Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысының білім басқармасының М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мектепке дейінгі педагогика ПЦК- сы
Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы: ... ... ... ... ... ... .. ... ..
У.А.Есмаханова
... ... ... ... ... ... . 2022ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті - мектеп жасына дейінгі балаларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері
0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
0101033 - Мектепке дейінгі ұйымардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі
МДБ-Н-18 оқу тобының студенті: Нұрымбетова Мереке Әлімжанқызы (қолы)
Жетекшісі: Маханбетәбдиева Айнұр Маханбетәбдиқызы (қолы)
Курстық жұмысты қорғаған бағасы: .
Хаттама №___ _______________________________ _____ 2022жыл
Қызылорда, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚиНЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..
2-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін тиімді қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ

1.1 Ересек топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1.2 Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері

2.1 Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
2.2 Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін тиімді қолдану әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясында Тіл туралы,Білім туралы Заңдарында, Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы, Мәдени мұра бағдарламасы,Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы , Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы,жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында: Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды, - деп атап көрсетілген. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл атты еңбегінде: ...қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек, - деп ерекше тоқталды, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылуы, қажеттігі болашақ ұрпақ дамуының қалыптасу, бала дамуының зандылықтарын, қазіргі қоғам талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді.
Орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келе, бала тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиетіне ерекше тоқталды. Ол ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ - деген еді.
Қазақ халқының педагогы М.Жұмабаев Ұлттық тәрбиенің негізі - адамгершілік тәрбиесі - деген.
Халық ауыз әдебиетінің нәрімен сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толыққанды азамат боларына шүбә жоқ. Бала бойында асыл, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда халықтық өнегенің маңызы ерекше. Асылы, тәрбиенің негізгі іргетасы адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекеттер, әңгімелер, соның ішінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы беріледі.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлықтай қызмет атқаруға арналған. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтың шығармаларын оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетінін, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
Ерте заманнан бері ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екенін дәлелдеп келеді.
Қазақ халқының көрнекті азаматтары М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б өздерінің педагогтік-ағартушылық еңбектерінде халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін көрегендікпен түйсіне отырып ұсынуда, оны тәрбие құралы деп санап, оған дидактика тұрғысынан мән бергендігін атап айтқан.
Ертегілер - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп халықтық даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен бүгінгі ұрпаққа жеткен. Оларды зерттеп, жинаған орыс ғалымдары Андросова В.И., Керимов Л., Пралиев С., Сәтімбеков Р.С., ВыготскийЛ.С. т.б болса, сол кездегі қазақ ойшылдары Табылдиев Ә., Баймұратова Б.,Меңжанова А.К.,Әмірова Ә., Әбілдина С.Қ., т.б. Сонымен қоса М.Әуезов, С.Сейфуллин , М.Ғабдуллиндердің қазақ ертегілерінің жанрлық ерекшеліктері мен мазмұнын зерттеуге көп мән берген. Еңбектерде ертегілер арқылы балалардың адамгершілік тәлім-тәрбиесінің дамуына ықпал жасалатыны айтылған. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әділеттілікке үйрететіні көрсетілген.
Адам өмірінде кездесетін жайттардың, яғни жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, ерлік пен ездіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б ара жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашатыны түсіндірілген.
Қазақ халқында мектепке дейінгі тәрбие, баланы балабақшада тәрбиелеу жөніндегі ең алғаш еңбекті Нәзипа Құлжанова (1887-1939) жазған Мектептен бұрынғы тәрбие (алғы сөзін жазған А.Байтұрсынов), Кошкимбаев Р.Х. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойнның маңызын қарастырған [31], Қоқымбаев Т.И. халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі ролін дәлелдеген [32].
Қазіргі кезеңде Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика оқулығында А.В.Андросова, Б.Арзанбаева, Б.Б.Баймұратова,С.Г. Бәтібаева, Н. Баримбеков, Ә.С. Әмірова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, А.К. Меңжанова, Г.Ж. Меңлібекова, Т.А. Макеева, Қ.М. Меңдаяқова, Г. Метербаева, Т.А. Левченко, А.Е. Манкеш, М.Т. Тұрыскелдина, Ж.А. Исмайлова, Т. Иманбеков, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, О.Жұмадиллаева, М.С. Сәтімбекова, А.Ж. Салиева, Ш.Сапарбаева, Н.Сайлауова, Ғ.З. Таубаева, Х.Т. Шерьязданова, А.А. Нурахунова, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған дығын зерттеген. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады. Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі. Зерттеудің пәні: Халық ауыз әдебиеті - мектеп жасына дейінгі балаларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды теориялық тұрғыдан талдау және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін анықтау;
- Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін қарастыру;
- Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.
-Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің тиімділігін тексеру.
1.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚиНЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.
Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Қоғамның тарихи даму тәжірибесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Соның ішінде философия ғылымы адамгершілік тәрбиесін ең негізгі проблема деп қарастырды. Ал, жалпы педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, оның ажырамас бөлігі деп ссептейді. Ол әруақытта да философия, социология, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Ғылыми диалектикалық дүниетанымы ілімі - адамгершілік тәрбиесі теориясы мен практикасының методологиялық негізі болып есептеледі.
Дүниені ғылыми танып-білу табиғаттың біртұтастығы, табиғат пен қоғам құбылыстарының өзара байланысы және олардың даму заңдарының бір-бірімен сабақтастығын ғылым аралық байланыс білдіреді.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр.
Адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым қоғамның, рухани мәдениеттің бір көрінісі ретінде өмірдің тарихи-әлеуметтік мәнін, міндетін айқындайды.
Біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың адамгершілік саналылығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамгершілік, оның негізі немен анықталатынын зерттеу қажет.
Адамгершілік тәрбие теориясы үшін аса маңызды ұғымдар этика (әдеп), мораль және адамгершілік болып табылады. Этика ұғымы ежелгі гректің этос деген сөзінен шыққан.
Адамгершілік термині мораль сөзінің баламасы болып табылады және сөздіктерде алғаш рет XVIII ғасыр аяғында пайда болды деп қарастырады.
Біздің зерттеуіміз үшін адамгершілік тәрбие санаты (категориясы) тірек ұғым болғандықтан, оған кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.
Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде адамгершілік тәрбиесі жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Адамгершілік деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. Сондықтан мұның анықтамасына талдау жасауда оның қандай факторлармен байланысты екенін анықтап алу керек. Ең алдымен, адамгершілік әлеуметтік, экономикалық бағытпен байланысты. Бұл адамгершіліктің әлеуметтік негізін көрсетеді. Тарихқа көз жіберсек адамгершілік ұғымы көп ғасырлар бойына діни көзқарас негізінде түсіндірілді, одан біртіндеп таптық негізде түсіндірілді, ал қазіргі ғылым адамгершілік ұғымын рухани, мәдени негізде түсіндіреді.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.
Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.
И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз - ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.
Тұжырымдай келе адамгершілік - адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі.
Ыбырай Алтынсарин.
Адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін ұйымдастыру процесіне, ойын және оқу ісінде жоспарды түрде іске асады. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әлі саналы атқаруына қол жеткізеді.
Адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты,мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға,кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Өзін-өзі тану пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге,отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйретде Өзін-өзі тану пәнінің үлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді. Адамгершілік-әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуіне және өзінің өзегінен жасанды идеялармен айырылып қалған адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен, жағымсыз, нашар келбеттің пайда болуына душар етеді. Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиеленушінің сезімі, мінез-құлқы, сапасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру делінеді. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, қайырымдылық бұл-адамгершіліктің жоғарғы құндылығы. Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыптарында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қ.Бөлеев балаға ұлттық тәрбие беруде ұстаздарды сол мақсатқа лайық етіп дайындауымыз керек - дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалаптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Адамгершілік тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ болады деп ойлаймын.
Халақ педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанымыз, сеніміміз-адамгершілігімізде болуы керек деп ойлаймын.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз - дегенлбболатын.
Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан жанұя тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда, қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.
Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер негізінен, ата-аналар. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.
Абай Құнанбаев былай дейді: Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұяда алады. Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз.
Қ.Жарықбаев психологиялық еңбегінде Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше - деген болатын.
Ата-аналар шын беделге ие болған жанұяларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz