Шығармашылық ойлау дағдысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту

І. КІРІСПЕ . . . 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 7

І. Теориялық бөлім . . . 7

1. 1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту . . . 7

1. 2. Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер . . . 10

ІІ. Практикалық бөлім . . . 18

  1. Бастауыш сыныптардағы тілдік мақсаттар . . . 18
  2. Сабақ жоспары . . . 21

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген сөзі білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу екендігін көрсетеді. Бұл тұрғыда Н. Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелері сөзсіз. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми - теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылым болып табылады:

1. Пәннің маңыздылығы;

2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;

3. үштілділік саясатты іске асыру;

4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;

6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;

7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлер өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр - сырларын білуге жетелейді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

І ерекшелік : Ең басты ерекшелік - Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі және алдыңғы қолданған жаңа технологиялардың( СТО, дамыта оқыту, модульдік оқыту) барлығының осы жаңартылған білім бағдарламасына тоғысуы екенін түсіндім. Шешуін кез - келген мұғалім сабақ беру барысында түсінеді.

ІІ ерекшелігі

1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) ;

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау) ;

3. Шығармашылық ойлау дағдысы

4. Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7. Критикалық ойлау дағдысы

8. Проблемалық ойлау дағдысы

9. Технологиялық ойлау дағдысы

10. Тілдік құзіреттілік дағдысы.

Зерттеу мақсаты : Бастауыш сыныптарда сөз таптарын жаңа технологиялар аясында оқытуды негіздеу.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңа технологиялар аясында оқыту

Зерттеу пәні : бастауыш сыныптарда сөз таптарын жаңа технологиялар аясында оқыту үдерісін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой - пікірлерді анықтау;

2. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;

3. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту құндылықтарын белгілеу, мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әдістемелік нұсқауларға тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Курстық жұмыстың құрылымы. кіріспеден, негізгі бөлім екі бөлімнен, үш тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Теориялық бөлім

1. 1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту

Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми - зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.

Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан - жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.

Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі.

«Қазақ тілі» пәні - білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.

«Қазақ тілі» пәнінің басты бағыты - тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.

«Қазақ тілі» пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады.

«Қазақ тілі» пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты - тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:

- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;

- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография) игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;

- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;

- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалауға дағдыландыру;

- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;

- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;

- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;

- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;

- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.

Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып, игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде қолдануын қамтамасыз етедi.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы:

- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;

- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;

- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын
1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үштілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар болуы қажет.

«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

техникалық құралдар: проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта; офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер, құлаққаптар және ноутбуктер) шектеусіз интернет; дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон; бейнекамера, сандық фотоаппарат; жылжымалы маркерлі тақталар;

кеңселік тауарлар : түрлі-түсті қағаздар, флип-чарт, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары; фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар; еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т. б. ;

жиһаздар: «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстелдер, жылжымалы кітап сөрелері;

дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио-, бейне- материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т. б. ) ; анықтамалықтар (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер) ; энциклопедиялар; грамматикалық кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін) ; мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер

ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т. б. ) « білім алу жолдарын білетін », өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:

  • оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) ;
  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді) ;
  • жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
  • дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді) ;
  • дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту) .

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
  • ойын әдісі;
  • «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;
  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді) ;
  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т. б. үйренеді) ;
  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

1. 2. Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардыңдағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді. Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады; 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зар. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі- түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағнасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді, жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:

1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу;

2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру;

3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату;

4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін аңғарту;

5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау;

6) ұқсас сөздерді топтату;

7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдістерін таңдау және қолдану
Сыни ойлау дағдысы
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы мен ерекшелігі
Критикалық ойлау дағдысы
Логикалық ойлау дағдысы
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz