Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Музыка және оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Музыкалық сабақтың мазмұны, құрылымы жоспарлау және өткізу жолдары
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Тексерген: Габбасова М.Г.
Орындаған: Мұхтарова Ж.Қ.

Орал - 2022 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.балабақшада музыкалық іс - әрекетіті ұйымдастырдың теориялық негіздері
1.1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Музыка - оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері ... ..8
1.3. Музыкалық оқу іс - әрекетінің тәрбиелік маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
ІІ. Балабақшада музыкалық іс әрекетті ұйымдастырудың практикалық негіздері
2.1. Музыкалық сабақтарды ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мәдениетті, ұлтшыл адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш ерекше ықпал жасайды, ол - өнер мен білім.
Ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге баулу, ұлттық салт - дәстүрімізді үйрету және сонымен қатар музыка тілі туралы түсінік беру.
Балаларды әсемдік әлеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына жәрдемдеседі.
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім - тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алады.
Ел болам десең, бесігіңді түзе деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу - біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді.
Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата - анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата - ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Бүгінде еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай - талай мамандық иелері шығуы әбден ықтимал.
Сол тәрбиенің бір саласы музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық эстетикалық тәрбие денегіміз - сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра білудің әдет - дағдыларын меңгеру.
Зерттеудің мақсаты: Техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену және мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, сондай - ақ сұлулықты тек көріп қана қоймай өз бойына сіңіре білуді әдет - дағдыларына айналдыру. Осы маңызды мақсатты орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек. Музыкалық қабілеттерін дамытуда музыкалық аспаптарды және музыкалық білімді ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық - ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад - биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.
5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.
8. Музыкалық оқу іс әрекетін ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таң ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Осы кезеңде де бала тәрбиесі бір сәтте назарда тыс қалмауы тиіс. Біз қаншама дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, Бала - Ұрпақ - Өркен деген ұғым өз деңгейінде болуы тиіс. Бүгінгі күннің алға қояр мақсаты - жан - жақты бала тәрбиесі. Ал, бала тәрбиесіне қазір үкімет тарапынан тиісті қамқорлық қайта қарала бастады. Мектепке дейінгі мекемелердің біразы қайта ашылып және оған деген сұраныстар көбеюде. Бұл қоғамымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі нарық кезеңінің қиындығынан өтіп, өз - өзіне келіп, адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсара бастағынының белгісі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде уақыт талабына сай жұмыс атқаруға, ұлттық негізде тәрбиелеу мәселесі қолға алынуға талпыныс сезіледі. Алыс аудандар мен ауылдарға жетпей жататын әдістемелік оқу - құралдары мен бағдарламалары көбірек шығарылып, барлық мектепке дейінгі мекемелерге жетсе екен. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз заманына сай тәлімді тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар аударылғанын қалаймыз. Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ баласының болашағы бізді көп толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің болашағы, ертеңі - ол бүгінгі өсіп келе жатқан бала екені бәрімізге белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы білікті мамандарға, тәрбиешілерге тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен ұғым, сол ұғым өз деңгейінде болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы музыкалық білім
Зерттеу пәні: балабақшада балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми - практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық процестің басты роль атқаратындығы дәлелденді. Бұл жұмысты оқығандар зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай - ақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне де пайдалы болмақ.
Курстық жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, теориялық және практикаалық бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. БАЛАБАҚШАДА МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы мерекелер мен ойын - сауықта, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тэрбие - талғамдық, эстетикалық тэрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тэрбиелеу мэселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова H., Меңжанова K., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. жэне т.б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тэрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат - біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ музыка мәдениетін зерттеген А.Алекторов, И.Андреев, А.Бимбоэс, А.Кастанье, С. Рыбаков, Г. Потанин, Н. Савичев, А. Эйхгорн сияқты толып жатқан шетел, орыс ориенталистері, кеңес дәуіріндегі А.3атаевич, В.Успенский, В.Беляев, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, П.Аравин, Г.Бисенова, А.Темірбекова, С.Күзембаева, Ү.Жұмақова, Б.Қарақұлов, С.Елеманова, А.Мұхамбетова, Қ.Жүзбасов, Алма Құнанбаева тағы да басқа көптеген музыка тарихшыларының қол жеткен табыстары аз емес.Бүгінгі музыкатанушылар ұлттық музыка өнеріміздің белгілі бір тарихи кезеңінен, яки зерттеу тәсілдерінен әрі аса алмай жатқандай әсер қалдырады. Зерттеулердің мемлекеттік тіл емес, көбіне орыс тілінде жазылатыны тағы бар. Мамандарымыздың көне дәуір жазбаларына, әдеби-тарихи мұраларымызға дендеп бара алмауы бұл саланың өрісін барынша тарылтып отыр.
Орта ғасырларда жазылған түрлі трактаттарды айтпағанда, Оғызнама, Қорқыт ата кітабы, Құтты білік, Махаббатнама, Кабуснама, Тотынама сияқты жазба әдебиет нұсқаларында жүрген музыка өнеріне қатысты деректерге, көршілес Қытай елінің ежелгі тарихи жазбаларындағы (Ши цзи) музыкалық трактаттарға, қала берді кешегі Айқап, Шолпан, Терме, Қазақ, Жас қайрат, Жаңа мектеп, Жаңа әдебиет, Әйел теңдігі газет-журналдарындағы сан алуан құнды деректерге ой бөлетін кез әлдеқашан жетті.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Музыка ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті - белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар ұжым болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі бірдей тебіреніс - толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін - бүкіл ұжым ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - әрекеттерде не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т.б. оқу іс - әрекетінің қай - қайсысы болса да өткен және алда жүргізілетін оқу іс - әрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған білімдерді тиянақтау.
Іс - әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы қарым - қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте - бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу іс - әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс - әрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - әрекетке ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл - ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - әрекеттен кейін қысқа уақыттық жеке оқу іс - әрекеттер (2 - 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 - 4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне, кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын үйретуіне т.б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен сабақтар өткізілуі мүмкін.
1.2. МУЗЫКА - ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу іс - әрекеті жұмысының нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі - бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы - осының айғағы.
Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың түбегейлі мақсат - міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Балалардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін, музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка жетекшісі мен тәрбиешінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.
Өзін қоршаған өмір мен мектепке дейінгі мекемедегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу - тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық - рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт - дәстүр, т.б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің негізгі міндеті - баланы жан - жақты әрі үйлесімді дамыту. Музыканың атқаратын міндеті де осы.
Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан - жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық - ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад - биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.
5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

1.3. МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы - оның барысында әрбір балаға жүйелі мақсатты және жан - жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық оқу іс - әрекеттері.
Музыкалық оқу іс - әрекеттері барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен оқу іс - әрекеті әуелі шағын топпен 10 - 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші топтан бастап және мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Ендігі бір қиындық - оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу: алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш әннің біреуі жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдалады ал үшіншісі жаңадан жатталады. Ритмикаға үйрету процесі де осыған ұқсас - балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс музыкалық ырғақтарды қайталайды.
Музыка - балаға эстетикалық тәрбие беру құралы. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі - музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.
Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстырған ой (ассоциациялар) туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған қуыршақ жайындағы пьеса мұңайтады, жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды әнін естігенде: Ағай өз қайғысы жайында ән айтып тұр дегені бар. Демек, ол адамның ішкі тебіреністерін бейнелеген әннің сарынын сезген.
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға шығармашылық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала сергек басып келе жатқан балаларға, маң - маң басқан аюға, үркек қоянға, т.б. тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен түрлерде қолданылады. Балалар қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта береді.
Музыка - баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нүсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық - образдық мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз.
Ұжым болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, мұндайда балалардың бәрі ортақ әсерге бөленеді. Ән айту қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әнді дәл айтпайтын адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бәрінің сәтсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың қолайлы негізін қалайды.
Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез - құлқына, мәдениетіне себін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс - қимыл түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма - кезек ауыстырып отыру балалардың ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын, ұйымшыл болуын, жігерлі күш - қимылды: әнді дер уақытында бастап, дер кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлдекімдерден озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бәрі тежеу процестерін жетілдіреді, ерік - жігерді тәрбиелейді.
Музыка - ақыл - ой қабілеттерін жандандыру құралы. Музыканы қабылдау ақыл - ой процестерімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір - бірінен өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем образдардың сипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Баланы эстетикалық және ақыл - ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой - қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау керек.
Музыкалық - ырғақ (ритмика) сәтінде балалар рахаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомима, әсіресе музыкалық - ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы қайсыбір персонажды сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды, рольдерді бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Әрбір кезеңде ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс айта білуге үйретеді (логопед - дәрігерлер тұттықпаны емдегенде ән айтқызу тәсілін қолданады), вокальдық - дыбыс координациясын қалыптастыруға көмектеседі. Ән салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп, тереңдете түседі.
Музыка мен қимылдың өзара байланысына негізделген ритмикамен шұғылдану баланың тұлғасын, координацияны жақсартады, аяқты нық басып, жеңіл жүгіретін қасиет қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен екпіні тиісінше қимыл шапшаңдығын,оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да өзгертіп отыруды талап етеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық әрекеттің басты түрі ән айту болып саналады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар есту арқылы ән айтудан нота бойынша айтуға көшетіндіктен, мектепке дейінгі мекемеде музыкалық оқу іс - әрекеттеріне белсенді түрде дайындалу үшін балалар үшін барлық жағдай жасалынуы керек.
Жүйеге түскен әндердің (ансамбльдік) дағдылары коллектив болып ән айтудағы тұрақты жаттығулар арқылы қалыптасады. Мұнда бұкіл музыкалық реңктердің ерекшелігін айтып отырудың маңызы зор. Егер балалар осы ерекшеліктердің мәнін, көңіл күйін жете білсе, онда олар мерекелік әндерді не үшін салтанатты түрде, шаттық сезіммен, бесік жырын баяу, ерекше мейіріммен айту керектігін біледі. Ең бастысы - балалар әрекеттерінің ынтымақта болуы, әрқайсысы өзін ән айтушы коллективтің қатысушысы екенін сезе білуі және өз даусын жалпы дауысқа, ырғаққа мүмкіндігінше теңестіре білуі.
Балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған дағдыларын бекітуге бағытталған жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып табылады. Егер ән айтуға үйрету кезінде мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасында сабақтастық болуы белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша. Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды (әр түрлі жағдайларға байланысты), жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке дейінгі және мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі де қиын. Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл - ой қабілеттерін, адамгершілік - еріктік сапаларын дамытуда ырғақтың қосар үлесін де бағалаған жөн.
Билерді, қол ұстасып жүрумен ән айтуды мәнерлі, дәл орындау, шығармашылық әрекеттер жасау, белсенділікті арттыру, өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады.
Балалар музыкалық тапсырмаларды орындай отырып, қимылдар сипатын теңдестіре білуді: жүру кезінде мерекелік жүрістің салтанатты, көтеріңкі көңіл күйін, орыстың қол ұстасып жүріп айтатын өлеңдерінде бір қалыпты салмақтылық жағдайды; секіру кезінде жеңіл, әсем, биікке көтерілуге, қимылдарды кеңінен жасауды үйренеді.
Қимылдардың, әсіресе би және гимнастикалық қимылдардың көлемі айтарлықтай кеңейтіледі.
Балалардың музыкалық - ойындық, би шығармасы олардың ойындарда өздігінен ойлап табушылығын, композицияларды, қол ұстасумен ән айтуды, би билеуді ойдан шығара білу мақсатын көздейді.

ІІ. БАЛАБАҚШАДА МУЗЫКАЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. МУЗЫКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ. Жұбанов, өнер зерттеушілері -- Б.Г. Ерзакович, П.И. Аравин, Б.Ш. Сарыбаев сынды ғалымдардың ұланғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр.
Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы, оның өзіне тән ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалған. Осы ғалымның еңбегінің арқасында қазақтың халық аспаптарының коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны қырыққа жуық. Аспаптарды мынадай топқа бөлген екен:
ҮРМЕЛІ АСПАПТАР -- сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней;
ПІІЕКТІ АСПАПТАР -- жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;
ТІЛШІКТІ АСПАП -- шаңқобыз;
ҰРЫП ОЙНАЙТЫН МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР -- дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау, т.б.
Осыған XIX ғасырда қазақ жеріне тарай бастаған сырнайдың (гармоника), қағаз сырнай (гармонь), ауыз сырнай (губная гармошка) сияқты түрлерін қоссақ, қазақтың музыкалық халық аспабы деген ұғымның кеңейе түсетінін байқаймыз -- дейді Ж. Рсалдин.
Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама беріп, олар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал етіп келтірейік.
ДОМБЫРА -- халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка аспабы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
Қазіргі тәрбиенің басты бағыты - оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Пәндер