ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДА КИІМ ДИЗАЙНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС«Қорғауға жіберілді»
«Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері»
кафедрасының меңгерушісі
Тажиева З. Д.
Тақырыбы: Өндірістік оқытуда киім дизайның жасауды үйрету
5В012000 - «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша
Орындаған Д. Х. Такирова
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к, қауымдастырылған профессор м. а. Л. К. Шильдебаева
Қызылорда қаласы, 2014 ж.
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Институт: Гуманитарлық-педагогикалық
Кафедра: Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері
Мамандық: Кәсіптік білім
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы Н
орындауға тапсырма
IV курс студенті:
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы:
университет бойынша « » 201 ж. №
Бұйрықпен бекітіліп берілген.
Орындалған жұмыстың тапсырылу мерзімі: «___» 201 ж.
Жұмыстың алғашқы берілімдері:
Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
а)
ә)
в)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
Жұмыстың тараулары бойынша кеңес берушілер:
Тарау Кеңес беруші, кафедрасы
Тапсырманың берілген күні «» 20 ж.
Кафедра меңгерушісі: З. Д. Тажиева
Жұмыс жетекшісі: Л. К. Шильдебаева
Тапсырманы орындауға қабылдады:
Студент Д. Х. Такирова
(қолы)
Күні «»20 ж.
Институт Қорғалды
Кафедра МАК хаттамасы
МАК бағасы МАК хатшысы
Тақырыбы: Өндірістік оқытуда киім дизайның жасауды үйрету
Түсініктеме қағазы бет
Графикалық бөлім бет
Студент Д. Х. Такирова ( (күні, қолы)
Жұмыс жетекшісі: Л. К. Шильдебаева
(күні, қолы)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: З. Д. Тажиева
(қолы)
Мазмұны
Кіріспе
I ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДА КИІМ ДИЗАЙНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Беттер
4
1. 1 Киім дизайны туралы мәліметтер
1. 2 Өндірістік оқыту процесінде дайындалатын киімдер туралы жалпы мәліметтер
1. 3 Өндірістік оқытуда киім дизайның жасау бөліктері
ІІ ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСІНДЕ ОҚЫТУ
2. 1 Өндірістік процесінде оқытуды ұйымдастыру формалары.
2. 2 Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі және киімдер дизайны дайындалатын кезде көрнекі құралдарды қолдану әдісі
2. 3 Өндірістік оқытудағы жаттығуларды жіктеу
ІІІ ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСІНДЕ КИІМДІ ДАЙЫНДАУДЫ УЙРЕТУ
- Өндірістік оқытуда киім дизайның жасау барысынла жеңді өңдеу және жинақтау үйрету
- Өндірістік оқытуда киім дизайның жасауды үйретуде дайын тігін бұйымдарының сапасын бақылау
Кіріспе
Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа кезекті жолдауынан: «Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз. Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды» /1/. Тәуелсіздігімізді алғалы бері Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы нәтижесінде көптеген жоғары оқу орындарында өзгерістер жасалынып, студенттердің білімін дамыту мақсатында елбасының Н. Ә. Назарбаевтың жасаған тұжырымдамасында былай делінген «Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет». Жоғары білім білім беру мақсаты -қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанасын, және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Отанның саяси-әлуметтік дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді тұлғаны дайындап, тәрбиелеу - аса құрметті қоғамдық міндет. XXI ғасырдың жақсы маман, білімді, бәсекеге қабілетті азаматты талап етуі - занды құбылыс. Өндірістік оқытуда дайындалатын киімдерді жасау кезінде қолөнерін - бұрынғы өткен бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұраны, тарихымызды, мәдениетімізді қастерлеу, өркендету және жалғастыру - әрбір ел азаматы үшін қасиетті парыз.
Өйткені онда ғасырлар бойы қалыптасқан ерекшелік, форма, ою-өрнектер ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүріміз, тарихымыз халықтық мінезіміз қалыптасқан. Қол өнерінде бұрынғы тарихымыз ғана емес - табиғатымыздың сұлулығы, шаруашылығымыз, ұғым-нанымымыз, әдет-ғұрпымыз, тұрмысымыз да бар.
Ел өркениетінің дәрежесі тек экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштермен ғана өлшенбейтіні белгілі. Қазір рухани өрлеу мен мәдени өркендеу қолға алынып, елімізде көңіл қуантар жұмыстар атқарылып отыр.
Әр қоғамдық құрылыстың, заманның өз ерекшеліктері бар екені де белгілі. Сондықтан болар қазіргі нарық заманы да барлық салада өз талабын, шартын қойып отыр.
Өндірістік оқыту процесінде жаңаша оқыту керек пе, әлде оқу әдістемелерінде әлі де ескертілмеген жағдайлар бар ма, тәжірбиелік сабақтарға қандай жаңалықтар, инновациалық технологиялар енгізу керек деген мәселелерді күн талабы алға қойып отыр.
Осы кезекте өндірістік оқыту процесінде киімдер дайындауды үйретудің, ондағы тәрбиелік жүйенің қоғам өркениетіндегі мәні бұрынгыдан да арта түсіп жаңа шығармашылық ізденістерді талап етеді.
Бұл - қазіргі өнердің барлығын жоққа шығару емес, керісінше жастарды жақсылыққа бейімдейтін, адамгершілікке, парасаттылыққа жетелейтін өнерді тани алатын, оқу-өңдірістік процесіндегі өнерді кәсіби тұрғыдан сараптап, талдай білетін маман етіп дайындаудың қажеттілігін түсіну деген сөз. Білім берудегі әр оқытушының негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу-өңдірістік процесінде киім дайындау барысында техникалық құжаттар жасау арқылы ойлау қабілеттерін, шығырмашылығын дамыту.
Зерттеу пәні - өндірістік оқыту процесінде киім жасау сабақтарын ұйымдастыру үрдісі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: өндірістік оқытудағы киім дизайның жасау барысында сабақтарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін ашып көрсету.
Зерттеу бағыты- өңдірістік оқытуда киім дизайның жасау арқылы тігін бұйымдарды дайындау әдістемесі.
Зерттеу нысаны - өңдірістік оқыту.
Зерттеу міндеттері:
- өндірістік оқытуда киім дизайның жасау бөліктері
- өндірістік процесінде оқытуды ұйымдастыру формалары.
- өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі және киімдер дизайны дайындалатын кезде көрнекі құралдарды қолдану әдісі
- өндірістік оқытуда киім дизайның жасауда әртүрлі бұйымдар өңдеу әдістемесін дайындау.
Зерттеу гипотезасы: егер киім дайындауда өндірістік оқытуда киім дизайның жасауды үйретуде қажетті ептілігі мен дағдысы қалыптастырылса, оқушылардың эстетикалық сезімі және кенестік ойы дамиды.
Зерттеу әдісі - арнайы әдебиеттерді, қазіргі конструкторлар, дизайнелер, технологтар жұмыстарының тәжирибесін зерттеу.
Өндірістік оқыту процесінде оқушыларда белгілі бір сана қалыптастыру үшін іздеу және зерттеу әдістерін көбірек пайдалану керек, оқушыларды ғылыми тану әдісімен; қазіргі заманғы өндірісті ғылыми жетістіктерін пайдалану жолдарымен және құралдарымен таныстыру керек.
Зерттеу көздері - Қазақстан Республикасының білім туралы психологтардың, педагогтардың материалдары; жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, З тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
I ТАРАУ
1. 1 Киім дизайны туралы мәліметтер
Жоғары оқу орындарында «Киім дизайны» мамандығы Республика бойынша соңғы жылдары даму қарқыны өсе бастады. Көркем-конструкторлық білім, яғни бейнелеуші-суретші киім дизайнерінің мақсаты, өзінің жобаланған үлгілерін іс жүзінде жүзеге асыру мақсат етіледі. Қазіргі жаңа қоғам талаптарына сай студент жастарды ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеу, жоғары дәрежеде білім беру, еліміздің көркейіп дамуына ғылым мен білімнің қосатын үлесі зор. Болашақ дизайнерлерді дайындау - суреттеу процесінің теориялық және практикалық негіздерін мұхият зерттеумен тікелей байланысты. Бұл мамандықты игеру үшін білім мен ғылымның барлық салаларын жетік меңгеру және студент жастарға оны жеткізу мақсат болып көзделеді. Әрине, шығармашылық қабілеті жоғары, ойлау, ойластыру, өзінің ойындағы идеясын қағаз бетіне түсіру дизайнерінің жобасын өмірге әкелудегі алғашқы сатылары болып есептеледі. «Дизайн» мамандығында студенттердің өз талғамы бойынша өзінің өмірге деген көзқарасы дүние танымының кең түрде ашылуына үлес қосатын қиялы болып табылады. «Киім дизайнері» мамандығы соңғы жылдары дамуда, бұған дейін Республикамызда «Тігін бұйымдарын конструкциялаушы», «Тігін бұйымдарының технологы» мамандығына көп көңіл бөлінген. Ал, бірақ әрбір киім үлгісінің әсемдігін, оның көркем шешімін табу киім дизайнерінің қолында екенін ұмытпау керек, өйткені киім үлгісінің конструкторлық шешімін таппастан бұрын, оның технологиялық өңделуінің процесін анықтамастан бұрын, оның көркемдік шешімінің дұрыс табылуын алғашқы жолға қою қажет. Көркем - конструкторлық білім, бұл екі бөлек, бірақ бір жаңалықтың, демек әсем көркемделген үлгінің бірегейленуінің нәтижесінде пайда болатын керемет әйел қауымының немесе адамзаттың тұтынатын қажеттілігіне айналады. Болашақ киім дизайнері мамандығы студенттерін тек сурет, эскиздерімен шектеп қоймай, ол киім үлгілерінің әрі қарай дамуына, конструкторлық, технологиялық өңдеулерін қарастыруды міндет ету. Өйткені, киім саласында жоғары оқу орнында үш түрлі мамандыққа бет бұрған, яғни киім үлгілерінің көркемдік шешімін табушы, демек киім дизайнерлері, одан кейін киім үлгісінің конструкторлық шешімін табушы сызбада көрсету, жобалау, демек, тігін бұйымдарының конструкторы болса және соңғы әрлеуден, өңдеуден өткізу, киім үлгісінің технологиялық шешімін табушы ретінде «Тігін бұйымдарының технологы» маманы болып табылады. Міне, бір киім үлгісін жасау үшін, қанша сатыдан өтіп, және қанша маманның қолынан өтті десек болады. Бірақ қазіргі таңда біз өзіміздің жоғары оқу орнында «Киім дизайнері» мамандығын дайындаушы ретінде көркем-конструкторлық білімді студенттерге іскерлікпен қалыптастыруды көздеп отырмыз. Демек бір маманның өзі, яғни киім үлгісінің көркем шешімін тауып қана қоймай, оның конструкторлық шешімін дәл тауып екі саланың байланыстылығын эскиз жобаларында техникалық тілде өз деңгейінде меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Міне, осындай нәтижелер көркем-конструкторлық шешімнің, бұл мамандық үшін алдыңғы қатарда болуын міндеттейміз.
Болашақ киім дизайнерлері әлемдік деңгейдегі дизайнерлер қатарына қосылу алдағы қойылған мақсат болу керек, өйткені Егеменді еліміздің болашағының қарқынды дамуына сән әлемінде алатын орны болса, яғни Қазақстан Республикасының атақты киім дизайнерлерінің орны толған ортаға айналуы әбден мүмкін. Егер жоғары оқу орындағы оқу үрдісінде педагогикалық теория мен практиканың біртіндеп күрделенетін педагогикалық ситуацияларымен оны шешу әдістерін үлгілейтін тұтас жүйелік интеграциясын ұйымдастырса, болашақ мамандардың көркем-конструкторлық білім алу мазмұны мен іскерлігін қалыптастырудың механизмдері меңгеріліп, көркем-конструкторлық білім арқылы студенттерге болашақ маман ретінде өздерін кәсіптік дәрежеде көрсете білуі алға қойылған.
Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болатындықтан Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігін мақсат ретінде көрініс" табады.
Болашақ киім дизайнерлері өз мамандығының иесі ретінде танымал болуы, оның шығармашылық жолдағы дұрыс шешімдері, киім үлгілерінің жинағын жобалауда әрбір салынған сызықтарды конструкторлық тұрғыдан қарағанда дәл шешімін айқындау, оны салынған эскиздерге түсіне, матаның фактурасына байланысты сыбайластығын дұрыс жолға қою мақсат етіледі.
Студент жастардың сезім, ақыл-ой дүниесі өте кең, соған байланысты шығармашылық жұмыстарды, яғни бұйымды көркемдеу, оның шешімін дәл табу, әрбір киім үлгісін дүниеге әкелгенде, оның ішінде табиғат сұлулығының кереметінен алынған, немесе тылсым дүниенің ғажайып көріністерінен туындайтын әсемдік үлгілердің көркем шешімдерін көрсете алу әрбір болашақ маманның қолынан жасалатын эскиздер болып табылады.Әрине «Киім дизайнері» маманы ретінде, ол тек киім үлгілерінің эскиздерін салып оның жобасын түсте көрсетіп, үлгіге бір түбегейлі жаңалық енгізе отырып, кейде қарама-қайшылықтар тудырады. Олай айтуымыздың себебі, дизайнер маманы ретінде, ол тек сурет салумен айналысу қажет деген түсінік туады.
Бірақ көркем-конструкторлық білімді студенттерге, яғни болашақ «Киім дизайнеріне» қалыптастыру, демек үлгілер жинағын жобалау барысында шығармашылық қабілетінің жоғарылауы, сонымен қатар эскиздердің конструкторлық, технологиялық шешімдерінің толық жаңалығы ашылу қажет.
Осыдан, міне жобаланған үлгі эскиздердің жобасын дайындауда оның түсіне, мата фактурасына мән беріп, шектеліп қоймай екінші жағына конструкторлық, технологиялық өңделу шешімдерін байланыстыру болып табылады. Өйткені қазіргі, жаңа заман талабынас ай, техниканың жаңаруына байланысты конструкторлық білім де қарқынды дамуда, яғни, тігін өндірісінде жаңа жобалар, өңделу тәсілдері жасалуда, сондықтан конструкторлық, технологиялық тәсілдердің «Киім дизайнерінің» көркем шығармашылық жобаларында орын алуы тиіс.
Өйткені болашақ «Киім дизайнері» көркем-конструкторлық білім саласын өз деңгейінде меңгеріп, яғни үлгі жобасын салғанда, адам фигурасының толық өлшемдерін, оның сызбада тұрғызу жолдарын, жаңаланған конструкторлық тәсілдерін қолдана білуі қажет.Суретші өзінің жобаланған эскизінде барлық туындайтын қарама-қайшылықтарға төтеп беріп, оны дизайнерлік көзқараспен дұрыс шешімін тауып, сонымен қатар конструкцияның жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, технологиялық өңделудің қолданылатын түрлерінің дұрыс шешімдерін табуы қажет. Демек, көркем-конструкторлық білімді «Киім дизайны» мамандығында тиімді пайдалана білу, оның бір-бірімен байланысты дұрыс түсіну алдағы жолға қойылады.
1. 2 Өндірістік оқыту процесінде дайындалатын киімдер туралы жалпы мәліметтер
Өңдірістік процесінде дайындалатын киімдерге - сыртқы киімдер, женіл көйлектер, шалбарлар, үй тұрмысында пайдалатын алжапқыштар, бисермен тоқылған әртүрлі әшекей бұйымдар және т. б. жатады.
Күнделікті қолданып жүрген түрлі киімнің элементтері ерте заманнан-ақ адамдардың қолданысында болған сияқты.
Киімдегі сәндік әшекейлер бұл көркем жүйе, яғни практикалық мәні жоқ әшекей элементтердің жиынтығы. Былайша айтқанда, киімдегі сәндік элемменттер аса қажетті емес элементтер жиынтығы. Олар киімді киюге қолайлылық туғызбайды, бірақ оның көркемдік шешімділігін арттыра түседі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар сәндеу түрлері мен тәсілдерін зерделеп практикада оны шыңдай отырып жетілдіруде. Өте ежелден келе жатқан сәндік түрлеріне бояу, баспа бояу, мата бетіне печать секілді басу, түрлі мата бетін бояу тәсілдерінің бірі-батик, көркем тоқу, кестелеу, аппликациялау, печворк (құрақ-құрау), квилт (құрақты өрнек кестемен әшекейлеу), тері бетін бедерлеу (тиснение), өру және т. б. кеңінен қолданылып келеді.
Ежелгі дәуір тұсында адамдар өзінің өмірінде тұрмыс қажетіне арналған ыдыс-аяқтарды, тіпті денесін түрлі бояулармен бояп сән құра білсе, бертін келе тоқыма материалдарды, тіпті өте дөрекі тоқыма мата беттеріне баспа суреттер салып сәндеп отырған. Сәндік әшекейлер эстетикалық әрі көркемдік талғамды қанағаттандыруымен қатар, олар белгілі бір сенімді, нанымдар мен халықтың салт-дәстүрін, адамның ортадағы беделін байқататын болған.
Киімнің даму тарихында тоқыма мен өру өнерін ойлап табу маңызды орынға ие болды. Киімді тігуге қажетті материалдарды тігу үшін, мал жүні мен өсімдіктер талшықтарын иіріп тоқыған маталарды пайдаланды. Бұл маталарды минералды және өсімдіктерден алынған бояулармен бояды. Матаны түрлі түске бояуды Шығыс елдерінде кеңінен қолданған. Үнді елі батик технологиясының отаны десек, жапон мен қытай елдерінде жібек матасының бетінде еркін сурет салу тәсілі қаланды. Азия елдерінде көп түсті баспа суреттері арқылы мата бетін сәндеу техникасы қолданылды, түрлі бедерлі өрнектерді арнайы матрицалар арқылы мата бетіне басып сәндеді.
Мата бетінің фактурасын өзгертпей бояу арқылы сәндеу техникасына - батик, баспа сурет, нобайка, еркін сурет салу түрлері кеңінен қолданды.
Ең ежелгі қондырмалы сәндік әшекей түріне кестелеу өнерін жатқызуға болады. Бүгінде кестелеу өнерінің өте көп тәсілдері белгілі. Алғашында сүйек немесе қола инелермен кестелесе, қазіргі уақытта қомпьютерлік басқару жүйесіне енгізілген автоматты тігін машиналарында түрлі кесте түрлерін өте жоғары сапада орындауға мүмкіндік бар.
Кестелеу үшін жібек, күміс, жез жіптері және маржан моншақтар, қымбат тастар, бисер, түрлі шыны түтікшелер т. б. кеңінен қолдануда.
1. 3 Өндірістік оқытуда киім дизайның жасау бөліктері
Суретші қайсы бір сәндік техникасын қолдана отырып, киім дизайның үшін алдымен мыналарға көңіл аударуы қажет:
- Костюм стилі мен қолданылуына сай келуі қажет.
- Ол, костюм формасымен бірге тұтасып үйлесіп тұруы қажет.
- Сурет қарапайым әрі беделді болуы үшін, ол-қажетті фонға ие болуы тиіс.
- Киім материалына, түсіне, фактурасы мен пластикалық қасиетіне сай болуы қажет.
- Костюмде эмоционалдық орталық, яғни, назар аудару орталығы болуы керек.
Киім үлгілерін әзірлеуде бұйымды сәндеу үшін түрлі әшекей үлгілерін қолдану арқылы оның композициялык шешімін арттырамыз. Киімдегі әшекей оның көркемдік бейнесін толықтыра түседі. Әшекейдін кейбір түрлері сәндік әрі конструкциялық маңызға ие болса, енді бірі -сәндік әрі тиімді рөлді атқарады. Әшекей түрлерінің формасы мен материалы түрліше болып келеді, оларды жалпы төмендегідей жеті топқа бөлуге болады:
- Бедерлі тігістер арқылы, қатпарлар, буф, шаршаулар. жиырулар, плиссе, умаж (гофре), сәндік тігістер арқылы әшекейлер салу.
- Бұйым матасынан әзірленген жеке бөлшектер немесе басқа матадан тігілген желбезек, желбір, әдіп, бейка, бант, галстуктер, қакпақшалар, белдікшелер т. с. с.
- Арнайы сәндік материалдар арқылы әшекейлеу: тоқыма баулар, шілтерлер, бау, шашақтар, лента, гүлдер т. с. с.
- Фурнитуралар арқылы әшекейлеу: түймелер, доғалар, сәндік сыртетпелер, сырма т. с. с.
- Кестемен, аппликациямен, эмблемалармен әшекейлеу.
- Басқа материалдармен әшекейлеу: үлпек, табиғи немесе жасанды тері, трикотаж, күдері, бархат, тоқыма материалы, мата т. б.
- Бұйымның жеке бөліктерін баспа суреттермен әшекейлеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz