Кикбоксинг спортынын теориялық және әдістемелікнегіздері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Каржауова Ж. Ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Кикбоксингпен айналысатын қыздардың физикалық
дайындығының ерекшеліктері
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт»мамандығы бойынша
Петропавл, 2021
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік - Қазақстан университеті
«Қорғауға рұқсат»
Кафедра
меңгерушісіБотяев В. П
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кикбоксингпен айналысатын қыздардың физикалық дайындығының ерекшеліктері»
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт»мамандығы бойынша
Орындаған: Каржауова Ж. Ж
Ғылыми жетекшісі
б. ғ. к., профессор: Кангужина К. М
Петропавл, 2021
Мазмұны
Кіріспе
Өзектілігі. Қазіргі таңда біздің университеттерде жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары сапалы білім беріп жүрген профессор оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Жыл сайын университет көлемінде оқытушылардың арасында спорттың 22-түрінен спартакиада өткізіліп тұрады [1] .
Жас ұрпақты рухани-интелектуалды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. Жастарымызды денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлға ретінде тәрбиелеу қазіргі кездегі басты міндеттердің бірі.
Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім. Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы.
«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.
Бұл мәселені шешу барысында дене шынықтыру мен спорттың алатын орны өте зор. Соңғы кезде жастар арасында шығыстық жекпе-жек спорт түрлерінін бірі кикбоксингке қызығушылық артуда.
Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім. Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы.
Жас ұрпақты рухани-интелектуалды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген олқылықтары, қадағаламаушылық, жауапсыздық және тәлім-тәрбие деңгейінің төмендеуі салдарынан жастардың жан түршігерлік іс-әрекеттерді жасаған жастар, білім мен тәрбие деңгейінің төмендігі, денсаулық жағдайының нашарлығы, салауаттылық, имандылық, адамгершілік туралы құндылықтардың парқын түсінбейтіндігі жасырын емес. Салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен жағымсыз іс-әрекеттерге әуестілік, рухани құндылықтың төмендеуіне әкеліп соғуда [2] .
Сол себепті, рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісінде басты мәселеле ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 50-%, әйелдердің 20-%, жастардың 30-%темекі тартып, жастардың 20, 50%-ы нашақорлыққа ауызданған. Осының негізінде қазіргі таңда ақпараттық құралдарда, теледидарда бейнефильмдер арқылы осы бір дертке тосқауыл қою барысында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Бұның жалғасы біздің М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жалғасуда.
Мына өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. Жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу.
«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.
Бұл мәселені шешу барысында дене шынықтыру мен спорттың алатын орны өте зор. Соңғы кезде жастар арасында шығыстық жекпе-жек спорт түрлерінін бірі кикбоксингке қызығушылық артуда.
Кикбоксинг ( ағылшын- kіck- аяқпен ұру және boxing - бокс) - шығыс жекпе-жек түрлеріне (каратэ, таэквандо, тай боксы, ушу) және ағылшын боксына негізделген спорт түрі. Классикалық спорт түріне жатады. Кикбоксинг ережелері бойынша, жекпе-жек спортшылардың толық түйісуі бойынша өтеді, яғни бас пен денеге берілетін соққы аяқпен де, қолмен де орындалады. Кикбоксинг алғашында Америкада таралған. “Кикбоксинг” терминін айналымға осы спорт түрінен дүние жүзінің көп дүркін чемпионы, америкалық киноактер Ч. Норис енгізген.
1974 ж. қыркүйек айында Америкада кикбоксингтің фул-контакт түрінен тұңғыш рет жарыс ұйымдастырылған. Мұнан соң кикбоксингке лоу-кик түрі қосылды. Сонымен, қазір кикбоксингтің екі түрі бар: біріншісі - лоу-кик тай боксына ұқсас болса, екінші - фулл-контакт көбінесе аяқпен әрекет жасайтын жапондық жекпе-жектерге ұқсас. Қазақстан кикбоксшыларының деңгейі өте жоғары. Елімізде ондаған дүние жүзі, Азия чемпиондары бар. Спорттың, осы түрінің дамуына Махметов айтарлықтай үлес қосты. Ол А. Мажанов А. Бұсырманов, Е. Қайыпжанов, Е. Шегенов, А. Қоханов, Ғ. Досаев дүние жүзі, Еуропа чемпиондары атанды.
Қазіргі уақытта кикбоксинг спортынан Бүкіл дүниежүзілік ойындар, Әлем кубогі, Әлем, Азия, Қазақстан Республикасының және облыс чемпионаттары, кәсіби спорт жарыстары өткізіледі.
Кикбо́ксинг -1960 жылдан бері танымал спорттың бір түрі болып есептеледі. Қазіргі уақытта оның бірнеше бағыттары бар: фулл-контакт, фулл-контакт пен лоу-кик, семи-контакт, лайт-контакт, кик-лайт, жапондық кикбоксинг К-1 формат. Ол спортшының бойында күш, шыдамдылық, шапшандық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді жақсы дамытады. Егер осы қасиеттер дұрыс дамытылмаса кикбоксингтың техникасы мен тактикасын шебер меңгеру қиыңға түседі. Жоғары аталған қасиеттердің ішінде кикбоксшыға аса қажетті қасиеттердін бірі төзімділік. Ол үшін ұзақ жылдар бойы талмай жаттығу керек. Төзімділігі жақсы жетілген ұзақ уақыт бойы жаттыға алады, жарыс кезінде шаршамайды, соның арқасында спорттық жоғары нәтижелер көрсете алады. Осыған орай бұл дипломдық жұмыста кикбоксшылардың физикалық қасиеттің жетілдіру мен дамыту мәселесі қарастырылды.
Зерттеу нысаны: Кикбоксингпен айналысатын 12-13 жастағы жас спортшы қыз балалар.
Зерттеу пәні: Кикбоксингпен айналысатын жас спортшы кыздардың физикалық дайындығының маңыздылығы.
Мақсаты: Кикбоксингпен айналысатын спортшы қыздардың физикалық дайындығын тәрбиелеу және дамыту.
Болжамы: Арнайы жаттығулардың көмегімен жас спортшы қыздардың физикалық кабіліттілегін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Кикбоксшы қыздардың физикалық дайындығын тәрбиелеудің маңызы
2. Жас спортшы қыздардың физикалық дайындығын жетілдіруге арналған әдістермен тәсілдер.
Ғылыми жаңалығы: Кикбоксшы қыздардың физикалық дайындығын арнайы жаттығулардың көмегімен жетілдіру.
Тәжрибелік құндылығы: Физикалық қасиеттерді дамытуға арналған жаттығуларды кикбоксшылардың дайыңдық үрдісіне енгізу.
Зерттеу базасы: Петропавл қаласындағы Камиль Сафин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі (БЖСМ) Кикбоксинг және әскери федерациясы.
Зерттеу әдістері:
- Әдебиеттермен жұмыс.
- Педагогикалық тәжірибе.
- Педагогикалық бақылау.
- Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау.
- Кикбоксинг спортынын теориялық және әдістемелік негіздері. Жекпе-жек спорт түрлерінің шығу және даму тарихы
Жекпе-жектердің даму тарихы бірнеше мыңжылдықтан бері келе жатыр. Әрқашан тоқтамаған соғыстар мен әр түрлі қақтығыстар арнайы өнердің дамуына жол берген. Ол өнер - өзін-өзі сақтау өнерінің тәсілдерін Ежелгі Мысырда, Ежелгі Римде, Үндістан және Қытайда жатқа білген.
Әдіс-тәсіл бойынша есепсізді және әртүрлі Шығыс күрестері мен өзін-өзі қорғау түрлерінің бесігі болып Ежелгі Үндістан саналады. Төрт мың жылдар бұрын Ежелгі Үндістан өркениетiнде пайда болған жоғары табыстардың бiреуі болып сирек кездесетiн йога болып саналған. Ол - философиялық жүйе, физикалық және рухани дамыту жүйесі.
«Упанишад» (VIII-VI б. ғ. д. ) Ежелгі Үндістан мәтіндерінде шайқасты дұрыс жүргізу тәсілдері кездеседі. Мысалы, «Лотос Сутре» шайқас тәсілдері жүйелендіріп, келесі топтарға бөлінген: соққылар, лақтырулар, ұстап алу, буындарға және өмірлік маңызды нүктелерге ықпал жасау тәсілдері.
Шығыс жекпе-жектерінің даму тарихындағы келесі кезең Қытай мәдениетінің тарихымен байланысты. Ежелгі Қытай, сөзсіз, дене тәрбиесінің өзіне сәйкес ұлттық тәсілдеріне ие боолған. Гигиеналық сауықтыру гимнастикасы Қытайда біздің ғасырымызға дейінгі 2000 жылдан аса пайда болған. Сол кездері ұлттық өзіндік ерекшеліктері бар күрес түрлері де пайда болған.
III ғасырда қытайлық белгілі дәрігер Хуа То «Бес аңның ойыны» атты гимнастикалық жүйені ойлап тапқан. Бұл жүйеде адам қозғалыстары аю, жолбарыс, бұғы, маймыл және құс қозғалыстарына еліктеген. Гимнастиканың бұл түрі ары қарай қытай өзін-өзі қорғау жүйелеріне және у-шу стилдеріне көп әсерін тигізген.
V ғасырда, болжам бойынша, 527 жылы үндә будда монахы Бодхидхарма Үндістаннан Қытайға өте қауіпті ұзақ саяхат құрған. Ол Янцзының төменгі жағында орналасқан Хуань провициясындағы ежелгі Шаолинь монастырында тұрақтанады.
Жапон еліндегі шығыс жекпе-жектеріне көшсек, алғашқы жапон күресі туралы ескертулер жапон күнделікті хабар-ошары - Нихон Сокуда кездеседі. Аңыздарға жүктелсек, өз аралдарында өмір сүру құқығын жапондықтар Такэмикадзука құдайының жау тайпасының басшысымен күрес шайқасында жеңіске жету барысында алған.
Айки-доға ауыссақ, ол Жапондық шайқас өнерінің қазіргі заманға сәйкес түрі болып саналады (бу-до) . Оның ортодоксалдығы оның VIII ғасырларда алғашқы рет «Кодзики» (Ежелгі оқиғалар шежіресі) және «Нихон ги» (Жапон жылнамасы) тарихи еңбектері мен көркем әдебиеттерінде ескертілген Ежелгі жапон елінің рухани және шайқастық дәстүрлері негізінде құралғаны. Демек, Айки-доның тек қана шайқас өнерінің ежелгі дәстүріне ой жүгіртпей ілесіп, оны қазіргі заманға сәйкес қолдануы туралы ой қате болып саналады.
Моралдық принцип негізінде құрылған Шығыс шайқас өнерлеріне жекпе-жек тәсілдері тұлғаның психофизиологиялық реттеу және жоғары мақсатқа жету құралы болып саналған. Әр лақтырыс, ұстап алу, кептеу немесе соққы өзі жалғыз мақсат болмаған, олар - бір мақсатқа жету барысында қолданылған адым деп саналады.
Шығыста шайқас өнерімен айналысудың бірнеше мақсаттары болған. Ол діни қозқарастан, немесе адептердің әлеуметтік статусынан тәуелді болған, бірақ барлық жағдайда нәтиже жалғыз - шайқас өнерін жетілдіру. Мысалы, у-шу тәсілдері мәңгі ажалсыздыққа жету және денеден айырылу әдісі ретінде де қолданылған. Ол у-шу тәсілдерінің әртүрлі діни-философиялық жүйе ішінде дамығанын және шайқас өнерінің сан сырлы және бірнеше қызметтілігін дәлелдейді. Оған қоса у-шудың «жоғарыдан» және «төменнен» даму жолдары туралы айтуға да болады: монастырлық у-шудан басқа, мемлекеттік (әскери) және халықтық у-шу болған.
VI-VII ғасырларда Қытайда әскери және шайқас өнерлері екіге бөленеді. Әскери өнер (бинфа) өзіне ірі масштабты ұрыстарды жүргізу, әскерлерді басқару, сарбаздарды жаттықтыруды мақсат тұтады. Әскери әдістер прагматикалы, яғни ұрыста жетістікке жетуден басқа еш мақсат қойылмады, сондықтан шайқас өнерінің тәсілдері бір ғана тапсырманы орындауға жүктелген - жауды жеңу.
Әскери өнерлер элита және аристократтық мәдениеттің даралығына айналы, ешқашан да рухани тазалық сияқты басқа мақсаттарды керек қылмаған. Мистика және даос элементтері халық арасында кең таралып, сол халық арасында у-шудың рухани мәдениеті қалыптасады. VI-VII ғасырларда халық арасында әскери тәсілдер жаңа мағынамен түсініліп, халық дәстүрі, ұлттық би жүйелеріне қосылады да шайқас өнерінің күрделі дәрежесіне айналады. Халық әскери у-шу түрлеріне жаңа, тереңдетілген мазмұнын береді.
Жұдырықтасу ежелден келе жатқан жекпе-жектің бір түрі болып табылады. Оның түрлері мен әдістері уақыт өткен сайын өзгеріп, дамып келеді.
Жұдырық сайыстары жөніндегі алғашқы деректермен тасқа қашалған суреттерді біздің заманымыздан 3 000 жылдай бұрынғы ежелдегі Мысыр мен Бабыл (Вавилон) елдеріндегі жазбалардан кездестіреміз. Ежелгі Мысырдағы перғауындар табытында да жұдырықтасып жатқан адамдардың бейнелері сақталған. Бұл - жекпе-жек түрлерінен жарыстардың осы елдерде өте ерте заманда-ақ өткізіліп тұрғанын көрсетеді. Грек мемлекеттерінің бастауы болып есептеліп жүрген Крит-Микен дәуірінен қалған бірнеше суреттер мен беделдерде де жұдырықпен ұрысып жатқан адамдар бейнеленген.
Ежелгі Грецияда жұдырықтасу сайысы басты спорт өнерінің бірі болғанын тарихтан білеміз. Гомердің «Илиадасында» (біздің заманымыздан бұрынғы Х-ХІІ ғасырлар) жұдырықтасу жарысының өткізілуі тәртіптері жайлы мағлұматтар бар. Ол кезде сайысқа шыққан адамдар қолдарын өгіздің терісінен жасалған қайыспен орап алатын болған. Жарыс арнаулы орындарда өткізілген. Оны қызықтауға қазіргі бокс жанкүйерлері сияқты, жұрт көп жиналған және жеңімпаздарға арнаулы жүлделер тапсырылған.
Спарта мемлекетінде жұдырықтасу сайысы жастарды жауынгер қатарына дайындап жаттықтыруда кеңінен қолданылған. Бертінде жұдырықтасу үлкен жиындардағы ең басты спорттық бәсекелердің 6ipi болып, ipi жарыстардың бағдарламасына енді. Ал біздің заманымыздан бұрынғы 688 жылы өткен XXIII олимпиялык ойындар бағдарламасына спорттық жеке түpi peтінде тұнғыш рет енізілді.
Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда жұдырықтасуды үйрену мен оған жаттығу арнаулы мектептерде жүргізілген. Онда шапшандық пен епттілік басты қасиет болып есептелінді. Жекпе-жекке түсетіндер жарақаттанудан сақтану үшін қолдарын май сіңген терімен таңып алатын болыпты. Қарсыластар салмақ дәрежесінде бөлінбеген және жекпе-жектің уакытына да шек қойылмаған. Бәсекелестердің 6ipeyi жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда ғана жекпе-жек тоқтатылған.
Ежелгі Элладада жұдырықтасу сайыстары көрермендер тамашалайтын қызық ретінде өткізіле бастады. Жекпе-жекті өту тәртібі де өзгерді. Жұдырықшылар 6ip қолмен басын қорғап, екінші қолмен шабуыл жасайтын болған. Сол кезден бастап ол кәсіби спортқа айналып оған арнайы қолғаптар жасалды. Біздің заманымыздан бұрынгы II ғасырда ішіне қорғасын қаңылтыр салынған қолғаптар пайда бола бастады.
Ежелгі Римде де жұдырықтасу сайысы кеңінен дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр басында Рим республикасында жұдырықтасудан жекпе-жектер амфитеатрларда өткізіле бастады. Ал I ғасырда император Октавиан Августтың құрметіне Рим қаласының маңында арнайы жарыс өткізген.
Жұдырықтасу жекпе-жек ежелгі түркі халықтары арасында да кең тараған. Сол кезде-ақ мұндай сайыстар оған қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген. Бәсекеге қатысушылар иық тіpеciп қатар тұрып, немесе жеке-дара шығып жұдырықтасқан. Бірінші топта - балалар, екіншісінде - жасөспірімдер, ал үшінші топта - үйленгендер сынға түскен. Байырғы үйсін, керей, найман мемлекеттері тұсында түркілер жұдырықтасуды табандылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшаңдық пен күштілікке баулитын тәрбие құралы ретінде пайдаланған.
Жұдырықтасу бәсекесі XX ғасырдың басында мүлде тоқтатылған. Себебі оның орнына халықаралық спорт жарысының жаңа 6ip түpi ретінде жедел дами бастаған бокс келген еді.
Орта ғасырда жалаңаш жұдырық боқсы жұдырықтасу мен күресудің жинақталған түрі Ағылшын елінде де кең тараған екен. Мұндай бокс жарыстары арнаулы жерлерде өткізілген.
1743 жылы цирк иесі Джеймс Браутон осындай дауларды болдырмау мақсатымен ағылшын боксының алғашқы ережесін шығарған және жаңа ереже бойынша жекпе-жек ринг ортасындағы ұзындығы мен ені 91 смшағын шаршы алаңында басталатын болған. Егер боксшы соққыдан немесе тепе-теңдігін ұстай алмай құлаған болса, онда оның көмекшісіне жарты минут ішіне көмектесуге рұқсат беріледі. Боксшы сол жарты минут ішінде ортаға шыға алмаса, немесе көмекшісі жарысты жалғастыруға рұқсат етпесе, жеңіс қарсыласына берілетін болған .
Браутонның ережесі шамамен жүз жылдай қолданылып, оған бұл кезде ешқандай өзгеру енген жоқ. Ол кезде бокстың әдістері де басқа еді . Күрес әдістерін қолдану боксшылардың рингте тез қозғалуына, шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Олар соққыдан ғана қорғанып қоймай, карсыласының аяқтан шалып немесе күрес әдістерін қолдануына жол бермеу үшін де қарсы амал қолдануға мәжбүр болды. Сондықтан, олардың рингтен қозғалысы да боксшылардан гөpi балуандардың қимылдарына көбірек ұқсайтын. Ағылшын боксында да негізгі құрал - соққы болып есептелгедіктен, боксшылар шегініп, жалтарып қорғанатын. Ал арақашықтық тым жақындағанда боксшылар 6ipiн-6ipi құшақтап алып, нағыз балуандарша алысатын.
Бокс - біркелкі әсем әртүрлі күрделі қимылдардан тұратын күш пен шапшаңдық сынға түсетін спорт түрі. Ол ерте дүниедегі Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енген, баяғыдан көптеген халықтарда дамыған спорт түрі.
Қазіргі бокс Англияда 1867 жылы пайда болды. Әсіресе оның кең қанат жайғаны хх ғасырдың басы еді. 1904 жылдан бастап ( 1912 жылдан басқа) жазғы олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп келеді. 1946 жылы АИБА-әуесқой боксшылардың халықаралық бірлестігі (федерациясы) ұйымдастырылды. Б-тың әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12-15 раунд) ережелері бар. Б-тың алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж. ), Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын дәкемен немесе жұмсақ терімен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс XVІІ ғасырда Англияда бастау алған. Алғашқы ережесін Д. Фигг жазды; 1743 ж. оны Д. Блоутон толықтырды. 1865 ж. «Маркиз Куинсберри ережесі» дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің ауданы, раундтардың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т. б. жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі жүйеге келістірілді. 1904 ж. б. жаңа Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енді. 1920 ж. бокс әуесқойларының дүниежүз. Ассоциациясы (AIBA) құрылды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде кәсіби бокстың халықаралық ассоциациясы құрылды. Халықаралық ассоциация жеке елдердегі ережелерді жинақтап, бір жүйеге түсірді. Кәсіби бокстағы кездесулер 10-15 раундтан тұры, әр раундт 3 минутқа созылды. Раундтардың көбін ұтқан боксшы кездесудің жеңімпазы аталатын болды.
Отызыншы жылдардың бас кезінде республикамызда алғашкы бокс үйірмелері үйымдастырылды. Алматыдағы «Темп» спорт қоғамында бокс өнерін үйренуге құштар 6ip топ жас бас қосты. Бокс әліппесін үйренгеннен кейін үйірме мүшелері арасында бірнеше байқау жарыстарын өткізеді. Спорттың осы жаңа түрін алғаш үйренген әуесқойлар әcipece балаларға бокс жайлы мағлұмат беруді алдарына мақсат еткен еді. Көп кешікпей-ақ былғары қолғап киюге құштарлар саны да көбейді. «Темп» спорт қоғамының жанынан республикадағы бipiнші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz