Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қopғayғa жiбepiлдi
Филология және көптілді білім беру институты
С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.д., профессор
_____________ Н.Ә.Ильясова
_______________ 2021 ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖОБА
Тaқыpыбы: ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Білім беру бағдарламасы: 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мaмaндығы
Орындаған:
қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері
Қаршыға Ж.Қ.
Нұрғазы Ж.Б.
Абдисалимова Н.Б.
Ғылыми жeтeкшici:
филология ғылымдарының
кандитаты, доцент
Раева Г.М.
Алматы, 2022 ж.
Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары
Жұмыс түрлері орындалуының кезеңдері
Мерзімі
Орындағаны туралы белгі
1
Зерттеу бағдарламасын құру
Қыркүйек
2
Тақырыптың аналитикалық талдауын жасау
Қазан
3
Бастапқы эмприкалық мәліметтерді жинақтау
Қараша
4
Дипломдық жобаның бірінші бөлімін жазып аяқтау, жетекшінің тексеруіне ұсыну
Желтоқсан
5
Дипломдық жобаның екінші бөлімін жазып аяқтау, жетекшінің тексеруіне ұсыну
Қаңтар
6
Зерттеу нәтижелерін ресми мақұлдауға (апробациялауға) ұсыну
Ақпан
7
Антиплагиат бағдарламасынан өту
Наурыз
8
Дипломалды қорғаудан өту
Мамыр
9
Дипломдық жобаны қорғау
Маусым
Тапсырма берілген күні - - - - - - қыркүйек, 2021 жыл
Ғылыми жетекшісі: Р.Г. Магауовна
педагогика ғылымдарының
кандитаты, қауымдастырылған профессор
Студенттер: Ж.Қ. Қаршыға
Ж.Б. Нұрғазы
Н.Б. Абдисалимова
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ЖАЗУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақ жазуының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..5-8
1.2 Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 9-12
1.3 Орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқыту әдістемесі ... ... ... ... 13-15
ІІ КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
2.1 Тыңдалым және айтылым дағдысын қалыптастыратын әдістер ... ... ...15-21
2.2 Оқылым және жазылым дағдысын қалыптастыратын әдістер ... ... ... .22-28
2.3 Тілдік бағдарды жүйелейтін әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаты. Жазу - жалпақ жұрттың құнды мәдени құндылықтарының ішіне кіретін, өркениет дамуының құрамдас бөлігi болып табылады. Ал қазақ жазуының тарихы тереңде жатыр. Адамзат мәдениетiнің өркениетке қарай жылуы дыбыстық жазу типiнің алғаш дүниеге келуімен тұспа-тұс келеді. Өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму шегіне шыққанын білдіреді. Жазудың ауқымы кеңейгені соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация секілді биік түсініктер оппозициясында көруге болады. Өйткені жазу адамзаттың эмоциялық, экспрессивтiк күйлерін белгілеуге қарағанда, мәлімет жеткізу, сақтау керектігі артқанда мемлекеттің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Сол себепті қазіргі кезде халықтың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың қалыптасуы мен пайда болуына тығыз байланысты.
Қазақ жазуының тарихы сөз болғанда, көне түркі ескерткіштерінен айналып өте алмаймыз. Өйткені көне түрік ескерткіштері де қазақ халқының сан қилы тағдырынан сыр шертеді. Түркі жұртының түгелдей тарихын түгендейтін болсақ көне түрік ескерткіштері олардың бастары түйісер бір аңғары іспетті. Көне түркі ескерткіштері - түркі халықтарының барлық рухани-мәдени өмірін: жазу, әдебиет, тіл, тарих, археология, этнография, география, әлеуметтану, тіпті, философиялық көзқарасын түгел қамтиды.
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихы және ескерткіштерді зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері мен орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқытуда қандай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатынын анықтау мақсат етіліп отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ жазуының тарихы, оның даму кезеңдерi мен теориясы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болған еді. Ал көне түркі ескерткіштері, соның ішінде Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы қазақ тіл білімі саласындағы біртуар ғалымдар үшін әлі де зерттеуді қажет ететін тақырып болып тұр. Осыған байланысты қазақ жазуы тарихын айқындау, көне түркі ескерткіштерінің құндылығын көрсету, оларды оқытудың әдістемесіне тереңірек үнілу тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
Орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқыту әдістемесі әлі бір жолға қойылған жоқ. Ескі естеліктен сыр тартатын ескерткішттерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері де аса көп емес.
Осындай өзекті мәселелерге байланысты, біз жобаның тақырыбын Қазақ жазуы және ескерткіштерді оқытудың тиімді әдістері деп алдық.
Дипломдық жобаның мақсаты: Зерттеудің негiзгi мақсаты, ескерткіштерді зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері және орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқыту әдістемесі мен әдіс-тәсілдерін жүйелеу, қазақ жазуының тарихын негізге ала отырып, қазіргi қазақ жазуының мәртебесi мен орнын анықтау.
Дипломдық жобаның міндеттері:
- қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, ескерткіштерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;
- отандық және шетел әдебиеттеріндегі қазақ жазуы мен көне түрік ескерткіштеріне қатысты зерттеулерге шолу жасап, орта мектепте әдістер арқылы ескерткіштерді оқытудың маңызын дәйектеу;
- Күлтегін және көне түрік ескерткіштерін оқытуда қолданылатын тілдік бағдар арқылы тапсырмалар жүйесін құру.
- Өздік етістің ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдану тиімділігін арттыру, тапсырмалар құрастыру.
Зерттеу нысаны. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі "Қазақ тілі мен әдебиеті" сабақтары.
Күтілетін нәтижелер: Оқушыларға көне түркі ескерткіштерін оқытудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқыту әдістемесі мен әдіс-тәсілдер нақтыланып, тиімді әдіс-тәсілдері жүйеленсе, онда оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, көне түркі ескерткіштері туралы тез ұғынуға, түсініктерін толықтыруға мүмкіндік ашады.
Жобаны орындаушылар:
Жобаның "Жазу тарихы және ескерткіштерді зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері" бөлімін дайындаған - Ж.Қ. Қаршыға ;
Жобаның "Күлтегін ескерткішін оқытуда қолданылатын әдістер" бөлімін дайындаған - Ж.Б. Нұрғазы;
Жобаның " Оқылым және жазылым дағдысын қалыптастыратын әдістер" бөлімін дайындаған - Н.Б. Абдисалимова.
Жобаның болашақ дамуы: Зерттеу жұмысында құрған бағдарлама мен сол бойынша дайындалған әдіс-тәсілдерді мектеп мұғалімдері қазақ жазуы және ескерткіштерді оқыту үшін пайдалануына болады.
I Жазу тарихы және ескерткіштерді зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ жерін мекен еткен қазақ халқы орыс әліппесін қолданған кезге дейін үш жазуды пайдаланып келіпті. Олар - ескі Таластан Орхон-Енисей бойында тараған Орхон (I-IХғ.), соғдылықтар арқылы жеткен ұйғыр (IХ-ХVғ.) және араб әрпімен келеген жазулар (ХIV-ХХ). Бұның бәріне байырғы замандарда қазақ даласын қоныстанған әкімшілік жүйенің ауысып отыруы себеп болған деседі. Түркі қағанатынан кейін бұл жерде ұлыстарды қосып, жеке дара билік еткен қауымдар - қыпшақтар (қыпшақ хандығы, VIII-ХI ғғ.), Қаңлы ордасы, Найман хандығы, Керейт хандығы, Қарлық хандығы, Қарахан хандығы, Моңғол дәуірінен кейін Өзбек, Қазақ елдері.
Сол заманда жоғарда атап өткен қауымдар сол кезде кең таралған үш жазуды қолданып келген. Ол кезде қазіргідей қағаз болмағасын, жазуды киізге, теріге, тасқа, сүйекке жазған. Қазақтың кең байтақ жеріндегі жазу жазылған тау-тастар бұған дәлел болып табылады. Сол кездегі қауымды бастаған немесе ел билеген билеушілердің есімдері көк тасқа тайға таңба басқандай әсем ойып жазылған. Кенелі тауындағы араб әрпімен таңбаланған Жошы ханның, тұңғыш баласы Ержен-Қаан есімдері дәлел іспетті.
Ал оғыздар, қыпшақтар, меркіттер мен керейлер ұзақ уақыт бойы орхон, ұйғыр жазуын қолданған. Бертін келе бұл тайпалардың барлығы қазақ ұлысына кіреді. Осы саладағы ғалымдардың зерттеуі бойынша осы тайпалар алға ұмтылудағы ұлы мақсаттарын тасқа таңбалап отырған. Бұл тайпалар Оңтүстік Алтай, Орхон бойы, Селеңгі өзенінің бас жағы мен Гови даласында қоныстанған.
Ал қазақ жазуы тарихында көп кездесетін руна жазуы Жетісу өлкесі, Шу, Іле, Ыстық көл, Талас өңірінде шыққандығын бір топ ғалымдар дәлелдеген. Осы жерде ғұндар, үйсіндер, қаңлылар Орхон жазуын алғаш рет мәдениет дүниесінің үлесіне айналдырған. Қытай жазбаларында бұл тайпалардың Бұхар хандығымен хат алмасып отырғандығы туралы деректер ұшырасады. Орхон жазуы Түрік қағанаты құрылмағанға дейін болғандығын Пельс, П.М. Мелиоранский, С.Е. Малов, С.В. Киселев, А.М. Щербак айқындап берген.
Тарихымызды түгендеген ғалымдар А.Н. Кононов, А.М. Шербактың зерттеуінше ғұн тайпасы жазып қалдырған руна жазуының мәтіндері Солтүстік Кавказда, Қырымда, Әзірбайжан жерінде де сақталыпты. Бұның бәрі қазақ жазуның тарихын, дамуын зерттеу үшін таптырмас асыл қазына.
Гун дәуірінде тасқа қашалып жазыған біраз тас жазулар Қазақстан аймағында да ұшырасады. Барлығының да жазу тәсілі, үлгісі Орхон жазуына келеді. Бұлардың бірнешеуі Орталық Қазақстандағы Жаңаарқа ауданына тиесілі Қалмақ қырған тауының оңтүстік беткейінде үлкен қара тасқа қашалған. Жазумен қатар қара таста қиып түсірілген керуеннің бейнесі бар. Осыларға ұқсас бір топ жазу Елек өзенінің аяққа ағысында да кездеседі. Әлі күнге дейін ол жазуларды дұрыстап қарап, оқып шыққан бір адам жоқ.
Орхон жазуын жетік білген тайпалар қыпшақ пен оғыздар, бұрынғы дәуірдегі наймандар мен керейлер еді. Моюн-Чур деп аталатын тастағы жазуға сенер болсақ Қыпшақтар түрік елін елу жыл билеп келген [1. 181].
Аты аталған тайпалардың барлығы Айға, Жұлдызға, Күнге, көкке табынғандықтан, тасқа қашап жазылған жазулары мен жазбалары бірге жүреді. Тастағы жазуларында Көк тәңіріде болдым, елімді беш қатар тізілттім, ел алыбымын, Ертіс, Қара-Жоталық секілді жер атаулары көрсетілген. Ал қазақ жерінде Орхон жазуының көп ұшырасатын аймағы Талас, Ертістің бас жағы, Жетісу өзендерінің маңы.
Бұрынғы дәуірден осы заманға дейін өшпей жеткен тас жазуларды зерттеп, құнды еңбектер жазуға болады. Бірақ көп ғалымның тарихи жазуларға әлі назары аумай жүр. Бұл жазуларға да Сібір мен Қырғызстанда табылған жазуларды зерттегендей зер салса, Г.И. Спаскийдің жинағынан да қалыңырақ бір еңбек жазуға болар еді. Бұлай дегеніміз қазақ жазу тарихын зерттейтін ғалымдар жоқ деген сөз емес. Біздің қазақ жазу тарихын зерттеуші тіл ғалымдарының атап айтар елеулі еңбектері Орхон жазуының үлгілерін Сырдария бойындағы қирап қалған Артық-Ата қаласының ішінен Жетісудағы Кеген ауданында мүсін тасқа қиып қашаған таңбаларды зерттегендері. Мұндай жазулардың көп ұшырасатын аймағы Орталық Қазақстандағы Ұлытау жері.
Орта ғасырдағы сол жерде қоныс тепкен жазушылардың жеткізуі бойынша, сол замандағы қазақтар қоныстанған Сыр бойындағы қала, ауыл мен қыстақтарда - медреселер, мектептер болған екен. Ол мектеп-медреселер көбінесе араб жазуын үйретуге ден қойыпты. Ал Сауранда, Шымкентте, Түркістанда, Сығанақта, Отырарда, Созақта, Сайрамда араб жазуын үйрететін мектептер көптеп ашылған екен [2. 270].
Қазақ жеріндегі жазудың шығу тарихын көптеген ғалымдар ислам дінінің кең тарауымен байланыстырып келді. Орхон жазуы ашылғаннан кейін бертін келе зерттеушілер бұл пікірмен жөнді келіспеді. Жоғарыда сөз еткеніміздей Орхон жазуларын түсіруге тас, ағаш, былғары, түсті металл, жібек, сүйек секілді затар пайдаланылған. Солай қазақ қауымының жазба мәдениетінің түп тамыры қазақ жұртының өз аймағында дүниеге келді. Оның негізі - байырғы ұлыс тайпалары тұңғыш феодалдық одақ құрылған кезінде қаланған.
Тұрмыстық мұқтаждық, халық, патшалық қажеттіліктері жазудың тууына негізгі себеп болып табылды. Алғаш жазудың дүниеге келуі сауда қатынасының алға жылжуына тығыз байланысты болды. Сауда, айырбас, ақша таңбалары мен тауар бағалары да жазуға келіп тірелді. Әсіресе, ел аралық, хандық мен мемлекет аралық байланыстар, дипломатиялық істер жазуға деген мұқтаждықты одан сайын күшейтті. Тарихқа сүйенетін болсақ түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерінен VI ғасырда хат алмасып отырғаны белгілі.
Негізінде Орхон жазуының түрлері құлпытастарға қашалған жазба түрінде сақталыпты, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VII-VIII ғасырлар) басындағы құлпытастарға аса мәнерлі жазу қашалған. Тасқа жазылған кітап десек артық айтқанымыз емес. Орта Азияның түркі тайпалары руна, ұйғыр алфавиті секілді таңбалы, көне жазбаларды пайдаланған, ал араб алфавитіне кейінгі уақытта ауысқан. Араб алфавиті ауқымының кең болуы ислам дінінің енуіне қатысты болып келеді [2. 272].
Ал, ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға келуі - бірнеше жылдар бойы жалғасқан тарихи құбылыс болып табылады. Ислам діні бірініш оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде VIII ғасырда, Жетісу, Орталық Қазақстанға X-XI ғасырларда келіп, бертін келе Қазақстанның өзге де жерлеріне таралды. Ислам дінінің құлашын кең жаюына тұрғылықты халықтар мен қарахандықтардың септігі мол. Түркістан, Талас, Сайрам аумағында X-XI ғасырларда-ақ мешіт, медреселер бой көтерді. Орта Азия халықтарына араб мәдениетінің ықпалы зор болғаны да осыған байланысты.
Байырғы жазба ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері көптеп кездеседі. Әсіресе, бұрынғы жыр, өлең, аңыздар, ертегі, жоқтау, мақал-мәтел және жұмбақтар Орхон жазуларында да көп ұшырасады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің осындай түрлерінің бұрынғы жазба ескерткіштерде көздесуі бір жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін керектігін көрсетсе, енді бір жағынан әдебиет пен халық тұрмысы мен қатынасының тым әріде жатқанын білдіреді.
Бұрынғы ССРО деп аталатын елдегі ана тілін ең алдымен жазуға түсірген халық қазақтардың арғы аталары - ежелгі түріктер болған. Түріктердің жазуы тарихшылар мен тіл мамандарының деректі зерттеулерінде біздің жыл санауымыздан 3-5 ғазыр бұрын пайда болғанын көрсетеді. Орыс жазуының негізі болған славян-кирил жазуынан 12-15 ғасыр бұрын, грузин, армян жазуынан 8-10 ғасыр бұрын шыққан осы түркі жазуы. Сол ертедегі руникалық деп аталып кеткен жазу жүйесі қазіргі Монғолиядан бастап Алтай, Талас, Кавказ, Дунай маңдарында - араб шапқыншылары мен мұсылман діні онша жете алмаған аймақтарда көбірек сақталып қалған. Сол жазуды арғы аталарымыз мың жарым жылдан аса қолдаған. Ерте кездерде түріктер басқа да жазуларды қолданған: көне ұйғыр жазуы, манихей жазуы, сирия жазуы. Сегізінші ғасырда түркі халықтары мекендеген жерлерді арабтар жаулап ала бастады да, бағындырған жерлерінде түркі халықтарының мәдениетін, тілін, көне жазуын жоюға ат салысты. Түріктердің бұрын қолданып жүрген жазу жүйесін мүлдем құртып жіберді де оның орнына VII ғасырда, түркі жазуынан мың жылдан кейін пайда болған, араб тілі үшін жасалған жазуын күштеп енгізді. Осы араб жазу жүйесі қазақ тілінде де, басқа түркі тілдеріне де қолайлы болмады мұны жақсы түсінген Ахмет Байтұрсынұлы 1924 жылдарда оған қазақ тіліне бейімдеп біраз өзгеріс енгізді.
Дегенмен, қазақтар араб әліппесінің қиындықтарынан арыла алмады, соған байланысты, тағы большевиктердің түркі халықтарын басқа мұсылмандардан бөліп тастау саясатына байланысты 1929 жылы қазақ жазуы латын алфавитіне көшірілді.
20-30 жылдардағы түркі халықтары тілдеріне арнап жасалған латынша жазу тарихта дүние жүзінде жасалған алфавиттердің ішінде ғылыми жетістіктерді мол пайдаланған ең қолайлы алфавит болатын. Ол жазу көп жылдар бойы қосып ақылдасуының, мамандардың жанжақты тәжірибеде тексеруі, көп сынауы нәтижесінде туған, жазуды мұнша алдын ала талқылау тарихта бұрын-соңды болған емес. Ол ССРО-дағы барлық түркі халықтарына ортақ, бір ізге келтірілген жазу еді. Бұл жазуға Туркия Түріктері де араб әліппесіне сол кездегі бірінші президент Ататуріктің ұсынысымен көшті. Осы жазумен қазақтар 1941 жылға дейін пайдаланды. Сөйтіп, қаны бір түркі халықтары ортақ жазу жүйесін пайдаланып, бірін-бірі сөйлеу тілінде ғана емес, жазба түрде де түсінісетін халге келіп еді. Ол жазуды ССРО-ның басқа да көптеген халықтары қабылдаған болатын.
Бұл жағдай колониялық бөліп-жарып билеу, халықтарды орыстандырып ассимиляция жасау саясатына қайшы екенін большевиктер кейін білді. Осыны жақсы түсінген орталықтағы бастықтар бір-біріне өте жақын туыстас түркі халықтарының басы бірікпес үшін жазудың жаңа төңкерісін жасады. Тәурәттағы Бабилон мұнарасын құрған халықтардың тілін шатыстырып жіберген әдісті пайдаланды. 1936 жылдан бастап түркі халықтарының жазуы олардың өз еркімен деп алдаған жоғардан келген нұсқаулармен орыс - кирил жазуына көшіріле бастады. Қазақтар оған 1940 жылы көшуге мәжбүр болды. Орыс жазуына көшірілгендегдегі көздеген тағы бір мақсат - түркі халықтарын тек орыс тіліне таңып қойып, басқа қазіргі дүниедегі озық халықтармен тікелей байланыс жасай алмайтын халге келтіру. Осы мақсатты неғұрлым тиянақты іске асыру үшін барлық түркі халықтарының арасында мектептерде, басқа да оқу орындарында Ресей малайларының екінші ана тілі деп атап кеткен орыс тілін оқыту міндетті түрде үкіметтің қаулысымен жүргізіліп отырды, бұл да инфориациялық қамаудың тағы бір күшті құралы болды.
Зерттеу барысында қазақ жазуының тарихын, алғаш рет Орхон, руна, араб, ұйғыр жазуларының пайда болуын зерттеген ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе, төмендегідей қорытындыға келдік. Жалпы алғанда қазақ жазуының тууына ежелгі түркі тайпаларының үлесі мол болыпты. Ата-бабамыз көшпенді ел болғанымен, қазақ жазуы қазақ жерінде дүниеге келген. Ат үстінде қылыш пен найза ұстаған халық, қолға қалам алып жазудың алғышартын тау-тастастарға қашап, таңбалаудан бастаған екен.
1.2 Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Күлтегін - ашина тегінен шыққан түркі халықтарының батыры. Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды, - деген есткерткіштегі жазу Күлтегіннің ерте ер атанғанын аңғартады. Тарихи деректеді ақтарсақ, 552 жылы Түрік қағанатының құрылғанын білеміз. Бумын негізін қалаған Түрік қағанатының бейбіт ғұмыры ұзаққа бармады. 603 жылы быдырап, Батыс және Шығыс түрік қағанаты болып екі иелікке бөлінді. Батыс Түрік қағанаты ертерек ес жинап аяққа тұрғанымен, Шығыс түрік қағанатының құрылуы кешеуілдеді. Біраз жыл өткен соң құрылған Шығыс Түрік қағанатының негізін Білге қаған салды. Ал, Күлтегін Білге қағанның інісі болатын. Күлтегін батыр әрі кеңесші болды. 47 жасқа дейін өмір сүрген Күлтегін батырдың соғыссыз өткізген жылы болмады деседі. Екі ағайынды түркі халықтарының өзге елде қүл болмауы үшін қанды майданда ерлігін елге паш еткен нағыз батырлар болды. Бүкіл Алаш елі бұл батырлардың рухына тағзым етері сөзсіз. Түркі халықтарының ыдырамауы жолында аянбай қызмет қылды. Күлтегін ерлігіне сүйсінген күллі Түркі халқы басына есткерткіш жасап, тағзым қылды. Күлтегін қаза тапқанда Ұлы Түркі мекені күңіреніп, киесіз дала иесіз қалғандай күн кешкені тарихи мұрағаттарда жазылған.
Әр ұлттың мемлекет болып құрылу, өсіп-өркендеу жолында өзіне ғана тән өзгешіліктері мен ерекшеліктері, қайталанбас құнды тарихы болады. Ал сол тарихи құндылықты келер ұрпаққа зерделеп жеткізу әр халықтың бұлжымас міндеті болып саналады. Рас, Кеңестер Одағы кезінде тарихымызға тереңірек үнілу қиындық тудырды. Сол себепті де бабаларымыздың құнды мұралары Түркі әлемін зерттеген көптеген ғалымдардарымыздың дүниелері тәуелсіздік жылдарында ғана жарыққа шықты.
Түркі жұртының байырғы замандағы сан ғасыр сақталып келген асыл мәдени мұрасының бірі - Күлтегін ескерткіші. Бұл Орхон-Енисей жазуы болып саналатын сөзсіз құнды еңбек. Күлтегін ескерткіші сол заманда түркілер көптеп қоныс тепкен Енесей өзенінің бойы мен осы замандағы Моңғол халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы төрт жүз километр жердегі Орхон өзені бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орныққан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин - угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол - чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды [3. 178].
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi - бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол Үлкен жазу КТБ, ал 13 жол жазу кіші жазу КТМ деп аталады [3. 179].
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда Марқұм Күлтегiн жазуы делінген [3. 177].
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:
Он оқүлым, түргiс қағанынан
Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi;
Мазар тұрғызуға,
Зер салынған жазба тасты тұрғызуға
Табғаш қағанынан зергершiсi
Чаң сеңун келдi.
Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.
Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк.
Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,
Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық.
Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi. деп келтіреді [4. 177].
Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп ұшып барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді [4. 179].
Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi деген еңбегінде Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн атап көрсеттi [5. 7].
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша - Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Ескi дәстір бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын, ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады.
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған [6. 8].
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон - Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.
Қорытындылай келе, Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.
1.3. Орта мектепте көне түркі ескерткіштерін оқыту әдістемесі
Көне дəуірдің қоғамдық-мəдени əрі əдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жəдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұра болып табылады. Сөздердің сыртқы тұлғаларында да, ішкі мағыналарында да сəйкестіктер сақталған. Осынау жоғары тіл мəдениеті мен білімнің айғағы болып табылатын көне жазба ескерткіштер туралы деректерді меңгерту үлкен əдістемелік дайындықты, еңбекті қажет ететіні белгілі.
Мектеп оқушыларына көне түркі жазба ескерткіштері туралы берілетін мəлімет жалпы шолу түрінде ғана болғандықтан, əдебиет пəнінен қосымша сабақтарда, əдеби үйірмелерде оқушылар тиісті деректерді меңгеруі қажет. Онда да мұғалімнің ұстанатын басты бағыты шығармалардың сюжеттік мазмұнын ғана емес, одан көрінетін халық өмірі, қоғамдық сипат, шығарманың тілі мен көркемдігі сияқты тарихи-əдеби мəселелерді де ұғындыру басты ұстанымы болуы тиіс. Оқушыларға көне жазба ескерткіштердің табылу тарихы, олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыста түсіндірген абзал. Жалпы біздің тіліміздің түп тамыры осынау кезеңдерден бастау алатыны, олардың күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырларының мол екендігі оқушы санасына жеткізілуі керек. Тіпті көне жазба ескерткіштердегі тасқа қашалған жазулардың əр сөзінің, əрбір жолының өзіндік шежіресі бар екендігін зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып жеткіземіз. Бір сəт оқушыларды сонау көне замандағы тарихи оқиғаларға жетелеп əкетуге де болады. Бұл жерде тарих пəнінің мұғалімін көмекке шақыруға болады. Тарихи деректерді жақсы меңгерген оқушыға əдеби материалды ұғындыру əлдеқайда жеңілірек болады.
Біз зерттеу жүргізгелі отырған көне ескерткіштерді меңгертудің әдістемесі әлі бір жолға түспей келеді. Атамұра, Көкжиек-Горизонт, Мектеп баспаларынан шығатын оқулықтағы көне ескерткіштерді оқыту да қолданылатын мәтін мен тапсырмаларды сараптай келе, әлі де тарихих ескерткіштердің құндылығын дәріптейтін, оқушыға ауырлық түсірмей меңгертетін тапсырмалар кешенін дайындауды қажет етеді. Әр баспаның оқулығындағы Күлтегін ескерткішін оқытудың жолдары мынадай (1-кесте):
1-кесте
№
Баспа атауы
Мәтін
Тапсырма
1
Көкжиек-Горизонт
Қосымша бетте
Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, тіркескен сөзімен бірге жаз.
Сабақта өткен оқу материалдарына, өзге де ақпараттарға сүйеніп, Күлтегін жыры жайлы диаграмманы толықтырып жаз.
Күлтегін жырынан үзінді оқып, жыр мазмұнын тезис түрінде жазады.
2
Атамұра
Қосымша бетте
Өлең мазмұнын қара сөзбен жеткіз.
Мәтінді тыңдап, өздік етісі бар жыр жолдарын белгіле.
Күлтегін жайында өз ойыңды дәптерге жаз.
Тұжырымдарға сәйкес келесі жыр жолдарын анықта.
Жырдың екі үзіндісін салыстырып, мағынасын түсіндір.
Күлтегіннің атынан ұрпаққа арналған хат жаз.
3
Мектеп
Қосымша бетте
Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
Күлтегіннің сөзінде көтерілген мәселені анықтаңдар. Баба өсиетін орындау үшін не істеу керек?
Күлтегіннің ұрпағы ретінде еліміздің бүгінгі жетістіктері жайында баяндап, таныстырылым жасаңдар.
Ал, көне түркі есткерткіштерін мектептерде оқыту қандай әдістемелермен жүргізілуі керек?
Бұл есткерткіштер жалпыға ортақ мұра болғандықтан, бізге қажетсіз деп бөлуге болмайды. Ел тарихын егде жастағы адамнан, ес білген балаға дейін білуге міндетті. Ал, оқулықтарда бұл тақырыпқа арналған мәліметтер тым аз. Жалпы тарихына үңілгенінмен, оқушы ойында "Күлтегін есткерткіштерінде не жазылуы мүмкін?" деген сұраққа бүгінгі оқулықтар жауап беруге қауқарсыз. Мәліметтер халық өмірінен, қоғам тұрмысынан бір адамдай сыр шертуі керек. Тарыптарды тарауларға бөлсе, мектеп оқушысы үшін түсінікті болары сөзсіз.
Мектеп оқушысын оқулыққа тартатын негізгі нәрсе тартымды тақырып. Мысалы, оқулықта "Көне түркі есткерткіштерінің тарихы" деген жауырынды тақырыптан гөрі "Күлтегіннің жау алдындағы айласы", "Көне түркі есткерткіштеріндегі ерекше сыр" деген тақырыптар оқушының қызығушылығын тудырады. Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәнінен берілетін мәліметтер арасынан бәлендей айырмашылық таба алмайсыз. Екеуі де жалпы тарихын ғана сөз етеді. Ал, оның ішіне үңілу бөлек бір қазынаны ашады [7.5]
Өскелең ұрпақ тарихын білмей, болашағының кірпішін қалай алмайды. Тарих қай заманда да адамзат баласы үшін маңызды болуы тиіс. Біз оқулықтан Күлтегіннің тарихын ғана түсіндірмей, оның бойындағы ерлік, батырлық, патриотизм секілді қасиеттерді оқушы бойына сіңіре алу керекпіз. Оқушы Күлтегін мінезін өзіңе үлгі тұтқанда ғана, елін сатпайтын ерлер туылады. "Ел ертеңі- келешек қолында" десек те, келешекті тәрбиелейтін кешегі тарих.
Ал, көне түркі есткерткіштері жаңа оқулықтарды қалай жаңаруы керек?
Ең алдымен, көне түркі есткерткіштеріне жасалған зерттеу жұмыстары тағы бір саралануы тиіс. Себебі, оқулықтағы мәліметтің аздығы оқушыға ойазық бола алмайды. Мәлімет толық болғанда ғана түсінікті бола алады. Көне түркі есткерткіштерінен табылған жазуларды кім жазғаны ғана емес, не жазылғаны да жасөспірім үшін маңызды. Оқытуда мектеп бағдарламасынан тыс, арнайы үйірмелерде сабақтар қарастырылса тақырып толық ашылады. Бұл өз кезегінде түркі халықтарының мұрасымен әрі қарай да танысуға ықпалын тигізеді. Өйткені, әрбір есткерткіш, жәдігерлерден түркі жұртының тұрмысы мен тағдырын, кешегісі мен келешегін, елін жау қолында тастамаған батырлар бейнесін кезіктіруге болады.
Көне түркі жазуы арнайы ру таңбаларын білдіруі мүмкін. Тарихқа үңілсек, тек жазулар ғана емес адамдар өздері мекен еткен жерлерге түрлі белгілер, суреттер қалдырған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz