Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
: 1.
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік сурет салудағы ертегі кейіпкерінің образының теориялық негіздері
:
: 1. 1
Кіріспе: Мектепке дейінгі ұйымындағы сурет салу туралы жалпы ұғым
:
: 1. 2
Кіріспе: Мектепке дейінгі сюжеттік сурет салу ерекшеліктері
:
: 1. 3
Кіріспе: Сюжетті сурет салудағы ертегіге илюстрация жасау
:
: 2.
Кіріспе:

Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік сурет салудағы ертегі кейіпкерінің образының практикалық негіздері

:
:
: 2. 1
Кіріспе: Ертегі кейіпкелер образын сомдау арқылы тәлім-тәрбие беру
:
: 2. 2
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың сурет салу сабағында ертегі кейіпкеріне образ беру
:
: 2. 3
Кіріспе: Ересек топқа арналған (Колобок ертегісі)
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса, мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілетінің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі болып табылады. Сондықтан, балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қиял және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін суъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Сурет салу барысында баланың ақыл-ойы жетіліп, жағымды мінез -құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптастырып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни қоршаған ортаға, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдала түседі. «Сурет салуы сүю-өмірді, табиғатты айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой парасаты өсіреді, танымын кеңейтіп, ізгілікке, әсемдікке үйретеді, өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды» -дейді танымал ұстаз Ә. Төлеубаев. Эстетикалық қабылдау әрқашанда заттар мен құбылыстардың тек сыртқы пішіндері мен белгілері ғана емес, олардың ішкі сапалық белгілеріне баға берумен де байланысты. Сондықтан эстетикалық және идеялық құбылыстар өзара байланысты және үлкен танымдық мәні бар. Бұл мәселе жөнінде қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов : «Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу. Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді», -деген болатын. Сурет салу эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің көбірек пайдалану қажет. Себебі балабақша балаларын халқымыздың өнері, ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады. Зерттеу мәселесі: Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік сурет салудағы ертегі кейіпкерінің образын зерделеу Зерттеу объектісі :Мектепке дейінгі балалар Зерттеу пәні :Бейнелеу өнері Зерттеу мақсаты :Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік сурет салудағы ертегі кейіпкерлерінің образының теорияда негіздеп, практикалық жұмыста қарастыру. Зерттеу міндетті: Мектепке дейінгі сюжеттік сурет салу ерекшеліктерін анықтау. Сюжетті сурет салуда ертегі кейіпкеріне иллюстрация жасау. Зерттеу болжамы: Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік сурет салудағы ертегі кейіпкерлеріне образ беру арқылы балаларды тәрбиелеу Зерттеу әдісі: бақылау, байқау, зерттеу. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СЮЖЕТТІК СУРЕТ САЛУДАҒЫ ЕРТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ ОБРАЗЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1Мектепке дейінгі ұйымындағы сурет салу туралы жалпы ұғым

Қазіргі заманда сурет салу балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп дамыту үшін сурет салу өнері ең қажетті ұйымдастырылған оқу қызметтерінің бірі болып саналады. Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада сурет салу оқу қызметін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыптағы ертегіні илюстрациялауға байланысты сурет салу. Сурет салу оқу қызметін осы жастардағы ортаңғы топтағы балаларға оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы салу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттерін дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Балаларға өзінің - қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру. Балаларға білім мен тәрбие беру үрдісінде шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру. Қоршаған болмыстағы құбылыстар мен заттарды бейнелеу тәсілдеріне үйрету негізінде эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Әдіс-тәсілдері: - педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау; - тәрбиешілердің іс-тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау; - педагогикалық эксперимент жүргізу; - әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін колдану; - әңгіме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру; - құзіреттіліктің бастапқы негіздерін қалыптастыру: Шығармашылық деген не? «Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты» деген сұрақтарға әрбір педагогты мазалайтын сөзсіз. Шығармашылық өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік дағдыны қабылдайды, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Екі түрлі әрекеттер, екі түрлі мүдделер әр түрлі мақсаты шешіледі. Баланың шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді. Мысалы, тіл үйрету үшін біз баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз. Ал музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте кезден ашылады. Бала жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекет жағдайында болуы қажет. Дамыта оқыту ерекше ахуал-бала мен тәрбиеші арасындағы ерекше қарым-қатынас. Тәрбиеші бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісін көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Жоғарыда көрсетілгендей бейнелеу өнері екі бағытта жүргізіледі. Олар: Саусақ маторикасы дамытатын, негізгі қарапайым бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдері. Сурет салудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгеруде төмендегі негізгі бағыттар ұсынылады: -сурет салуға қажетті құрал жабдықтарды алдын ала баламен бірге таңдап, әзірлеп және ыңғайлы орынға орналастыру: -суретке мұқият қарап, қарындашты, қылқаламды қалай ұстау керектігін балаға көрсету: -ұсынылған үлгі бойынша әр түрлі сызықтарды бастыра сызып үйренуге бағыт беру: -түрлі түсті бояуларды орналастыра басқа түс алуға және оны сурет салуда пайдалана білуге көмектесу, бағыт беру. Мектепке дейінгі жастағы баланы жан-жақты етіп тәрбиелеудегі басты мәселелердің бірі, оны шешудің негізгі бір тармағы-эстетикалық тәрбие беру барысында ерекше үлес бейнелеу өнерінің еншісіне тиетіндігінде. Бұл жөнінде танымал ғалым Ф. Жұмабекова: «Бейнелеу өнері тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді», -дейді. Сурет салу оқу қызметі эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің көбірек пайдалану қажет. Себебі балабақша балаларын халқымыздың өнері, ұлттық ойындар және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің дидактикалық принципі
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Жапсыруды балаларға қолданбалы өнер материалдары арқылы үйретудің ерекшеліктері
Ересектер тобындағы сурет салу
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz