Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Карағанды университеті

Биология-география факультеті

Зоология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Өзіндік жұмыс арқылы медициналық колледж студенттерінің танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау

7М01501401-Биология

Орындаған: (Т. А. Ж) (қолы)

Ғылыми жетекші: (Т. А. Ж) (атағы) (қолы)

Қорғауға жіберілді: Хаттама № __, « » 20__ ж.

Кафедра меңгерішісі (Т. А. Ж) (қолы және мөрі)

Нормобақылау (Т. А. Ж) (қолы)

Қарағанды 2022


Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру . . . 10

1. 1 Медициналық колледж студенттерінің өзіндік жұмысын жоспарлау

. . . 10

1. 2. СӨЖ процесіндегі іскерлік өзара іс-қимыл нысандары

. . . 20

1. 3. Студенттің өз бетінше білім алуына қызығушылықты қалыптастыру және мотивация . . .

1. 4. Өзіндік жұмыстар медициналық колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастырушы фактор ретінде

2 Экспериментте интерактивті әдісті пайдаланудың әдістемелік үлгісі

2. 1 зерттеу барысында қолданған әдістер үлгісі

2 . 2 Жүргізілген педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67

КІРІСПЕ

Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда «Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсетілген[1] . Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік біліім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, әсіресе білімгердің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріліп отыр.

Оқу үдерісін жетілдіру және білімгердің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғалым педагогтардың еңбектері арналған: Я. А. Каменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов т. б.

Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды.

Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша: С. С. Смайовтың, А. Ғ. Әбілқасымованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулері бар. Осы себепті курстық жұмыс тақырыбын «Білімгердің өзіндік жұмысын басқару» деп алдық.

Медициналық колледжде биологиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А. П. Крешковты, А. А. Ярославцевті, К. М. Ольшанованы, З. А. Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.

Медициналық колледжде өзіндік жұмыстарды пайдалануды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы «Химия», «Физика», «Биология» т. б. ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде биология пәнін оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдануды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.

Медициналық колледжде биология пәнінен өзіндік жұмыстар арқылы оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

  • Жалпы биологияның оқу бағдарламасын талдап, оның өзіндік жұмыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Биологияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;
  • өзіндік жұмысқа арналған тақырыптық сабақ жоспарларын құру;
  • нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;
  • оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т. б. ) ;
  • өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар) ;
  • өзіндік жұмыстарды жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.

Студенттерді өзіндік жұмыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі - иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы ғылыми мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.

Зерттеу мақсаты - колледж оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында педагогикалық ерекшеліктерді ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі теориясын жасау.

Зерттеудің міндеттері:

Студенттердің өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау:

  1. оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңге жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
  2. студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру процесінің моделін құру
  3. студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты әдістемесін жасау
  4. студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің педагогикалық ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеру
  5. оқу үрдісінде студенттердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету

Зерттеу базасы: Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі.

Зерттеу нысаны - пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыс жасау үдерісі

Зерттеу пәні - студенттердің өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерінің аспектісі

Ғылыми-зерттеудің болжамы егер де колледж қабырғасында студенттердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылымдық негізінде теориялық әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып олардың субъект ретінде дербес мүмкіндіктері, педагогикалық ерекшеліктері оқу үдерісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылыми негізде ұйымдастырылса, онда студенттердің оқу танымдық белсенділіктері, білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туындап, танымдық дербестігі жоғарылап, кәсіби шығармашылығы мен ізденімпаздылық деңгейі көтеріледі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Колледж студенттерініңөзіндік жұмыс жасаудағы педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген анықтамалар бір жүйеге келтірілді және ұғымның мәні мен мазмұны ашылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: студенттерге оқыту барысында өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері әдістемесі жасалды.

Зерттеу әдістері: теориялық (ғылыми - теориялық әдебиеттерді талдау, салыстыру) проблеманы логикалық және теориялық талдау және оны шешу мүмкіндіктері, эмпирикалық (сауалнама, тапсырма беру, бақылау) педагогикалық құралдар кешені, сондай - ақ қалыптастырушы эксперимент ретінде, деректерді өңдеу үшін математикалық статистика әдістері пайдаланылды ( орташа мәндер есептелді, студенттердің тесті мен талдауы бойынша статистикалық салыстыру жүргізілді) .

1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

1. 1 Медициналық колледж студенттерінің өзіндік жұмысын жоспарлау

Студенттің өзіндік жұмысы - бұл қойылған мақсатты орындауға бағытталған, оқытушының тікелей қатысуынсыз жүзеге асырылатын, оқытушының жетекшілігімен ұйымдастырылатын, студенттің белсенді іс-әрекеті.

Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты өз бетімен алынған теориялық білімдерін, практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту; қажетті нормативті, құқықтық, анықтама құжаттарын және арнайы әдебиеттерді пайдалану іскерліктерін қалыптастыру; студенттердің танымдық қабілеттерін: шығармашылық белсенділіктерін, дербестігін, жауапкершілігі мен ұйымдастыруды дамыту, өздігінен ойлауды қалыптастыру; зерттеушілік іскерліктері мен дағдысын дамыту сияқты міндеттерді айқындайды.

Студенттің өзіндік жұмысы оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуде дербестік, жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты, шығармашылық тәсілдерді дамытуға мүмкіндік туғызады.

Өзіндік жұмыстың түрлері оқу пәннің мазмұны мен, студенттердің дайындық деңгейімен, сондай-ақ, оқу процесі барысында білім алушылардың қол жжеткізуі міндетті өз беттілік деңгейіне қойылатын талаптарымен анықталады. Студенттің өзіндік жұмысының көлемі бакалаврды даярлауда мемлекеттік білім беру стандартымен анықталады. Ол әр студент үшін міндетті болып табылады, ал оның көлемі оқу орындарының негізгі білім беру бағдарламалары бойынша бекітілген оқу жоспарымен анықталады.

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстың мазмұны оқу пәнінің жұмыс бағдарламаларына сай ұсынылған тапсырма түрлерінің сәйкестігімен анықталады.

О. С. Зайцев бойынша аудиториядан тыс өз бетімен орындалатын тапсырмалардың бірнеше түрі бар:

- білімді меңгеру үшін: мәтінді оқу (оқулық, түпнұсқалық әдебиет көздері, қосымша әдебиеттер), мәтіннің жоспарын құру; мәтіннің құрылымын графикалық түрде бейнелеу, мәтінді конспектілеу, мәтіннен көшірме, сөздік және анықтамалармен жұмыс жасау, нормативті және оқу-зерттеу жұмыс құжаттарымен танысу, компьютерлік технологияларды, аудио жіне видео жазбаларды, интернет және т. б. пайдалану;

- білімді жүйелеу және бекіту үшін: дәрісті конспектілеу жұмысы, мәтінді өңдеу, оқу материалдарымен қайталау жұмыстары (оқулық, түпнұсқалық әдебиеттер көзі, қосымша әдебиеттер, аудио және видео жазбалар), жоспар құру, оқу материалын жүйелеу үшін кесте құрастыру, бақылау жұмыстарына жауап, жұмыс дәптерін толтыру, мәтінді аналитикалық өңдеу (аннотациялау, рецензиялау, реферат оқу (кітаптың мазмұнын қысқаша баяндау), конспектіні талдау және басқалары) ;

- семинар сабақтарда (түрлі конференцияларда) баяндау үшін хабарлама/баяндамалардың мультимедиасын дайындау, биоблиграфия, тест және т. б. құрастыру;

- білікті қалыптастыру үшін: үлгі бойынша жаттығулар мен есептерді шешу, түрлендірілген есептерді шешу, график және сызбанұсқаларды, есептеулерді (графикалық жұмыс) орындау, ситуациялық (кәсіби) есептерді шығару, іскерлік ойындарды дайындау, кәсіби түрлерді модельдеу және жобалау, тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар, аудио және видео техникаларды және басқаларын пайдалануда кәсіби біліктілікті рефлективтік талдау.

Әрбір жұмыс түрлерінің орындалуы студенттен белгілі бір іс-әрекеттің деңгейін қажет етеді. Оларды мынадай түрде анықтауға болады:

  1. Даярлық, яғни студент оған қойылатын міндеттермен танысуы керек. Ол міндеттер тірек сөздер түрінде анықталады: атаңдар, анықтама беріңдер, байқалатын құбылыстарды жазыңдар, әсер ететін факторларды анықтаңдар, түсіңдіріңдер, дәлелдеңдер және т. б. ;
  2. Әрі қарай студент материалдарды жинақтап, оған қойылған міндеттерге сәйкес талдау жүргізеді;
  3. Егер міндет теориялық-практикалық сипаттамаға ие болса, онда студент дайындалған материал негізінде реферат, баяндама, презентация, курстық жұмыстарды дайындайды.

Студенттің аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырып, дамыту үшін оның әр кезеңдегі мақсатын, міндеттерін оқытушы түсіндіре отырып, сол мақсатты қалай түсінгенін бақылап, өздігінен мақсатын таңдау және міндеттерді қоюдағы біліктілігін үнемі қалыптастырып отыруы керек.

Студенттің өзіндік жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы және нәтижелі болу үшін оқытушы төмендегі іс-әрекеттержасауы қажет:

  1. Әр өзіндік жұмыстың міндеті мен мақсаттарын анықтап, білім алушыға жеткізу;
  2. Оқытылатын тақырыптың қандайда бір бөлігін өзіндік оқуға ұсыну, яғни тапсырманы нақты беру;
  3. Тапсырманы нақты беру, яғни анықтама бер, оқып үйренгеніңнен қортынды жаса, мына есептеулерді орындап график сыз, түйіндемесін жаз дегендей;
  4. Берілген тапсырманың көлемі тапсырылатын уақытына сәйкес болуы қажет;
  5. Өзіндік тапсырманың тақырыбына байланысты өзіндік жұмысының формасын өзгертіп отыруы қажет;
  6. Оқытушының өзі тапсырма беріп отырғанда студенттің қандай құзіреттілігін дамытатындығын мақсаттап отыру қажет;
  7. Әр тапсырманың бақылау және бағалау формаларын да ойластыру қажет;

Тек осы екі жақты жұмыс жасалғанда білім алушы мен қойылған мақсаттарды орындай алады.

Сонымен, студенттің өзіндік жұмысты орындау нәтижесінде мынадай құзіреттіліктер қалыптастырады:

  • Ақпаратты іздеу және іріктеу процесінде ғылыми, публицистикалық мәтіннің ерекшеліктерімен ажырата білуді және есепке алуды;
  • Мәтінмен жұмыс жасау (негізгісін таңдап алу) ;
  • Ғаламдық желілер ресурстарын, ақпараттық технологияларды ( интнрнет, аудио- және видео, электрондық пошта және басқаларын), ең басты ізденіс жүйелерін игеріп, пайдалануды;
  • Өз іс-әрекетінің нәтижелерін жазбаша түрде дұрыс тұжырымдауды;
  • Зейінін шоғырландыру және жаттықтыру дағдысын;
  • Оқып меңгерілген материалды өздігінен талдау және есте сақтау дағдысын;
  • Зерттеу және оны талдау әдістерін (реферат жазудан кейін эксперементті қою) қолдануды, зерттеуді және уақытты тиімді де, ұтымды бөліп алу дағдысын.

Сондықтан оқытушының негізгі міндеттеоінің бірістуденттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағдысына ие болуға үйрету болып табылады. Бұл қазіргі жағдайда қоғамның дамуында маңызы зор. Болашақ маман оқу орынын бітірген соң, мектеп оқушыларын өздігінен жұмыс жасауға үйрету үшін, өзінің білім деңгейін жоғарлату үшін оқып үйрену, өздігінен білім алу жолымен айналасуды үздіксіз қажет етеді[2] .

Білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар

  • Тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студент жеке өз бетімен орындау керек;
  • Белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекті мәселелер талқыланып, шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;
  • Қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзіреттілігін көрсете білу крек;
  • Оқу, ғылыми және практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;
  • Белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.

Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап, бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:

  • Қойылған мақсат-міндеттерге сай тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;
  • Әдеби көздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;
  • Жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;
  • Материалдың нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;
  • Жұмыстың қортындысы мен талдау нәтижесі бағаланады;
  • Пәннің теориялық мәселелері мен қортындылау қабілеті бағаланады;
  • Тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;
  • Қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;
  • Қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;
  • Өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады және т. б. [3] .

Студенттердің өзіндік жұмысы маңызды рөл атқарады

Студенттердің теориялық және практикалық білімді игеруге саналы көзқарасын тәрбиелеу, оларға бағытталған зияткерлік еңбекке дағдыландыру Студенттердің тек білім алып қана қоймай, оларды алу тәсілдерін игеруі де өте маңызды.

Студенттердің өзіндік жұмысы - бұл студенттер мен тікелей байланысты жүйелі түрде азайту жағдайында оқу тапсырмалары орындалатын қызмет түрі. Мұндай тапсырмаларға дәстүрлі түрде бақылау және курстық жұмыстар, рефераттар, эсселер, баяндамалар және т. б. жатады. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты, жүйелі болған жағдайда ғана оң нәтиже беретінін атап өткен жөн.

Жалпы алғанда, өздік жұмыс негізінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқытудың барлық нысандарындағы студенттердің білімі негізделген. Сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмысының ерекшелігі студенттердің өз бетінше жаңа білім алуы болып табылады.

Осылайша, студенттердің өзіндік жұмысы-бұл жеке немесе топтық тапсырмаларды қолдана отырып, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдана отырып, практикалық сабақ (семинар, семинар) барысында жаңа білім ала алады немесе бұрын алған білімдерін жинақтай алады. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • мақсатты, бағдарламаны, тапсырма жоспарын немесе жұмысты анықтау;
  • оқытушы тарапынан студентке материалды меңгеру әдістемесіне, курстық жұмыстарды, рефераттарды және дипломды қжұмыстарды қайталау және жазу үшін әдебиеттерді таңдауға көмек көрсетіледі;
  • білімді меңгеруін, пән бойынша дағдыларды меңгеруін бақылау, орындалған бақылау және курстық жұмысты бағалау.

Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ерекше, жоғары дәрежесін білдіреді. Бұл оқушының жеке психологиялық айырмашылықтары мен жеке ерекшеліктеріне байланысты және өзін-өзітанудың, рефлексияның жоғары деңгейін талап етеді. Өзіндік жұмыс аудиториядан тыс уақытта да (үйде, зертханада), сондай-ақ аудиториялық сабақтарда жазбаша немесе ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері оқу жұмысында қолданылатын әдістемелердің ерекшелігі және білім алушылардың дербестік дәрежесі болып табылады. Мұғалім тек танымдық іс-әрекетті жүзеге асыратын студенттің танымдық белсенділігіне бағыттайды. Жеке қызметпен қамтамасыз етілмеген білім адамның шынайы меншігі бола алмайды. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс тәрбиелік мәнге ие:

Ол еркін дағдылар жиынтығы ретінде ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы жоғары білікті маманның жеке құрылымында маңызды рөл атқаратын мінез-құлық сипаты ретінде қалыптастырады. Сондықтан, әр колледжде, әр курста оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар мұқият таңдалады. Мұндай жұмыстың формалары әртүрлі болуы мүмкін.

СӨЖ ұйымдастырудың негізгі міндеті кез-келген түрдегі сабақтарда зияткерлік бастама мен ойлауды дамытудың психологиялық-дидактикалық жағдайларын жасау болып табылады. СӨЖ ұйымдастырудың негізгі қағидаты барлық студенттерді белгілі бір тапсырмаларды формальдып ассивті орындаудан танымдық белсенділікке ауыса отырып, қойылған проблемалық мәселелер мен міндеттерді шешуде өз пікірін қалыптастыра отырып, өзіндік жұмысқа ауыстыр керек. Осылайша, өзіндік жұмыс нәтижесінде студент алдымен оқу материалымен, содан кейін ғылыми материалдар мен саналы және өз бетінше жұмыс істеуді үйреніп, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін қолдана отырып, болашақта өз біліктілігін үнемі арттыра алады.

1. 2. Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаттары мен міндеттері

СӨЖ мақсаты студенттердің пән бойынша міндеттерді өз бетінше шеше алу білігін қалыптастыру болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты - тәуелсіздікті дамыту, яғни білім беру мен өз қызметін бөгде басшылықсыз және көмексіз іске асыру болып табылады.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, әсіресе колледж студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеті (СӨЖ) дамудың психологиялық-дидактикалық жағдайларын жасау болып табыладыкез-келген түрдегі сабақтарда интеллектуалды бастама мен ойлау. СӨЖ ұйымдастырудың негізгі қағидаты барлық студенттерді белгілі бір тапсырмаларды формальды орындаудан студенттің пассивті рөліне көшумен жеке жұмысқа ауыстыру болуы керекқойылған проблемалық мәселелер мен міндеттерді шешу кезінде өз пікірін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділік артады.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында оқытушы келесі міндеттерді шешеді:

  • олардың кәсіби білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге ;
  • оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын қалыптастыру ;
  • студенттерді таным процесінің тәсілдерін меңгеруге үйрету; олардың дербестігін, белсенділігін, жауапкершілігін дамыту;
  • болашақ мамандардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Студенттердің белсенді өзіндік жұмысы байыпты және тұрақты мотивация болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ең күшті ынталандырушы фактор-әрі қарай тиімді кәсіби қызметке дайындық барысындағы біліктілікті арттыру. Өздік жұмысты жандандыруға ықпал ететін ішкі факторларды қарастырсақ:

  • орындалған жұмыстың пайдалылығы;
  • студенттердің шығармашылық қызметке қатысуы;
  • оқу процесіне белсенді әдістерді енгізуді көздейтін қарқынды педагогиканы енгізу, ең алдымен инновациялық және ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындарға негізделген ойын тренингі;
  • оқу пәндері бойынша олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу немесе қолданбалы жұмыстар конкурстарына қатысу және т. б. ;
  • білімді бақылау түрлерін жинақтау бағалары ретінде пайдалану, рейтинг, тесттер, стандартты емес емтихан өткізу.

Өзіндік жұмыс студент қызметіндегі шығармашылық процестерді жаңғыртуды қамтиды. Осыған байланысты СӨЖ-нің үш деңгейі бөлінеді:

репродуктивті (жаттығу) реконструктивті; шығармашылық, ізденіс.

Тәуелсіз жаттығу жұмыстары үлгі бойынша жүзеге асырылады: есептерді шешу, кестелерді, схемаларды толтыру және т. б. студенттің танымдық белсенділігі тануда, түсінуде, есте сақтауда әсерін тигізеді. Мұндай жұмыстың мақсаты-білімді бекіту, дағдыларды қалыптастыру.

Өз бетінше қайта құру жұмыстары. Мұндай жұмыстар барысында шешімдерді қайта құру, жоспар, тезистер, аннотация жасалады. Бұл деңгейде бастапқы көздерді зерттеуге, рефераттар жасауға болады. Жұмыстың бұл түрінің мақсаты - студенттерге өзіндік оқу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін үйрету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Білімгердің өзіндік жұмысын басқару
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ӨТЕТІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру туралы
Студенттің білімін шыңдау
Кредиттік оқыту технологиясы
Ғылыми жұмыс жайында
Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz