Гидроцефалиядан асқынған олигофрения
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
Ғылым және технологиялар факультеті
Жаратылыстану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 6B01503 Информатика
Орындаған: Жамел Азамат, 3 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2021 ж.
Бағасы _____________
___ ___ 2021 ж.
Ақтау, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 6B01503 Информатика
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Джанабергенова Айгерим

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау
2) балалардың білімін бағалау
3) балаларды отбасында өсіріп жетілдіру
Негізгі әдебиеттер:
1) Инклюзивное образование. Учебно-методическое пособие. М.: УЦ Перспектива, 2016
2) Пашков А.Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с органиченными возможностями (методические рекомендации). 2006.
3) Aутaeвa A.Н., Мexмeтовa A.A.мүмкіндігі шeктeулі: оқу құрaлы.-Aлмaты, Aбa aтындaғыКaзҰПУ,2008.-94б
4) Cурдопeдaгогикa: учeбник для cтуд.выcш. пeд. учeб.зaвeдeнийпод рeд. E.Г. Рeчицкой.- М.,2004.- 655c
5) Кожекина Т. Инклюзивное образование, 2016.
Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6
Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .12
2 ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Инклюзивті білім беруде оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі. Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);
2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;
4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған;
7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр.
Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың мақсаты - инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін жалпы мектеп педагогтеріне әр түрлі санаттағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруды қарастыру болып табылады.
Берілген материалдар педагогтерге, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлерге, білім беру процесін қолдау мамандарына да пайдалы болады.
Курстық жұмыс мақсаты: дамуында бұзылыстары бар бастауыш сынып оқушыларын пән сабақтарында бағалау жұмыстарын қарастыру болып табылады.
Жоғарыда аталған курстық жұмыстың мақсатын сүйене отырып, біз келесі міндеттерді алға қоямыз:
- мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделін сипаттау;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын қарастыру;
- дамуында бұзылысы бар балалардың білімін бағалау критерийлеріне тоқталу
- есту және көру қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: жұмыс барысындағы қарастырылған бағалау критерийлері дамуында бұзылыстары бар балалардың оқуын бағалауға мүмкіндік береді деген жоспар бар.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: жазылған зерттеу жұмысын бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында біз талдау, анықтау, болжау, индукция, дедукция, абстракциялау әдістерін қолданған болатынбыз.
Зерттеу пәні: Инклюзивті оқыту.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы
Жалпы білім беретін мектептегі балалардың үлгермеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, медиктердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты және оларды ПДК деп атады.
М.С.Певзнер және Т.А.Власова (1968, 1973) ПДК баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоциалық даму роліне көңіл аударды. Баланың ПДК - ананың екіқабат алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатындығын анықтайды. Сонымен қатар, ПДК психологиялық-педагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларды да жүргізілу керектігі айқын болды.
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.
Тәрбие бұл- жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.
Тәрбие- балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д.Локк: Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі! деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.
Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді
Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.
Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ, революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.
Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.
Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.
К.С. Лебединская өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде ПДК этиопатогенетикалық жұмыс жүйесін ойлап тапты. Бұл жұмыста ПДК әр түрлі сыныпиникалық типтері анықталады, олардың бәрі құрылымы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
1. Гармониялық инфантимум - ПДК-ның конституциялық пайда болуы,- эмоциялық - ерік өрісі алғашқы даму сатысында болады және әдеттегі құрылымда көрінеді. Бұл балаларда кездесетін қиындықтарды М.С. Певзнер және Т.А. Власова жалпы жеке бастың мотивациялық өрісінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
2. Соматогендік негізінде пайда болған ПДК. Бұл тип (аномалияның) соматикалық жетіспеушіліктен пайда болады: хроникалық инфекциялар, аллергия, туа біткен және кейін пайда болған жүрек ақауы (порок сердца). Мұндай балалар - өзіне-өзі сенімсіз, қорқақ, қимыл-қозғалысы баяу, шектеулі.
3. Психогендік негізде пайда болған ПДК - тәрбиенің қолайсыз жағдайларына, жеке бас дамуына дұрыс қалыптаспауына байланысты. Мұндай балаларды педагогикалық бағусыз қалған балалардан ажырата білу қажет. ПДК кезіндегі балалардың психикалық тұрақсыздығы - олардың қадағалаусыз болғандығына да байланысты, мұндай жағдайда жауапкершілік төмендейді, аффектінің белсенді тежелуіне байланысты мінез-құлық өзгереді.
а) Отбасы табынушысы (кумир) типтегі аномальдық даму варианты (гиперопека) - өте қамқорлықта болған балаларда кездеседі - еркелетіп тәрбиелеу, еңбекке үйретпеу, өзіндік инициативасы жоқ, ерік күші аз, эгоист, біреудің көмегіне сүйеніп кеткен, қабілетсіз балалар.
б) Невротикалық типтегі аномальдық даму варианты ата-аналарды дөрекі, қатыгез балаларда кездеседі - қорқақ, эмоциялық жетілмеуі өзін-өзі сенімсіздікке, онжарлыққа, шешім қабылдай алмауға әкеледі.
в) Церебральді-органикалық негізінде пайда болған ПДК - екіқабат патологиясы, инфекциялар, ана мен бала қанының сәйкес келмеуі, интоксикация, жарақат. Органикалық инфантимум - балалардың эмоциялық - ерік қуатының жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Екі түрін атауға болады: тұрақсыз тежелген. Эмоция айқындығы жоқ, баға алуға тырыспайды, талаптану деңгейі төмен.
Церебральды органикалық негізде пайда болған КДП балалардың таным әрекеттері бұзылған, ойлау, зейін т.б. жеткіліксіз деңгейде, баяу қимылдайды, бір істен екінші іске ауысуы да жай, төмен.
Тіпті оңға - солға бағдарлану, жазу, қағаз бетінде бағдарлану да қиынға соғады.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында дефектілік кең мағынада түсіндірілген. Дефектілікке дене және психикалық аномалиялары бар балаларды (соқыр, керең, ақыл-есі кем) ғана емес, сонымен қатар тәрбиесі бұзылған балаларды да (тәртіпсіз, қылмыскер, нашақор және т.б.) жатқызған. Балалар дефектілігімен күресу балаларды қорғау жалпы мемлекет ағымдарының орталығында тұрды. Аномальды балаларды қорғау мемлекеттің ісі, яғни, оның алдында бұл балаларды кемсітпей керісінше, оларды қоғамдық пайдалы іс әрекетке ортақтастыру міндетті болды.
Аномальды балалар үшін оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, оқыту мен еңбек дайындықтары, ортақ жүйелі арнайы оқу-тәрбие мекемелері құрылған. Олардың негізінде жалпы қоғамдық қол жеткізу және міндеттелген білім беру принциптері жатады. Аномальды балаларға білім және тәрбие беру дайындықтары мемлекеттің педогогикалық жоғарғы оқу орындарының дефектологиялық факультеттерінде өткен квалификацияланған мамандармен ұстаз дефектологтармен қамтамасыз етілген .
Ақыл-ой дамуы бұзылған балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық (табиғи) зақымдануы (ЦНС) баланың таным процестерінің өте төмендеуіне және ақыл-ой дамуының іркілуіне әкеліп соғады. Олигофренопедагогика- осындай балаларды оқыту, тәрбиелеу және зерттеу мәселелерімен айналысатын арнайы сала. Термин олигофрения (грек olygos - аз және phren - ақыл) неміс психиаторы Э. Крепелиннен басталған. Арнайы әдебиеттерде 60 жылдарға дейін ақыл-ес дамуы артта қалған терминімен бірге, кем ақыл, ақымақтық термині де қолданылады (кейде қазірде қолданылады). Ақыл есі дамымай қалған балалардың көбісін олигофрендер құрайды.
Олигофрения - бұл ақыл-ой және психикалық жағынан дамымай қалу формасы. Себептері: экзогендік жағымсыз ф-р туа біткен олигофренияға әкеліп соғады. Оларға жататындар: патологиялық тұқымқуалаушылық (ата-ананың венерикалық және басқа да аурулары, екеуінің де немесе біреуінің ақыл-ес кемдігі), хромосомдардың бұзылуы (хромосомная аберрация), эндокриндік жүйенің бұзылуы (фенилкетасурия), ананың және баланың қан құрамының резусфактор бойынша сәйкес келмеуі болып табылады. Алкоголділік және наркомания экзогендік те, эндогендік те факторлар болып табылады. Олигофрения үш деңгейге бөлінеді: идиотия, имбецильность және дебильность.
Идиотия - олигофренияның ең ауыр түрі (милау, нақұрыс) Идиот - балалар өзін қоршаған орта туралы да ойлана алмайды, тіл функциясы өте баяу және шектелген түрде дамиды, кейбір жағдайларда дыбыстар тіпті айтылмайды. Мұндай балалардың қимыл үйлесімділігі жоқ, кеңістікте бағдарлана білмейді моторикасы дамымайды (кейде жатып қалады). Гигиеналақ, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары тіпті қалыптаспауы мүмкін. Идиот балалар арнайы медициналық көмек көрсетілетін және бақылау жүргізіліп отыратын мекемелерде тәрбиеленеді. (ата-аналарының келісімімен) 18 ге жеткен кезде олар хрониктерге арналған интернаттарға көшіріледі.
Имбецильность - миқұла идиотизмге қарағанда ақыл-ес кемдіктің жеңілдеу түрі. Имбицильді балалар тілді, кейбір қиын емес еңбек дағдыларын белгілі мүмкіндіктерімен меңгереді. Алайда, қабылдау, ойлау, ес және ерік-қуат т.б. функциялардың терең, дөрекі дефектілері мұндай балаларда жалпы білім беретін және қосымша мектептерде оқу мүмкіндігін жояды. Бұлар да арнайы мекемелерде оқылып тәрбиеленеді.
Дебильділік - миақы ең жеңіл түрі. Дегенмен олардың интеллектерінің, ерік-қуат сферасындағы ерекшеліктердің төмендігі жалпы білім беру мектептерінде оқуларына кедергі жасайды. Қарапайым математикалық білімдерді, жазу және оқу дағдыларының өзін меңгеру оларға қиынға соғады, өйткені абстрактілі ойлау функциясы оларда бұзылған. Жалпы дене әлсіздігі, моториканың бұзылуы, мінез-құлық ерекшеліктері олардың кәсіптік- еңбек іс-әрекетінің шеңберін шектейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы м.д. мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған.
Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйеде арнайы яслилер, психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады. Ақыл-есі кем балалардың дамуы өмірдің бірінші күнінен бастап дені сау балалардан әжептеуір бөлектеніп тұрады.
Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кем басталады. Мектеп жасына жеткенше дейін оларда көрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттың әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын-емес, зат қана болып табылады.
Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері (өзіне-өзі қ. ету) мұндай балаларда қоршаған орта талабының ықпалымен қалыптасады. (отбасында осыған көңіл аудару қажет).
Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда 3 жастан кейін, фразалар - мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап өзіндік Мен деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек 6-7 жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады.
Бұл б-дың ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады. (отверженные - аластатылу, шеттетілу).
3. Қосымша мектеп мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің жұйесінде жұмыс істейді, бірақ міндеттері бөлек айқындалады. Арнайы міндеті - дефектілерді түзету (коррекция). Сондықтан әлеуметтік - еңбектік бейімделу дұрыс жүзеге асуы тиіс. Қосымша мектеп оқушылардың жалпы дене жағдайын дұрыстау және бекітуге бағытталған, емдеу - сауықтыру жұмыстарымен де айналысады, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық міндеттері бар.
Ерекше түзету міндеттерінің саны сол мектептің арнайы оқу жоспарында және бағдарламаларында бейнеленген. Қысқаша, орыс тілі (ана тілі), математика (1-9 сынып), география (6-9 сынып), тарих (7-9 сынып), бейнелеу өнері (1-6 сынып), дене тәрбие (1-9 сынып), қол еңбегі (1-4 сынып), кәсіптік - еңбекке оқыту (5-9 сынып) т.б. кітапта толық қарастырылған.
4. Қосымша мектеп оқушыларының негізгі контингенті - олигофрен-балалар. Белгілі совет дефектологы М.С. Певзнердің жасап шығарған сыныпассификациясы - жүйесі - олигофрен-ның міндеттерін шешуде ең тиімді деп саналады. Певзнер ол-нияның 4 формасын анықтады.
а) Негізгі формасы-диффузные - ми жарты шарының қабы зақымдалған, бұлардың сезім органдары керемет бұзылмаған, қимыл-қозғалысы ерік-қуат сферасында, сөйлеуде аса бұзылу байқалмайды. Мұндай балалар өз алдына қойылған міндеттерді көбінесе түсіне бермейді, олардың шешімін басқа әрекеттермен ауыстырады.
б) Нейродинамикалық бұзылуы анық олиг-дер. Бұл өте қозғыш, тәртіпсіз, әлсіз, баяу жұмыс істеу қабілеті төмендеген балалар. Бұларда сөйлеудің сенсорлық жағы төмен, фонетикалық-фонематикалық есту қабілеті бұзылған.
в) Ми жарты шарының диффуздың жағдайы сол жақ жарты шардың төбе- желке жағының зақымдануымен қосылуы. өте күрделі түрі, түзету жұмысы да қиынға соғады.
г) Танымдың іс-әрекеттердің дамымауы жеке бастың толық дамымай қалуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда тілектер және мотивтер жүйесі толық өзгерген, патологиялық бейімділік бар.
Кейбір жағдайларда олигофренияның есалаңдық (психопатическая) формасы да кездеседі. Бұлар өте қиын балалар болып табылады.
Айтылған формалардан басқа сирек кездесетін олигформал. бар. Кейбіреулері:
1. Жыныстық хромосомдар ауытқулығы (кемістігі) бойынша пайда болатын олигофрения.
2. Сыныпайнфелотер синдромы бойынша пайда болатын олигофрения. (тек ер адамдарда)
3. Шерешевский-Тернер синдромы бойынша пайда болатын олигофрения. (тек әйелдерде)
4. Гидроцефалиядан асқынған олигофрения.
5. Туа пайда болған сифилис олигофрениясы.
6. Фенилкетонурия бойынша пайда болған олигофрения.
Деменция (лат. dementia-безумие) - ақыл кемдік.
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения- гидроцефалия түрақты секреция бездерінің және оларды сіңіру шарттарының балансы бүзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұл бетпішініндегі бас ми аймағы ұлғаюымен сипатталады - құрылысы және субарах пайдалды аймақ.
Гидроцефалия - дамушы және өтеуші болып бөлінеді. Кейбір жағдайда дамушы гид- ның әсерінен ішкі (черепное довление) нормаға келеді, сөйтіп бұзылыс өтелуші сырқатқа айналады. Өтелуші сырқат кезіндегі ми құрылысы кеңейген күйі қалады.
Осы уақытқа дейін гидроцефалия жайлы нақты мәлімет жоқ. Ақыл есі кем балалар гидроцефалия кезінде 0,4 - 2,0 процент қана байқалады. Гидроцефалия жұмысқа қаблетінің төмен болуымен сипатталады, (жалықудың жоғарғы деңгейде болуы, зейін аударудың бұзылуы). Мінез - құлықтың өзіндік өзгеруі (жанындағылармен өзін салысыру төмендеді , жағдаймен санаспайды).
1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ерекшеліктері
Дамуында ауытқуы бар балалар еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды, лайықты өмір сүруіне көмек беретін ерекше күтім, білім және әлеуметтік ортаға бейімделуге, мемлекет тарапынан көмек көруге және білім алуға құқылы. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңының 5-бабы, 1-тармақшасында айтылған.
Сонымен қатар Елбасының әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму ауытқуы бар балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын үдемелі жақсартуда, сол себепті дамуында ауытқуы бар азаматтарға адамгершілік тұрғысынан мән беріліп, халықаралық және отандық педагогика мен медицинаның ғылыми-практикалық шектесуінде коррекциялық тәрбие жүйесін құрудың бір мүмкіндігі шектелген жандар үшін қажеттілігі атап айтылды.
Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалар жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған. Дамуында ауытқуы бар балалардың клиникалық түрлерінің жіктелу негізінде генетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар немесе медициналық, педагогикалық және психологиялық коммисиялардың мүшелері ғана анықтай алады. Дамуында ауытқуы бар балаларға тән белгілер:
-- тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;
-- сезім мен еріктің жетілмеуі;
-- жалпы мәлімет мен елестету қорының шектелуі;
-- сөздік қорының жеткіліксіздігі интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;
-- ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
-- қабылдаудың баяулауы;
-- сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;
-- ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;
-- сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;
-- өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі.
Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды. Сонымен дамуында ауытқуы бар балаларда жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өз-өзіне сенбеушілік тезжалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта-жігерінің төмендеуі - бұл жоғары жүйке жүйесінің қызметінің негізі болып саналатын қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдік заңдылықтарының бұзылуынан төмендейді.
Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, сезіну, қимыл-қозғалыс талдағыштарының әрекеті де жетілмеген. Сондықтан 5-8 жастағы балалар арасындағы кездесетін дамуында ауытқуы бар балалар жан-жағындағы өзгерістерге мән бермеу, оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының, координацияларының бұзылуы, баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік қорының аздығы, есте сақтау, ойлау әрекеттерінің жетілмегені сияқты белгілерімен білінуі мүмкін.
Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Эмоционалды ерікті дамудың жеткіліксіздігі органикалық инфантилизммен көрінеді.
Балаларда дені сау балаға тән эмоцияның жылдамдығы мен айқындығы байқалмайды. Дыбыстау жеткіліксіздігі, ол кейде кейбір балалардың бір жұп дыбыстарды қабылдауына байланысты. Дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
-- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-- шаршап кетпеуін анықтау;
-- оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
-- сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
-- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
-- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
-- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады:
1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;
2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;
3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құштарлық тапқырлық, әзденімпаздық сияқты жағымды, болымды жақтары жетіле түседі. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай - ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде - тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзылысы да бар.
Дамуында ауытқуы бар баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады.
Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бөліп қоймай, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі, мінез-құлық ерекшелітері, өзін-өзі төмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, өз күшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі төмен) құруды талап етеді.
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшелігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Жалпы инклюзивті білім беру -- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы.
Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады. Инклюзивті оқыту -- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту -- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер -- психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқытып алулары қажет.
Инклюзивті оқыту -- негізгі принцептері: Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке орай мүмкүндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр.
Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Білім туралы ҚР-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру -- оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.
Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады. Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал: − жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; − мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; − мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz