Оқушыларды тәрбиелеу барысында еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі

Курстық жұмысы

Бала тәрбиелеудегі еңбек тәрбиесінің негіздері

Орындаған: УИЯ 1-18 студенті Газизова А.Т.
Жетекші: Макажанова Ж.М.

Петропавл қаласы, 2022ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
1.1. Еңбек тәрбиесі ұғымының маңызын ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.2. Еңбек тәрбиесінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.3. Еңбек іс-әрекетінің барысында оқушылардың дағдысы мен
іскерлігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1. Баланы еңбекке баулудағы ата-ананың біліктілігі ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23



КІРІСПЕ
Тақыраптың өзектілігі. Бүгінгі заманда жұмысты жалпыадамзаттық құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.Қазіргі қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамиды, жетіледі, өзгереді, жаңарып отырады. .А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы еңбектерінде балалардың тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды рөлін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез - құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін - өзі ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Қазіргі кезде еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Бала еңбегі құқығы қорғалуында мынадай баптардың бар екендігін естеріне салғым келеді.Қазақстан Республикасының 16-шы бабында баланы ауыр, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті қара жұмысты істеуге тыйым салынатындығы қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында 18 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі де белгіленген. Ал, бала еңбегінің ең ауыр түрлері құлдық, қарама-қайшы қызметтер, денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жататынын естен шығармауымыз керек. Міне, осы айтылғандарды әрбір ата-ана жадында ұстаса, балаларының адал, жас ерекшелігіне сай қызмет етуі олардың саналы адам ретінде қалыптасуына жол ашады.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Бала тәрбиелеудегі еңбек тәрбиесінің негіздерін қалыптастыру үшін не істеу керек?

Зерттеу нысаны: Еңбек тәрбиесі негіздері.
Зерттеу заты: Сыныптағы оқушылардың еңбексүйгіштікке баулу.
Зерттеу мақсаты: Бала тәрбиелеудегі еңбек тәрбиесінің маңыздылығын ашу.
Зерттеу міндеттері:
Еңбек тәрбиесі туралы түсінікті ашу.
Бала тәрбиесіндегі еңбектің маңызын көрсету.
Оқушыларды тәрбиелеу барысында еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
Зерттеу гипотезасы Егер бала тәрбиелеуде, ерте жасында Еңбекке тәрбиелеу оның азамат болып өсуінің еңбек және адамгершілік жағынан қалыптастыру.
Зерттеу базасы: №2 Ленинград орта мектебі, 5-6 сынып оқушылары арасында 30 оқушы қатысты.

Еңбектің тәрбиелік маңызы.
Баланы еңбексүйгіштікке, табандылыққа, адалдылыққа тәрбиелеу. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбекке баулу сабақтарында орындалады. Еңбек сабағында оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек тәрбиесінің мақсаты- адамның еңбекті қажетсінуін оның мінез сипаты ретінде қалыптастыру. Еңбектің материалдық жемісі адамның мұра- байлығын құрайды, ал еңбектің ішкі, рухани қозғаушы күші оның адамгершілік қасиетінің, сонымен қатар, адами бақыттың қайнар бұлағы болып табылады. Бұл қозғаушы күштің ықпалы кім еңбек етсе, тек соның еңбегіне ғана тиеді. Еңбектің материалдық жемістерін тартып алуға, мұра етуге, сатып алуға болады; бірақ еңбектің ішкі, рухани, қозғаушы күшін тартып алуға да, мұра етіп алуға да, сатып алуға да болмайды... Ол еңбек еткен адамның өзінде қалады. [82 б.].
Еңбек тәрбиесінің ең басты да негізгі міндеттерінің бірі жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол Балалар жұмыс істейтін бағы, баҚшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес, - деп атап көрсетті. Сонымен бірге, Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы Ғана емес, ол өте пайдалы тынығу, - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы. Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған. Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну Аяз би ертегісіндегі Аяз би Керқұла атты Кендебайдағы Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібiне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер.
3. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылык жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты- жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
Мамандықты таңдауға дайындау.Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жеккөрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады.Бүгінгі заманда жұмысты жалпыадамзаттық құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі. Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. [281, 283 б.].
Адал және сөзсіз ерікті еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Ол адамның жетілуі үшін қажетті жағдайды жасап қана қоймайды, сонымен қатар ол адамның ар-ұятын сол жетке дәрежесінде ұстап тұруға көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым да алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді.
Еңбек тәрбиесі ұғымының маңызын ашу
Еңбек- ойын да, ермек те емес; ол әрқашан да келелі және ауыр болады; өмірде ойлаған мақсатқа жету қажеттігін толық саналы түрде мойнына алған адам ғана еңбектің ауыртпалығын көтеруге өзін-өзі мәжбүр етеді.
Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі жеке адамның тіршілігінің және қоғамның тіршілігінің құдіретті заңына айналады, ол адам тәнінің адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің қажетті шарты, оның адамгершілік ар-ұяты, оның бостандығы және ақыр аяғында, оның қуанышы мен бақыты болып табылады.
Егер де адамға шын бақыт тілейтін тәрбие болса, онда ол адамды бақыт үшін емес, өмірдегі еңбекке баулып тәрбиелеуі керек... тәрбие ісі адамның еңбекке деген дағдысы мен сүйіспеншілігін арттыра түсіруі керек, ол тәрбие адамды тіршілікте өзіне еңбек тауып ала білетін дәрежеге жеткізуі керек.
...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі мәліметтер беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсіруі керек, мұнсыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шағында алынған әсерлердің салдарынан еңбекке деген ынта өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін.
Адам саналы еңбекті шын көңілімен сүюі үшін, ең алдымен оған өмірге саналы түрде қарауды бойына сіңіруі керек. Кейбір педагогтер балаларға ғылымның зілді салмақтарын жеңілдетпек ниетпен оқуға, тіпті тәрбиенің өзіне жеңіл-желпі сәуегейлікпен қарауды үйретуге тырысады, тәрбиенің шын мақсатын орындауда бұдан асқан жамандық іс болмас.
...Мағыналы тәрбие қоғамдағы жаманшылыққа апарып соғатын осындай бағытпен күресіп, жастардың көңіліне өмірге саналы түрде карауды сіңіруі керек. Жеті жасқа дейінгі балаларды ойнап жүріп үйретуге болады; содан кейін ғылым өзінің саналы, өзіне тән қасиетіне көшуі керек... Осы кездерде көбінесе балаларды саналы ғылымнан шошындырып аламыз ғой деп қорқады; керісінше олар баланың ғылымды жек көруді үйреніп алуынан, оны жеңіл-желпі бірдеме деп есептеуінен мейлінше қорқу керек. Жігерлілік жүре келе пайда болады; баланың жас жүрегіне сіңген ғылымды жек көру жайындағы пікір өзінің орасан зор кесапатын тигізеді.
Адамның оқу оқып, тәрбие алатын шағында оқу мен тәрбие адам өмірінің ең басты қызығы болуға тиіс, ал бұл үшін шәкірт қолайлы ортаның қоршауында болуы керек. Ал егер де баланы не болмаса жас жеткіншекті қоршаған ортаның әсері оны оқуға мүлдем қарама-қарсы жаққа тартатын болса, онда оқытушының балаға оқу туралы пайдалы сезім сіңіруге талаптанған барлық әрекеті текке далаға кетеді.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- Балалардың негізгі еңбек дағдыларын қалыптастыру; Үлкендерге және өзінен кішілерге көмек көрсете білу;
- Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қиындықты жеңе білуге дағдыландыру;
- Еңбек құрал-жабдықтарымен жұмыс істей білуге және оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; Еңбек сабақтарында қағаз, мата, табиғат, материалдарын, өндіріске қажетсіз заттарды пайдалана білу іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстырғанда, олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекеті қарапайым ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, сонын нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімдері пайда болады бұл сезім еңбек етуге жетелейді.
Тәрбие шәкірттің еңбекке деген сый-құрметі мен сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді. Әрбір пәнді оқытқанда шәкірттің балауса жас күші жеңе алатындай еңбек есесін қалдыру жағын ойластыру керек. Егер де ой еңбегінде адамның күшін бұзып алғыңыз келмесе, онда шәкірттің ұйқылы-ояу болуына жол бермей, ой еңбегіне біртіндеп, өте сақтықпен үйрете беру керек; тек осылай еткен жағдайда ғана оған ешбір зиян келтірмейтіндей етіп үйретуге болады. Осы әдетпен ойланып бірталай уақытқа созылған ақыл-ой еңбегін оп-оңай етіп саулығына іс істейтін болады, яғни еңбекке деген сүйіспеншілік, дұрысын айтқанда, еңбекке деген ынта пайда болады. Ойланып еңбек етуге дағдыланған адам еңбексіз отыра алмайды, еңбек іздейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда шәкірттің демалысының өзі пайдалы іске жұмсалады. Ой еңбегінен кейін дем алу дегеннің өзі ештеме істемеу аңғартады... ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім негіздерін үйренудің өзі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Педагогикадан дәрістер жайында
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі
Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Пәндер