Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту әдістері


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адамның өмір бойы кездесетін басты мәселесі - өзін қалай жүзеге асыру, жасырын бейімділік пен қабілеттерді қалай пайдалану. Әркімнің қабілеті мен бейімділігі бар, бірақ оны бәрі бірдей түсіне бермейді. Мәселе - қабілеттерді өмір бойы ояту және олардың дамуына қалай көмектесу. Сондықтан әр баланың қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып, оның қабілетін анықтап, дамытуға, рухани бай, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын жеке тұлғаны анықтауға және дамытуға жағдай жасауға үлкен көңіл бөлу қажет.
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы «Өмір сапасы» бөлімінің 2-тарауында білімдендіру ортасына: мобильдік, креативтілік, коммуникативтілік, нақтылық, динамизм тәрізді ақпараттық қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге көңіл бөліну қажеттілігі айтылған[1] .
Креативтілік - жетістікке жетелейтін интеллектуалдық үрдіс, қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында креативтілік психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер жүргізуде байқалып отыр. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологи-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүрлейді.
Креативтілік, шығармашылық, интеллект, танымдық қабілеттер мен нақты жетістік арасындағы байланысты Дж. Гильфорд[2], С. Тейлор[3], Э. Торранс[4], А. Я. Пономарев, С. Медник, В. Н. Мясищев, А. Г. Ковалев, Н. С. Лейтес, К. К. Шатонов, С. Л. Рубинштейн, В. А. Крутецкий, А. Н. Лук, Т. И. Артемьев, В. И. Андреев және т. б. зерттеушілер болса, Б. А. Оспанова [30], А. С. Швайковский [31], Қ. М. Нағымжанова [32] болашақ мамандардың креативтiлiгiн қалыптастыруды қарастырса), Г. Қ. Нұрғалиева [33] студенттердің креативтiлігiн қалыптастыруда инновациялық технологияларды пайдалануды, И. И. Сагадуллаев [34] болашақ шет тілі мамандарының акме-креативтілігін қалыптастыруды, Т. Г. Галиев [35] білім алушылардың креативтілігін дамытуды, Т. С. Сабыров [36] болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға даярлауды және т. б. зерттеген.
Оқушылардың креативтілік қабілеттерін дамыту жұмыстары уақытында көруге, баланың қабілетін байқауға, оларға назар аударуға және бұл қабілеттердің қолдау мен дамытуды қажет ететінін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың креативтілік қабілеттерін дамытуға арналған мұғалімнің жұмыс жүйесі оларды өз бетінше интеллектуалдық әрекетке қызығушылық танытуға, процестер мен құбылыстарды өз бетінше зерттеу қажеттілігіне, шешілетін міндеттерді дәлелдеуге ұмтылуға, интеллектуалдық дағдыларға жетудегі табандылыққа, белсенді шығармашылық іс-әрекетке баулуды қажет етеді. Сондықтанда біз өз зерттеу жұмысымызды «Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту» деп алып отырмыз. Себебі оқушылардың креативтілік қабілеттерін дамыту мәселесі бүгінгі күні жаңартылған білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту мен креативті ойлауын арттыруда өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің нысаны - бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттері.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының креативті қабілеттерін дамыту үрдісі.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер , бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерінің ғылыми теориялық негіздері айқындалып, педагогикалық үрдісте оңтайлы жүзеге асырылса, онда бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамытуға болады, өйткені креативті қабілетті дамыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын арттырып, кез-келген оқу әрекетінде жоғары нәтижеге жетуге болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту ғалымдардың зерттеулерін талдау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерің педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту жолдарының тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында сынақтан өткізу.
Зерттеу әдістері. Жалпы және арнайы әдебиеттерге теориялық, логикалық, психологиялық-педагогикалық талдау жасау; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен материалдарды талдау.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерi - қазақстандық, ресейлік және шет ел ғалымдарының тәрбие теориясы жөнiндегi философиялық еңбектері, тарихи-педагогикалық деректер, жеке тұлға креативтілік мәселелері жайындағы еңбектер қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту ғалымдардың зерттеулерін талданды;
2. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерің педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін айқындалды;
3. Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту жолдарының тиімділігін қарастырылды;
4/ Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамытудың тәжірибелік эксперимент барысында сынақтан өткізілді.
Зерттеу базасы - Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, № 21 орта мектеп
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамытудың ғылыми теориялық негізі.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту ғалымдардың зерттеулері.
Н. Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне II съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, отанды сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғанығын ерекше атап өтті.
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру ісінде 4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» екенін атап көрсетті.
Креативті ойлау - жетістікке жетелейтін интеллектуалдық үрдіс қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында креативтілік психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер жүргізуде байқалып отыр. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологи-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болды.
Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай Құнанбаевты ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Мәселен, бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің 43 қарасөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
Ы. Алтынсарин еңбектерінде баланы жастайынан оқытуда оны, ойлауға, өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу мәселесін көруге болады
Педагогтар К. Д. Ушинский, Ю. Г. Кулюткин еңбектерінде шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындар беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» - деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында: «Тыңдасам ұмытамын, көрсем есте сақтаймын, жазсам түсінемін» деген екен.
Психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, В. А. Крутецкий қазақтың көрнекті ғалымдары Т. Тәжібаев, М. Мұханов, Ә. Алдамұратов, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Креативтілік ағылшнның creativity сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді.
«Креативтілік» мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.
Философия мен психологияда креативтілік категориясын зерттеу мен анықтауда төрт негізгі бағыт айқындалды: 1. Креативтілік - шығармашылық процесс. 2. Креативтілік - жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім. 3. Креативтілік - интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет. 4. Креативтілік - тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі.
Креативтілік - бұл ерекше жағдаятты, мотив көздері мен тұрақтылық деңгейін таңдауды, өзінің әлеуетін енгізу мен жүзеге асырудың тәсілдерін түсіну және саналы түрде аңғару дәрежесіне байланысты кез-келген әрекетке жүзеге асырудың өзіндік дара стилін қамтамасыз ететін ықпалдасқан көпқырлы құбылыс.
Креативтілік - бұл шығармашылықтың қалыптасуы мен көрінуіне ықпал ететін ойлау мен тұлғалық ерекшеліктерінің кейбір жиынтығы.
Креативтілік - бұл кәсіби әрекет пен тұлғаның басқа аумақтағы мінез-құлқында өнімді қайта түрленуді және оның даму ядросының құрамын қамтамасыз ететін тәжірибе-бағытталған, кәсіби-маңызды категория.
Баланың креативтілік қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктерді, дей келе олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері - дейді А. В. Петровский.
«Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға тарысатын адамның жеке қасиеті», - деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер» - адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы», - деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Көптеген және әртүрлі іс-әрекеттер мен қарым-қатынасқа қабілетті адам жалпы дарындылыққа ие, яғни оның зияткерлік мүмкіндіктерінің ауқымын, іс-әрекет пен қарым-қатынастың деңгейі мен өзіндік ерекшелігін анықтайтын жалпы қабілеттердің бірлігі.
Инновациялық білім беру ортасының жаңа типті мектептерде қалыптасу жүйесін Н. А. Әбішев [32], Т. А. Линчевская, Р. Р. Масырова [33], педагогикалық инновациялық білім беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы екендігін негіздеген Н. Р. Юсуфбекова [34], педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдіснамасын енгізуді Ш. Т. Таубаева [35], студенттерді инновациялық іс-әрекетке даярлау К. Ж. Ажибеков [36], болашақ мамандардың креативтігін қалыптастыру Б. А. Оспанова [37], А. С. Швайковский [38], студенттің креативтілігін дамыту мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану Т. Г. Галиев [39], болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту Е. И. Бурдина [40], мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту С. Н. Лактионова, Ш. Т. Таубаева [46], мұғалімдерді шығармашылық әрекетке даярлау В. В. Шахгулари [47], Н. А. Гончарова [48], Р. Ш. Сыздықова [49], педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту логикасы Б. А. Тұрғынбаева [50] мәселелерінің түрлі қырлары зерделенеді, акмеологиялық тұғырға А. А. Деркач [51], Н. В. Кузьминаның [52] зерттеулеріне негізделген психологиялық-педагогикалық тұғыр септігін тигізді.
«Қабілет» және «шығармашылық» ұғымдарына сипаттама беру «шығармашылық» түсінігін ашуға негіз береді.
Шығармашылық ұғымы (латын тілінен Creatio - жасау, жасау) шығармашылықтың синонимі ретінде жиі қолданылады.
Д. Б. Богоявленская шығармашылық қабілеттердің негізгі көрсеткіші ретінде екі компонентті біріктіретін зияткерлік белсенділікті анықтайды: танымдық (жалпы ақыл-ой қабілеттері) және мотивациялық. Шығармашылықтың көрінісі критерийі-адамның өзіне ұсынылған ақыл-ой міндеттерін орындау сипаты. [2, Б. 57]
Осылайша, жалпы алғанда, шығармашылық қабілеттердің анықтамасы келесідей. Шығармашылық - бұл кез-келген әрекетті сәтті орындаумен байланысты, бірақ студент бұрыннан дамыған біліммен, дағдылармен, дағдылармен шектелмейтін жеке тұлғаның жеке психологиялық сипаттамалары.
Шығармашылық элементі адам іс - әрекетінің кез-келген түрінде болуы мүмкін болғандықтан, тек өнер туралы ғана емес, сонымен қатар техникалық шығармашылық, математикалық шығармашылық және т. б. Шығармашылық-бұл көптеген қасиеттердің қоспасы. Адамның шығармашылық әлеуетінің құрамдас бөліктері туралы мәселе әлі де ашық, дегенмен қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты бірнеше болжам бар.
И. В. Львов шығармашылық эмоциялардың күшеюі емес деп санайды, ол білім мен дағдылардан бөлінбейді, эмоциялар шығармашылықпен бірге жүреді, адамның іс-әрекетін рухтандырады, оның ағымының тонусын, Жаратушы адамның жұмысын арттырады, оған күш береді. Бірақ тек қатаң, дәлелденген білім мен дағдылар шығармашылық әрекетті оятады. [9, б. 80]
«Шығармашылық» ұғымын толық ашу үшін «шығармашылық» ұғымына да талдау жасау қажет.
Шын мәнінде, шығармашылық, Г. С. Батищев «кез келген принципті жаңа мүмкіндікті жасау қабілеті».
Шығармашылықты әр түрлі аспектілерде қарастыруға болады: шығармашылықтың өнімі - бұл жасалған нәрсе; шығармашылық үдерісі - оның қалай құрылғанын; шығармашылыққа дайындық процесі - шығармашылықты қалай дамыту керек.
Шығармашылық өнімдер тек материалдық өнім емес, сонымен қатар жаңа ойлар, идеялар, шешімдер. Шығармашылық - бұл әртүрлі деңгейде және ауқымда жаңа нәрсені жасау. Шығармашылық әлеуметтік маңызы бар жаңалықтарды ғана емес, сонымен бірге адамның өзі үшін жасайтын жаңалықтарын да сипаттайды. Шығармашылық элементтері балалардың ойында, еңбекте, оқу іс-әрекетінде де көрінеді, мұнда белсенділік, ой дербестігі, бастамашылдық, пайымдаулардың өзіндік ерекшелігі, шығармашылық қиялдың көрінісі орын алады [17, б. 206-208] .
Шетелдік авторлардың пікірінше, шығармашылық - бұл: « . . . жаңа жолмен жүзеге асырылатын қабылдаудың бірігуі» (Маккаллар), «жаңа байланыстарды табу қабілеті» (Кюби), « . . . жаңа композициялардың пайда болуы» (Мюррей), «жаңа түсініктерге жетелейтін ақыл-ойдың қызметі» (Джерард), тәжірибенің жаңа ұйымға айналуы» (Тейлор) [5, 65-67] .
Америкалық ғалым П. Хилл шығармашылыққа «ойдың белгісізден сәтті ұшуы» деп анықтама береді. Барлық шетелдік концепциялар мен теориялардың ішінде гуманистік психология өз ұстанымдары бойынша шығармашылықты зерттейтін орыс психологтарының көпшілігінің көзқарастарына ең жақыны болып табылады. Оның өкілдері (А. Маслоу, К. Роджерс) шығармашылық - адамның өз тәжірибесін терең түсіну қабілеті, ол өзін-өзі таныту, өзін-өзі көрсету, өзінің ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы өзін шыңдау деп есептейді [20, 367-371] .
К. Тейлор, Дж. Гильдфорд сияқты, шығармашылықты бір фактор ретінде емес, әр түрлі қабілеттердің жиынтығы ретінде қарастырады, олардың әрқайсысы әртүрлі дәрежеде ұсынылуы мүмкін.
Дж. Рензулли сонымен қатар шығармашылықты өнімді алудың, мәселенің шешіміне жетудің өзіндік тәсілдерімен және әр түрлі көзқарастағы мәселеге жаңа көзқарастармен көрінетін тұлға мінез-құлқының ерекшеліктері деп түсінеді.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, шығармашылық қабілеттердің мәніне кем дегенде үш негізгі көзқарасты бөлуге болады:
1. Осылайша шығармашылық қабілет жоқ. Интеллектуалдық дарындылық - адамның шығармашылық әрекетінің қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты. Шығармашылық мінез-құлықты белсендіруде негізгі рөлді мотивациялар, құндылықтар, тұлғалық қасиеттер атқарады (А. Танненбаум, А. Олох, А. Маслоу және т. б. ) . Шығармашылық тұлғаның негізгі белгілерінің қатарына бұл зерттеушілер танымдық дарындылықты, мәселелерге сезімталдықты, белгісіз және қиын жағдайларда тәуелсіздікті қамтиды.
2. Шығармашылық (шығармашылық) қабілет - интеллектке тәуелсіз дербес фактор (Дж. Гильфорд, К. Тейлор, Г. Грубер, Я. А. Пономарев) . Неғұрлым жұмсақ нұсқада бұл теория интеллект пен шығармашылық арасында аз байланыс бар деп мәлімдейді.
3. Интеллект дамуының жоғары деңгейі шығармашылық (шығармашылық) қабілеттердің жоғары деңгейін болжайды және керісінше. Шығармашылық есептерді шешу процесі басқа процестердің (есте сақтау, ойлау және т. б. ) өзара әрекеттесуі болып табылады. Мәселені мұндай шешу В. Н. Дружинин анықтаған тәсілдердің біріне сәйкес келеді: психикалық әрекеттің нақты формасы ретінде шығармашылық процесс жоқ, шығармашылық қабілеттер жалпы қабілеттермен теңестіріледі. Бұл көзқарасты барлау саласындағы мамандардың барлығы дерлік (Ф. Гальтон, Д. Векслер, Р. Вайсберг, Г. Айзенк, Л. Термен, Р. Штернберг, т. б. ) айтады [18, 117-б. 119] .
«Шығармашылық» ұғымын В. Н. Мясищев, А. Г. Ковалев, Н. С. Лейтес, К. К. Шатонов, С. Л. Рубинштейн, В. А. Крутецкий, А. Н. Лук, Т. И. Артемьев, В. И. Андреев және т. б. сияқты зерттеушілердің ережелері негізінде анықтауға болады. Шығармашылық қабілеттер - бұл шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрін сәтті жүзеге асыру мүмкіндігін анықтайтын және оның нәтижелік деңгейін анықтайтын жеке тұлғалық қасиеттердің жиынтығы (В. И. Андреев) . Олар жеке адамның білімімен, іскерлігімен, дағдысымен шектелмейді. Шығармашылық қабілеттер шығармашылыққа деген қызығушылықтан, талпыныс пен эмоционалдық қатынаста көрінеді, өйткені білім, логикалық және шығармашылық ойлаудың даму деңгейі, қиял, шығармашылық ізденістегі дербестік пен табандылық және белгілі бір салада субъективті жаңаны құруды қамтамасыз етеді.
Н. А. Бердяев «Шығармашылықтың мәні» атты еңбегінде шығармашылықты жеке тұлғаның еркіндігі, ал шығармашылықтың мәні - қарама-қайшылықтың болуының эмоционалдық тәжірибесі және оны шешу жолдарын іздестіру деп анықтайды. Страхов шығармашылықты еңбек пен дарынның бірлігі арқылы сипаттай отырып, сәйкесінше екі аспектіні бөліп көрсетеді: белсенділік және адамның шығармашылық қабілеттерімен байланысты.
Е. В. Ильенковтың пікірінше, шығармашылық - диалог, тіпті шешімсіз нәтиже болмаса да, ол субъект-субъектілік ізденіс. Ал одан әрі көптеген зерттеушілер шығармашылықты диалогпен, белгісіздік, проблемалық жағдайдың болуымен, нақты қайшылықтарды шешумен байланыстырды. Түсіндіруде Я. А. Пономарева, шығармашылықты «дамуға апаратын өзара әрекет» ретінде қарастырады. Шығармашылық тұлғаның негізгі қасиеттерін, оның өмірлік ұстанымының негізін құрайтын мотивациялық және қажеттілік қатынасының әсерінен белсенділікте көрінеді, дамып, жетілдіріледі (Г. С. Альтшуллер, Ш. А. Амонашвили, Л. С. Выготский) [13, 438 -456 б. ] .
Шығармашылық туралы зерттеулерді екі салаға бөлуге болады. Бірінші бағыт - ғылыми-зерттеу, ол әмбебап танымдық шығармашылық ретінде шығармашылық концепциясына негізделген. Бұл бағыттың өкілдері шығармашылық, интеллект, танымдық қабілеттер мен нақты жетістік арасындағы байланысты зерттейді. Бұл бағыттың өкілдері Дж. Гильфорд, С. Тейлор, Э. Торранс, А. Я. Пономарев, С. Медник. Олар өз еңбектерінде зияткерлік танымдық сипаттамалардың жаңа идеяларды тудыру қабілетіне әсері туралы айтты.
Д. Гильфорд пен Э. П. Торренс креативтілік әмбебап танымдық шығармашылық қабілет ретінде интеллектке тәуелсіз дербес фактор болып табылатын тұжырымдаманы алға тартты. Олар дивергенция операциясын, сондай-ақ трансформация және импликация операцияларын шығармашылықтың негізі деп санады. Сонымен, креативтілік - ойлаудың стереотиптік тәсілдерінен бас тарту қабілеті, шығармашылық жетістіктерді қамтамасыз ететін психикалық қабілеттер.
Д. Гильфорд шығармашылықтың алты параметрін анықтады:
• проблемаларды анықтау және қою мүмкіндігі;
• идеяларды тудыра білу - еркін сөйлеу;
• әртүрлі идеяларды тудыра білу - икемділік;
• қоғамдық көзқарастардан ерекшеленетін идеяларды шығару, қораптан тыс ынталандыруларға жауап беру қабілеті - түпнұсқалық;
• бөлшектерді қосу арқылы объектіні жақсарту мүмкіндігі;
• мәселелерді шешу қабілеті, яғни. талдау және синтездеу қабілеті [9] .
Шығармашылық деп айта аламыз
Адамның қабілеті мәселесі барлық уақытта адамдардың үлкен қызығушылығын тудырды. Шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау көбінесе біз осы тұжырымдамаға енгізетін мазмұнмен алдын-ала анықталады. Күнделікті санада шығармашылық қабілеттер әр түрлі көркемдік іс-әрекеттің қабілеттерімен, әдемі сурет салу, өлең жазу, музыка жазу және т. б. қабілеттерімен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz