Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1
1.АЗАМТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ.
3
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы және негізгі белгілері.
3
1.2 Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары.
6
1.3 Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі.
16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР.
2.1 Қазақстан Республикасының Президенті- адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілі.
2.2 Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде биліктің өкілетті органдарының, өкілеттіліктің, Конститутциялық Кеңестің және атқарушы билік органдарының алатын рөлі.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

18

23
23

25

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конститутциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конститутциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады. Жаңа конститутциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады.Осындай жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі. Қоғам мен мемлекеттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конститутцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.
Конститутция жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді.Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конститутциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды. Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс-әрекет болуына, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды. Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғануға және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік беретін өзіндік мінез-құлықты таңдау мүмкіндігін білдіреді.

1
Қазіргі әлемдік қауымдастықтың дамуы адам құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек екендігін анықтап отыр. Адам құқығы мен бостандығының заңды тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б. жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады. Адам құқығы, оның қамтамасыз етілуі- әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемлекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі. Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты.
Адам құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады. Сол себептен де адам құқығы, жалпы алғанда, мемлекеттен жоғары тұратын институт сипатында бекітіледі. Бұған әлемдік қауымдастықтың қалыптасуы және көптеген мемлекеттердің БҰҰ шеңберінде қабылданған адам құқығының халықаралық стандарттарын мойындаулары куә болып отыр. Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік практикадағы, саяси ойлаудағы көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып табылуы қажет. Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан-жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырады.

2
Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы.
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жииынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады.
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
1)Адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты бір қабылдап, бір бас тарта алмайды;
2)адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Алайда саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады;
3)мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.

3
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды. Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді.БҰҰ Жарғысы( 1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы, Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы, Балалар құқы туралы декларациясы, Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция және басқа бірқатар құжатар қабылданды.
Конститутцияның азаматтық туралы негізгі ережелері барлық азаматтардың теңдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығына деген кепілдік, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне, азаматтықтан айыруға жол берілмеу, т.б бағытталған. Қазақстан Республикасының азаматтары заң алдында азаматтықты алу тәсілдеріне, шығу тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына,жынысына, тектік-топтық немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан тең. ҚР заңдылығы азаматтықты азаматтардың тобы емес, жекелеген адам ретінде қарастырады.

4
Азаматтық туралы заңға сәйкес азаматтық ...тұлға мен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы түрінде бейнеленетін тұрақты саяси-құқықтық байланысын анықтайды. Бұл анықтамадан азаматтықтың негізгі белгілерін анықтауға болады:
1.Тұрақтылық- уақыт пен кеңістікте әрекет ететін азаматтықтың негізгі белгісі. Оның мәні, біріншіден, тұлғаның мемлекетпен құқықтық байланысы- бұл байланыс азаматтың дүниеге келуінен бастап қайтыс болуына немесе азаматтықты тоқтатуға дейінгі аралықтарды қамтиды.
2. Адамның мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы мемлекеттің кез келген тұлғамен, яғни Қазақстан Республикасының азаматы болмаса да, құқықтық қатынасқа түсетінінмен сипатталады, бірақ саяси қатынастарға мемлекет өз азаматымен ғана түседі.
3. Мемлекет пен тұлғаның арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындайды. ҚР Конститутциясында көрсетілген толық азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар кешенімен қамтамасыз етілген, мемлекетпен қорғалатын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының азаматы деп Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңның күшіне ену кезінен бастап тұрақты өмір сүріп жатқан және азаматық туралы заң бойынша азаматтықты қабылдап алған тұлғаны айтамыз. Азаматтық адамның құқықтық жағдайының негізі ғана емес, сонымен бірге маңызды құқықтардың бір объектісі болып табылады және азаматтықты өзгерту адам құқығы болып табылады.

5
1.2 Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары.
Азаматтық жеке құқықтар мен бостандықтар адамға жеке тұлға ретінде оның сол елдің азаматы екендігіне қарамастан беріледі. Азаматтық құқықтар мен бостандықтар қоғам өмірінің адамгершілік негізін білдіреді, адамның жеке өмірі кеңестігін, басқа қол сұғылушылықтардан жекелеген бостандығын қорғайды. Мұндай құқықтар тобы әркімге тумысынан беріледі және ол тартып алынбайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конститутциясының 12-бабының 2-ші тармағында былай делінген: Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында азаматтық құқықтар мен бостандықтарға 15-23-баптар арналған,
Барлығының заң және сот алдындағы теңдігі. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабы барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі қағидатын белгілейді. Барлығы және ешкім сөздері аталған норманың әркімге оның азаматтықты алу тәсілдеріне, шығу тегіне, әлеуметтік мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тектік-топтық немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан қолданылатынын көрсетеді. Нәсіліне, ұлты мен тіліне қатысты шектеуліктерге тыйым салу көп ұлтты Қазақстан үшін аса маңызды.

6
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қабылдаудың егер мемлекет теңдік және теңқұқылыққа кепілдік берген жағдайда ғана мәні болады. Сол себептен де әлемдегі елдер конститутцияларын осындай норманың құқықтар мен бостандықтар туралы бөлімімен бастайды. Конститутцияның 14-бабының 1-тармағы теңқұқылықты заңдылық тұрғыда, яғни барлығының заң алдындағы шартты теңдігі ретінде анықтайды. Негізінен заңда адам мен азаматтың конститутциялық құқықтары мен бостандықтары нақтыланады. Сондықтан тұлғаның бостандығын анықтайтын барлығына бірдей жалпы норма ретінде заң алдындағы теңдіктің бекітілуі маңыздылыққа ие болады. Сот алдындағы теңділіктің де өзіндік маңызы бар, себебі сот даулы мәселе немесе бұзылу айғақтары орын алған жағдайда құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру және қорғаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Өмір құқығы- Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес, адамға берілетін негізгі кепілдіктердің бірі. Сол себепті де заңға қайшы әрекеттің жасалуына не жасалмауына қарамай, адам құқықтары сақталуға тиіс. Адамның бөлініпалынбайтын, тартып алуға жатпайтын негізгі өмір сүру құқығы адамға дүниеге келуімен беріледі. Мұндай құқықтың екі аспектісі бар: табиғи және әлеуметтік. Өмір сүру құқығы-қорғалуы барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, қауіпсіз,табиғи және әлеуметтік өмір сүру аясы мен өмір сүру жағдайын құру және қолдауда кез келген нақты адамның кешенді, белсенді әрекеттерін қамтитын адамның табиғи құқығы. Ол басқа құқықтар мен бостандықтарға қарағанда сөзсіз артықшылықтарға ие болады.

7
Себебі, ол өзінің қажеттілігі мен маңыздылығына қарамастан, адамның қайтыс болу айғағы негізінде өзінің маңызын жояды.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 15-бабына сәйкес, әркімнің өмір сүру құқығы бар. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексінің 17- бабында өлім жазасы және оған балама ретінде 20 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген. Қазақстанда өлім жазасын қолдану келешегі бірнеше рет әртүрлі форумдарда және ғалымдар мен заңгерлердің баспасөзде жарық көрген материалдарында талқыланды. Мамандардың көпшілігі Қазақстан өлім жазасынан сатылап бас тартуға бет бұруға тиіс деген пікірде. Іс жүзінде бұл 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексінде қарастырылған. Біріншден, өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстар саны екі есеге қысқарған. Бұдан бөлек, ҚР-ның Қылмыстық Кодексі бойынша әскери қылмыстар үшін өлім жазасы тек соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында белгіленуі мүмкін.
Өлім жазасы бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қол сұғу әрекеттері үшін 5 қылмыс құрамы бойынша тағайындалуы мүмкін: адам өлтіру(96-бап, 2-бөлім). Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (167-бап, 1-бөлім), терроризм (233- бап,4-бөлім ), диверсия (171-бап, 1-бөлім), әділет немесе алдын ала тергеу жүргізетін адамның өміріне қол сұғушылық.(340-бап). Өлім жазасы адамзат баласына ерте заманнан мәлім. Ол біздің уақытымызға дейін жалғасын тауып отырған жазаның ең ауыр, ең қатал, ерекше түрі болып табылады.

8
Адамның табиғи құқықтарының бастысы- өмірге деген құқығын шектейтін жазаның бірден-бір қайтымсыз түрі өлім жазасы. Қылмыстық жауапкершілік пен жазалау ұйымдарының пайда болуы, біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерден бастау алады. Адамзат қауымындағы басқару иерархиясы мен нормалары қалыптасқаннан бері өлім жазасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Адам құқығы
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Пәндер