Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Орта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі қалалар, олардың дамуы
Олардың рухани және материалдық дамуындағы рөлі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Қазақстан жеріндегі және Орта Азия елдеріндегі отырықшы елді мекендер мен қалалардың дамуын зерттеу, археологля ғылымында аса маңызды мәселелердің бірі. Қазақ тарихында зерттелмей жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі ортағасырлардағы қалалар тарихы. Қалыптасудың ұзақ кезеңінен өткен, көптеген тайпалар мен халықтар қатысқан қазақ халқы Еуразия тарихында маңызды орын алады және ежелгі этностардың бірі болып табылады. Ол оның қалыптасуына қатысқан барлық халықтардың мәдени мұрасының мұрагері болып табылады, сондықтан қазақ халқы мәдени тұрғыдан ең бай халықтардың бірі болып табылады. Қазақтардың мәдениеті ХХ ғасырға дейін біраз бөлігі көшпелі болып келді, бірақ соған қарамастан көптеген мыңжылдықтар ішінде басқа халықтардың күрделі де қызықты мәдениеттерінің даму жолынан өтті. Көшпелі қазақтар Батыс пен Шығыстың танымдық формаларының синтезі болып табылатын өзінің ойлау тәсілі мен қоғамдық ұйымын қалыптастырды. Осы араласудың нәтижесінде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жақсы дамыды.
Әлемдік тарих ғылымында отырықшы және көшпелі халықтардың өзара қарым-қатынасы проблемасына, көшпенділер өміріндегі егіншілік және қала мәдениетінің маңыздылығына көп көңіл бөлінеді.
Қазақстанның кең байтақ аумағында ежелден отырықшы және қалалық мәдениетті дамытудың ірі тарихи-мәдени салалары ерекшеленіп келеді. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу болды. Ол Орта Азия, Орталық Қазақстан, Сібір және Орал арасындағы аумақты алып жатыр. Онда үш аудан ерекшеленеді - Оңтүстік - Батыс - Сырдария алқабы, Оңтүстік - Жетісу - Талас пен Шу өзендері аралығы, Солтүстік - Шығыс Жетісу - Іле алқабы. Облыс егіншілік оазистері мен көшпелі даланың түйіскен жерінде орналасқан. Қазақстанның диқаншылары мен малшыларының, отырықшылық пен көшпеліліктің, қалалар мен даланың өзара әрекеттестігі алуан түрлі болды: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық.
Ерте орта ғасырлар кезеңінде (VI - XII ғғ.) Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдениеті туралы жазба, археологиялық және эпиграфиялық (құлпытастағы жазулар) дереккөздер хабарлайды.
VI-XII ғ. алдыңғы дәуірдегі тайпалар мен халықтардың мәдениетімен байланысты және табиғи, экономикалық және саяси жағдайларға байланысты әр түрлі дамыды. Мәдениеттің дамуына Ұлы Жібек жолында жүзеге асырылған Қазақстан халқының Қытаймен, Орта Азиямен, Еділ Болгариясымен, Киев Русімен сауда байланыстары ықпал етті.
Осы уақыттың мәдениетінде қалалардың өсуі, қала өмірінің өсуі тән. X-XII ғасырларда Қазақстанда қалалардың жылдам өсу процесі, қала өмірінің айтарлықтай жандануы жүрді.
Еліміздің оңтүстік бөлігімен өткен Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан қалаларының дамуына үлкен әсер етті. Тауарларды тасымалдай отырып, Қытайдан, Үндістаннан, Византиядан және Персиядан келген мыңдаған керуендер сауданың дамуына және Қазақстан аумағындағы қала өмірінің өркендеуіне ықпал етті. Керуендерден басқа, Ұлы Жібек жолымен мыңдаған көшпенділер жүрді: скифтер, болгарлар, печенегтер, ғұндар, сарматтар, аварлар және басқалар. Олар қолөнершілермен, саудагерлермен және жақсы өмір іздегендердің барлығымен бірге шағын ауылдарға қарай бет алды. Осылайша шағын тұрақ ауылға, ал олар уақыт өте толыққанды қалаға айналды. Қалалардың өсуі ортағасырлық Қазақстанның мәдениетіне әсер етті. V-X ғасырлар кезеңінде көшпелі халықтардың көп болуына байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар гетерогенді болды. Сондықтан біртұтас мәдениеттің қалыптасуы біртіндеп жүрді. Ағаш, сүйек және тас оюлары, қару-жарақ және темір ұстасы, зергерлік және қыш өнері дамыды. Қалаларда жазу пайда болды.

Негізгі бөлім

Қазақстанның кең аумағында ежелден отырықшы, ал орта ғасырларда қала өмірімен сипатталатын ірі тарихи-мәдени аудандар болған. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары осындай болды. IX-XIII ғғ. басында тау етегінде Жаңа Джумишлагу және Манкент қалалары пайда болды. Фараб округінде Отырардан басқа Кедер, Весидж және Борух қалалары пайда болды. Шавгарда Яссы мен Шагилжан, Карнак және Карачук, Шур (Сури) пайда болады. Ақпарат көздерінде алғашқы үлкен қалалардың бірі Сауран, ал Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Янгикент, Дженд, Асанас, Барчикент қалалары пайда болды. Қаратаудың солтүстік беткейлерінде Балаж және Берукет, орта Сырдарияда - Сүткент қалалары болған.
Қазақстанның оңтүстігінде ортаазиялық қалашықтар сияқты үш бөліктен - цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Цитадель - қаланың немесе бекіністің ең бекіністі орталық бөлігі, өзін-өзі қорғауға бейімделген, шабуыл кезінде қорғаушылардың соңғы панасы. Қалалардың цитадельдерінде билеушілердің сарайлары болды, олардың интерьері суреттермен, сазбен және оюланған ағашпен безендірілген. Шахристан - қаланың негізгі өзегі (билеуші мен бай қожалардың резиденциясы), оның ішінде цитадель болған және қабырғалармен қоршалған. Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері. Сырдариядағы Құйрықтөбе қалашығының оңтүстік-шығыс бөлігінде XI -- XII ғғ. басындағы орамдардың қалдықтары ашылған, олардың әрқайсысында тиісінше 8-ден 10-ға дейін үй болған. Қаланың қазылған кварталдарының бірі қолөнер мамандығына ие болды - оны қышшылар мекендеді.
Қарастырылып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымындағы жаңа элемент - мешіт. IX -- XII ғасырлардағы жазбаша еңбектерде қалаларды сипаттау кезінде мешіт, оның қалада орналасуы туралы міндетті түрде айтылады. Қала өміріндегі маңызды рөл базар мен сауда ғимараттарына тиесілі болды. Араб авторлары қалаішілік нарықтарды "сук" және "асвак", парсы нарықтарын "базар" деп атайды. Базарлар шахристанда және рабад аумағында болуы мүмкін. X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда болды. Біраз уақыт бұрын олар Орта Азияда салына бастады. Үлкен қалаларда бірнеше ондаған монша болды. Қоғамдық ғимараттар қатарында монша көрнекті орынға ие болды. Отырардың рабадында XI -- XII ғғ. екі монша қазылды.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы - шығыста Талас Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань - Цяньнің Сапарнамасында ел Ақ өзендегі қала деген атаумен еске алынған.
Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. Сайрам - деп жазды ол, - Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал - Мединат ал - Байда) атауы. Мұны Сайрам деп те атайды Испиджаб атауы соғды ішінде Ақ су мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса Ақ өзендегі қала Испиджаб Сайрам деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі айғақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб - Сайрам Х ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңгүстігіндегі ең ірі қалаға айналады. Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды.
Х - ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазады: Испиджаб - шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан (орталықтан), қамал мен рабадтан (керуен-сарай) тұрады. Қамал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатытын оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай (20 км). Мединеннің төрт қақпасы: Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бұхара кақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединаға орналасқан. Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж (салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ. Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана смес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім.
Қалада сауда құрылыстары - керуен сарайлар мен тимдер көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бұхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI-ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді.
Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығыска әйгілі еді - одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.
Керуен жолдары бағыты бойынша алғанда оңтүстік беттегі Бұхара қақпасы арқылы қалага Шығыс елдерінің тауарлары әкелінетін. Шамамен, батыр бетте болған Пулжкет қақпасы Талас аңғарына орналасқан Дех Нуджикет қаласының атауымен аталған болса керек. Бұл шағын қаланың алқантың тура даламен шектесетін шекарасында тұрды да ет пен мал саудасы сол арқылы жүрді.
Солтүстік қақпа арқылы шығатын керуен жолы Сырдария бойында отырған Отырар, Сауран, Дженд пен Янгикент қалаларын аралап өтетін. Испиджаб төнірегінде кіші қалалар мен қыстақтар болған, ол туралы Х- ғасырда ал-Истархи былай жизады: Оның құрылыстары саз балшықтан жасалған, оның базарлары жеміс-жидекке түнып түр, онда түрлі өнім көл-көсір және сан-алуан пайдалы заттар да көп. Оның айналасы толған қалалар мен қыстақтар. Қазба деректер олардың ішінде Манкет (Манкент), Джумишлаг, Газгерт, Харлуг атауларын атайды.
Өз округімен іргелес қалаларды қосып алғанда Испиджаб Сайрам халқы өте тығыз орналасқан аудандардың бірінен саналатын. Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық түрған. Қала халқының көшпенді жұртшылықтың тұрақты түрде отырықшықлықты бастауы есебінен өсіп отырды. Мұны ортағасыр авторларының деректері де далелдей түседі. Мәселен, Шахмуд Қашқари VI- VIII ғасырларда осы жерге ауысып қоныстанған соғдыларды XI-ғасырда түркілер өздеріне сіңіріп алғаны жөнінде жазады.
Баласағұн тұрғындары соғдыша да, түркіше де сөйлейді. Тараз бен Ақ дала тұрғындары да сондай деп қала тұрғындары туралы жазылып кеткен. Осы кезде кала жұртшылығы арасында ислам діні кең түрде тарайды. Жоғарыда айтып кеткендей қаланың маңызды құрылыстарының бірі мешіт болды. Өлікті жерлеудің мұсылманша салт-дәстүрі таралады, араб жазуы өріс алады. Дегенмен, жаңа діннің таралуына қарамастан, ескі діни рәсімдер мен табынушылықтар да жұртшылық арасында сақталып қала береді. Ертеректе Испиджаб буддизмді таратушы орталықтардың бірі болған. Археологтар дүниеден баз кешкен буддашыл диуаналар баспаналаған қала сыртындағы ғибадатханалар мен үңгірдердің қалдықтарын тапты. Буддизмнің, христиан дінінің, пұтка табынушылар дінінің дәстүрлері ерте ислам діні дәуірінде де сақталған болуы керек.
Қалада қолөнер кәсібі жоғары дамыды. IX-Х ғасырда Испиджабтың және Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалаларының қыш көзе жасаушылары құйма керамика дайындауды үйреніп алды. Шыны ыдыстар жасау ұсташылық, дәрігерлік кәсіптер, зергерлік әшекейлер жасап шығару өрістей түсті. Қала суармалы алқаптардағы ірі егіншілік орталығы да болды, егіншілікпен қала тұрғындарының өздері айна оның базарлары жеміс-жидекке тұнып тұр, онда түрлі өнім көл-көсір және сан-алуан пайдалы заттар да көп. Оның айналасы толған қалалар мен қыстақтар. Жазба деректер олардың ішінде Манкет (Манкент), Джуми-шлаг, Газгерт, Харлуг атауларын атайды.
XI-XV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі бірте-бірте соған ауыса берді. Шымкент - елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафаддин Али Иаздидің Зафар - нама шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ғана еске алынады. Алайда, қала тарихы мыңдаған жылдар тереңіне бойлап кетеді. Шымкент ауданындағы мәдени өмірдің одан әрі дамуының кезекті дәуірі, Оңтүстік Қазақстанның барлық жеріндегі сияқты, артына көптеген елді мекендер мен қорған-мазарлар қалдырсан сақтар тайпаларымен тығыз байланысты.
Шымкент территориясында және оның таяу тәңіректерінде бірнеше елді мекендер болғаны белгілі. Олардың бірқатары осы күнгі құрылыстары қолымен қирап та үлгерді. Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған әлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы - Отырар. Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады. Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соңды көпестерінін отар иеліктері елеулі оң әсерлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Испиджаб, Тараз, Хамукет қалаларына қарағанда Отырар даланың малшы тұрғындары үшін өз қаласы болды және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне етене жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары меп дос-жарандары, өз халқы өмір сүрді.
Түркістан алқабы VIII ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты XII ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы - Түркістан Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған алқапқа қарасты Икан, Қарашық, Ұйыңқы, Сури қалаларының ішінде ол әрдайым ең бастысы болып келген.
Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістанның өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған XIII ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігін йемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар болуы әбден айғақ. Аясы - Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде қырдаланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген Солтүстік жағындағы өзбек (қазақ) жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шекарасына дейін... Иасыға заттар мен сирек бұйымдар (нафаис) жеткізіледі. Мұнда (олар) саудаға түседі. Бұл (әртүрлі елдердің) саудагерлері мен жолаушыларыйың аялдайтын жері Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың та орталығы болған, құдықтың куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы. Мир-Қара-Су, Шортаң, Қарабұлаң, Садай-бұлақ, Ақ-тепе, Ұр-жар, Мыш, Ақ-Зұлқия және т. б. арықтар айналасындағы суармалы жерлер аталған. Тараз Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі. Жамұқатпен бірге ол тіпті VI ғ. аталған. 568 - жылы бұл Талас жағасындағы далада түрк қағаны Дизабуланың керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. 629 жылы Тараз (Далосы) туралы Сюань-Цзян былай деп жазады: Цзяньцюаньнан батысқа қарай 140 - 150 ли жүргеннен соң, біз Далосы қаласына келдік. Қаланың шеңбері 8 - 9 ли. Онда әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилар (соғдийлықтар) аралас тұрады. Жері мен ауа-райы Суйядағыдай. Оның оңтүстігіне қарай 10 ли шамасындай жерде 300-ге таман үй-жай қоныстанған. Оңаша тұрған кішігірім қала бар. Қала тұрғындары орталық патшалықтан шыққан адамдар. Бір кезде олар Туцзюэмен тұтқынға алынған, бірақ қейін келе жерлестікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті (VI - XVII ғғ. )
Қала құрылысы
Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
Қазақстанның ежелгі қалалары
Қазақ ақын жыраулары
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Қазақстанның ежелгi қалалары жайлы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Пәндер