БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандық: Шетел филологиясы

Кәсіби-қолданбалы жоба

Қазіргі түрік және қазақ БАҚ материалындағы эвфемизмдердің қолданылу ерекшеліктері

Modern Türk ve Kazak medyasında örtmece kullanımının özellikleri

Особенности употребления эвфемизмов в современных турецких и казахстанских СМИ

Features of the use of euphemisms in modern Turkish and Kazakh media

Орындаған:

Избасаров Дінмұхамед

Ғылыми жетекшісі:

Проф., Ахмет Аляз

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

Бүркітбай Г. Ж.

Алматы 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 тарау эвфемизмдерді зерттеудің теориялық негіздері

1. 1 Эвфемизм ұғымы және классификациясы

1. 2 Эвфемиздердің құрылымдық және қолданыс аспектілері . . .

2 тарау ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ

2. 1 Қазіргі түрік және қазақ БАҚ материалдарында эвфемиздерді қолданудың маңызы

2. 2 Эвфемизмдердің қазіргі түрік және қазақ БАҚ материалдарындағы қолданысына салыстырмалы талдау

Қорытынды . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . .

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Тілдің дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Тілдің жаңа бірліктерін дамыту мен қалыптастыруда БАҚ өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта ақпаратты алудың түрлі тәсілдері бар. Кез келген тәсіл жағымсыз мәндегі сөздерді қолданбау мақсатында эвфемизмдердің көмегімен жүзеге асырылады.

Әлемнің барлық тілдеріндегі сияқты түрік және қазақ тілдерінде де жағымсыз, дөрекі немесе орынсыз сөздер бар, міне сондай сөздерді басқа сөздермен алмастырады, мұндай сөздер эвфемизмдер деп аталады. Барлық басқа халықтардағы сияқты эвфемиздер қазақ және түрік халықтарының тілі мен мәдениетінде кеңінен орын алған. Күнделікті өмірде дөрекі немесе жағымсыз сөздерді қолдану кездесіп жатады, сондай жағдайда мұндай сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен алмастырып жатамыз. Белгілі бір сөздерді сыпайылап, жұмсартып қолдану барысында эвфемизмдердің маңызы зор.

Соңғы жылдары БАҚ материалдарында коммуникативтік қақтығыстарды болдырмау, адресат үшін теріс ақпаратты жасыру мақсатында эвфемизмдер белсенді түрде қолданыла бастады [1, 29] .

Эвфемиздер дүние жүзі бойынша кеңінен зерттелгенімен, әлі де ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Сондай-ақ, эвфемиздер орыс тілінде терең зерттелгеніне қарамастан, қазақ және түрік тіл білімінде әлі де зерттеуді талап етеді. Қазіргі БАҚ мәтіндеріндегі эвфемизмдердің қызметінің қазақ және түрік тілдерінде жан-жақты зерттелмегендігі жұмыстың өзектілігін арттырады. Осы тұрғыдан алғанда, БАҚ-тағы эвфемизмдерді зерттеу ана тілінде сөйлейтіндердің әлеуметтік-мәдени және сөйлеу бейімділігін сипаттауға мүмкіндік береді. Дәл қазіргі уақытта БАҚ саласы әлеуметтік-мәдени шындықты бейнелеу, қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады.

Зерттеу мақсаты. Түрік және қазақ БАҚ материалдары негізде екі тілдегі эвфемиздердің қолданыс ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Сонымен қатар қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемиздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы шарт:

-қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемизмге байланысты ғалымдардың жазған еңбектерін оқып, талдау;

  • қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемизмдерге классификация жасау;
  • БАҚ материалдарында эвфемиздердің қолданылу жиілігін анықтау;
  • эвфемиздердің жасалу жолдарын стилистикалық тұрғыдан қарастыру;

- қазіргі қазақ және түрік БАҚ материалдарындағы эвфемизмдерді кешенді талдау.

Зерттеу нысаны. БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер.

Зерттеу пәні. Бұл жұмыстың зерттеу пәні - қазіргі БАҚ материалдарындағы эвфемиздердің қолданылу ерекшеліктері.

Зерттеу әдістері. Материал жинақтау, жүйелеу, талдау, салыстыру, қорытындылау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Эвфемиздерге байланысты орыс тіліндегі зерттеулер өте көп. Соның ішінде Б. А. Ларин, В. П. Москвин, В. В. Панин еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Қазақ тіл білімінде эвфемизмдер Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев сынды ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Түрік ғалымдарынан Саадет Чағатайдың, Ахмет Гүнгөр еңбектерінде эвфемиздер мен олардың түрлері кеңінен қарастырылған.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ және түрік басылымдары басшылыққа алынды. Сонымен қатар жұмыс тілдік материалдарды жинақтау, сипаттау, жүйелеу, талдау, түйіндеу негізінде орындалды.

Ғылыми жаңалығы. Эвфемиздер қазақ және түрік БАҚ материалдары негізінде алғаш рет қарастырылды. Екі тілдегі эвфемизмдердің стилистикалық ерекшеліктері мен қолдану жиілігі анықталды.

Зерттеу нәтижесі. ғылыми мақала

  1. тарау ЭВФЕМИЗМДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІЭвфемизм ұғымы және классификациясы

Кез-келген халықтың тілінде орын алатын ең кең этнографиялық лексикалардың бірі эвфемизмдер болып табылады. Эвфемизмдерді этнографиялық лексикаға жатқызудың себебі, олар негізінен халықтық нанымдармен, әдет-ғұрыптармен және дәстүрлермен байланысты болып келеді. Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген эвфемизм терминінің жалпы тіл біліміндегі орны ерекше. Қазіргі уақытта эвфемизм термині дөрекі сөздерді ауыстыру мағынасында әртүрлі аспектілерде қолданылады. Сөйлеу барысында эвфемизмдерді кеңінен қолдану этикалық, эмоционалды-психологиялық, эстетикалық, жалпы мәдени іс-әрекеттің көмегімен қарым-қатынастың сәтті аяқталуына әсер етеді. Жалпы тіл біліміндегі эвфемизмдердің теориялық негіздері Б. А. Ларин, В. П. Москвин, В. В. Панин және т. б. еңбектеріне негізделеді. Қазақ тіл білімінде звфемизмдерді зерттеуге арналған бірқатар еңбектер бар, солардың қатарында Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев сынды ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Түрік тілді ғалымдар Саадет Чағатай, Ахмет Гүнгөр, Сейфуллах Түркмен түрік тіліндегі эвфемиздерді (örtmece) тереңінен зерттеген.

Аталған ғалымдардың зерттеулері негізінде «эвфемизм» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Қарастырылып отырған ұғымның мәнін толық ашу үшін О. С. Ахманованың басшылығымен шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікке» жүгінуді жөн көрдік. Бұл сөздік эвфемизмдерге қатысты эвфемизмдердің дөрекі немесе әдепсіз деп саналатын сөздердің орнына синоним ретінде жұмсалатын эмоционалды бейтарап сөздер болып табылатындығын білдіреді [2, 592] . Лингвистикалық әдебиеттерде және эвфемия мәселелеріне арналған заманауи зерттеулерде ұсынылған эвфемизмдердің көптеген классификацияларын арасынан В. В. Паниннің классификациясын атап өтуге болады. В. В. Панин саяси эвфемизмдерді екі үлкен топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топ: кемсітушіліктің әртүрлі түрлерін жоққа шығару үшін қолданылатын эвфемизмдер;

Екінші топ: саясат пен экономикадағы жағымсыз салдарлардан алыстау мақсатында қолданылатын идеологиялық эвфемизмдер [3, 11] .

В. В. Паниннің осы мәселеге қатысты пікірін біз де құптаймыз, өйткені біздің зерттеу тақырыбымыз БАҚ беттеріндегі эвфемиздердің басты ерекшеліктері де осыған негізделеді. БАҚ беттерінде саяси эвфемиздерді орынды қолдану ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алады деуге болады. Эвфемиздерді қолдану адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу, әлеуметтік теңсіздік мәселелерін алдын алу және адамдардың мәртебесін көтеру мақсатында туындаған. Жалпы, билік пен олардың қызметін сипаттау үшін де эвфемистік тіркестер қолданылып жатады.

Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамның белгілі бір топтары үшін қолдануға болмайтын теріс мәндегі сөздер болады, мұндай сөздерді эвфемизмдер қатарына жатқызуға болады. Мысалы, «үйсіз», «мүгедек», «жетім» және т. б. сөздерді эвфемиздермен алмастыру арқылы теріс мәндегі сөздерді жоямыз. Сондықтан осындай топтағы сөздер үшін эвфемизмдерді дұрыс қолдану маңызды болып табылады.

Табу мен эвфемизмдердің бір-бірімен байланысы даулы мәселе. Алайда, табу мен эвфемизм арасында байланыс бар екендігін көптеген зерттеушілер жоққа шығармайды.

Б. А. Ларин эвфемизмдерді төмендегідей түрлерге жіктейді:

1. Жалпыхалық қолданатын ұлттық әдеби тілдің түрі;

2. Классикалық және кәсіби эфемизмдер;

3. Тұрмыстық эвфемизмдер [4, 16] .

Осы ретте Б. А. Ларин атап көрсеткен тұрмыстық жағдайда қолданылатын эвфемизмдер өз бастауын айтуға тыйым салынған табу сөздерден алғандығын атап өткен жөн. Қазіргі күні де эвфемизмдерді пайдаланудың мақсаты - сөйлеу әдебін, сөйлеудің жағымсыз жағдайларын сыпайы түрде жеткізуді көздейді.

Эвфемизмдер түрік тілінде Örtmece деп аталады, бұл ұғым «iyi adlandırma (әдемі атау), güzel adlandırma, güzelleme (әдемілеу) » сияқты атауларға ие. Бір ұғымның осындай түрлі атауға ие болуынан оған деген қажеттіліктің көп екендігін және жиі қолданылатындығын аңғаруға болады.

Түрік тілі сөздігінде эвфемизм (örtmece) ұғымына «söylenmesi kaba veya sakıncalı görülen kavramların, başka kelimelerle daha uygun ve edepli bir biçimde anlatılması” (айтылуы дөрекі немесе тыйым салынған ұғымдардың басқа сөздермен қолайлы және әдеби түрде айтылуы) деп анықтама берілген [5] .

Тіл мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және әрқашан әлеуметтік-мәдени жағдайдың негізгі құралы ретінде әрекет етеді. Кез келген ұлттың сөздік қорының болуы этникалық және мәдени ойлаудың сабақтастығын қамтамасыз етеді, ол этномәдени нормалардың ерекшеліктерін көрсетеді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Кез-келген лингвистикалық ұғым сияқты, эвфемизмнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Эвфемизм және ерекшеліктерін анықтау, ұғымның өзін түсіну және оның қолданылуын анықтау өте маңызды. Барлық эвфемизге қатысты айтылған пікірлерді сараптай келе, оның үш айқын ерекшелігін атап көрсетуге болады. Осы ерекшеліктерді кеңінен талдау эвфемиздердің қолданыс аясын және өзіндік ерекшеліктерін айқындайды.

Эвфемизм тіл біліміндегі жаңа терминдердің бірі. Себебі, айтылуына тыйым салынған не болмаса айтылуы қолайсыз сөздер басқа ұғымдармен тіл біліміндегі табуды алмастыру үшін қолданылуда. Қазақ тілінде түрік тіліне қарағанда табу сөздердің қолданылу аясы кеңірек. Сол себепті де табу сөздер, одан шығатын эвфемиздерге қазақ тілі бай.

Барлық мәдениетте табу ретінде қолданылатын және ауызға алуға келмейтін, қорқынышты құбылыс немесе заттар бар. Айтуды жөн көрмейтін ұғымды басқаша атау қай салада болмасын кездеседі. Атап айтсақ, мұндай ұғымдар ауру аттары, өлім, қорқыныш, кейбір наным-сеніммен қатысты ұғымдармен қолданылады. Басқа жағынан алып қарағанда эвфемизм сөздер қай тілге тиесілі болса, сол тілдің сөздік қорын бейнелейді. Бір қоғам үшін эвфемизм болып табылатын сөздер басқа қоғам үшін қалыпты сөздер болуы мүмкін. Себебі, эвфемизмдер сөздердің жасалуына қарай әр қоғамда әртүрлі және әр мәдениетке сай өзгеріп отырады [6, 157-158] . Расында да, бір тілде дыбыстық жағдайлар алдыңғы қатарда болғанымен, кей тілде сөздің мағыналық жағы маңызды болып табылады. Бір ұғым тілде қаншалықты жиі қолданылса, сол ұғыммен қатысты жасалған сөздер саны артып отырады.

Белгілі ғалым Ә. Ахметов эвфмемизмдерді (örtmece sözü) түрін өзгерткен табу немесе тура айтуға тыйым салынған ұғымдар не болмаса табудың синонимі деп қарастыратынын атап айтқан [7, 7] .

Әлемнің түрлі тілдерінде эвфемиздерге анықтама берілген. Соның бірі түрік ғалымы Доған Аксанның «güzel adlandırma», «iyi adlandırma», «örtmece» терминдерімен берген эвфемизм ұғымы кейбір сөздер мен құбылыстарды жағымсыз әсер ету жағынан алдын алу мақсатында қолданылады (kimi varlıklardan, nesnelerden söz edildiğinde kötü izlenim ve çağrışımların önlenmesi amacına yönelen bir değiştirme olayı) деген тұжырымға негізделеді [8, 100] .

  1. Эвфемиздердің құрылымдық және қолданыс аспектілері

ХХ ғасырдың аяғы-ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмір, ең алдымен, маңызды әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістермен, маңызды саяси және әлеуметтік оқиғалармен сипатталады. Осындай оқиғалар қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларында қарқынды өзгерістер тудырды және қазіргі әлеуметтік-саяси және эвфемистік лексикаға үлкен әсер етті.

Қазіргі уақытта Бұқаралық ақпарат құралдарында әскери, ұлтаралық және этносаралық қақтығыстарды жариялауға деген қызығушылықтың артуы байқалады [9, 3] . БАҚ тілі тілдік құрылымды қалыптастыру мен лексикалық байытуда маңызды рөл атқарады. Бұл қазіргі адамның қоғамдық-саяси өмірі мен іс-әрекетімен бірге жүретін, тілдің лексикалық құрамындағы барлық өзгерістерді нақты көрсететін барлық мүмкін прогрессивті жаңалықтарға алғашқылардың бірі болып жауап беретін БАҚ болып табылады. Белгілі бір контексте жаңа лексиканың әртүрлі мағыналары мен формаларын үнемі қолдану арқылы эвфемизм ұғымы тілдік құралға жатады.

Сөйлеу кезіндегі эвфемизмдердің кең қолданысы этикалық, эмоциональды-психологиялық, эстетикалық, жалпы мәдени қызмет атқара отырып қарым-қатынастың сәтті аяқталуына ықпал етеді. Сондай-ақ эвфемизмдер стилистикалық қолданыстар жүйесіндегі фигуралар арасында да ерекше қолданысқа ие. Бұл жайлы жалпы тілтанымдағы ғалымдардың пікірлері бірін-бірі толықтырады.

Эвфемизмдердің негізгі белгісі - белгілі бір затты жанама түрде атау. Сөйлеуші эвфемизмнің көмегімен бір жағынан өзінің тыңдаушысына сыпайылық танытса, екінші жағынан сол мезеттегі қолайсыздықты білдіртпеуге тырысады. Ал эвфемизмдердің ауызекі тілдегі қолданысын интеллектуальды ойын түріне ұқсатуға болады. Мәселен, ондағы өзара қарым-қатынасқа түсуші екі адамның қарым-қатынасын мәселен, бірі - ойын жұмбақ түрінде берсе, екіншісі оны шешуге тырысады

Жалпы тілтанымдағы эвфемизмдердің теориялық негіздері зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде түрлі нысанда көрсетіліп, оның тілдік материалдардағы әмбебап дамуы мен пайда болуы, ерекшеліктері ескеріледі. Эвфемизмдердің түрлі жасалу жолдарын В. П. Москвина жүйелі талдап көрсеткен. Ол эвфемизмдердің сәтті шығуындағы негізгі белгі - сыпайы әрекет, әсер деп таниды. Эвфемизмдерді эвфемизмдер семантикасы, эвфемизмдер формасы деп бөліп көрсетеді. Эвфемизмдердің басты ерекшелігі белгілі бір заттың жанама атауы болуында. Эвфемизмнің көмегімен сөйлеуші, бір жағынан, өз тыңдаушысына сыпайылық танытады, екінші жағынан, ыңғайсыздықты білдірмеуге тырысады [10, 18] .

Қазіргі Бұқаралық ақпарат құралдарында эвфемизмдер кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда эвфемизмдер басылымға қатысты сапалы, әлеуметтік-саяси немесе ойын-сауық басылымдарына арналған болып екі топқа бөлінеді. Сонымен, жеке тұлғалық эвфемизмдер БАҚ-тың екінші типтінде кең таралған. Олар ауру, өлім, адамның физикалық жағдайы және т. б. тақырыптарды қамтиды. Ауқымды аудитория үшін маңызды мәселелерді көтеретін БАҚ мемлекеттің ішкі және сыртқы мәселелері, экономикалық тұрақсыздық, халықтың туу және өлім деңгейі, халықтың қаржылық жағдайы, білім беру және т. б. сынды тақырыптарды қамтиды.

Эвфемизмдер сонымен қатар халықтың өткен тарихын және тілін бейнелейтін ескі сөздерді де алмастырады. Осы тұрғыда эвфемиздер «табуларды» алмастыра отырып, пайда болған деуге болады.

Қазіргі сөйлеу тілінде және БАҚ беттерінде эвфемиздер төмендегідей сипатта қолданылады:

  • билік органдарының және олардың қызмет сипаттау үшін;
  • биліктің қуғын-сүргін әрекеттерін;
  • соғыс қимылдары мен оларға қатысушыларды;
  • экономикалық әдістер, әрекеттер мен операцияларды;
  • әртүрлі ұлттық және әлеуметтік топтар мен олардың қарым-қатынасын сипаттау үшін [11, 29] .

Осыдан келе, БАҚ беттеріндегі эвфемизмдер бірнеше топқа бөлінетіні анықталды:

  1. Нәсілдік және этникалық дискриминацияны болдырмайтын эвфемизмдер: Азиялық, Aфрико-Aмерикалық, person of color, Inuit, байырғы адамдар т. с. с.
  2. Өлімді сипаттайтын эвфемизмдер: қайта оралмайды, дүниеден өтті, ақтық сапарға аттанды, т. с. с.
  3. Жасқа байланысты дискриминацияны жеңілдететін эвфемизмдер: кемел жас, аға, қарт, т. с. с.
  4. Бизнес және экономика саласына қатысты эвфемизмдер: айырбастау бағамын түзету, банкротқа ұшырау, рецессия (экономикалық дағдарыс), мансапты ауыстыру мүмкіндігі, ауытқу, қысқарту (жұмыстан шығару), қысқарту;
  5. Әлеуметтік мәртебені арттыруға бағытталған эвфемизмдер: үй инженері (қызметші), табытшы, ет технологы (қасапшы), шаштараз, үй қызметкері, көлік құралдары жөніндегі кеңесші.
  6. Кедейлікпен және ауыр материалдық жағдаймен байланысты эвфемизмдер: табысы төмен, айдан айға жеткізу.
  7. Психикалық және физикалық кемшіліктерді атайтын эвфемизмдер: мүгедек, иммунитеті төмен, құлақ ақауы бар, көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті нашар.
  8. Қарулы қақтығыстарға қатысты саяси эвфемизмдер: жанжалдар, науқастану, операциялар ( әскери іс-қимылдар), ауадан қолдау құрылғысы, қаза тапқандар саны, бейтараптандыру;
  9. Әйел мәртебесін көтеру мақсатында құрылған эвфемизмдер: төраға, полиция қызметкері, Жыл адамы [11, 32-33] .

Осылайша, БАҚ тілінде әртүрлі эвфемистік лексика бар екендігін байқауға болады. Олардың көмегімен дауға ұласқан ең өткір тақырыптар сипатталады.

Л. П. Крысиннің айтуынша, әртүрлі жеке салаларда адамның іс-әрекетін жұмсартатын эвфемизмдер де қолданылады. Олардың қолданылу мақсаты ұлттық және этникалық кемшіліктерді, әлеуметтік мәртебесін, физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктері, сыртқы келбетін сыпайы түрде сипаттап жеткізуде болып табылады [12, 93] .

Эвфемия әдістері тіл жүйесінде көрнекті орын алады, ал сөйлеуді эвфемизациялау-шындықтың теріс аспектілері жасырылатын, қарым-қатынас жасаушылар арасындағы үйлесімді әлеуметтік қатынастар сақталатын нақты стратегия. Эвфемизм-бұл денотаттың теріс мәнін жұмсартуға мүмкіндік беретін тіл бірлігі.

Эвфемизмнің пайда болуы белгілі қажеттіліктерге байланысты. Бастапқы кезде эвфемиздер «айтуға ұят» деген сөздерді жеткізумен шектелді. Кейіннен эвфемиздердің қолданыс аясы кеңейіп, «айтуға ұят, тыйым сөздермен шектеліп қалмай», дөрекі сөздерді бейтарап, жағымды сөздермен алмастыратынымен белгілі болды. Осыдан эвфемиздердің сөйлеушінің өзіне дөрекі көрінетін сөздерді сыпайы сөздермен алмастыру мақсатында қолданылатын айқындала түседі. Себебі, сөйлеушінің басты мақсаты тыңдаушының көңіл күйін түсірмеу. Ақпарат беруші сөздік қорынан өзінің ойлары мен сезімдерін жақсы білдіретін сөздерді таңдайды, қажет болса жаңа лексикалық бірлікті жасайды. Демек, эвфемизмдердің лингвистикалық табиғаты-олар ақпаратты қабылдаушының назарын тыйым сөздерден басқаға аударады. Осылайша, эвфемизм бір ұғымды екіншісімен алмастырады, сондықтан эмоционалды бояуы аз болады, яғни, мазмұнын таңбалаушы арқылы білдіру мүмкіндігін сақтай отырып, берілген атау үшін неғұрлым бейтарап атау таңдалады.

Эвфемизмдер құрылымдарының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Эвфемизмдер ретінде төмендегідей сөз таптары қолданыла алады:

1) жеке сөздер. Мысалы, зат есімдер, сын есімдер, етістіктер, үстеулер, есімдіктер

2) сөз тіркестері: сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер;

3) сөйлемдер [13, 48] .

Өліммен байланысты эвфемизмдерге қатысты түрік тілінде «өлді» сөзі мынадай эвфемиздермен алмастырылады: Allah’ın rahmetine kavuşmak (Алланың рақымына бөленді), canını verdi (жан берді), gözlerini (dünyaya) kapamak (көз жұмды), . gözlerini hayata yumdu (көз жұмды), namazı kılınmak (жаназа намазы оқылды), öbür dünyaya gitmek (о дүниеге аттанды), son nefesini vermek (соңғы демін үзді), yıldızı kaydı (жұлдызы сөнді) және т. б. [14, 38] .

«Gebe (екіқабат» орнына «ağır ayaklı (аяғы ауыр) », «hamile (аяғы ауыр) », «üzeri yüklü (жүкті) », «yüklü (жүкті) » және т. б.

Мұндай эвфемистік атауларды қолданудың да өзіндік маңызы бар. Себебі, бұл эвфемизмдер тыңдаушыға және оның айналысындағы адамдарға да, ауру адамға да қолайсыздық тудырмау мақсатын көздейді. Ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, эвфемиздердің ойды сыпайы жеткізуді көздейтінін байқауға болады. Сондықтан да, қазақ халқы болмасын түрік халқы болмасын әсіресе баспасөз беттерінде жағымсыз әсер қалдыратын сөздерді эвфемизмдермен алмастырып отырады. Мәселен, белгілі бір ұлт өкілдерін қытай, орыс, өзбек деп атамай «шығыстағы көршілеріміз, батыстағы көршілеріміз» деп эвфемиздермен алмастырып жеткізеді. Түрік тілінде де осы жайт «көршілес елдер/komşu ülkeler» тіркестерімен беріледі. Өзімізге белгілі «оралман» атауын халқымыз ешкімді бөліп жармау мақсатында қандастарымыз деп қолданып жүр. Бұл эвфемизммен алмастыру қолданысын да баспасөз беттерінен байқауға болады. Қазақ тілінде өзбек, қырғыз, түрік деп ұлтқа бөлмей оларды өзбек ағайындар, қырғыз ағайындар, түрік ағайындар не болмаса бауырлас халық деген эвфемизмдер қолданылады. Дәл осы ұғымның сәйкестігі түрік тілінде де қолданылады. Мысалы , «Türkiye'nin kardeş ülkeler Kazakistan, Kırgızistan, Özbekistan, Tacikistan ve Türkmenistan le arasındaki diplomatik ilişkilerinin 25. yıl dönümü Ankara'da bir programla kutlandı» (Түркиямен бауырлас елдер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан және Түркменстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы Анкарада атап өтіп өтілді) деп баспасөз беттерінде берілуі осыған дәлел бола алады[15] .

2 тарау ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ

2. 1 Қазіргі түрік және қазақ БАҚ материалдарында эвфемиздерді қолданудың маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
Табу және эвфемизм
Эвфемизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселесі
Қазіргі қазақ тіліндегі эвфемизмдердің тыйымдары мен ерекшеліктері
Саяси тілде сөйлеу
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік ерекшеліктері
Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен, әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік корының байланысын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz