Сатылай оқыту технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ұстаз институты
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» беру кафедрасы
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Пәні: Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық технологиясы
Тақырыбы: Сатылай кешенді талдау технологиясы
Білімгер: Нығметиярова Аида ДОВ 18-1
/ қолы/
Жетекші: ф. ғ. к., доцент Есенова Нарима Борибаевна
Қорғауға жіберілді: «» 2021ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды:«» 2021ж. бағасымен
/қолы/
Комиссия мүшелері:
/Аты жөні/ /қолы/
/Аты жөні/ /қолы/
ТАРАЗ 2021
ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КAФЕДРAСЫ
ТAПСЫРМA ҚAҒAЗЫ
Нығметиярова Аида Дов 18-1 тобының білімгерінің курстық жұмысына
Пән: MDBBIT4225 - Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық технологиясы
Тaқырыбы: «Сатылай кешенді оқыту технологиясы».
Орындaлу кестесі
Кіріспе
І . Мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізі кезеңдері
1. 1 Білім беру бағдарламалары мен технологияларды енгізу кезеңдері
1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде төмендегідей технологияларды қолдану
ІІ “Сатылай кешенді талдау” технологиясы қазіргі заман білім талабының шешімі
2. 1 Сатылай оқыту технологиясы
2. 2 Сатылай кешенді оқытудың әртүрлі тәсілдері және тиімділігі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі
Жұмысты безендендіру
Қорғaлды
Тапсырма кафедра отырысында «» 2020 жылы № __хатамасымен
Жетекші: Жетекші: ф. ғ. к., доцент Есенова Нарима Борибаевна
Тапсырма орындалуға қабылданды «»2020ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 5
1. 1. Білім беру бағдарламалары мен технологияларды енгізу кезеңдері . . . 5
1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде төмендегідей технологияларды қолдану . . . 7
2. «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ . . . 17
2. 1 Сатылай оқыту технологиясы . . . 17
2. 2 Сатылай кешенді оқытудың әртүрлі тәсілдері және тиімділігі . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі : 21 ғасырда еліміз жаһандану мен жаһандану үрдісіне енуде. Бұл үдерісті жандандырып, дамытуда өскелең ұрпақтың білімі мен дағдысы маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда республика мектептері мүлде жаңа ақпараттық-компьютерлік техникамен жабдықталған, бұл, әрине, жаңашыл педагогтардың құзыреттілігімен жоғары сапалы және инновациялық технологияларды қажет етеді, нәтижесінде «жаңа ұрпақ - инновациялық оқыту - жаңа мұғалім». "Білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты пайдалану күннен-күнге күрделеніп, өзекті болуда. Қазіргі педагогикалық технологиялар негізінен тұлғаны гуманистік бағытта, қарым-қатынаста қалыптастыруға бағытталған. Оқыту кезінде озық, тиімді технологиялар Дәстүрлі сабақ сызбаларына балама болып табылатын бұл технологиялар оқушының мұғалімге қарағанда үлкен рөл атқаруына мүмкіндік береді. Оқушының жан-жақты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашуға, жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға, оның білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырып, білім, білік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Осы мәселенің төңірегінде көптеген көкейкесті сұрақтар пайда болуда. Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді пайдалануы шарт. Мен, өз баяндамамда Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы (ОСКТТ) жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын.
«Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер - ғалым Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова.
ОСКТТ дегеніміз қазақ тілін оқытудан бас алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, географиясын тағы басқа пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, олард өз елінде, жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.
Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол кезден басталады. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді
Білім - қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу - қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу - жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
“Сатылай кешенді талдау” технологиясының мақсаты - қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру
Курстық жұмысының құрылымы:2 бөлімнен, кіріспеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1. Білім беру бағдарламалары мен технологияларды енгізу кезеңдері
Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кірігуге байланысты бүкіл білім беру жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, бұл процеске жаңа, тиімдірек психологиялық-педагогикалық көзқарасты іздеуді күшейтеді.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде инновациялық үдерістер ең алдымен баланың әлеуетін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Инновациялық технологияларды дамытпай мектепке дейінгі білім беруді дамыту, жаңа сапалық деңгейге көшу мүмкін емес.
Инновациялар педагогикалық тәжірибеде қолданылатын, баланың жеке тұлғасы мен қабілетін дамытуға бағытталған жаңа әдістерді, формаларды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде оқу-тәрбие үрдісінде өзгерістер орын алуда: балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды ерікті және қозғалыс сфераларын түзетуге баса назар аудара отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; Дәстүрлі әдістер баланың танымдық дамуын арттыруға бағытталған білім беру мен оқытудың белсенді әдістерімен алмастырылуда. Мұндай өзгермелі жағдайда мектепке дейінгі білім беру педагогтарына балалардың дамуында интерактивті тәсілдемелердің көп түрлілігіне, заманауи технологиялардың кең таңдауына бейімделе алуы қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымына мемлекеттік талаптар және білім беру саясатындағы инновациялық үрдістерді талдау негізінде инновациялық әдістемелік қызметті дамыту технологиясын жобалауға және іске асыруға жаңа тәсілдемелер ұсынылды.
Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.
Білім беру бағдарламалары мен технологияларды енгізу кезеңдері:
- дайындық (мотивациялық-ұйымдастырушылық),
- негізгі (ендірушілік) ;
- соңғы (қорытындылаушы) .
Дайындық кезеңі (мотивациялық-ұйымдастырушылық) .
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу.
Міндеттері:
- «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу; мектепке дейінгі ұйымдарда
инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне талдау жасау;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жетекші педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселелердің жағдайын зерттеу.
Жұмыс мазмұны:
- «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- ғылыми-әдістемелік жұмысты, мектепке дейінгі ұйымдар (әдістемелік, техникалық, кадрлық) жағдайында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша басқа мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибелерін талдау;
- инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша қолда бар әдістемелік материалдарға талдау жасау.
Негізгі кезең (ендірушілік)
Мақсаты: тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.
Жұмыс мазмұны:
- инновациялық педагогикалық технологияны зерттеу және жүйелендіру;
- оларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері мен келешегін шынайы бағалау;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу;
- педагогтардың түрленген қызметін қалыптастыруға және оны мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне ендіруге бағытталған байқауларға қатысу, әртүрлі әдістемелік шараларды - педагогикалық кеңестерді, педагогикалық оқуларды, кеңес берулерді, шеберлік-класс, семинар-практикум, ашық шараларды өткізу;
- әртүрлі қызмет түрлерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолданумен интеграциялау;
- педагогтардың кәсіби және өзіндік дамуы.
Соңғы кезең (қорытындылаушы)
Мақсаты: педагогтар мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігін қорытындылау.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйым педагогтарының инновациялық педагогикалық технологияны қолдану бойынша өздерінің іс-әрекет нәтижелерін бағалаудағы рефлексиясын жүргізу;
- мектепке дейінгі ұйым педагогтарының педагогикалық тәжірибелерін жүйелеу және жалпылау;
- инновациялық педагогикалық технологияны қолданумен мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің диагностикасын, түзеуін, реттеуін қамтитын бақылау жүйесін дайындау;
- педагогикалық үдерістерде инновациялық технологияларды тұрақты қолдану.
Жұмыс мазмұны:
- инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша педагогтардың тәжірибелерін жалпылау;
- «Жұмыста инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» диагностикасын жүргізу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша педагогтардың қызметіне талдау жасау;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жұмыс бағдарламалары мен ұсыныстарын жасау;
- балалармен жұмыс жасау кезінде тиімді инновациялық технологияларды белсенді қолдану;
- педагогтардың шеберлігін жетілдіру, жұмыс тәжірибесін басқа мектепке дейінгі ұйымдарға тарату.
1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде төмендегідей технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологияларды қолдану ұсынылады:
1. Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған) ;
2. Ойын технологиялары;
3. Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой) ;
4. ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған) ;
5. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;
6. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау технологиясы;
7. Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи) ;
8. Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т. б.
Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т. б. еңбектерінде алатын теория жатыр. Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л. С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді. Оның болжамына сәйкес білім оқытудың ақырғы мақсаты емес, оқушылардың даму ортасы ғана болып табылады. Л. С. Выготский идеялары іс-әрекеттің психологиялық теория шеңберінде А. Н. Леонтьев, Я. Гальперинмен және т. б. дайындалып, негізделді. Даму туралы дәстүрлі ұғымды және оның оқытумен арақатынасын қайта қарастыру нәтижесінде бірінші орынға адам іс-әрекеті мен түрлерінің субъектісі ретінде баланың қалыптасуы қойылды. Дамыта оқытудың теориясы Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. эксперименттік еңбектерінде жетілдіріле түсті. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен даму бір үдерістің диалектикалық өзара байланысты тараптардың жүйесі ретінде көрініс алды. Оқыту адамның психологиялық дамудың, тұлғаның барлық жиынтық қасиеттерін қалыптастырудың жылжытушы күші ретінде танылған.
Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. Дамыта оқыту технологиясы баланы қоршаған ортамен өзара әрекет ететін дербес субъект рөлінде қарастырады. Бұл әрекет ету қызметтің барлық сатысын: мақсаттарды анықтауды, жоспарлау және ұйымдастыруды, мақсаттарды іске асыруын, қызметтің нәтижелерін талдауын қамтиды. Дамыта оқыту тұлғаның барлық біртұтас жиынтық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту бала дамуының жақын аймағында жүзеге асады.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский.
Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықта істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі, туындауы болып табылады.
«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі - оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:
• балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;
• оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
• оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
• оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;
• дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;
• оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.
Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:
• оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;
• танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы;
• репродуктивті, өнімді, шығармашылық;
• коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т. б.
Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.
Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.
Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:
- заттық іс-әрекет;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас;
- қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.
Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:
- дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс- әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т. б. ) ;
- дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т. б. дамыту) ;
- тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т. б. тәрбиелеу) ;
- әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т. б. ) .
Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.
Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруға мүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекеті қалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетіне дайындығы қалыптасады.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ - өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г. С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты - балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:
- балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
- шығармашылықтың туындауына ынта береді;
- балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту) ;
- барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
- лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;
- ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:
- таңдау еркіндігі қағидаты - балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;
- ашықтылық қағидаты - балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;
- іс-әрекет қағидаты - кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz