Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Б. Ахметов атындағы жоғарғы Павлодар педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану».
Орындаған :
Студент : Темирова Айнур
Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Топ: БББ-41
Тексерген:
Оқытушы: Кабышева С. А
(қолы)
2021 жыл
Мазмұны
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім . . .
4-30
1. 1. Бастауыш мектепте білім берудің педагогикалық психологиялық негіздері
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді қолдану ерекшеліктері.
1. 3. Мектептің бастауыш сатысында қолданылып жүрген қазіргі технологиялары.
2. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолданудың әдістемесі
2. 1. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда жаңа технологияны қолдану жолдары.
2. 2Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнін оқытуда жаңа технологиялардың ерекшеліктері.
III. Тәжірибелік бөлім
. . . 31-34
IV. Қорытынды . . . 35-37
V. Пайдаланылған әдебиетте. 38
Қосымша . . . 39-42
Кіріспе
Зерттеу пәні: бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану үрдісі.
Егеменді еліміздің елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
12 жылдық білім берудегі өзгешеліктердің бірі баланың мектепке 6 жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен бастау. Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және жасайтын ұрпақ дайындауды көздейді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа ақпараттық технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмұны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілік пен гуманистік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты
: Жаңа оқу үдерісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық дидактикалық идеяларында “Нені оқыту?”, “Қалай оқыту?”, “Сапасы қандай?”деген сұрақтарға жауап беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- АҚТ технологияларын дұрыс қолдана алуға үйрету
- АҚТны қолдана отырып алынып жүрген білім нәтижерін жақсарту
-АҚТ арқылы оқушылардың қызығушылығын күшейту
1. 1Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамға кеңінен енді. Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
«Ақпараттық технологиялар» терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек.
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске асырылатын ортамен сипатталады:
- техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника түрі) ;
- бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы) ;
- пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының мазмұны) ;
- әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және т. б. )
Оқытудың ақпараттық технологиялары - ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және білім беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. Электрондық оқыту машинасын математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Оқу үрдісінде жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі математика сабағында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды. Қазіргі уақытта сабақ барысында интерактивті құралдарды кеңінен қолданады.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті) .
АКТ-ны қолдану сабақтарында басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
- дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау) ;
- әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою) ;
- ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру) ;
- оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту) .
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
- мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау) ;
- компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
- дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
- тестілеу құралы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша) ;
- оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
- осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.
Мұғалім алдын - ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал - саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Проектор құралы экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Перде экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартта оқушылар активті қаламның көмегімен жұмыс жасай алады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Интерактивті тақтада кескінді түрлі - түсті айқын, ұқыпты оңай көрсету;
2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзету;
3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдану;
4. Сабақтың өнімділігі артады;
5. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- алған білімді жүйелеу ;
- өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс жасағанда әдістемелік көмек беру.
Осы технологиямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білім сапасының артуы байқалды.
Қорытындылай келе, ақпараттық технологияны қолдану:
- Бiлiмнiң сапасын көтереді;
- Бiлiм беру мазмұны жаңарады;
- Бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену байқалады;
- Мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз етеді;
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерделей келе, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау - үлкен нәтижелерге жеткізеді және білім сапасын да арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz