Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты құрал ретінде пайдаланылатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай пайдалану жолдарын қарастыруымыз - бүгінгі күннің талабы.

Осыған орай, қазіргі кезде ұстанып жүрген «Жоғары мектеп тұжырымдамасында»: «Әлемдік өркениет құндылықтарын қайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тәрбиелеу» - делінген.

Қоғамның жаңа саяси, рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуы жеткіншектердің оқу-тәрбиелік сапасын түбегейлі жақсартуды талап етеді.

Оқыту үрдісінде соңғы жылдары ене бастаған педагогикалық технологиялар халыққа білім беруде оң бағасын алды. Мұғалімнің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп, қабілетін танып, біліп, дамытып, жаңашыл жұмысқа бет бұру.

Жастарға әлеуметтік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіптілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру «әділетті қоғамның міндеті болып табылады».

Мұны жүзеге асыруда басты роль мектепке жүктеледі, өйткені тәрбиенің бастауы балалық шақтан басталатыны белгілі.

Осыған орай, жастарды тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жасалған талдаулар оқыту теориясы мен практикасының, педагогиканың өткендегі мұрасын жан-жақты зерттеп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды қажет ететінін көрсетеді.

Өйткені, оны ескермей өмірдің өзі қойып отырған көптеген міндеттердің шешімін табу мүмкін емес. Ұлы педагогтар, ғалымдар мен композиторлардың еңбектерін оқып меңгеруге, олардың көзқарастарының қалыптасып, дамуына көптеген зерттеушілер назар аударған.

Әсіресе, бүгінгі таңда оқушыларға әлеуметтік ғылым мен үрдіс дәрежесіне сай білім беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін, ойлауын жетілдіру, сонымен қатар әр оқушының білімділігін, іскерлігін арттыру қоғамның міндеті болып табылады.

Мұны жүзеге асыру жалпы білім беретін мектептерге жүктеледі, өйткені музыкалық білім мен тәрбиенің бастауы балалық шақтан басталатыны анық.

Жас адамның таным-сенімі, шынайы азаматтық айқындамасы тек білімге ғана емес, сонымен бірге эмоциямен, сезіммен, моральмен біте қайнасқан өз ойының күш-қуатына да негізделгенде қалыптасады.

Ал өнер бұл арада аса маңызды рөл атқаратынын атап айту қажет. Өйткені, орыстың ұлы жазушысы Л. Толстой атап көрсеткеніндей, ғылым ақиқаты дәлелдейді, ал өнер онымен «әсерленеді».

Өнер оқушыларға дүниені жан-жақты тануға көмектеседі, баланы ойға жетелей отырып, кеңінен және әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтық рухани мәдениетке жақындастырып, отаншылдық сезімін тәрбиелеп, адамгершілік пен азаматтық белсенділігін оятады.

Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғам үшін қажетті жеке адамның үйлесімді дамуына жәрдемдеседі.

Кейінгі жылдары үрдістің мазмұнына қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуіне қатысты көп өзгерістер енгізілді.

Әсіресе, нақ осы жағдайлар мектепте ұлттық өнерді, соның ішінде ұлттық музыка мен қазақ сазгерлерінің музыкалық мұрасын меңгерту туралы мәселені қоюдың және сол арқылы оқушыларға тәрбие беру қажеттігін тудырды.

Міне, осылар және басқа да Н. Тілендиевтің музыкалық мұрасын музыкалық білім беру мақсатында қолдануға байланысты материалдарды зерттей келе, педагогикалық үрдісте Н. Тілендиевтің балаларға арналған әндері арқылы музыкалық білім берудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік жолдарын қарастыру басты мәселе ретінде танылып, дипломдық жобамның тақырыбын «Нұрғиса Атабайұлы Тілетдиевтің балаларға арналған әндері» деп анықтауға мүмкіндік берді.

Осы орайда, Н. Тілендиевтің музыкалық мұрасы, соның ішінде ән шығармашылығының тәрбиедегі ерекше орын алатындығын қарастыру өте орынды. Олар сезімді өзіне баурап, эмоциялық күш-қуаты жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті тәрбие құралы ретінде пайдалануға итермелейді.

Осындай кесек құнды материалдың бірі Н. Тілендиевтің мұрасы екені мәлім. Яғни қазақ композиторларының қатарында Н. Тілендиевтің музыкалық шығармалары өзінің мазмұны жағынан қазіргі заман талаптарымен үндесіп жатыр.

Олай дейтініміз, олар халықтық, ұлттық негізде жазылған.

Оларда қазақ халқы өмірінің күнделікті тіршілік-қарекетінің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарының, туған жер табиғатының өзіндік, ұлттық ерекшеліктері көрініс тапқан.

Олардың бейнелік ортасы, әсерлі амал-жолдары, әдіс-тәсілдері өнер сүйер қауымға жақын әрі түсінікті. Әлемді үйлесімділікте көре білу мен сезімнің көтеріңкі екпінділігі Нұрғиса Тілендиевке тән қасиет.

Қазақ даласында балалардың музыкалық ой - өрісін дамыту мақсатында осы жолда еңбек еткендердің бірі композитор, дәулескер күйші, дарынды дирижер - Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевті.

Нұрғиса Атабайұлының халық арасында танылған туындылары өте көп. Ол музыка жанрының барлық саласында қатар еңбек етіп, артында мол музыкалық мұра қалдырған суреткер.

Оның 500 ден астам әр түрлі жанрдағы шығармалары бар. Атап өтсек олар әндері, күйлері, романстары, увертюралары, поэмалары, кантаталары мен опера және балеттері.

Бірақ нақты жас жеткіншертермен мектеп балаларына арналған әндері көп болғанымен, оқу бағдарламаларына енгізілмеген десек артық айтпаймыз

Ендігі жедре Нұрғиса Тілендиев балаларға арналған шығармаларын, әндерін одан әрі тереңірек зерттеп, игеріп, ұлттық мәдениетіміздің құрамдас бір бөлігі ретінде тануымыз керек. Бүгінгі таңдағы жаңа міндеттеріміздің бірі - осы.

Сондықтан, менің жобаның мақсаты: - Нұрғиса Тілендиевтің мектеп балаларына арналған әндерін кеңінен жаңғыртып, оны ұлттық құндылықтарымыздың бірі ретінде дәріптей отырып, музыка сабағында оқушыларды мәні - мағынасы бар әндерді тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануды іске асыру.

Жобаның жаңалығы:

  • Балалалармен, 1-6 сынып аралығындағы оқушыларына музыка пәні бойынша лайықталған мектеп бағдарламасынан тыс, қосымша қолданылатын Нұріғиса Тілендиевтің балаларға арналған әндер жинағы жасалды.
  • Мектеп оқушылары оның ішінде 1-6 сынып оқушылары қабылдай алатындай, өз деңгейдегі Нұрғиса тілендиевтің әндерін жинақтау.
  • Бұрын соңды халық арасындар кең таралмаған композитордың бірнеше мектеп әндері тізімге енгізілді.

Жобаның міндеттері:

- Нұрғиса Тілендиев шығармашылық қызметіне сипаттама беру;

- Нұрғиса Тілендиев шығармаларының мазмұны мен көркемдігін анықтау;

- Нұрғиса Тілендиевтің балаларға арналған әндерін жинақтай отырып, тәлім-тәрбиелік маңызын ашып беру.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

  • Нұрғиса Тілендиевтің әні арқылы мектеп оқушыларының адамгершілігі артып, рухани байып, сатысы көтереді;
  • Нұрғиса Тілендиевтің әндері жастар арасында кеңінен тарап жаңғырады;
  • Жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығы арта түседі;

Жоба мазмұны: Кіріспеде тақырыптың өзектілігін, міндеттерді, зерттеу әдістері мен кезеңдерін, эксперимент әдістерін тұжырымдайды. Жұмыстың жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы, зерттеу нәтижелерін еңгізу ашылады.

Бірінші бөлімде, дарынды дирижер, күйші композитор - Н. Тілендиевпен жалпы танысу.

Екінші бөлімде, Н. Тілендиевтің мектеп балаларының мәдени дамуына қосқан үлесі. Және оның әндері туралы. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарлама бойынша Н. Тілендиевтің әндерін бойынша жасалған жұмыстар мен зерттеулер барысы және нәтижелер көрсетіледі.

І бөлім. Қазақ сазының ұлы кемеңгері күйші, композитор дирижер - Н. Тілендиев

1. 1 Н. Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы

Музыка - адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан дүниемізді ба-йытып, әсіресе, ұлттық сана-салтымызға баулыйтын сиқырлы күш. Біз Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары тыңдаған сайын осындай ойға қаламыз. Оған бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын. Бірін-бірі толықтырып, байыта түсетін үш бірдей өнер қонған.

Ол әуелі композитор дүниеге қазақтың көзімен қарап, қазақша ойлайтын және сол үнде жазатын композитор.

Екіншіден, ол - дәулескер күйші. Оның қолдары буынсыз бишідей, домбыра пернелерін қуалап, қос ішегін ілген сайын жүректің нәзік қолдары мың сан сезімге оранады.

Өз шығармасына қалай талғаммен қараса, өзгенің күйлеріне сондай сергек қарайды. Алаулау жоқ. Өнерге адал.

Үшіншіден, ол - асқан дирижер. Осы өнері үшін де ол КСРО халық артисі атағын алды.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925-жылдың 1-ші сәуірінде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келді.

Шилікемер Алматыдан төмендеу жатқан, суы мол, табиғаты тұрмысқа өте қолайлы, бір қойды мың қой қылатын, түгін тартсаң май шығатын құйқалы өңір болатын [4] .

Сондықтан да оны Фольбауым 1909 жылы орыс келімсектеріне тартып алып беріп, бұл жерді өзінің орынбасары Осташкиннің атынан қойды да, қазақтарды бұйрат-бұйрат құмға қуып тастады. Қазақтар оны Асташкен атады.

Осы ауылда дүниеге келген Нұрғиса қазақтың, орыстың, бірлі-жарымды ноғайдың ортақ баласындай болып өсті.

Татардың талияны, орыстың балалайкасы, ауқаттылардың гитарасы, қазақтың домбыра, қобызын айтпағанда сыбызғы-сырнайы, қалманы-қалғаны, шыңы, шомы, шыңдауыл-шылдырманы, нуғара-дауылпазы жас Нұрғисаның қолынан өтті.

Егер қазақ “өнерді үйрен, үйрен де жирен” десе, Нұрғиса да осының бәрін үйреніп, әсіресе түп-тұқианнан сыр ширетіп, сонау Сақ, Үйсін, Хұн заманының зарын-мұның, қуанышын-шаттығын арқалап жеткізген әл-Фараби домбырасы мен Қорқыт қобызын өзіне жолдас етіп алды [5] .

Нұрғиса Тілендиевтің шапырашты Наурызбайдың ұрпағы екені білеміз. Сонымен бірге КСРО халық артисі, дарынды актер Ыдырыс Ноғайбаев композитордың немере бауыры. Атақты Дәурен сал да аталас адам. Ал әйгілі ақын Кенен Әзірбаевта нағашы ағасы болып келеді [6] .

Ал қара ағаштан күй сауған, қара тастан май, қара судан қаймақ алған атақты домбырашы Тіленді Нұрғисаның өз әкесі.

Ал анасы Салиха әнді ғажап айтатын, өнерді қадір тұтатын болған.

Сонымен бірге қазақтың жыр өнерінің атасы Жамбыл Нұрғисаны алдына алып отарып төрт жасында тартқан күйін, жеті жасынан бастап салған әнін тыңдаған. “Солақайға күй бітсе, қу ағашқа тіл бітеді, ”- деуші еді бұрынғылар. “Бағың жансын, ”- деп маңдайынан иіскеп, батасын беріпті. Ұлы ақын дүниеден қайтқанша Нұрғиса көз алдында өскен [7] .

Зерек туған бала халықтаң ән-жырын, қисса-дастандарын, шешендік сөздерін ойына тоқып өсті. “Жай тоқып өскен жоқ”, “Өтеген батыр”, „Сұ-раншы-Саурық ” секілді ерлік күйін өзі де жырлады. Өжет, тентек, әрі ерке өнерлі ұлдың талабына жұрттың көзі ерте түскен. Үміт күтті. Ол үміт кейін елдің үмітіне айналып, ақыры жаза баспастан халықтың жүрегіне сіңіп кетті. Құдіретті өнер болып сіңді [8] .

Нұрғиса Тілендиевтің өнер жолындағы алғашқы қадамдары 12 жасынан басталған екен. Жастайынан құлағына небір сиқырлы әуендердің сазын құйып өскен Нұрғисаның қаршадай кезінде-ақ таланты байқала бастайды.

Ол Алматыдағы №12 мектеп қабырғасындағы оқып жүрген кезінде атақты композитор Ахмет Жұбанов пен белгілі домбырашы Темірбек Ахметовтың назарына ілігеді. Олар жас баланы Құрманғазы атындағы оркестрге домбырашы етіп қабылдайды.

Міне, Нұрғиса үлкен өнерге осылай келіпті.

Сонымен қатар дирижерлік шеберліктің, орындаушылық өнердің бастапқы сабақтарын Тілендиев алғашқы ұстазы А. Қ. Жұбановтан алады. Нұрғиса үшін халық аспаптары оркестіріндегі қызмет - Науша Бөкейханов, Қали Жантілеуов іспетті атақты халық домбырашыларының тұлғасындағы кәсіби өнерді зерттеу жөніндегі мектепке айналды [9] .

Сұрапыл соғыс Нұрғисаның 18-дегі жасына жағаласа басталып кетті. 1943 жылы дарынды жас өз еркімен майданға аттанып, фашистік женденттермен аянбай соғысты, оған “Ұлы Отан соғысында Германияны алғаны үшін”, “Берлинді алғаны үшін” медальдары сияқты жауынгерлік наградалары дәлел бола алады [10] .

1945 жылы соғыстан кейін Алматыға оралған Н. Тілендиев сол жылы Алматы консерваториясының қазақ халық аспаптар оркестірі факультетіне оқуға түседі, оқи жүріп қазақ радиосындағы оркестірдің бас дирижері болып қызмат атқарады.

Бұл жерде, әлбетте кәсіби дирижерліктің қажеттілігі сезіліп, Нұрғиса 1949 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетіне, профессор Н. П. Аносовтың класында оқуын жалғастырады. Оқу тәмамдалғаннан кейін 1952 жылы бітіріп шығады. Оқуын бітірісімен қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрына келді.

Сөйтіп ол қазақтың ұлттық дирижерлері ретінде сахнаға шықты. Алғашқы жұмысын қазақ операларынан бастады. Олар «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Абай», «Біржан-Сара», «Достық жолымен», «Алтын таулар» болатын. Аталған опералардың мазмұны мен құрылысы да, музыкалық формасы да, композициялық концепциясы да әр түрлі [11] .

«Шын жүйрік өрге шапса өршеленер» дегендей, ол енді классикалық опералық, балеттік шығармаларды қолға алады. П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі», «Травиата», Ж. Бизенің «Кармен» операларын қазақ сахнасына қойып, дирижерлік етуде Нұрғисаның үлесінде.

Осымен қатар ол қазақ музыкасының ардагер ақсақалы Ахмет Жұбановтың кеңесі, шақыруы бойынша ұлт аспаптар оркестрінен ешқашан қол үзген емес. Қазіргі кезде Құрмаңғазы атындағы оркестрдің үш жүзден артық репертуарын Нұрекең толық меңгерген дирижер [12] .

Музыкантқа ауадай қажет мұндай табиғи таланттылықтың тізгінен ерсін ұстаған қабілетті жан, музыкалық аспаптардың қай-қайсысын да қолы тисе қыл қобыздай тебіренте, қос шекті домбырадай сылқылдата жөнелетін шебер.

Әрине, осы жағы Нұрғисаның жаңа қырын - композиторлық талантын ұштатады.

Нұрғиса Тілендиев әрдайым шығармашылық өсу жолында болды. Өнер биігіне өрлей берді, өрлей берді. Әр түрлі музыкалық ұжымдарды басқарды [15] .

1980 жылдың бас кезінен бері қарай «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін ұйымдастырып, басқарып келеді. Алғаш құрылғанда оркестр шағын ғана ұжым еді.

Қазір онда қызмет істейтін адамдар саны шағынан да, шығармашылық толысу жағынан да бұл оркестр тез өсіп, өнер биігіне өрлеп кетіп барады. Ондағы ұлттық музыка аспаптарының түрлері де көбейген, мазмұны жағынан байи түскен [16] .

Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме. Бұл істің бастаушы, тың көтерушілердің ерлікке бара-бар ұмтылыстары ел есінде.

Осы ретте белгілі музыка зерттеушісі, профессор Болат Сарыбаевтың есімін құрметпен атаймыз.

Оның ескі музыкалық аспаптарға алғашқы ғылыми сипаттама беруші де, тұнғыш рет этнографиялық оркестрді ұйымдастырушы да, оқу орындарында шәкірттерге осы салада ұстаздық етуші де өзі болды [17] .

Көне аспаптардың жандануы халқымыздың ән-күй мұрасының тың қабаттары жарыққа шығуына түрткі болды; сыбызғының, қобыздың, шертердің, шаңқобыздың, сазсырнайдың т. б. табиғатына және мүмкіндігіне лайық репертуар іздеу қажет етілді.

Міне, бұл жағдайда көне күйлер мен әндерге жаңадан көңіл бөлуге, олардың өзіндік қайталанбас қасиетін тануға алып келді.

Осы айтылғанның жарқын мысалының бірі - фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы. Бұл оркестрдің даңқы мен беделі бұл күнде Қазақстан көлемінен асып, одақтық деңгейге жеткенін көреміз. «Отырар сазы» ұжымы Москваға барып, талғампаз жұртшылық алдында өнер көрсетіп, зор құрметке ие болып қайтқаны белгілі.

Оркестрдің Алматыда және облыстарда өткен әрбір концерті нағыз өнер салтанаты секілді әсер қалдырып келеді. Бұлай болуының түрлі себебі барға ұқсайды. Солардың ішінен бірер мәселені ерекше бөліп атап өтуміз қажет [19] .

Біріншіден, «Отырар сазы» оркестрінің құрамында қазақтың көне халық музыкалық аспаптарының үні алғаш рет кең тыныспен профессионалдық дәрежеде естілді. Ондаған халық аспабының сазы әсем үйлесіп шығуы бұрынды-соңды болып көрмеген оқиға.

Әлбетте, көне аспаптың бәрі бірдей әбден жетіліп, кемел қалпына барды деп айта алмаймыз. Олардың ішінде әлі де болса дыбыстық мүмкіндігін арттыратындары (жетіген т. б. ) бар.

Сонда да болса оркестр қазіргі күйінде де аса күрделі шығармаларды өзгеше өрнекті етіп орындай алатын болғанын атап айту керек. Оркестрдің «Отырар сазы» аталуының да өзіндік сыры жоқ емес.

Екіншіден, бұрын орындалмай келген әндер мен күйлердің репертуар негізіне алынуы да «Отырар сазының» ерекше сопылығы. Күйлердің байырғы қабаты болып табылатын қобыз шығармаларының бұл оркестрде құлпырып ойналатынын көріп жүрміз.

Бір кезде онша еленбей келген, бірте-бірте ұмтыла бастаған шертпе күйлердің табиғаты танылып, ойлы да сұлу келбеті халыққа кеңінен насихатталуына оркестрдің қызметі ерекше бағалы болғалы тұр.

Қазірдің өзінде мұнда Тәттімбеттің, Сүгірдің, Т. Момбековтың, Н. Тілендиевтің бірталай күйлері ойналып жүр. Сонымен қатар оркестр репертуарында Қазақстанның түкпір-түкпіріне кең таралған домбырашылық дәстүр үлгілері де қосылған, Құрмаңғазының «Серпер», «Қызыл қайың» секілді көпке қанықты күйлерінің өзі бұл оркестрде жаңа қырлармен танылғандай болады.

Қазақтың барша күйшілік дәстүрін қамтуға қауқары келетін «Отырар сазының» негізінен, қобыз күйлері мен шертпе күйлерді насихаттауға ден қоюы, мейлінше орынды.

Өйткені, бұл топтағы туындылардың өзіндік құрылыс, тартылуы, ерекшелігін сақтауға шертер, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаң қобыз тәрізді көне аспаптар айрықша қолайлы.

Дегенмен «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрдің көркемдік жағын басқарушы және бас дирижері, қазақ КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиев туралы айтпасақ әңгімеміз толық болмас еді [20] .

Оркестрдің күллі табысы мен жаңалығы асқан домбырашы, талантты композитор Н. Тілендиев есіміне тікелей байланысты.

Атақты өнер қайраткері бүгінде бүкіл халықтық ілтипатқа бөленіп отырған оркестрді ұйымдастыруға үлкен дайындықпен келгені зайыр. Оның әсем әндері Қазақстан көлемін шарлап миллиондардың рухани азығына айналғалы қашан.

Тіпті Нұрғиса Тілендиевтің ересек домбырашылдығының өзі сирек кездесетін құбылыс қой. Біз оның күйшілік құдыретін бір кезде «Қыз Жібек» фильмінен де таныған едік.

Жеке домбырады Нұрғиса тартқан күйлер фильмінің ішкі мазмұнын ашуға, өмір мен көңілдің алуан сәттерін, үлкен ойларды бейнелеуге жараған, шығрманың көркемдік компонентіне айналған.

Одан кейінгі жылдарда ол оннан артық документті фильмдерді музыкамен көріктендірді. Н. Тілендиевтің кейде шертіп, кейде төгіп тартатын күйлері тұтас оркестр қызметін атқара алғанын өнер сүйетін қауым жақсы біледі.

Оның ел ішінде тартқылап келген қайсыбір күйлерді жаңарта дамытып, көркейтіп, қайта жасап, кемел туынды санатына көтергеніне де мысал көп. Қазір «Отырар сазының» репертуарындағы күйлердің біразы оның өз туындысы, қалғандарын оркестр үшін өңдеген де өзі.

Қандай шығарма орындалса да, оркестр мен дирижер Н. Тілендиев өзгеше бірлікке түсіп, біртұтас тұлғаға айналады.

Көп қырлы дарын иесі Н. Тілендиевтің оркестр мүддесі мен мақсатын түсінетін, өз ісіне берілген, отаншылдық санамен нұрланған ұжым құра алғандығы ең зор табысы болып табылады.

«Отырар сазында» қазір тартылып жүрген күйлер аз емес. Солардың қатарында «Ата толғауы», «Аңсау», «Сырласу», «Қош керуен», «Атадан мұра», «Қорқыт туралы аңыз», «Темірбектің төкпесі», «Қамбар батыр», «Махамбет», «Сүйінбай сазы», «Бозінгенннің бүлкілі», «Қызыл қайың», «Сылқылдақ», «Бес төре», «Аққу» секілді шығармалардың әсерлі тартымды шығып жүргені шүбәсіз.

«Отырар сазының» бұған дейін сирек орындалып келген ескі әндерді насихаттаудағы еңбегі де айтарлықтай. Дегенмен оңдай әндер әлі де болса көбейе түсуге тиісті деп ойлаймыз.

Осы жылдар ішінде оркестр жиырмадан аса мемлекеттерде өнер көрсетті. Бұл ұжымда тыңдаған аса көрнекті композитор Тихон Хренников «музыка саласындағы таңғажайып құбылыс», - деп баға берді. Ал, «Отырар сазы» оркестрін Нұрғиса Тілендиев есімінен ене бөліп қарауға болмайды [21] .

1994 жылы «Отырар сазы» оркестрі Нұрағанның басқаруымен Корей халық Республикасының мерекелік тойына барып қайтты. Сол мерекеге арнайы тағайындалған тоғыз жүлденің алтауына «Отырар сазы» ие болыпты. Бұл - үлкен табыс [22] .

Ал Нұрағаң тек қана «Отырар сазының» өнерін көрсетумен шектелмей Корей Халық Республикасының Ұлттық симфониялық-оркестрін басқарып, Корей композиторының симфониясын көпшіліктің Ким Ир Сеннің қатысуымен, мемлекет басшыларының алдында орындап тамаша өнер көрсетті.

Осылайша шет елдерге барып қазақтың ұлттық аспаптарының үнін жеткізе білген «Отырар сазы» оркестрі, оның құдыретін де көрсете білген шеберлер деу артық болмайды [23] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру жолдары
Ұлттық аспаптар
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары
Қазақ музыка өнері
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың тарихы
Фольклорлық музыка аспаптары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру
Қобыз күйлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz