Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Мыңбасы Ә.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мектепке дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыс.
Білім беру бағдарламасы: 5В010500, Дефектология
Павлодар, 2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі
«Қорғауға жіберілді»
ББ жетекшісі Б. А. Нурмагамбетова
(қолы)
5В010500, Дефектология білім беру бағдарламасы бойынша
(ББ коды және атауы)
Мектепке дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыc тақырыбы бойынша
(ДЖ тақырыбының атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған Мыңбасы Ә.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі
(ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы)
Хамитова Д. С
(қолы)
Нормобақылаушы (атының инициалы және тегі)
(қолы)
Павлодар, 2021 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Жоғары мектебі Педагогика
Білім беру бағдарламасы Дефектология
Студент Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызы
(тегі, аты, әкесінің аты)
университет бойынша 20ж. № бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыс тақырыбындағы
бітіру (диплом) жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Жұмысты тапсыру мерзімі
Жұмысқа деген алғашқы мәліметте Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні және күрделісінің бірі - сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (ЖСТД) . Логопедияда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы - бұл есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды тұрақты лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық бұзылыстар - сөйлеу процесі мен сөйлеу тілін қабылдау процесін қамтамасыз етіп
отырушы, өздігінен дамитын сөздік дағдылары мен біліктіліктерінің қалыптасу мүмкіндіктерін шектейтіні дәлелденген. Қарым-қатынас мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде сөйлеу тілінің әдебін меңгеру арқылы сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асырумен анықталады. Мектепке дейінгі жастағы балалар да, оқушылар да күнделікті өмірде түрлі типтегі әдепті қажеттіліктермен кездесіп отырады. Демек, мектепке дейінгі жастағы балаларды қарым-қатынастың типтік жағдайларында саналы, дұрыс жауап беруге үйрету керек.
Бітіру (диплом) жұмысындағы әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі немесе қысқаша мазмұны:
а) Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
б) Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік
в) Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Сөз - педагогтың еңбек құралы. Баланың ой - өрісін кеңейту, ақыл - ойын дамыту, мінез - құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады.
Графикалық материал тізбесі
- Кесте 1 - Эксперименталды зерттеуге қатысқан балалар туралы шағын ақпарат
- Кесте 2 - Әдістемелер
- Кесте 3 - «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны бойынша баллдық көрсеткіш
- Сурет 1 - «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны бойынша баллдық көрсеткіш нәтижесі диаграмма арқылы көрсетілді
- Кесте 4 - Г. Доман әдісі бойынша балдық көрсеткіш
- Сурет 2 - Г. Доман әдісі ойынша нәтиженің көрсеткіші диаграмма арқылы көрсетілді
- Кесте 5 - Жалпы балдық көрсеткіш.
- Сурет 3 - Жалпы балдық көрсеткіш бойынша диаграмма нәтижесі.
- Кесте 6 - «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны бойынша баллдық көрсеткіш.
- Сурет 4 - «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны бойынша баллдық көрсеткіш нәтижесі диаграмма арқылы көрсетілген.
- Сурет 5 - «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны бойынша екі кезеңнің салыстырмалы нәтижесі көрсетілген.
- Сурет 6 - Г. Доман әдісі ойынша нәтиженің көрсеткіші диаграмма арқылы көрсетілді.
- Кесте 7 - «Глен Доман» әдісі бойынша балдық көрсеткіш
- Сурет 7 - «Глен Доман» әдісі бойынша екі кезеңнің салыстырмалы нәтижесі.
- Кесте 8 -Жалпы балдық көрсеткіш
- Сурет 8 - Жалпы балдық көрсеткіш бойынша диаграмма нәтижесі
- Кесте 9 - Сөздік қорын дамытудағы салыстырмалы нәтижелер
- Сурет 10 - сөздік қорын қалыптастырудағы анықтау кезеңі мен бақылау кезеңінің салыстырмалы диаграммалық көрсеткіші
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
- Ибатова Г. Б. СТЖД балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру//Абай атындагы ҚазҚМПУ Хабаршысы «Арнайы педагогика» сериясы. №7 (35) 2010.
- Өмірбекова К. К. СТЖД (II деңгей) балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын қалыптастыру //Абай атындағы ҚазҚМПУ Хабаршысы «Арнайы педагогика» сериясы. №4 (35) . 2013 6. 68-71.
- Филичева, ТЕ. Особенности формирования речи детей дошкольного возраста / ФиличеваТ. Е. - М. : Просвещение, 2009. - 223 с
- Филичева Т. Б. Особенности формирования речи у детей дошкольного возраста. Монография. -М., 2000. -314 с.
Тарауларын көрсетумен жұмыс бойынша берілетін кеңестер
Ғылыми жетекші Хамитов Д. С. аға оқытушы
Тапсырма берілген күн 20ж.
Білім беру бағдарламасының басшысы 20ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Бітіру (диплом) жұмысына ғылыми жетекшінің
ПІКІРІ
Бітіру (дипломдық) жұмысының тақырыбы Мектепке дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыс
(тақырып атауы)
Студент Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызының диплом жұмысы мектепке дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмысты ұйымдастыру мақсатында тапсырманың негізгі бағыттарын және шешетін міндеттерін толық анықтай білген, Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында өзінің теориялық білімінің жоғары екенін және жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалардың сөйлеу тіінің ерекшеліктерін толықтай ашып көрсеткен.
Тәжірибе бөлімінде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 3-ші деңгейдегі балаларды іріктеп алып, олармен жұмыста жан-жақты әдіс-тәсілдерді қолданған. Ізденісінің арқасында өз тақырыбына сай балаларға сөздік қорының артуына көмектесіп, тәжірибелік бөлімді сәтті орындады.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе, Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызының дипломдық жұмысы «Дефектология» мамандығы бойынша дипломдық жобаларға қойылатын талаптаға сай келеді және осы мамандық бойынша бакалавр атағына лайық деп есептеймін.
Қорғауға жіберіледі
Ғылыми жетекші Хамитова Д. С . аға оқытушы ___
Қолы, аты-жөні қызметі
20 21 ж. «» мамыр
Бітіру (диплом) жұмысы туралы қорытынды
Бітіру (диплом) жұмысы қаралды және студент
Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызы
(тегі, есімі, әкесінің аты)
осы жұмысты аттестациялық комиссияда қорғауға жіберілді.
Білім беру бағдарламасының басшысы 20___ж. «»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті ұрпағымыздың игерген біліміне, іскерлігіне, сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне, ойлау қабілетіне байланысты. Осы орайда білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үшін сөйлеу тіліндегі түрлі дәрежедегі кемшіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бала бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Баланың білім мазмұнын игерудің бастауы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Бала осы кезеңде білімді игеруге қажетті іскерлік пен дағдыларды бойына сіңіре бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін қоршаған дүние көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақтағы алған білімінің жеткілікті дәрежеде қалыптасуының бірден-бір кепілі - сөйлеу тілінің, яғни сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеру.
Қазіргі өркениетті қоғамдағы алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі - арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту міндеті көзделген [1] . Баланың толық тұлғалық, жағымды психофизиологиялық дамуын қалыптастыру, мектепте дұрыс білім алуы үшін уақытында сөйлеу тілін меңгеру өте маңызды. Осыған байланысты, соңғы кездері арнайы психология мен педагогикада мектепке дейінгі жастағы сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2], «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң [3], «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заң [4] және Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2050» стратегиясында [5] айрықша көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблеманы шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған [6] .
Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні және күрделісінің бірі - сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (ЖСТД) . Логопедияда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы - бұл есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Мұндай тіл кемістігі бар балалардың саны күннен күнге көбеюде. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды тұрақты лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық бұзылыстар - сөйлеу процесі мен сөйлеу тілін қабылдау процесін қамтамасыз етіп отырушы, өздігінен дамитын сөздік дағдылары мен біліктіліктерінің қалыптасу мүмкіндіктерін шектейтіні дәлелденген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балалардағы жалпы сөйлеу тілінің дамымауын жою мәселелерін қазіргі уақытқа дейін шешімін таппаған теориялық және практикалық мәселелер болып отыр. Қарастырылып отырған зерттеудің өзектілігі, ондағы қарым-қатынас мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде сөйлеу тілінің әдебін меңгеру арқылы сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асырумен анықталады. Мектепке дейінгі жастағы балалар да, оқушылар да күнделікті өмірде түрлі типтегі әдепті қажеттіліктермен кездесіп отырады. Демек, мектепке дейінгі жастағы балаларды қарым-қатынастың типтік жағдайларында саналы, дұрыс жауап беруге үйрету керек[7] .
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардағы сөздік қорын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмысты қолдану үрдісін теориялық тұрғыдан негіздеп, оны тәжірибеге енгізу.
Зерттеу нысаны: Логопедиялық жұмыс арқылы мектеп жасына дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардың сөздік қорын дамыту.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық жұмыстар.
Зерттеудің міндеттері:
1) Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерге шолу жасау.
2) Мектеп жасына дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардың сөздік қорын қалыптастыруда логопедиялық жұмысты қолдану тәсілдерін зерттеу.
3) Мектепалды даярлық тобына арналған сабақта логопедиялық жұмыс арқылы сөздік қорын қалыптастыруда жұмыс түрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі жастағы 3-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардың сөздік қорын дамыту құралы ретінде дидактикалық, заманауи техникалық, логопедиялық жұмыстарды жүйелі түрде қолданатын болса, әр баланың жасына сай сөздік қорын қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.
Зерттеу базасы: Павлодар қаласының «Самал оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заңдары, педагог-дефектологтардың ғылыми еңбектері, әдіснамалық нұсқаулар, оқу құралдары.
Зерттеу жұмысының құрылымы :
Кіріспеден, 2 тараудан, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ 3-ШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН (ЖСТД) БАЛАЛАРДАҒЫ СӨЗДІК ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Жалпы сөйлеу тілі дамымауы туралы түсінік
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауын (ЖСТД) Ресейлік дефектология ғылыми зерттеу институтының Р. Е. Левина бастаған ғалым қызметкерлер (Н. А. Никашина, Г. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және т. б. ) 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.
Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік[8] .
Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р. Е. Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауын үш деңгейге бөлді. Кейіннен Т. Б. Филичева 4-деңгейді сипаттап қосты.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Ондайларды мылқау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері зияты бұзылған балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамымаған (олигофрен) зияты бұзылған балалардан оңай ажыратуға болады. Біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың зияты бұзылған балалардан өзгешелігі, ойларын тындаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге тырысуы тән.
Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдөт» - машина, машинамен кетті, келді және т. б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай, тамақ ішу.
Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көп болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді.
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылысы бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада еш уақытта байқалмайды.
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі өз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді (әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты) . Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа - ұтқа, домбыра - дома. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: балта-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстық талдау жолын түсінбейді.
Сөйтіп жалпы сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстарда (р-р-р, ш-ш-ш, ) күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту-су) .
2. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: «Алманы тоңазытқышқа сал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. «Тоңазытқышты көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «тоңазытқыш» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
3. Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп сипаттауға болады[9] .
Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz