Жылқының емдік қасиеті
Ақмола облыстық білім беру департаменті Зеренді аудандық білім беру бөлімі Игілік ауылының ЖОББ мектебі
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: Жылқы - малдың төресі
Бағыты: Өлкетану
Орындаған: Ақмола облысы, Зеренді ауданы
ИгілікауылыныңЖОББмектебі
6 сынып оқушысы Сәлім Елдана
Жетекшісі: Уалиева Алма Октябрьқызы
Тарих пәні мұғалімі
2021-2022 оқу жылы
Ақмола облысы Зеренді ауданы Игілік ауылының ЖОББМ 6сынып оқушысы
Сәлім Елдана
Жылқы малдың төресі атты ғылыми жобасына
П і к і р
Сәлім Елдана өзінің Жылқы малдың төресі атты ғылыми жобасында тақырыпты толық ашып, көздеген мақсатына жете білді. Оқушының зерттеуі осы жұмысқа қойылған мақсат міндеттерден, жұмыс жоспарының жасалуынан және зерттеу әдісін анықтаудан құрылған. Ғылыми жобаның өзі конкурс шарттарына сай келеді. Ғылыми жоба аясына алынған Жылқы малының тарихын тереңінен насихаттап, ерекшелігімен қасиетін қайта жандандырып зеріттелген. Сәлім Елдана сондай - ақ ғылыми жұмыста осы елден шыққан есімдері елге аян жылқы малын бағатын кісілермен қатар, жылқының ерекшелігіне, қасиетіне зор мән берілген. Өзінің жобасындағы маңызды мәселелерді ауылдың көне - көз қарияларынан, көптеген құжаттарды кітапханалардан, жеке мұрағат қорынан алған. Жарияланған материалдар БАҚ-ның жарыса жазған қымызды немістер потенттеп алды деген ақпараттарын жете зерттеп, ашып айтқан. Жылқының пайдасы жайлы барлық адамзаттың білулерін мақсат еткен жобада баспасөзден, интернеттен, кітаптардан танымды материалдарды білуге мүмкіндік алған.
Ғылыми зерттеуде әр түрлі әдістер, талдау, жинақтау, қортындылауды пайдалану арқылы жылқының түрлерін жан - жақта көрсете білген. Сондай-ақ тарихи естеліктерді сақтау мен оны келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізуді мақсат еткен.
Ғылыми жетекшісі:Уалиева Алма Октябрь қызы.
Мазмұны:
Тақырыбы: Жылқы -малдың төресі
Кіріспе
Жылқы - ер қанаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
2. Негізгі бөлім
2.1. Жылқының емдік қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-4
2.2. Жылқының түрлері мен атаулары ... ... ... ... ... ... ... .. ... . ... ... ... ... 5-9
2.3. Жылқы туралы қанатты сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. ...10-11
2.4 Жылқы жайлы қызықты мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
2.5 Қымыз бен Саумалдың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 13-19
3. Қортынды--------------------------- ----------------------------------- ----------20
4. Ұсыныс ----------------------------------- ----------------------------------- ---- 21
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.---------------------------- ----------------- 22
Аннотация
Жұмыстың мақсаты:
Жеті қазынаның бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген құрметтерін арттыру, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру.
Гипотеза: Халқымызда жылқы малына қатысты әлі де болса еленбей қалып жүрген мәліметтердің орасандылығын көрсету.
Жұмыстың кезеңдері , зерттелу барысы:
Жұмыстың зерттеле бастағанына бір жыл болды.
Алғашқы кезең: Ауылдың қариялар аузынан жазылып алынған деректер жиналды.
Екінші кезең: Архив материалдарымен деректер көзін іздестіру, жетекшімен жұмыстар жүргізу.
Үшінші кезең: Мерзімдік баспасөз беттеріне мақалалар жариялау.
Жұмыстың өзектілігімен ғылымилығы: Жоба барысында алты мың жылдық тарихы бар жылқы малынан, адамзат баласының денсаулығына тигізетін пайдасы көп екендігі жеткізілген. БАҚ-ның жарыса жазған қымызды немістер потенттеп алды деген ақпараттарын жете зерттеп, ашып айтқан. Жылқының пайдасы жайлы барлық адамзаттың білулерін мақсат еткен жобада баспасөзден, интернеттен, кітаптардан танымды материалдарды білуге мүмкіндік болды.
Осы жайлы келешек ұрпаққа аманат ретінде дәріптеу, оны қорғап, насихаттап, көркейтіп, гүлденуіне үлес қосу, ғылыми жоба барысында тақырыпқа өзек болып табылады.
Аннотация
Цель работы: Познакомить с особыми качествами одного из семи сокровищ лошади, расширить понимание лошади, повысить уважение к ней, говоря, что лошадь - благородное животное, объяснить, что лошадь - драгоценность. сокровище.
Гипотеза: показать колоссальность информации о лошадях, которую до сих пор игнорируют наши люди.
Этапы работы, исследовательский процесс:
С начала исследования прошло год.
Первый этап: собраны данные от старейшин села.
Второй этап: поиск источников данных из архивных материалов, работа с супервайзером.
Третий этап: публикация статей в периодических изданиях.
Актуальность и научность работы: В ходе проекта было отмечено, что лошади с шеститысячелетней историей имеют множество преимуществ для здоровья человека. Он тщательно исследовал и раскрыл сообщения СМИ о том, что немцы запатентовали кумыс. Проект, цель которого - ознакомить все человечество с преимуществами лошадей, предоставил возможность учиться на материалах прессы, Интернета и книг.
Продвигать это послание будущим поколениям, защищать, размножать, украшать и способствовать его процветанию - вот суть исследовательского проекта.
.
Annotation
The purpose of the work:
To acquaint with the special qualities of "one of the seven treasures of the horse", to expand the understanding of the horse, to increase respect for the horse, saying that the horse is a noble animal, to explain that the horse is a precious treasure.
Hypothesis: To show the enormity of the information about horses that is still ignored by our people.
Stages of work, research process:
It has been two years since the study began.
The first stage: data collected from the village elders were collected.
The second stage: search for sources of data from archival materials, work with the supervisor.
Third stage: Publication of articles in periodicals.
Relevance and scientificity of the work: During the project, it was noted that horses with a history of six thousand years have many benefits for human health. He thoroughly researched and revealed the media reports that the Germans had patented koumiss. The project, which aims to make all people aware of the benefits of the horse, provided an opportunity to learn from the press, the Internet and books.
Promoting this message to future generations, protecting, propagating, beautifying and contributing to its prosperity is the core of the research project.
Кіріспе .Жылқы ер қанаты.
Осы ғылыми жобаны жазу алдында мен қазақ халқының Қамбар атасы жылқы бейнесін көз алдыма елестеттім. Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын аттылар әулеті деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам: Жылқы төрт-түліктің бірі. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.Жылқылар қыста өз үйірлерімен жүреді. Ол үйірді басқаратын айғыры болады. 1
2.1. Жылқының емдік қасиеті
Жылқы − ерекше есті мал. Олар оқырану, кісінеу арқылы бір-бірін шақырады, жақын тартады, хабарласады. Осқыру, жеру, тарпу арқылы қауіп - қатерден сақтандырады, қарсыластарына айбар көрсетеді. Қасыну, иіскеу арқылы туыстық қатынастарын, үйірлік жақындықтарын анықтап, өзара танысады, түсініседі, жақындасып достасады. Құлағын жымыру, мойнын жерге салу арқылы бір-біріне сес көрсетеді, бір-бірін қайырады. Тебу, тістеу арқылы қарсыластары мен ұнатпағандарына соққы береді. Баққан иелеріне иіскеу, оқырану арқылы жақындық білдіреді, шоқтығын, кекілін үйкеп еркелейді. Иесінің шақырған бұйрығын қабылдап жанына келеді. Айдаса жүреді, қайтарса қайтады, мініп алып желдірсе желеді, шаптырса шабады, тоқтаса тоқтайды. Тіпті жат десе жатып, тұр десе тұрады. Шөлдегенін, қарны ашқанын иесіне кісінеу, оқырану арқылы білдіреді. Өте зеректері иесінен басқа адамға ұстатпайды, иесінен басқа адамға мінгізбейді.
Жылқы баққан иесінің мінез-құлқын, даусын, бұйрығын мүлтіксіз түсінеді. Боқтағанын, ашуланғанын өзін ұстап алса ұратынын сезіп ұстатпай қашады. Жақсы көргенін, еркелеткенін дауыс ырғағынан байқап иесіне жақындайды. Шақыру, айдау, бұйрық, демеу сөздерін қабылдай алады. Мысалы, моһ-моһ, құру-құру, тәк-тәк десе тоқтайды. Жиылыңдар деген райда қиқуласа өрістегі жылқылар жиылады. Тіпті, әйгілі жүйрік аттар айғай, дүбір шықса немесе өзі бәйгеге салған рудың аты естілсе елеуреп, бәйгеге түссе үдей шабады.
Жылқының мейір-махаббаты күшті болады. Биелер құлыны ауырып қалса маңайынан ұзап кетпейді. Бір айлық жерге апарып тастаса да құлыны үшін бірнеше күнде қайтып келеді. Айғырлар қасқыр тиссе үйірін шоқтай ғып иіріп, қасқырға айбар көрсетіп қорғайды. Сырттан үйріне ұрғашы жылқы келсе қосып алып, еркек жылқы келсе жолатпай сауырлап қуып салады.
Жылқы туыстық, қандастық қатынасты бұзбайды. Айғырлар өз үйірінен туған қандастық туыстығы бар биелерге шаппайды. Жылқыда кектену, өшігу сезімі болады. Ұрған, қинаған адамды тістейді, тебеді немесе ұстатпай қашады. Осқырып, адыраңдап, қарсылық білдіреді. Жылқының қызғану сезімі де өте күшті болады. Айғырлар өз үйіріне еркек мал жолатпаса, әдеттегі жылқылар да өзінің дара шөп жеп, су ішіп тұрған жеріне басқа малдарды жолатпай теуіп, тістеп қуып жібереді. Жылқы әр түрлі қауіп-қатерлер мен табиғат апатын да алдын ала сезіп, хабар бере алады. Мысалы, жер сілкінер кезде жылқы шұрқырап кісінейді, алдында қауіпті жағдай бар болса, осқырып жүрмей қояды. Қыс қатты болатын жылы биелер ерте құлын тастап, өздерін қорғай бастайды. Қысы жылы жаққа қарай қашады. Жылқы өте жершіл болады. Кейбір жылқылар туған жеріне неше айлық жерден қашып келеді. Ал қашып келе алмағандары ес-ақылынан айырылып, жүдеп өліп қалатындары да болады.
2
Жақсы ат иесі жығылса қасында тұрады. Жақсы айғыр үйірін ұрыдан, ит-құстан қорғап, алдырмайды. Тіпті, кейбір айғырлар бөлек ниетті ат үстіндегі адамдарды алдыңғы екі аяғымен тарпып аттан жығады. Жылқы үйірсек келеді. Бір айғырдың үйірі бірыңғай тобын жазбай жүреді, басқа үйірлерге қосылмайды. Жылқы көбінше жусайды, көп ұйықтамайды, мүлгиді, көп оттайды, аз жусайды, шөптің шүйгінін таңдап жейді. Жылқы өте қағылез, сергек, таза жануар, өз тезегіне өзі қалай болса солай аунап жатпайды.
Қазақ халқы жылқының осындай қасиеттерін және басқа да жасырын ерекшеліктерін жетік меңгергендіктен жылқыны өте ерте замандардан-ақ қолға үйретіп бағып-баптап, оларды өз қажеттеріне толық пайдалана білген.
Жылқы адамзат тұрмысы мен өндірісіне біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан аса ұзақ тарихқа және тамаша экономикалық өнімділікке ие жануар. Жесе тамақ, ішсе сусын, кисе киім, мінсе көлік және өндіріс құралы болған.
Сән-салтанат, ойын-сауық, сондай-ақ ұлттық дене тәрбие қимылдары да жылқысыз өтпейді, жылқысыз сәні келмейді, кемдігі толмайды. Қазіргі ғылым-техниканың қарыштап дамуы, адамдардың тұрмыс өресінің күн сайын жоғарылауымен, қоғамның жылқы өнімдеріне болған сұранысы күн сайын артып, бүкіл дүние жүзі назар аударып отырған өте бағалы экономикалық құнға ие мал түлігіне айналып отыр. Қазақ халқы өзінің басып өткен ұзақ тарихында жылқы өсірудің ғылми амалдарын ашқан болса да, заман жылжып өткен сайын ұлтымыздың асыл қазынасы, ақыл-парасаттың иесі тарихи қатпарында көмескі қалып, өзімізге жат болып барады. Әуелі, десеңіз басқалар жағынан пайдаланылып баражатқан жәйін көріп те жүрміз. Осы бір келелі жұмысты көзде ұстай отырып, қазақ халқының тарихи, әлеуметтік өміріндегі маңызды шаруашылықтың бірі, сахара мәдениетінің бір мақтанышы болған жылқы түлігінің тарихтағы орны, ерекше естілігі мен қасиеттерін дәріптеудегі мақсатымыз мұнан кейінгі зерттермендеріміз бен жас ұрпақтарымыздың пайдалануға аза да болса септігі тиер деген ойдың жетегінде осы мақаланы қалың оқырмандарға ұсынып отырмын. Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы - жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады, деп жазады Facebook желісінің "Денсаулық, жансаулық- зор байлық" тобында.
Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы.
Сонымен қатар, жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Мамандардың айтуынша жылқы етін тұрақты
3
жеу мидың ұзақ уақыт мүлтіксіз қызмет көрсетуіне септігін тигізеді. Ол үшін жылқы жүрегін пісіріп не қуырып жеу керек. Ал қақталған сүр ет бүйрек жұмысына пайдалы. Сүрленген етті әбден пісіріп, сүтпен бірге қабылдау бүйрек пен несеп жолдарына оң әсерін тигізеді.
Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.
4
2.2. Жылқының түрлері мен атаулары:
Қазақстандағы жылқы қолтұқымдары
Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі.
Оның негізгі тобын - жабы деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.
Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі (қ. Жылқы өсіру
Буденов жылқысы.
Адай жылқысы
Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы - адай жылқысы. Жергілікті халық дала көркі деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады.
Көшім жылқысы
Көшім жылқысы да халықтық сұрыптау нәтижесінде Батыс Қазақстан аймағында шығарылған. Жергілікті биелерді басқа асыл тұқымды айғырлармен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым.
Қостанай жылқысы
Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың
биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз.
Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды
Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді.
Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді.
5
Жылқы тұқымына қарай:
арғамақ
қазанат
абы
тобышақ
текежәуміт
қазақы ат
қарабайыр
пырақ
дүлдүл т.б. болып бөлінеді.
Шабыс ат:
жүйрік
тұлпар
сәйгүлік
саңылақ
бәйге ат деп бөлінеді.
Салтанатқа мінетін ат: жорға
төкпе жорға
айдама жорға
шайқалған жорға деп бөлінеді.
Мініс аттары:
Аяқ ылау
жетек ат
қосақ ат
түп ат
көсем ат деп жіктеледі.
Өсуіне қарай:
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - жылқының бір жастағысы.
Құнан - жылқының екі жастағысы.
Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 - 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
Ат - піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
6
Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе - піштірілген жылқы.
Биенің атаулары:
Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.
Сүтіне қарай биелер:
Мама бие - өте сүтті бие.
Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.
Қысырақ атаулары:
Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.
Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,
Айғырлардың атаулары:
Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.
Жылқы төлдері
* құлын (биенің жас төлі),
* жабағы (6 айдан асқан құлын),
* тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
* Ұрғашы жылқы, яғни байтал:
* құнажын байтал (2 жастан асқаны),
* дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
* дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz