Ұйғыр ауданының жерінде, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан тоғай


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
«Агробиология»факультеті
«Экология» кафедрасы
Өндірістік практика
есебі
Орындаған:Беренбай Асқар
Курс:
4 курс
Мамандық: «Экология»
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Қуандықова Э. М.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Өндірістік практика өткен жер : Шарын Ұлттық Паркі
Өндірістік практика мақсаты:
Өндірістік тәжірибе барысында білімімді жетілдіру
Өндірістік тәжірибеге байланысты керекті деректерді жинау
Зерттеу аймағының-климаттық жағдайы
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - табиғи кешен. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетіне қарайтын, республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекемелік мәртебесі бар. Ұлттық парк 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді. Ауа райы құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей.
Жер көлемі
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ҚР Үкіметінің 23 ақпан 2004 жылғы № 213 бұйрығымен 93 150 га жерге Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру және сақтау мақсатымен ұйымдастырылған. ҚР Үкіметінің 6 ақпан 2009 жылғы № 121 бұйрығымен парк аумағы кеңейтілді, мемлекеттік жер қоры, қорғаныс қажеттілігіне қарасты жерден 32900 ге жер қосылды, қазір жалпы аумақ 127 050 га.
Географиялық орны
Парктің әкімшілік-шаруашылыққа қатынасты аумағы - Алматы облысының, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандырында, Ұйғыр аудандарындағы Шонжы ауылынан батысқа қарай 7 км-дей қашықтықта, Алматы қаласынан шығысқа қарай 200 км-дей қашықтықта орналасқан. Үлкен Бұғыты тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды.
Шарын ұлттық табиғи паркінде геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар» аңғарының кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің миллиондаған жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорадо штатында ғана кездеседі
Парк территориясы жалпы 5 аймаққа бөлінеді
1. Қорықтық тәртіп аймағы - 9 427, 5 га.
2. Экологиялық тұрақтану аймағы- 13 147, 3 га.
3. Туристік және рекреациондық қызмет ету аймағы - 77 739 га.
4. Шектелген шаруашылық жұмыстар аймағы - 26 736, 2 га.
5. қорғау аймағы 35 923- га.
Парктегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Паркте 32 түрлі сүтқоректі, бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі, амфибияның 4 түрі және 100-ден аса құс түрі мекендейді. Жалпы парк аумағы флора мен фаунаға өте бай. 1000 тарта жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен омыртқалы жануарлардың 194 түрі тіршілік етеді, олардың 27 түрі ҚР Қызыл кітабына енген, ал өсімдіктердің 50-ден аса түрі сирек кездесетін және эндемикалық түр деп есептеледі. Парк аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының, т. б. ) қаңқа қалдықтары да табылған.
Зерттеу нәтижелері
Шарын-шетен теректі паркі - табиғи ескерткіш. Ұйғыр ауданының жерінде, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан тоғай. Осыдан 5 млн жыл бұрын қалыптасқан оның аумағы 4885 (5014) га жерді алып жатыр. Мұнда сирек кездесетін реликт өсімдіктер, соғды (шарын) шетені, сондай-ақ жиде, тал, терек өседі. 1964 жылы 19 наурызда парк "табиғат ескерткіші" ретінде арнайы қамқорлыққа алынды, тоғай жерінде ағаш кесуге, мал жаюға тыйым салынған
Долана жемісінің әлемде 40-қа жуық түрі кездеседі. Ал елімізде соның 7 түрі өседі. Соның ішінде ішінде көбірек тарағаны - алқызыл долана саналады. Негізінен бұл жеміс ағашының биіктігі 2-7 метр көлемінде болады. Жапырақтарының ұзындығы 6 см болса, ені 4-5 см. Ағаш бұтағының ауқымы 2-5 м-ге дейін жайылады. Долана жемісі жылы әрі таулы аймақта жақсы өседі. Сондықтан еліміздің Оңтүстік өңірінде аталмыш жеміс ағашын көптеп кездестіруге болады.
Кәдімгі қарағай - Қазақстанда кездесетін барлық қарағай тұқымдастарыныӊ ішіндегі кеӊ тараған түрі. Қазақстанныӊ ұсақ шоқыларында және Алтай тауларында, жазықтағы орманды далада және далада, құмда және құрғақ топырақта жабайы түрде өседі. Еліміздіӊ басқа жерінде көгалдандыру мақсатында адамдар тұратын табиғи мекендерде табиғи апаттардан сақтау үшін өсіріледі. Топырақты тұрақтандыраду қасиеті, тамыр жүйесініӊ құрылым ерекшелігімен түсіндіріледі. Жазықтағы қалыӊ орманда тереӊге бойлайтын кіндік тамыр өзек жетіледі. Құмда, тау беткейінде, тереӊге кететін кіндік тамырдан өзге жанама тамырлар шығады, топырақтыӊ жоғарғы қабатында орналасады. Биік (20-40 метр дейін) ағаштар, қарағайлар көз тартарлық әдемі болып биіктей береді. Биік, түзу діңдерінен кеме желкенінің ағашын жасайды. Жуан діңі қызғылт-қошқыл қабықпен тілімделген, ашық-жасыл және сарғыш түсті жолақ сүрек кездеседі. Дің зақымданғанда мөлдір жасқа ұқсас хош иісті смола ағады. Оның екі түрлі - ұзын және қысқа қылқандары мәңгі жасыл, екі-екіден шоқтана орналасқан. Олар ұзын, жіңішке, ұшы үшкір, сондықтан оларды ине деп те атайды. Қылқандар 2-3 жыл өмір сүредіт. Бір ағашқа жекелей орныққан гүлдері дара жынысты, тығыз гүл шоғырына жиналған. Екі аталықты, тозаңды гүлдері ұзын өркендері бас жағына көптеген масақтарға топтасқан. Аналық гүп шоғыры - сопақ, тік тұратын бүршіктер, түсу кезеңі екі жыл. Пісуі - сұрғылт-қоңыр түсті, үлкен, ұзындығы 6 см, ені 4 см. Тұқымы ұсақ, дөңгелек, кең үшбұрышталған қанат тәрізді пленка, ұзындығы 1, 5-2 см болады. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-тамызда жеміс салады.
Аморфа (лат. Amorpha) - жүзім тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Солтүстік Америкада өсетін 16 түрі белгілі. Қала ішінде көп кездесетін түрлерге күлгін түсті қараған немесе бұталы аморфа жатады. [1]
Самырсын (лат. Abіes), майқарағай - қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8 - 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар - аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.
Парк аумағында жалпы қашықтығы 49 шақырымды құрайтын 3 туристік бағыт жасалынған. Олар:
Бірінші бағыт - Шарын ерен саяжайы- туристерді жасы 5 млн. жылдан асқан соғды ерені табиғат ескерткішімен таныстырады. Шарын ерен тоғайы- арасында 7 адамның құшағы әрең жететін алып, ақсақал ағаштары бар әлемде сирек кездесетін ереннің табиғи өскен ортасы - жайылма тоғай. Ол тек бірінші террассада ғана табиғи өседі, ал екінші терассада соғды ерені тұрақты суғарылып тұрғандықтан қолдан өсіріледі.
Екінші бағыт- Бейіттер мен қорғандар- жаяу және автомобильді жүргіншілерге арналған бағыт. Қазақстанның ортағасырлық тарихына, өлкенің туған тарихына қызығатын туристерге жол ашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz