ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту жолдары
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111083 Шетел тілі мұғалімі
Орындаған 4-Ин.Яз-1 тобының
білім алушысы Серікова Д. Е.
Ғылыми жетекші
__ 2022 ж. Жайлибаева Ж. Е.
Өскемен қ, 2022
МАЗМҰНЫ
I. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЖЫМ ТЕОРИЯСЫ 4
1.1. Ұжым, ұжымның даму кезеңдері және ерекшелігі 4
1.2. Оқыту процесінде ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы 12
II. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. 26
2.1. Оқыту процесінде ұжымдық технологиясы 26
2.2. Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде әр педагог алдында тұратын өзекті мәселелердің бірі берік, тату, бірауызды ұжым құру болып табылады . Бұл мәселелемен тек педагогтар ғана емес, сонымен қатар философтар, әлеуметтанушылар және де әлеуметтік психологтар айналысу үстінде.
Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. әлемге әйгілі ғалымдар өз үлестерін қосқан болатын.
Латын тілінің "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" деген мағынаны білдіреді. Осыған қарай отыра коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топты ұжым деп атай аламыз ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар деп айта аламыз .
Адамдар белгілі бір мақсат көздеген уақытта ұжымдарға бірігеді. Бұл ұжым болып аталуы үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі -- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы және де өз ісіне тиянақты қарап жұмыс істеуі..
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, көңіл-күйін, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіре алатын сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасуы ықтимал.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.
Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын көзжарастар бағытын айқындап туғызады.
Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осы қатынас арқасында әр бала ұжым деген не екенің және де оның маңыздылығын, мақсаттылығын түсіне алады.
Ұжымда мақсатты дұрыс таңдай білу және өз алдына қою маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер алдына қойылған, мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі күн және болашаққа деген сенім. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш және мойымай алға жүруге деген болашаққа гарантия.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі ерекшелей аламыз, олар:Жақын перспектива;
Орташа перспектива;
Алыс перспективалар.
Жақын перспектива -- уақыт аралығы жақын болатын іс-әрекеттер. Мысалға: ертеңгі серуен, кешкі ойын, т.б.
Орташа перспектива -- уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы. Мысалға: Сенбілік, апта сонындағы театрға бару, т.б.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат. Мысалға: Ай сонындағы жиналыс, жарты жылдық велосипед тебу, т.б.
Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға бас кезінен орын алуы тиіс. Оны уақыттың кез-келген ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Яғни, бұл жоспарда әр бала белсене қатыса отырып, өзі үшін ұжым туралы көзқарас құруы қажет.
Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп, әдістерін ұсыну.
Зерттеу міндеті:
oo ұжым теориясын зерделеу;
oo тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау;
oo оқушылар ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.
Зерттеу объектісі: тұлғаны ұжымдастыру.
Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді, өйткені жеке тұлғаны ұйымдастыру мұғалім алдындағы басты міндет.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЖЫМ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Ұжым, ұжымның даму кезеңдері және ерекшелігі
XX ғасырдың бас кезеңінде балалар және жасөспірімдер үшін құрылған бірінші скауттық ұйымдар пайда бола бастаған. Бұл ұйымдардың негізгі идеяларын ойлап тапқан ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж) болып табылады. Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітабында толық нұсқада жарияланған.
Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу және де көзделген мақсатқа бұрылмай тура жету.
1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерінде құрылып, даму жолдары іздестіріле бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылған болатын. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылғаны жарияланған. Бұл қоғамның негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу, яғни, сатқындық деген сөз бен мағынадан құтылудың бірден бір түрі.
1917 жылы Ресейдегі Русский скаут қогамында 50 мыңнан астам скауттар тәрбиеленді. 1918-20 жылдары комсомол ұйымының I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар қоғамы таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.
1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының пайда болуы және дамуы, скауттық ұйымдардың қоғамға ықпал етуі төмендеп кетті. Өйткені, бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды және мәдениетте бойнеленіп келген болатын. Скаут мүшелерінің әр мүшесі өзінен жас және данқы жоғары адамдарға бағынуды талап етті. Оның қатарына басшыларын, ата-аналарын, мемлекетті атап айта аламыз. Осыған байланысты көп жылдар бойы КСРО ішінде құрылған көптеген жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар мен бәсекелетік орын алып келді.
1990 жылдан бастап Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне сүйене отыра балалардың қоғамдық қозғалысының дамуы жаңадан елеулі өзгерістерді басынан кешірді. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай нысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды. Яғни, одақтың белсенділігі тоқтатылып, органдарды тарату шешіміне қол жеткізілді.
Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша, жан-жақты жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.
XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайта жаңданды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары өз жұмыстарын жүргізді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының, ізбасарларының санының өсуіне және өмірге икемділігіне, тіршілікке қабілеттілігіне мүмкіндік туғызады.
1991 жылы бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді мемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардың қоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет деп тапты.
Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардың бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістерге қатысы бар. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының мақсаты: қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір балаға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру.
Ұраны: "Отан үшін, жақсылық және әділдік".
Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б өз үлестерін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:
oo қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
oo ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;
oo ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
oo өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,
өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы -- өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.

А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын Ұстаздық дастанда келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Yenжым дамуының негізгі зандылығы -- перспективалык бағыттарының
болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.
Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы -- параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.
Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған құрама сынып оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.
Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.
Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.
А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
oo ұжым алдындағы айқын мақсат;
oo ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
oo ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
oo өз арасында міндеттер белгілеуі;
oo белгіленген міндеттерді орындауы;
oo қатаң тәртіптің болуы;
oo өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.
В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан(сыныптардан) тұрады. Осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсендіруге жағдайжасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершіліік дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән берді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс.
Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. ,
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
oo Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
oo Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын түру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдың пікірмен сипатталады. Қоғамдың пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдың талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі -- қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі. [1. 177 б]
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педаготар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
oo Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;
oo Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;
oo Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдамлар тудыру;
oo Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
oo Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:
Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына,тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесіңде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жогары жетістіктерді көздеуі лазым.
oo Формализм - тәрбиенің қас жауы;
oo Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші -- сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
oo Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау тәрбиені дамыту;
oo Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:
oo Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту, жекеше қарым-қатынас жасау;
oo Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатыннас жасау;
oo Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
oo Ұжымдағы қатынастың етіп жатқан жағдайына белсене араласу;
oo Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;
Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.
3.1. Оқыту процесінде ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы
Ең алдымен ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік бере кететін болсақ дилатиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.
Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Ильенков). Қарама-кайшылық оқушы (адам) жүйесінде пайда больш адам-адам жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектлерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесіңде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялык әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Казіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құңдылықтармен алмасу мүмкіңдіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объекгілері тұрғысындғы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекет-тердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы окушылардың біріккен іс-әрекеті.
Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды формасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.
Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан басқа оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.
Іс-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байланысты оқу, оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.
Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр турлі тәсілдер мен әдістер, оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжым-дық оқу-танымдық Іс-әрекеттің рөлі ерекше.
Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды. Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.
Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуапды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жүмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені белгілі.
Ендігі кезекте ұжымдағы қарым-қатынас түрлеріне тоқталып өтсек. Ұжым ішіндегі қарым-қатынастың мынадай түрлері бар:
oo Маска контактісі - формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады (кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.
oo Жабайы қарым-қатынас - басқа адамды керекті және бөгет жасайтын объект ретінде бағалау - егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз қылықтармен жауап береді.
oo Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның әлеуметтік орнына қарай анықталады.
oo Іскерлік қарым-қатынас - онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді.
oo Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас - мұнда кез-келген тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.
oo Манипулятивті қарым-қатынас - әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте, ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы мүмкін.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады, ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:
oo іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;
oo іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;
oo іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
oo іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;
oo іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік,дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;
oo іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
oo іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;
oo іс-әрекетті бақылау - критериилерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.
Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үшкезеңнен турады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қоры Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі - бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның әсерінен ең кең тараған формасы - рухани коммуникация.
А.А. Леонтьев өзінің бір жұмысында Қарым-қатынасты тек ғана жеке даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай коғам ретінде қарастыру керек деген.
Осы айтылғанға анализ жасай отырып, Б.Ф. Ломов өз көзқарасын былай білдірген: Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас - жалпылық пен бірліктің көрінісі.
Қарым-қатынас және жеке адам. Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей 3 әр түрлі зона туралы айтуымызға болады.
А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес.
Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті бір-біріне дәл келіп тұр. Бул жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті белсенділігі әр түрлі формада көрінеді - коммуникативті мінез-құлық, коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй.
Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ.
Осы негізде психологияда қарым-қатынастың үш жағын қарастырамыз:
1. Ақпарат алмасу;
2. Өзара түсінушілік;
3. Өзара әрекеттестік.
Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу - коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей қарым-қатынассыз кез-келген психикалық процесс тоқырауға ұшырайды.
Оқытудың тәрбиеленуші функциясы оқу үрдісінің ұйымдастыру формала-рын түрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу -оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет.
Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар: педагогикалық урдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетгі білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеүдің керектігін көрсетеді.
Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқу-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар. Салмақты кемшіліктердің бірі - теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді. Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.
Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші кемшілік - оқыту үрдісіі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.
Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық) жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант жазады, есеп шығарады, мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың негізгі іоәрекеті оқытуда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz