БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысы ... ..5-16

1.2 Бастауышта синтаксисті оқыту әдістемесі ... ... ... .16-21

2

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі .Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі жаңашыл өзгерістер, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне қарыштап еніп жатқан заманда шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілңгңн толық атқара алатын және өзіне сенімі мол , салауатты -салқатты, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі талап етілуде. Қазақ тiлi синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту білім сапасын арттыруға, жаңа жүйенің басым бағыттарын жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi.
Сонымен бірге педагогикалық үдерістің жаңа парадигма тұрғысынан жетілдірілуін қамтамасыз ете келіп, студенттердің танымдық қабілетін белсендіреді, аналитикалық ойлауы мен шығармашылық әлеуетін дамытады, олардың қатысымдық, танымдық, кәсіби, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Бұл синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың технологиялық сипатын жан-жақты айқындауды қажет етеді Білім мен тәрбиені жас жеткіншектердің бойына сіңіру ата-анамен қатар ұстаздың асыл борышы.Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін меңгертудің маңызы өте зор.Сөз тіркесі және сөйлем мүшелері синтаксисін жақсы меңгерту баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін дамытады.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов болып табылады.Оның 1924 жылғы Орынборда басылып шыққан Тіл танытқыш, үшінші оқулығы осы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін топтастырған А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерінің атауын анықтап, топтағаны ғылыми тұрғыда өте маңызды, қазақ тіл білімінде қазіргі күнге дейін осы атаулар мен анықтамаларға сүйеніп келеміз.
3
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің кейінірек барып зерттелуі, оның ішінде сөз тіркесі жөнінде арнайы әдістемелік еңбектің болмауы- мұғалімінің жұмысын қиындатады .Оқушыларға сөз тіркесін меңгертуге нұқсан келтіреді.
Сонымен бірге сөз тіркесі синтаксисінің теориялық жағында
бір ізге түспеген даулы мәселелердің болуы оң практикалық жақтан
оқытуға кесірін тигізбей қоймайтыны туралы профессор Х.Арғынов дәлелдеген.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда, оны зерттеушілердің қатарына Ш.Сарыбаев , Ә.Хасенов, И.Қ.Ұйықбаев, Ы.Маманов,К. Жолымбетов , К.Аханов, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Ә.Хасенов, И.Қ.Ұйықюаев, Ы.Маманов, К.Жолымбетов, К.Аханов , С.Жиенбаев, Ш.Әуелбаев , А.Ысқақов , Ә.Исабаев, З.Бейсембаева т.б. ғалымдарды атаған болар едік.Сондықтан сөз тіркесінің бір ізге түспей жүрген және ашылмай жатқан қырлары мен сырларын зерттеу-бүгінгі күннің талабынан туып отырған мәселе.
Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы - сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң, жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес өтіледі.Синтаксисті оқыту кезінде :тақырыпты өз дәрежесінде, тек қана оқулық материалымен шектеліп қалмай , түрлендіріп өткізудің маңызы зор.
Зерттеу нысаны:Бастауыш сыныптардың 4-сыныптарында синтаксистік материалдарды оқытудың әдістемесі.
Зерттеу пәні:Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуда сөздердің мағынасын түсініп , сөз тіркесі мен сөйлемдерді талдай білу барысы.

4
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысыО
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қаарағанда кейінірек барып зерттеле бастаған сөз тіркесі синтаксистің кейбір қырлары осы күнге дейін пікірталас тудырып жүр. Бұл аталған саланың өзіне ұқсас басқа тілдік тұлғаларының бір ізге түспеуіненде болар. Себебі, сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, сөздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер жайындағы мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді.Тілдің дамуы барысында толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі тек сөз тіркесінің бір сыңарының ғана қызметін атқара алатыны айқын көріне бастады.Осы - тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің ара жігі анық көрінері сөзсіз.Сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды мектеп грамматикасында терең, жан-жақты оқытуды бүгінгі өмір заңдылығы талап етеді.Себебі соңғы жылдары жоғары оқц орындарына түсу үшін талапкерлерді тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. Ал бұл еңбектерде берілген тапсырмаларда сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар көптеп қамтылған. Мектеп грамматикасында бұл мәліметтер толық қамтылмағандықтан талапкерлерге қиындық туғызып отыр.Сонымен сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз - оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәтін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары, арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады . Синтаксистің әр саласы
5

туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды өлеңмен
жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді . Ауызбен сөйлесу және жазумен сөйлесудің ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады. Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, біздің қарайтынымыз - мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек, - деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. Сөйлеу деген - біреудің екінші біреуге хабар беруі, - деп, ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады . Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады. С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды. Ғалым сөйлемнің қатысымдық қызметіне назар аударып, сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана құралмайтынын, сөйлемнің айтылуы, көп қолданылатын жері -
6

көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер екенін, мұндай
жерде сөйлем, бірыңғай, біркелкі болмайтынын, ашу, күлкі, сұрау, жауап, қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың сөйлемге әсерін тигізетінін дәлелдеп көрсетеді . Сол сияқты Ә.Хасеновтың материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс деген анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].

Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

И.Ұйықбаев грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].
Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу керектігіне мән берді. Ғалымдардың өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату, кітап оқыту,
7
оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен Х.Арғыновтың өздігінен көбірек жұмыс істеуге көңіл аудару әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын байқайтыны туралы тұжырымдары [7, 212-260] қазіргі таңдағы СӨЖ-ге қойылатын талаппен сабақтасып жатыр.

Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.

Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік технологияның ұтымдылығын дәлелдесе, Ж.Сүлейменова жоғары мектепте морфологияны оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. Ә.Әлметова студенттердің сұқбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың жолдарын, З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Ж.Даулетбекова сөйлеу мәденетін терең игерту оқушының қатысымдық және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыратынын айтса, Ж.Қ.Балтабаева өзінің ғылыми жұмысында жоғары оқу орындарында морфологияны оқыту мәселесін сөз етіп, интерактивті әдістердің ұтымдылығын дәлелдеді. Н.Құрманова мен
8

А.Е.Жұмабаева орта мектепте синтаксисті дамыта оқытудың жолдарын
айқындап берсе, А.А.Сатбекова жоба жұмысының түрлерін саралады.

Соңғы жылдары білім беруді жаңа қырынан ұйымдастыру мен қазақ тілін оқытудың сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдар синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін сұрыптап таңдауға мүмкіндік тудырды.
Синтаксисті оқыту мәселен А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды
өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. Ауызбен сөйлесу және жазумен сөйлесудің ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.

Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады. Ғалым
9

синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, біздің қарайтынымыз - мағына жүйесі, семантика емес, грамматика.
Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек, - деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. Сөйлеу деген - біреудің екінші біреуге хабар беруі, - деп, ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады . Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады.
С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды.

Ғалым сөйлемнің қатысымдық қызметіне назар аударып, сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана құралмайтынын, сөйлемнің айтылуы, көп қолданылатын жері - көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер екенін, мұндай жерде сөйлем, бірыңғай, біркелкі болмайтынын, ашу, күлкі, сұрау, жауап, қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың сөйлемге әсерін тигізетінін дәлелдеп көрсетеді [ 3, 16 ]. Сол сияқты Ә.Хасеновтың материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың
10

сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау
арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс деген анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].

Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
И.Ұйықбаев грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу керектігіне мән берді. Ғалымдардың өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату,
кітап оқыту, оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен
Х.Арғыновтың өздігінен көбірек жұмыс істеуге көңіл аудару әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын байқайтыны туралы тұжырымдар бар.
Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл
11
бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.
Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Синтаксисті оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Пәндер