Пәнді шет тілі арқылы зерделеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
1.1.1 Кіріктіріп оқыту бағдарламасы туралы түсінік
1.1.2 Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары
1.1.3 Кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
1.2 CLIL оқыту технологиясы
1.2.1 CLIL оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік
1.2.2 Европа елдеріндегі CLIL әдістемесінің дамуы
1.2.3 Қазақстан Республикасында CLIL оқыту технологиясының дамуы
1.2.4 CLIL оқыту технологиясының негізгі қағидаттары,артықшылықта-
ры,аспектлері
1.2.5 CLIL оқыту технологиясын ұйымдастырудың түрлері
1.2.6 Шетел тілін және химия пәндерін CLIL әдісі бойынша кіріктіріп
оқыту барысында қолданылатын формалар
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1 CLIL әдістемесін Ерітінді және ерігіштік тақырыбында қолдану
2.2 CLIL әдістемесін Оксидтер.Қышқылдар тақырыбын өту барысында
қолдану
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Білім берудің ұлттық моделінің негізгі өзегі оның құрылымдық байланыстарының сабақтастығы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік кеңістікке шығуға бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамыту үстінде. Бұл процесс педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасындағы елеулі өзгерістермен қатар қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді: қазақ - мемлекеттік, орыс тілдерін білетін жоғары білімді ел ретінде қабылдануы керек.Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде және әлемдік экономикаға сәтті интеграциялану тілі ағылшын тілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарт у болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту болып табылады.
Пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту әдісін қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығының салдарынан,оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отырған мәселе.
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылуы мүмкін.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде.Себебі,бұл оқыту әдісі жаңадан қолданысқа еніп жатыр. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді және жаңа оқу жоспарлары мен пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа әдістері әзірлену үстінде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістерін және түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етуде. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі - CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы болып табылады.
CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.

Тақырып өзектілігі: CLIL - бұл кейбір пәндер шет тілінде оқытылатын оқыту әдісі. Сонымен қатар, оқушыларға ана тілінде және шетел тілдерінде сабақ беру - бұл бір. Оқыту екі тілде жүзеге асырылады, яғни оқу жағдайлары жағдайға және оқу мақсатына сәйкес келетін тіл қолданылады. CLIL әдісіне сәйкес, шет тілі барлық сабақтарда ана тілінен басқа барлық пәндерде қолданыла алады, яғни тіл оқыту объектісіне айналмайды, бірақ оның құралы болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуын ғана емес, тарихи танымдықты, педагогикалық - психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділікті және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу және тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген маман болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты болып саналады.
Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті мен өздігінен іздену деңгейі төменгі дәрежеде. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, сонымен қатар ізденушінің рөлін де атқарулары қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:
- оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыра алу қажет;
- өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру керек;
- оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану қажет;
- сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Менің бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым ағылшын тілімен интеграция жағдайында химия пәнінен оқушылардың тәрбие жұмысының моделін жасау және енгізу болды.Жұмысты жазу барысында негізге алынған ең басты мақсат-оқушылардың мектепте оқытылатын пәндерді екінші тілде кіріктіре оқыту және сол екінші тілді де меңгеру болып табылады.Осы нәтижелерге жету барысында орындалу қажет міндеттер:
CLIL әдісімен оқыту тақырыбы бойынша мәліметтер жинау;
Тақырыпқа жалпылама сипаттама беру;
Химия пәнін CLIL әдісімен оқыту әдістемесінің шығу тарихын зерттеу;
CLIL әдісін қолдану арқылы практика барысында өткізген сабақ жоспарымен таныстыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы: Қышқылдар мен оксидтер тақырыбында CLIL әдісін қолдану.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кiрiктiрiлген оқыту бaғдaрлaмaсы
1.1.1 Кiрiктiріп оқыту бағдарламасы туралы түсiнiк

Мектеп мұғалiмдерi мен оқушыларының бaсты мaқсaты - көп мәдениеттi тұлғaны дaмыту болып табылады. Ортa мектеп оқушылaрғa бiрнеше шет тiлдерiн үйренуге жaғдaй жaсaуы керек. Шет тiлiн үйрену - көп мәдениеттi бiлiмнiң негiзi болып саналады.
Ортa мектептердiң прaктикaлық қызметiнде туындaйтын негiзгi проблемa, бiрiншiден, шет немесе екiншi тiлдi бiлетiн тiлдiк емес мaмaндықтардың бiлiктi және шығaрмашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдерiнiң болмaуы немесе aз болуы. Екiншiден, оқу, дидaктикaлық қолдaудың жетiспеуi (қaзaқ, орыс және aғылшын тiлдерiнде пәндердi оқуғa aрнaлғaн aрнaйы оқу құрaлдaры мен бaғдaрлaмaлaр әзiрленбеген).
Үшіншіден, шет тілдерін үйренудің заманауи білім беру технологияларын игеру болып табылады.
Осындай негізге ие бола отырып, көптеген технологиялар педагогикалық процессте енгізіліп, сынақтан өткізіліп отырады және олар ағылшын тілін үйренуге бағытталған.
Мемлекет басшысы Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі -- мемлекеттік тіл, орыс тілі -- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі -- жаһандық экономикаға ойдағыдай ену тілі, -- деген болатын.
Тіл -- халықтың ең басты қазынасы екені мәлім. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз және қолдануға қадам жасаудамыз. Жас ұрпақ үш тілді білуі қажет.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте -- деген даналық сөзді ескере кету қажет. Сол себепті қазіргі уақытта көптеген тілдерді білу -- құрмет болып саналады. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келетін болса, көп тілді игерген азаматтарға көптеген мүмкіндіктер қарастырылған және оларға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі болып табылады.Қазіргі уақытта әлемнің дамыған мемлекеттері көп тілділікті дамытуға көптеген жағдай жасауда, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп табады. Сондықтан біз де өз халқымыздың өркендеп дамып, өркениеттен артта қалмауы үшін көптеген тілдерді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабының арқасында туындап отырған қажеттілік болып саналады. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті,сұранысқа ие болатын тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек, -- деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Көптілді оқыту -- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын жаңа мүмкіндік,сонымен қатар әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп және өз қабілетін танытуына мүмкіншілік болып табылады.
Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі -- ертеден келе жатқан қағида саналады. Алайда, жаһандану кезеңінде қалыптасқан қағидаға түзетулер енгізілуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біз үшін аса қажет құндылық. Осы мәселенің аясында мектеп бағдарламасындағы жаратылыстану бағытындағы пәндерді CLIL әдісімен өту ұсынылды.Ол әдісті пәндерді басқа шет тілдерінде оқытуға ,сонымен қатар оқушылардың ағылшын немесе басқа тілдерде сөйлеу қабілеттерін арттыру мақсатында қолданады.
Сонымен қоса Елбaсымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Нaзaрбaев көптiлдi бiлім беруді дaмытуғa жiтi нaзaр aудaрып ...елiмiздiң мaңызды құндылықтaрының бiрi және бaсты артықшылығы - көпұлттылық пен көптілділік деп атап айтты. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.Жүктеген тапсырмаларға сай, тілдерді қолдану және оларды дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Тілдердің үш тұғырлығы мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай ... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% - ағылшын тілін меңгеруі тиіс делінген болатын. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа міндет жүктейді.
Ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, оған қоса білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық,әрі жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру және әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді , жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту болып табылады [2].

1.1.2 Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары

Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын және бағдары жүйелі. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрейік. Алдымен кіріктіріп оқыту мен кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық.
Кіріктіріп оқыту дегеніміз:
- біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамыту мен тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан және олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады.
- екіншіден, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін және ұштастыратын жүйе, осы жүйенің негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдауы қалыптасады;
- үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын және өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді,сонымен қатар түрлі ғылым салаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды.
Кіріктіріп оқыту - ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат жеткізеді және олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой- өрісі одан әрі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен және сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен,сондай-ақ материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту төмендегі нұсқаларға көмектеседі:
ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге және шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері бойынша пайдаланып кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында әртүрлі идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен қатар алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді.
Кіріктіріп оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу бағдарламалары мен оқулықтардың аясын кеңейтетін және әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылау және тәжірибе, салыстыру, талдау және жинақтау, сонымен бірге компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.
Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған болып келеді.
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік беретін оқу процесін кіріктіруді құрастыру, келесі мүмкіндіктерге жағдай жасайды:
1) пәнаралық байланыстан көп пәндік байланыстарға өту оқушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан басқаларға көшірулеріне және оқу процесін толығырақ түсінулеріне,сонымен қатар әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік береді;
2) пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың көлемін кеңейту, мектеп білім алушысының ойлау әрекетін белсендендірумен қатар,оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді ,жақындатады;
3) кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік береді;
4) кіріктіріп оқыту метапәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың ақпараттық көлемін ұлғайтады;
5) кіріктіру оқушылардың түрлі пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын қалыптастыра отырып ,оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып және нақты бақылауларды дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді;
6) кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге көмектеседі және оқушылардың білім алу үшін көп күш жұмсауларын жеңілдетеді ,шаршағыштықты болдырмайды, ынталандыру құралы болып есептеледі;
7) оқу материалдарын кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін өмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды. Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, өмірге мейірімді, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады [3].
Кіріктіру жүйесі мектеп пәндеріндегі сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын тең мөлшерде біріктіруді қарастыратын жүйе.
Екінші негізгі ұғым - кіріктірілген сабақ - бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ болып табылады:
- мақсатқа әртүрлі пәннен алынған білімді біріктіру барысындаға ғана кіріктірілген сабаққа жетуге болады;
- зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне мүмкіндік беретін,сондай-ақ қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және шешуге бағытталған;
- әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзiмен гармониялық үйлестірген ,тәжірибеге бағытталған.

1.1.3 Кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары

Интеграцияланған сабақтарда студенттер әр түрлі тақырыптағы ақпараттарды қолдана отырып, терең және терең білім алуға және олармен байланысты оқиғалар мен құбылыстар туралы мүлдем жаңа түсінік алуға мүмкіндік алады. Кіріктірілген сабақтың бір пәннен екіншісіне алған білімдерін біріктіру мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар студенттердің білімін шоғырландыруға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі қарапайым сабақтардан келесі сипаттамалары бойынша ерекшеленеді:
- зерттелген материалдың нақтылығы, ықшамдылығы және уақтылығы;
- сабақтың әр кезеңінде кіріктірілген пәндер материалының логикалық үйлесімділігі мен өзара байланысы;
- сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымдылығы.
Жалпы, кіріктірілген оқыту жүйесі біріктірілген оқытуға негізделген:
арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни егер ол ұйымдастырылмаған болса, ол болмауы мүмкін немесе оны ортақ мақсатқа ие емес жеке сабақтарға бөлуге болады;
мақсат қоюға болады, мысалы: а) зерттелетін пәнді тереңірек зерттеу; б) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; в) тақырып бойынша оқуға арналған сұрақтарды жалпыланған және кешенді қабылдау; г) оқу уақытын үнемдеу және т.б.);
әр түрлі пәндерден алған білімдерін кеңінен қолдану, яғни пәнаралық байланысты мағыналы түрде жүзеге асыру.
Сонымен, шет тілін және тілдік емес пәнді бір уақытта оқу оқу мақсатына жетудің қосымша құралы болып табылады және шет тілі мен тілдік емес пәнді оқыту үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз етеді.
Әрине, оқытудың бұл түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен алмастыра алмайды, бірақ оны айтарлықтай толықтыра алады. Сонымен, тақырыптық материал оқушылардың ана тіліндегі білім деңгейінен біршама төмен деңгейде таңдалуы керек. Курстық материалдарды таңдау курстың құрылымына және ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге жазбаша тапсырмалар студенттерді мәтіннің негізгі ойларын түсіну, талқылау және қарау процесіне қатыстыра отырып, тақырып мазмұнына баса назар аударумен орындалуы керек. Тапсырмалар лингвистикалық форманың ерекшеліктерін көрсетуі керек, олардың қалыптасу қабілетін жетілдіріп, олардың тәуелсіз және шығармашылық белсенділіктерін бақылау, бағалау және ынталандыруға мүмкіндік беруі керек. Барлық тапсырмалар, ең алдымен, шет тіліндегі коммуникативті, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталуы керек.
Оқу процесін интеграциялау арқылы ұйымның кейбір ерекшеліктері студенттерді оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін ойдағыдай және тиімді орындауға көмектеседі. Сонымен бірге ғылыми пәндер мен ағылшын тілін кешенді оқыту нәтижесінде алынған білім қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, кіріктірілген тілдік курстың және оқытудың негізгі нәтижесі - мақсатты тіл студенттердің тақырыпты білуі емес, оқыту тілі болып табылады.
Осы қағидаларды интегралды оқытуға енгізу үшін арнайы әдістер мен педагогикалық технологиялар жасалды және енгізілді, олардың бірі әлемге әйгілі CLIL әдісі.
Интеграцияланған білім беру бағдарламасын, белсенді оқытуды, командалық оқытуды және пәнді біріктірілген оқытуды (CLIL) және т.б. сәтті жүзеге асыру үшін оқытудың озық әдістерін қолдану қажет.

1.2 CLIL оқыту технологиясы
1.2.1 CLIL оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік

Қолданыстағы мектептер оқушылар арасында белгілі бір білім жиынтығын құрып қана қоймай, сонымен қатар олардың өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға деген ынтасын оятуы керек. Бұл процестердің дамуының қажетті шарты - бұл оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін жандандыру ғана емес, сонымен бірге көп мәдениетті жеке тұлғаны дамыту. Орта мектеп студенттерге бірнеше шет тілдерін үйренуге мүмкіндік беруі керек. Шет тілін үйрену - көп мәдениетті білімнің негізі.
Көптеген адамдар мұның қоғамдағы білім беру жүйесіне және оның жағдайына байланысты екенін түсінеді, іс жүзінде бұл болашақ қоғамның негізі, сондықтан егер тіл болмаса, қоғамдағы және оның қарым-қатынастар жүйесіндегі рөлі ең көп қарастырылуы керек. маңызды. маңызды. Мектеп, мектеп өз кезегінде шет тілін сәтті оқытуды құра және дамыта алады.
Заманауи мектеп оқушылар арасында белгілі бір білім жиынтығын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар олардың өздігінен білім алуға, қабілеттерін жүзеге асыруға деген ынталарын оятуы керек. Бұл процестердің дамуының қажетті шарты - бұл мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін жандандыру ғана емес, сонымен бірге көп мәдениетті тұлғаны дамыту. Орта мектеп студенттерге бірнеше шет тілдерін үйренуге жағдай жасауы керек. Шет тілін үйрену - көп мәдениетті білімнің негізі.
Көп нәрсе қоғамдағы білім беру жүйесіне және оның жағдайына байланысты болатындығын бәрі біледі, іс жүзінде бұл болашақ қоғамның негізі, сондықтан қоғамда және оның қатынастар жүйесінде ең маңызды, егер орталық болмаса, тілдің рөліне назар аудару керек. Мектеп, оқу орны ретінде, өз кезегінде, шет тілін сәтті оқуға жағдай жасай және дамыта алады.
CLIL аббревиатурасы Интеграцияланған оқыту және Шетел тілін оқыту және басқа академиялық пәндерді біріктіру дегенді білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Дэвид Марш 1994 жылы (Дживаскыла университеті, Финляндия) ұсынған. Оқытудың бұл түрі пәндер немесе олардың жеке бөлімдері шет тілінде оқытылатын кездегі оқу жағдайларын сипаттайды, осылайша екі мақсатты көздейді: бір пәнді оқып үйрену және бір уақытта шет тілін оқу. Марш өз зерттеулерін жалғастырды және 2001 жылы әдістеменің мәні келесідей түсіндірілді: CLIL шет тілін үйренуді басқа пәндерді үйренудің құралы ретінде қарастырады, осылайша оқушының қарым-қатынас қабілетін қайта ойластыруға және дамытуға мүмкіндік беретін оқуға деген қажеттілігін қалыптастырады. оның ішінде ана тілінде. (Д. Марш, Б. Марсланд және К. Стенберг, 2001).
CLIL әдістемесі Қазіргі қоғамда халықаралық және мәдениаралық кеңістіктегі заманауи тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бірінші кезектегі мәселелерге айналуда, ал екінші тілді білу кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі болып саналады. Осыған байланысты тілдерді оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі - CLIL (Content and Language Integrated Learning) пәндік интеграцияланған оқыту.
Оқытудың жаңа технологиялары - оқытудың тиімді әдістерін қолдану, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану, оқу материалдарын тиімді пайдалану, оқыту мен білім мен дағдыларды жүйелеу. Олардың мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдер екінші және үшінші тілдік пәндерді оқытуда CLIL тәсілін көбірек қолданады. CLIL оқыту технологиясы - сапалы оқыту көзі бола отырып, мұғалім мен оқушының өзара ізгілікті қарым-қатынасы негізінде пәнді сапалы меңгеруде игі ықпалын тигізеді. CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. Бұл технологияның икемділігі мен өзгермелігі оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің дамуына, танымдық белсендігі мен шығармашылық дербестігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.
CLIL аббревиатура болып табылады. Егер пән оқытушылары ретінде, шет тілі арқылы жұмыс істесе, мазмұн мен тілге интеграциялап оқыту (Content and Language Integrated Learning - CLIL) саласында жұмыс істейді. CLIL қос бағытталған жүйе. Бұл техника пәндер шетел тілі арқылы оқытылатын жағдайларға жатады, яғни екі мақсатта, атап айтқанда, мазмұны мен шет тілін бір уақытта үйренуге назар аударатын мәселе.
Қазақстан мектеп оқушыларының міндетті білім алу соңында, ана тілден басқа екі тілде сөйлейтін қабілеті болуы тиіс. Осы ережеге сәйкес CLIL екі тілді білім үшін тәсіл болып табылады, оқу жоспарының мазмұны және ағылшын бірге оқытылады. Орта білім беру деңгейіндегі ағылшын тілімен айырмашылығы зерттеу пәні оқыту басталғанға дейін ағылшын тілін меңгеру қажетсіздігінде. CLIL дамыту қуаты тілдік дағдыларды жетілдіру рөлінде, сондай-ақ студенттер олардың CLIL- жұмыстарын орындау үшін шетел тілін аса жоғары деңгейінде болуы міндетті еместікте.
CLIL жиі тілі ауқымынан тыс тұжырымдамалар туралы айту және жазу қажеттігі алдына әкеледі. Осы әрекеті өзі өздерін таныту CLIL тіл дамуының кепілі болып табылады.
CLIL пән мен тілді кіріктіріп оқыту - ағылшын тілінде (шет тілінде) оқытылатын пәндерді оқыту әдістемесін сипаттайтын термин. CLIL - екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізу. Заманауи әдіснамалар мынандай анықтама береді: CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс
CLIL яғни пән мен тілді кіріктіріп оқыту терминін 1994 жылы профессор Дэвид Марш еңгізген. Алдымен бұл термин белгілі бір пәнді немесе пәннің кезенің шет тілінде оқытуды көздеген,кейін оқу процесінің негізгі мақсатына жету үшін қосбірлікті мақсат қойылған: пәнді оқыту және пәнмен қатар тілді оқыту.Дэвид Марш жылдар бойы көптеген зерттеулер жүргізіп, 2003 жылы "The relevance and potential of content and language integrated learning (CLIL) for achieving MT+2 in Europe" мақаласында пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін жетілдірген және де оған мынандай сипаттама берген: CLIL әдісі шетел тілін меңгеру,басқа пәнді оқыту үшін құрал ретінде қарастырылады Автордың сөзіне сүйене келе бұл әдіс бір мезетте екі пән бойынша оқытуға мүмкіндік береді,бірақ оқытылып жатқан пәнге немесе тілге негізгі назар аударылады.
Жаңашыл әдістердің бірі ретінде - кіріктіре білім беруді -- үштілділікке оқытуды жүзеге асырудың тиімді әдісі ретінде алып қарастырсақ болады.
Осы заманғы қоғамда ұлтаралық және мәдениетаралық кеңістіктегі адамды әлеуметтендіру мәселелері басым болып отыр. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру, кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты ағылшын тілін оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі - CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту [4,5].
CLIL - Content and Language Integrated Learning - Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі. Пәндерді екінші не үшінші (қазақ, орыс не ағылшын) тілде оқыту.
CLIL технологиясы -- пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. CLIL сөзінің, яғни терминінің қолданылып жүргеніне көп уақыт болғандықтан (1994 жылдан бері қолданыста) бұл жаңа термин болып саналмайды. Біз қазіргі таңда көптілді қоғамда өмір сүріп келеміз. Көптілді меңгеру қазіргі кезде өмір сүру құралы болып табылады. Бұл терминді, яғни CLIL терминін Девид Марш пәндерді қосымша және басқа тілде оқыту үшін қолданысқа енгізді. Бұлай оқытудың мақсаты пәнді басқа тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын және т.б.) оқытып, сол тілді де меңгеруге мүмкіндік береді. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі таңда жұмыс ұсынушылар мен жұмыс берушілердің ең қажет ететін сұраныстағы қабілеті болып табылады.
CLIL әдісі қазір біздің еліміздің көптеген мектептерінде қолданыста. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдіс қолданыста. Ол мектептерде көптеген пәндер өз ана тілінде жүргізілмейді. Әр оқушы пәнді екінші тілде оқи отырып, сол тілді меңгеріп, екінші тілде еркін сөйлеуді үйренеді.
CLIL әдістемесінің негізгі принциптерін анықтауда төмендегідей 5 аспекттер белгіленеді:
1. Мәдени аспект
2. Әлеуметтік аспект
3. Тілдік аспект
4. Пәндік аспект
5. Оқыту аспектісі
Бұладың әрқайсысы оқушылардың жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және осы әдістің тереңдік дәрежесіне байланысты.
CLIL әдісінің оқушыларға беретін мүмкіндіктері өте жоғары. Сол мүмкіндіктерге тоқтала кетсек: CLIL әдісі тек қана тілді меңгеруге ғана мүмкіндік беріп қоймай, таным құралы ретінде де қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тілдерді жоғары деңгейде меңгеріп, қызметтің барлық салаларында қолдана білуге, өз мәдениетін бағалауға, басқа да мәдениеттерді түсініп құрметтеуге, функционалдық сауаттылыққа және азаматтық жауапкершілікке баулыйды.
CLIL әдістемесі бойынша оқытудың мақсаттары:
1. Оқытылатын пән арқылы шет тілін зерделеу;
2. Пәнді шет тілі арқылы зерделеу.
Шет тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, физика, информатика, география және т.б. тілдерді оқыта алады.
1.2.2 Европа елдеріндегі CLIL әдістемесінің дамуы

Халықаралық сарапшылар CLIL әдісін төмендегідей анықтайды:
тілді мәдениетаралық ойлауға дайындық және жалпы білім беруді жақсартудың құралы ретінде қарайтын әдіс;
пән арқылы тілді зерттеуге және пәнді зерттеуге бағытталған әдісі;
пәндерді екінші немесе үшінші тілді зерттеу арқылы және пәндік облыстарды зерттеу арқылы тілдік дағдыларын жетілдіру, яғни бір мезгілде пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу.
Осы әдіс оқушыда оқу үрдісіне деген қажеттіліктерді қалыптастырады,ал бұл оқушыға өзінің қабілеттерін ойлап,дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең алғаш 1990 жылдары Европа елдерінде кеңірек қолданыла бастады. Яғни Европада көптілді дамыту іс-қимылдар шеңберінде ұсынған.
Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдері CLIL әдісін тиімді қолданады. Сондай-ақ, Венгрияда әр түрлі пәндерді шет тілдерінде оқытатын екі тілді мектептер бар. Болгарияда CLIL компаниясы CLIL әдісін 50 жылдан астам уақыт бойы қолданып келеді және бұл мектепте ағылшын, неміс және француз тілдерінде математика, география, биология, тарих, философия және химия пәндері оқытылады. Сонымен қатар, бұл әдіс тек мектептерде ғана емес, сонымен бірге жоғары оқу орындарында да кеңінен қолданылады, өйткені пәнді жан-жақты оқыту жеке мамандарды да, шет тілдерін де білетін мамандарды даярлау үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Бұл әдіс әрдайым өзгеретін жаһандану дәуірінде студенттердің тілдері мен пәндерін басқа тілдерде меңгеру мақсатында жасалды, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігінің белгісі болып табылады. Төменде шетелде CLIL әдісінің дамуы көрсетілген.
Нидерландия
Нидерландия елі осы әдісті жақтаушылардың ең алғашқысы болып саналады.
1992 жылы Еуропалық плюрилингвизм және билингвалдық білім беруді дамыту идеясын жүзеге асыра бастады.2007 жылға дейін 300ге жуық мектептер екі тілді мектептердің санатына кірді.
Финляндия
Финляндияда CLIL әдісіне қызығушылық білдірген елдердің алғашқы қатарынан болды. Оның ішінде
Ювяскуля қаласында кеңінен тарады.
Білім және ғылым министрлігі 1989 жылдан бері CLIL әдісін кеңейтуді ұсынды. Бірақ алғашқы тәжірибие 1990 жылы эксперимент барысында жиналған. Оның оң нәтижелеріне байланысты
жаңа білім беру заңнамасында, оқытудың осы түрі жалғастырылды.
1992 жылы, Финляндияда Швед тіліндегі сыныптар енгізілді. 1993 жылы, кейбір мектептер француз, неміс және орыс тілі сыныптарын ұсынды. 1996 жылы CLIL бағдарламасы 251 фин мектептерінде (179 бастауыш және 72 орта мектеп) іске қосылған болатын. Білім беру заңында мектептер CLIL әдісін қалай тиімді қолдануын еркін таңдауға мүмкіндік берді.
Венгрия
Венгрияда екі тілді білім беру және CLIL әдісінің тарихын академик Ковач мұқият зерттеді. Пәндерді екінші шетел тілінде оқыту 1987 жылдан бастап тәжірибие ретінде жүргізілді.1989 жылдан бастап бастауыш мектептерде мұғалімдер мен ата - аналар осы әдіске ынта білдірді.
Олар оқушылар тек кейбір пәндерді ғана шетел тілінде оқығаның қалады.Осыған орай CLIL әдісінің алғашқы бағдарламалары әзірлене бастады.
1990 жылдары, бастауыш сыныптарға екі тілді білім беруге арналған бағдарламалар , кітаптар әзірленіп, іргерлету үшін Будапештте ELTE қызметкерлердің командасы құрылған. 1991 жылы Тілдік мектептер қауымдастығы құрылды.1997 жылы үкімет былай деп жарлық шығарды :
CLIL әдісін қолданатын мектептерде ағылшын арқылы кем дегенде үш пәнді оқытуы, белгілі бір тілдік силлабустар жасау және кем дегенде бір ағылшын және ана тілінде еркін сөйлейтін мұғалім болуы тиіс.
2001 жылы бастауыш CLIL бағдарламалары Будапештте 25 мектепте, ауылдық жерлерде 60 мектепте,ал Венгрия бойынша барлық бастауыш мектердің 6% қолданылды. 1998 жылы алғашқы рет CLIL оқу жоспарлары CLIL мұғалімін оқыту мақсатында дайындалды. 2001 жылы алғаш рет CLIL мектепке дейінгі ,сонымен қатар бастауыш командасы-оқытушылық бағдарлама іске қосылды. 2004 жылы CLIL мұғалімдеріне арналған республикалық жұмыс орнында оқытушыларды оқыту курстары басталды. 2006-2007 оқу жылында ELTE, Будапештте CLIL мұғаліміне арналған оқу курстарын жүргізген алғашқы жылы болды.
Чехия
Чехияда CLIL идеясының эволюциясы Білім, жастар және спорт министрлігінің бастамалары арқылы 1990 жылы басталды.
1998-2006 - TIE-CLIL (Trans-language in Europe)деп аталатын жобаның нәтижесінде,CLIL әдісі жайлы басты мағлұматтар , оның әдістемесі туралы жалпы ақпараттар, мұғалімдер,ата-аналар мен оқушыларға ұсынылды.
2006-2009 жылдары бұл жоба бастауыш мектептерінде CLIL бағдарламасымен жұмысын сәтті іске асырды . Сонымен қатар CLIL әдісі арқылы сабақ бере алатын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытты. CLIL жобалары 2009-2012 жылдары орта сыныптардада іске асырыла бастады. 2014 жылы мектептердің барлық түрлерінде CLIL әдісімен оқыта бастады.
Германия
Неміс мектептерінде CLIL әдісін іске асыру тарихы 1960 жылдан басталды. Алғашқы екі тілді Неміс-француз тілдерінде оқытатын бағдарламалар болды. Сол сияқты басқа да еуропалық елдерде, ағылшын тілдерінде CLIL бағдарламалары 1990 жылдары тарала бастады және толық 2000 жылдан кейін дамыған.
Польша
Польша сонымен қатар басқа елдерде (мысалы Венгрия) Білім берудегі CLIL тәжірибенің іске асыру атауы тілдік білім астында қабылданды. Оның іргетасы 1970 жылы қаланды, екі тілді бағдарламалар бастауыш мектеп және жоғары білім беретін мектептерде болды. 1990 жылғы төңкерістен кейін одан да танымал болды. 1999 жылы жаңа білім реформасына байланысты, CLIL төменгі, сондай-ақ орта мектептердеде, жүзеге асырыла бастады.

1.2.3 Қазақстан Республикасында CLIL оқыту технологиясының дамуы

Үш тілділік туралы айтқанда, мен үштілділіктің үштілділік мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды ұсынамын, - деді президент. Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді қолданатын мәдени ел ретінде танылуы керек. Бұл қазақ тілі, орыс тілі - халықаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - әлемдік экономикаға сәтті кіру тілі. Үш тілділік - белгілі бір қоғамдағы белгілі бір адамның, топтың немесе халықтың қарым-қатынас процесінде үш түрлі тілді кездейсоқ пайдалану құбылысы. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық маңызды құбылыс ретінде бағалаймыз. Осылайша, үш тілде білім беру қазіргі ұрпақ үшін білім беру кеңістігінде қозғалу еркіндігіне ие болу және әлемдік білім берудің құпиялары мен әлеуетін ашудың басты қажеттілігі болып табылады. Біздің конституция әлемнің кез-келген тілінде тану бостандығына ие. Біздің еліміздің саяси, экономикалық және мәдени байланыстары бірнеше тілде оқуды қажет етеді. Ол елімізді әлемге жаңа даму мен дамудың жолымен таныстыратын қазіргі заманғы мектептің білімді ұрпағы болады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес қазақ, орыс және шет тілдерін оқып-үйренуді қамтамасыз етуі керек делінген. Осыған байланысты үштілді білім беруді дамытудың Жол картасы аясында 2015-2020 жылдарға арналған жоспар бекітілді. Үш тілде білім беру жүйесі бір күнде емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында информатика, химия, биология және физика пәндері бойынша ағылшын тілі курстары басталады. Ол үшін ғылыми терминдер зерттеледі. Бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін 3 тілде оқытудың бірыңғай стандарты жасалынуда. Осы стандарт бойынша кадрларды даярлау мәселесі де шешілуде. Кәсіби оқытушылар осы бағдарламаны жүзеге асыруға дайындалуда. Айта кету керек, елімізде ағылшын тілін оқытудың 42 бөлімі бар. Бүгінгі таңда бірқатар мектептер Қазақстанда кіріктірілген оқу жоспарын қолданады. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы, география және құқық пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия және физика ағылшын тілінде оқытылады. Сонымен қатар, 2016 жылғы 25 сәуірден 6 мамырға дейін Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Ұлыбритания мен Лондондағы Зияткерлік мектептердің және басқа елдердің мұғалімдері ретінде CLIL әдістемелік курстарынан сәтті өтті. Курста CLIL негіздері мен мақсаттары, сонымен қатар мұғалімнің рөлі қарастырылды. CLIL қатысушылары мен мұғалімдерінің оқу процесінің негіздерін (мазмұн, тіл, қарым-қатынас және білім) түсіну стратегиясына назар аударылды. Курс тыңдаушылары келесі тақырыптарды қамтыды: CLIL негіздері мен міндеттері, Оқу мен оқушының жетістікке жетуіне CLIL көзқарасы, CLIL сыныптарында алғашқы тілді қолдану (әртүрлі деңгейдегі сыныптармен жұмыс және студенттердің танымдық белсенділігі). Өзекті сұрақтар) , Блум таксономиясы және саралануы , Өздік жұмыс. CLIL нұсқаулығын жазудың негіздері. Сондай-ақ, CLIL бойынша әртүрлі семинарлар, тренингтер мен курстар бүкіл елде ұсынылады. Жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдерге пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстары тұрақты негізде ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. 2015 жылдың желтоқсан айында Алматыда British Council жаттықтырушысы өтті. Жыл соңына дейін үш оқытушының әрқайсысы жаратылыстану мұғалімдері үшін 5 тренинг өткізеді. Оған облыстың 357 мұғалімі қатысады. Сонда жаратылыстану-математика ғылымдарын ағылшын тілінде оқыту каскадты түрде жүзеге асырылады. 20 мұғалім білім беруді дамыту орталығында информатика мұғалімдеріне арналған ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті [6].

Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-да
ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен көшу

Оқу жылы
Сынып
CEFR*
Пәндер

Информатика
Жаратылыстану
Биология
Физика
Химия
201718
5
А1

201819
6
А1-А2

201920
7
А2

202021
8
А2-В1

202122
9
В1-В2

202223
10
В2

202324
11
B2

* CEFR - Шет тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесі
Жалпы білім беретін мектептерде үштілде оқыту
Ағылшын тілінде элективті курстар жүргізу
Гимназиялар мен көптілді мектептерді ағылшын тілінде оқыту
Терминологияны ағылшын тілінде меңгеру
Сыныптан тыс шараларды ағылшын тілінде жүргізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілі сабақтарында мұғалімдер жаратылыстану пәндерінен арнайы мәтіндер, терминдер қолданады
Жаратылыстану пәндерін екінші және үшінші тілдерде оқытатын мұғалімдер, 4 тілдік дағдыны дамытады: тыңдалым, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Пәндер