Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж. Мусин атындағы көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»

МКҚК

Шетел тілі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ИМФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мамандық атауы:0111000 « Негізгі орта білім буру»

Біліктілігі 0111083 «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі»

Пәні: Білі алушының таңдау пәні

ОрындағанА. Айнур

Ғылыми жетекшісіҚамалиден А. С.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісіГ. С. Мынбаева

Хаттама № 20ж.

Көкшетау, 2019

H. 05/1-22. Басылым 2

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І- Бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі

1. 1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі . . . 5

1. 2. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары . . . 11

1. 3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 14

ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2. 1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың . . . 17

тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

2. 2. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс . . . 19

түрлері және оларды басқару

2. 3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие . . . 21

жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.

2. 4. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі . . . 23

2. 5. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен міндетері . . . 26

Қорытынды . . . 31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 33

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.

Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.

Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен өтлізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Сыныптан тыс жұмыс - бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс - шараларын ұйымдастыру болып табылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтілетінг сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымен қызығушылықтарын арттыра түседі.

3

Жұмыстың мақсаты: Оқу процесінде оқушылардың жеке адам болып қалыптасуын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап отыру.

Жұмыстың міндеттері:

а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;

б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.

Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.

Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білім жүйесін қайта құру мен ұймдастырудың басты жұмыс жоспарына тұлғаның және оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару жатады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегенннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады. ал «педагог» сөзі бала жектеуші мәнін білдіреді.

4

І- Бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі

1. 1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі

Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі - кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе кластан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны кластан тысжұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін кластан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады. Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі кластан тыс жұмыс түрлеріне:үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында кластан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Кластан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Информатикадан кластан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден кластан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Кластан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың кластан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады. Кластан тыс жұмыс-кластан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын кластан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы кластан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әртүрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамқызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Кластан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.

5

Әртүрлі кластан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

Кластан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Кластан тыс жұмыстардың түрлері: Информатика кеші; ғылыми жұмыстар; іскерлік ойындар; байқау; көрмелер; үйірме; сөзжұмбақтар құру; олимпиадалар; пәндік апталықтар; декадалар; айлықтар; танымжорықтар; саяхаттар.

Информатика кеші - бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтежесін көрсетудің өзіндік формасы.

Информатикадан викториналар -бұл өзінше іспеттес

викториналады үйірме жұмысы кезінде немесе сыныптар арсындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Іскерлік ойындар - оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы роль ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.

Информатикадан диспуттар - бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны. Сынып сағаты . Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі. Клубтық қызметтер . Оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді. Байқау - бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.

Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығын ан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.

Үйірме жұмыстарын жүргізу.

Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі. Сөзжұмбақтар құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялар өзіндік бақылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және ңәтежелі білім алуға жетелейді. Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықта шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсаттарында өткізіледі.

Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар . Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды. Ауызша журнал - оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша жазбаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.

Информатикадан факультативтік жұмыстары мектепте көбінесе 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының

6

негізгі мақсаты білімдерін тередету, кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Мектептегі баспа . Қабырға газеті атты сыныптан тыс жұьыс фармасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысн ұйымдастыру алдында жасалады. Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғары да аталған баспа шығармашылық формасы интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиалар мен гиперпедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.

Танымжорықтар (саяхаттар, экскурсиялар ) . Оқыту - тәрбиелеу жұмысындағы табиғи жағдайдағы, музейлер, көрмелер, есептеу орталықтарындағы әртүрлі заттар мен құбылыстарды зерттеу мен бақылауға мүмкіндік беретін әдіс пен форма. Дидактикалық материалдарды пайдаланып іскерлікке қалыптастыру . Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз - өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш. А. Амоношвили «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын наықтап алып, содан соң срдан бастау керек. » - дейді. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.

Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту меммлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып кез-келген пән мұғалімі электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғауы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.

7

Информатика мұғалімдерінің педагргикалық жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтежелі әрі құнды дидактикалық материалдарды ұйымдастыруна мүмкіндіктер туғыздырады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық түсінікті, ой - тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Дидактикалық ойындар - сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элеметтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл - күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлауын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып білімге қызықтырады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, содай - ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырады. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір - біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс - әрекеті үстінде қандай да білімді шеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.

8

Сонда ғана ойын және оқу іс - әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын және мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалмнің жеке игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс - әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек. Қорыты келгенде информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру, оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сондықтан информацияны оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын ойлау өрісін ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетіндамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мендамыту болып табылады. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілгенталдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс. Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми - зерттеу жұмыстарын өткізу әдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып,

9

информатика пәніне деген қызығушылығы артады; оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады; өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Өзіндік шығармашылықты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердің шешілуін талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz