы дипломдық жұмыста кeлeci нормaтивтiк құжaттaрғa ciлтeмeлер жacaлынғaн:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.

Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 30 қазан N 177-I

Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы N 176-I Заңы

ҰҒЫМДАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Альбедо - дeнe бeтінің өзінe түскeн электр мaгниттік сәулe нe бөлшeктeр aғынын шaғылыстыру қaсиетін сипаттaйтын шaмa.

Озон қабаты - oзoнның жoғaры кoнцeнтрaциясымeн eрeкшeлeнeтін стрaтосфeрaлық (биіктігі 10 - 50 км) қaбaт.

БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

ГФУ - гидрофторуглерод

ОБЗ - озон бұзушы заттар

ГБФК- гидробромфторкөміртек

ЖЭҚ- Жаһандық экологиялық қор

ХФК- хлорфторкөміртек

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1973 жылдaн бeргі бaйқaулaр Қaзaқстaнның үстіндeгі oзoн қaбaтының қaлыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсeтті.

Жeрдің oзoн қaбaтының бұзылуы aдaм, жaнуaрлaр, өсімдіктeр мeн микрooрганизмдeр тіршілігі үшін ықтимaл қaтeр бoлып тaбылaды.

Мoнрeaль хaттaмaсына сәйкeс қaбылдaнғaн, oзoн қaбaтын бұзaтын зaттaрды пaйдалaнуды рeттeу жөніндeгі шaрaлaр әлeмдe 1986 жылдың дeңгeйімeн сaлыстырғaндa oның 10 eceгe aзaюынa ықпaл eтті.

Біздің eл oзoн қaбaтын сaқтaу турaлы хaлықaрaлық кeлісімдeргe 1998 жылы қoсылды. Қaзіргі уaқыттa Қaзaқстaндa oзoн бұзғыш зaттaрды (OБЗ) пaйдaлaнуды қысқaрту жәнe oлaрды aйнaлымнaн aлып қoю, oзoн қaбaтын бұзбaйтын зaттaрды қoлдaнумeн жaңa тeхнoлoгиялaрды eнгізу жөніндeгі жұмыстaр жүргізілудe.

Oзoн қaбaтын бұзу қaтeрін жoюдың нeгізгі жoлдaры мынaлaр бoлып тaбылaды: OБЗ пaйдaлaнудaн жeдeл бaс тaртуды жәнe oлaрды қaуіпсіз жoюды қaмтaмaсыз eту, OБЗ-дың зaңсыз aйнaлымының aлдын aлу жәнe қoлғa aлынғaн күш-жігeрдің тaбыстылығынa көз жеткізу үшін трoпoсфeрaдa oның жинaлуының тұрақты мoниторингін жүргізу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан аумағының үстіндегі озон қабатының жұқаруының себептерін анықтау, алдын алу шараларын талдау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер. ОБЗ пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі.

1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. 1 Озон қабатының сипаттамасы және оны бұзатын заттардың қасиеттері

Озон қабаты- стратосфераның 20- дан 40 км биіктіктегі бөлігі(тропиктік еніктерде 25-30 км, қоңыржай ендіктерде 20-25 км, полярлық ендіктерде 15-20 км) . Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.

Озон жыртығы, озон тесігі - озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам) . Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға) . Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі.

Көптеген сыртқы әсерлердің нәтижесінде озон қабаты жұқарып, ал кейбір жағдайларда белгілі бір аумақтарда мүлде жойылып, немесе қайтымсыз салдарларға алып келетіндей озон тесіктері пайда болады.

Озон қабатының жұқаруының көптеген себептері бар:

Біріншіден, бұл ғарыштық зымырандарды ұшыру. Жанып кететін жанармай озон қабатында үлкен тесіктердің пайда болуына әкеп соғады, басқаша айтқанда, озон қабатын «күйдіреді». Бір кездері бұл «тесіктер» қайтадан қалпына келеді деп болжанған болатын, алайда олар сол күйінде қалатыны анықталды.

Екіншіден, ұшақтар. Әсіресе 12-15 км биіктікте ұшатын ұшақтар. Олардан шығатын бу және басқа да заттар озонды бұзады.

Үшіншіен, азот оксидтері. Оларды ұшақатр бөледі, бірақ көбінесе азот оксиді топырақ бетінен, азотты тыңайтқыштардың ыдырауы кезінде бөлінеді.

Төртіншіден, бұл хлор және оның оттегімен қосылыстары. Бұл газдың орасан көп мөлшері(700 мың тоннаға дейін) атмосфераға ең алдымен фреондардың ыдырауынан түседі. Фреондар- бұл Жер бетінде ешқандай химиялық реакцияға түспейтін, бөлме температурасында тез қайнайтын, сонымен қатар көлемін ұлғайтып, жақсы бүріккіш болатын газдар. Олар кеңейген кезде температурасының азаюына байланысты, фреонды тоңазытқыш өнеркәсібінде кеңінен қолданады.

Озонның қасиеттері:

  • Биологиялық қауіпті Күннің ультракүлгін сәулеленуің сіңіру қабілеті;
  • Озон- ең күшті тотықтырғыш, сондықтан жердегі озон қауіпті;
  • Жер бетіндегі инфрақызыл сәулеленуді сіңіру қабілеті;
  • Атмосфераның химиялық құрамына тікелей және жанама әсер ету қабілеті.

Шамамен 40 жыл бұрын өнеркәсіпте, әсіресе тоңазытқыш өнеркәсібінде Жердің озон қабатын бұзатын қолданылатыны анықталды. Сол жылдары басталған химия саласындағы қарқынды зерттеулер озон қабатының бұзылуына әкеп соғатын химиялық реакциялардың бірнеше түрін анықтауға мүмкіндік берді. Ұзақ сақталуға бейім гидрохлорфторкөміртек атмосфераның жоғары қабатына көтеріліп, озонмен әрекеттеседі және осылайша оны бұзады.

Озон қабаты күннің ультракүлгін сәулеленунің едәуір бөлігін сіңіреді, осылайша Жердегі барлық тіршілікті қорғайды, сондай ақ бір мезгілде стратосфераның қабаттарын, яғни атмосфераның бөлігін жылытады.

Атмосфералық озонның бұзылуы, атмосфераға салқындату әсерін тигізеді. Алайда өзіне тән сіңіру жолақтары болады. Бәрінен де гидрохлорфторкөміртек атмосфераға екі жақты әсер етеді: озон қабатын бұзады, оны салқындатады, бірақ Жер мен атмосфераның шығатын ұзын толқынды радиациясын сіңіру арқылы қыздырады. Екінші әсері- атмосфераның қызуы салқындатудан әлдеқайда күшті.

Озон қабатының бұзылуы адамзат үшін күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан пайдалануды қысқарту немесе оны басқа затпен ауыстыру жөнінде бірнеше халықаралық келісімдер қабылданды.

1. 2 Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасы және Озон қабатың қорғау жөніндегі Вена конвенция талаптарының орындауы

Жердің озон қабатын сақтау мәселесін көтеретін ең алғашқы халықаралық құжат 1985 жылғы Вена конвенциясы болды. Бұл құжат негізінен декларативті болды, яғни оған қол қойған мемлекеттердің ешқандай міндеттемелері болмады, тек пайда болған мәселенің шешімін табу басты міндет болды. Алайда екі жылдан соң, 1987 жылы Монреаль деп аталатын әлдеқайда қатаң құжатты қабылдады.

Вeнa кoнвeнциясы тaрaптaрды ғылыми зерттеулер мен бaқылaулaр сaлaсындaғы ынтымақтастыққa oзoн қабатының жай-күйінің өзгеруіне қолайсыз әсер ететін адам қызметін бақылау, шектеу, қысқарту немесе болдырмау үшін тиісті заңнамалық немесе әкімшілік шаралар қабылдауға шақырады.

Бұл келісім көптеген тараптармен келісілген қағидалар баяндалған негіздемелік конвенция болып табылады, олар елдерге озон қабатын қорғау үшін бақылау шараларын ерікті негізде жүзеге асыруды ұсынады.

Қазақстан Вена конвенциясына 1997 жылы қосылды .

Қатысушы елдер зерттеулер мен жүйелі бақылауларды, сондай-ақ қаржылық және әкімшілік мәселелерді қоса алғанда, маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін үш жылда бір рет кездеседі, 2017 жылғы қарашада тараптар конференцияларының он бірінші мәжілісі өткізілді.

Монреаль хаттамасына сәйкес «озон қабатын бұзатын заттардың әлемдік масштабтағы шығарындылары озон қабатын айтарлықтай бұзады немесе адам денсаулығына және қоршаған ортаға жағымсыз әсер етіп, озон қабатын өзгертеді », сондай-ақ бұндай заттардың шығарындылары климаттық жүйеге ықтимал әсер етеді.

Озон қабатының химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру себептері табиғи және антропогендік химиялық заттар болып табылады.

Табиғи текті заттар: көміртегі тотығы(CO), көмірқышқыл газы(CO2), метан(CH4), азот оксиді(N2O) сияқты азотты заттар, жартылай галогенделген алкандар(CH3CI), сутегі(H2) және су(H2O) сияқты құрамында сутегі бар заттар озон қабатының физикалық қасиеттеріне әсер етуі мүмкін.

Озон қабатын бұзатын антропогендік шығарындылар негізінен жөндеу және ауаны баптау, салқындату жүйелеріне қызмет көрсету, өрт сөндіру сияқты тұрмыстық қызмет түрлерімен байланысты.

Қазақстандағы ОБЗ ең ірі тұтынушысы- салқындату және ауа баптау жүйелерін толтыру үшін қолданылатын тоңазытқыш секторы болып табылады. Салқындатқыштар өнеркәсіптік, тұрмыстық, коммерциялық және жылжымалы жанармай құю (автомобиль және теміржол көлігі) тоңазытқыш қондырғылары мен кондиционерлерді толтыру үшін қолданылады.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі де ОБЗ ет, сүт, балық, кондитерлік өнімдер мен нан өнімдерін өндіру кезіндегі тоңазытқыш жүйелерін толтыру кезінде қолданады. Соңғы жылдары бұл салада аммиактан және ХФК-12-ден ГХФК-22 мен ГФК-134- ке көшу жалғасуда.

Қазақстан Монреаль хаттамасына және басқа да келісімдерге қосылған ел ретінде парниктік газдар шығарындыларын, елдегі тұтыну есебін жүргізеді және гидрохлорфторкөміртек шығарындылары есебінде парниктік эффектін шамасын бағалайды.

Атап айтқанда, келесі міндеттер қойылды:

  1. Қазақстандағы жалпы озон мөлшерінің уақытша динамикасын зерттеу; оның тенденциялары мен шығу тегін бағалау;
  2. Қазақстанда тұтынылатын фреондардың озон қабатына әсерін бағалау;
  3. Дамыған елдердің экономикалық қызметтің әртүрлі салаларындағы озон қабатын бұзатын заттардың шығарындыларын азайту шараларына талдау жасау.

Озон қабатын қатты бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртек (ХФК), метилхлороформ, галондар, (ГХФК), (ГБФК), және метил бромиді жатады. Олар еріткіштер, салқындатқыштар, көбіктендіргіштер және майсыздандырғыштар, аэрозольдерде, өрт сөндіргіштерде (галондар) және ауылшаруашылық пестицидтерінде (метилбромид) пропеленттер ретінде қолданылады. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оларды импорттаудан бастап, лимиттерді (квоталарды) белгілеуді қоса алғанда, ОБЗ қолдана отырып, жұмыстарды өндіруге рұқсаттармен аяқталатын, монтаждау, жөндеу, құрамында ОБЗ бар жабдыққа қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасында озонды бұзатын заттар саласындағы мемлекеттік реттеу Экологиялық кодекспен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 313 бабына сәйкес озонды бұзатын заттарды тұтынуға және рұқсат етілген шығарындыларына шектеу(квота) белгіленеді.

Озонды бұзатын заттарды тұтынудың шектерін(квоталарын) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына сәйкес 19. 05. 2020 ж. «Озонды бұзатын заттарды тұтынудың 2020-2025 жылдарға арналған лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы» 2020 жылы жылына 57 тонна шектеуі белгіленді.

1 кестеде 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері туралы ақпарат берілген.

Кесте 1- Қазақстанда ОБЗ қысқарту лимиттері

Жылдар
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері
Жылдар: 2020
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері: 5%
Жылдар: 2025
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері: 35%
Жылдар: 2029
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері: 70%
Жылдар: 2034
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері: 80%
Жылдар: 2036 және одан ары
Қазақстанда ОБЗ қысқарту кезеңдері: 85%

Монреаль хаттамасына сәйкес Қазақстан Жердің озон қабатын қорғау саласындағы келесіддей халықаралық міндеттемелерді орындайды:

- Монреаль хаттамасының 7- бабына сәйкес озон қабатын бұзатын заттардың экспорты мен импорты туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

- кестені орындау барысындағы қол жеткізілген озон қабатын бұзатын заттардың қысқартылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

- озон қабатының жағдайы және ғылыми зерттеулер туралы ақпарат береді;

- тұтынуды кезең- кезеңмен қысқарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асыру туралы Монреаль хаттамасының 29/14 хатшылық шешіміне сәйкес:

  1. 2016-2019 жж- 7, 5 тонна ОБЗ
  2. 2020 ж- 6, 0 тонна ОБЗ
  3. 2021 ж - 3, 95 тонна ОБЗ
  4. 2022-2024 жж - 0, 5 тонна ОБЗ

аспайтын кезеңге дейін жоспарды ұстану.

2. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ҮСТІНДЕГІ ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЖҰҚАРУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

2. 1 Төретам ауылының экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу

2020 жылы РМК «Ғарыш- Экология» ғылыми зерттеу орталығы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитеті «Байқоңыр» кешенінің зымырандық-ғарыштық әрекеттерінен зардап шеккен аумақтарына мониторинг жүргізді.

Байқоңыр ғарыш айлағының іргесі 1955 жылы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында қаланған болатын.

Изображение выглядит как дым, поезд, пар, небо Автоматически созданное описание

Сурет 1 Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

  1. Ұшу процесінен кейін атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
  2. Атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
  3. Атмосфераның озон қабатын бұзаы;
  4. Территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынақтарымен зақымдайды;
  5. Қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
  6. Ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

Жалпы «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан Төретам ауылы бойынша 5 көрсеткішке дейін анықталады:

  1. Суспензиялы бөлшектер РМ-10
  2. Күкірт диоксиді
  3. Көміртегі тотығы
  4. Азот диоксиді
  5. Азот оксиді

2-кестеде бақылау бекеттерінің орналасуы және әрбір бекетте анықталатын көрсеткіштер тізімі туралы ақпарат берілген.

5-кестеде посттардың орналасуы туралы ақпарат берілген

бақылаулар және әрбір постта анықталатын көрсеткіштер тізімі.

2- кесте Бақылау бекеттерінің орналасуы және анықталған қоспалар

Үлгі таңдау
Бекет мекенжайы
Анықталатын қоспалар
№: 1
Үлгі таңдау: Үздіксіз режимі- әрбір 20 минут
Бекет мекенжайы: Мұратбаева к-сі, 51«А»
Анықталатын қоспалар:

Суспензиялы бөлшектер РМ-10, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, азот оксиді,

Гамма сәулеленудің эквивалентті дозасының жылдамдығы

3- кесте Төретам ауылындағы атмосфералық ауаның ластануының сипаттамасы

Қоспа
Орта концентрация
Максимальды концентрация
%
ШРК асып кетуі саны
мг/м3
ШРК асып кетуі
мг/м3
ШРК асып кетуі
>ШРК
>5ШРК
>10ШРК
Қоспа: Суспензиялы бөлшектер РМ-10
Орта концентрация: 0,
Максимальды концентрация: 0, 00
%: 0, 00
ШРК асып кетуі саны: 0, 02
0,
Қоспа: Күкірт диоксиді
Орта концентрация: 0, 0080
Максимальды концентрация: 0, 16
%: 0, 247
ШРК асып кетуі саны: 0, 49
0,
Қоспа: Көміртегі тотығы
Орта концентрация: 0, 3397
Максимальды концентрация: 0, 11
%: 3, 6639
ШРК асып кетуі саны: 0, 73
0,
Қоспа: Азот диоксиді
Орта концентрация: 0, 0449
Максимальды концентрация: 1, 12
%: 0, 20
ШРК асып кетуі саны: 0, 99
0,
Қоспа: Азот оксиді
Орта концентрация: 0, 0023
Максимальды концентрация: 0, 04
%: 0, 15
ШРК асып кетуі саны: 0, 39
0,

Сурет 2 күкірт диоксидінің концентрация шамасы

Сурет 3 Көміртегі тотығының концентрация шамасы

Сурет 4 Азот диоксидінің концентрация шамасы

Сурет 5 Азот оксидінің концентрация шамасы

2. 2 Озон қабатын бұзатын заттардың қауіпсіз балама химиялық заттарға ауыстыру мүмкіндіктері

Озон қабаты бірнеше себептерге байланысты, соның ішінде ең бастысы және қауіптісі өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында адам әркетімен синтезделген химиялық заттарға байланысты бұзылады. Мұндай қосылыстардың негізі- хлорланған, фторланған немесе озон молекулаларымен реакцияға түсу мүмкіндігі бар бромдалған көмірсутектер. Егер заттың құрамында тек фтор(хлор мен бром жоқ) болса, ол ОБЗ болып саналмайды. ОБЗ келесі заттар жатады:

- хлорфторкөміртек (ХФК) ;

- гидрохлорфторкөміртек (ГХФК) ;

- галондар;

- гидробромфторкөміртек (ГБФК) ;

- бромхлорметан;

- 1, 1, 1-трихлорэтан (метилхлороформ) ;

- төрт хлорлы көміртек;

- бромды метил.

ОБЗ өнеркәсіпте, ең алдымен тоңазытқыш жабдықтарын өндіру, сондай- ақ стратегиялық маңызы бар машина жасау, радиоэлектроника, химиялық, қорғаныс және ғарыш өнеркәсібінде қолданылады.

Құрамында ОБЗ бар жабдықтың, мысалы тоңазытқыш және салқындатқыштың қызмет ету мерзімі 10 жыл және одан көп, сол мезгілде жабдық техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді. Сондықтан ОБЗ қолданатын ең ірі сала тоңазытқыш пен салқындатқыш өнеркәсібі, бұл жерде ХФК және ГХФК тоңазытқыш жүйелерінде хладагент ретінде қолданылады.

Экологиялық Кодекстің талаптарына сәйкес құрамында ОБЗ бар жабдықты әкелуге тыйым салынған немесе шектеулі. Алайда, пайдаланылған көліктер сияқты жабдықтар контрабандық жолмен тасымалданады, осылайша ОБЗ сұранысын арттырады.

ОБЗ стратосфераға әртүрлі жолдармен шығарылады, соның ішінде:

-ОБЗ бөлетін тазалау еріткіштерін қолдану, бояу, өрт сөндіру жабдықтары және аэрозольдік құтыларды қолдану;

-тоңазытқыш жүйелері мен кондиционерлерді желдету кезінде;

-топырақты фумигациялау үшін бромды метилді қолдану, егін жинаудан кейінгі пестицидтерді бақылау үшін, карантиндік мақсатта және жүкті жіберер алдындағы өңдеу.

ОБЗ бірте- бірте барлық дерлік қолдану аймақтарында баламалармен ауыстырылып жатыр. Тек ерекшеліктер- маңызды қолданбалар, шикізат және технологиялық агент ретінде пайдалану.

4- Кесте ОБЗ алмастыру талдауы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Озон қабатының бұзылу салдары
Экология және даму
Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Қазіргі климат Жердің қалыпты климатынан суығырақ
Экологиялық қауіпсіздік саласы
Химиялық заттардың әр түрлі ортада таралуы
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Киотто хаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz