ТИПТІҢ АТЫ ТИП



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Паскаль бағдарламалау тілі
1.1 Паскаль тіліндегі программаның құрылымы
1.2 Тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері
1.3 Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау
1.4 Стандартты функциялар және стандартты типтердің сипатталуы
1.5 Өрнектер және олардың жазылуы
1.6 Массив
1.7 Символдық және жолдық шамалар
2. Паскаль тіліндегі операторлар бөлімі
2.1 Мәліметтерді шығару операторлары
2.2 Меншiктеу операторы
2.3 Мәлiметтердi енгiзу операторы
2.4 Шартты оператор
2.5 Шартсыз көшу операторы
2.6 Циклдiк оператор
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ЭЕМ-дердің мүмкіндіктері барлық салаларда кең қолданылуына алып келді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми - техникалық мәселелерді шешу, оның ішінде алгебралық және анализ есептерін шешуде компьютерлік технологияны тиімді және жылдам қолдана білуге байланысты болып отыр. ЭЕМ-нің көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін қуатты және тез жылдамдықтағы үлкен және кіші дербес ЭЕМ-дермен қатар сандық әдістер мен стандартты қолданбалы программалар түзуде. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ЭЕМ-де алынған шешімнің дәлдігін бағалайтын математикалық аппарат бар болып, ол жоғары дәрежеде жетілдірілген.
Программалау кезеңі әрі қарай ЭЕМ-де программаның орындалуы және шешімнің нәтижелерін алу кезеңі келеді. Есепті шешудің соңғы кезеңі - нәтижелерді талдау. Онда алынған нәтижелерді бақылау есептеулері нәтижелерімен немесе тәжірибе нәтижесінде алынған берілгендермен (егер олар бар болса) салыстырылады. Сондай кейбір нәтижелер жарамды, ал кейбіреулері нақты есептің маңызына қайшы келуі мүмкін: мұндай шешімдер алынбайды. Алынған нәтижелердің жарамдылығының ең жоғарғы критериясы практика болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлер адамдардың өмірі мен қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Адамның компьютермен табиғи тілде тілдесуі келешектің ісі, ал қазіргі кезде компьютерлерге берілетін тапсырмалар компьютер түсінетін тілде, атап айтқанда программалау тілдерінің бірінде беріледі.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
Сондықтан компьютерді өзінің кәсіптік мамандығының деңгейін көтеруге пайдаланғысы келген әрбір адам программалау тілдерінің бірімен және программа жасау технологиясымен таныс болуы тиіс. Әр маман өз есебін компьютерде шығару үшін керекті программаны құра білуі, жөндей білуі және оны баптай білуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындай білу маманның программалау дағдыларын қалыптастырады.
Қазіргі кезде кеңінен таралған программалау тілдерінің көптеген түрлері бар. Бір әрекетті орындаушы адам програманы Паскаль тілінде де Бейсик тілінде де және Си тілінде де жазуға болады.
Соңғы жылдары программалаушылар арасында Паскаль программалау тілі кеңінен тарай бастады. Бұл тілді Цюрих технологиялық институтының профессоры Никлаус Вирт алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен жасақтаған. Паскаль тілі өзіне дейінгі тілдердің көптеген жақсы ерекшеліктерін қамти отырып, алдыңғы қатарлы программалау тәсілдерінің талаптарына сай құрылған. Атап айтсақ, мына төмендегідей артықшылықтарға ие:
:: программаның құрылымын табиғи қарапайым тілдерге жа-қындататын жүйелі программалау тәсілдері Паскаль тілінде басқару жүйелерінің жұмыстарында айқын көрсетіліп, толық іске асырылды;
:: программалау практикасында кеңінен таралған модульді программалау әдісін қолдануға лайықталған;
:: программаның қарапайымдылығын, көрнектілігін, бекемділігін қамтамассыз ету мақсатымен мәліметтерді жүйелі түрде қолданудың жан жақты түрлері (жиын, жол, жиын, жазба, файл т.б.) қарастырылған.
Паскаль тіліне программалаушылардың ерекше көңіл аударуы және оқу орындарында программалауды оқытуда көбінесе негізгі тіл ретінде алынуы тілдің осындай ерекшеліктеріне байланысты.
Паскаль тілінің басқа тілдерге қарағанда программалауды оқытуға өте ыңғайлы тіл екендігін сеніммен айтуға болады.

1. Паскаль бағдарламалау тілі
1.1 Паскаль тіліндегі программаның құрылымы

Паскаль тiлi блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөлiктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркiм өз қалауынша қояды, бiрақ ол блоктың iшкi мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуi мүмкiн.
Программа тақырыбы PROGRAM сөзiнен және программаның атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7 версиясында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да болады. Сипаттаманы беру бөлiгi программада кездесетiн барлық мәлiметтердi хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлiгiнiң жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлiгi берiлген алгоритмдi жүзеге асырады және ол BEGIN түйiндi сөзiмен басталып, END сөзiмен аяқталады.
Программаның жазылу құрылымы:
PROGRAM аты;
мәлiметтердiң аты;
мәлiметтердiң типiн көрсетiп сипаттау;
олардың мүмкiн мәндерi;
BEGIN
операторлар тiзбегi;
нәтижелер тiзбегi;
END.
Мұндағы PROGRAM - программа, BEGIN - программаның басы, END - программаның соңы деген мағынаны бiлдiредi. (;) белгiсi операторларды бiр-бiрiнен ажырату үшiн жазылады, бiрақ ол соңғы оператордан кейiн қойылмайды. Программаның соңы END сөзiнен кейiн ғана (.) қойылады, ол программаның аяқталғанын бiлдiредi.
Бұл программа әрине ешнәрсе орындамайды. Егер біз бұл программаға бір нәрсе орындатқымыз келсе, онда бізге қажетті әрекеттерді орындауға бұйрық беретін барлық операторларды осы BEGIN және END қызметші сөздерінің арасына жазуымыз керек.
BEGIN
Writeln (2002); Writeln (2005) END.
Кәдімгі жағдайда программада айнымалылыр, тұрақтылар, бағыныңқы программаны шақырушы операторлар т.б. элементтер болады. Олардың бәрі BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына жазылуы тиіс. Мысалы: Const k=16; VAR a:=Real BEGIN
a:=6
Writeln (a+k) END.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программа программаның тақырыбынан, блоктан тұрады және нүктемен аяқталады. Блок өз кезегінде сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына сипаттау бөлімі орналасады. BEGIN қызметші сөзінің төменгі жағына орындалатын операторлар бөлімі орналасады. Операторлар бөлімі нүктелі үтірмен (;) бөлінген және операторлық жақшалармен, яғни BEGIN, END қызметші сөздерімен шектелген тізбегін қамтиды. END сөзінің алдына нүктелі үтір қойылмайды, бірақ оның болуы қате болып есептелмейді, қайта ең соңғы орындалатын операторымен END қызметші сөзінің арасында бос оператордың қатысатындығын білдіреді.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программаның жалпы құрлымы төмендегідей болады.
PROGRAM АТЫ (ФАЙЛДЫҢ АТЫ...ФАЙЛДЫҢ АТЫ),
LABEL
, ... , ТАЊБА;
CONST
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ = ТҰРАҚТЫ ;
Программаның тақырыбы.
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТҰРАҚТЫ,
TYPE
VAR
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТИП; ТИПТІҢ АТЫ=ТИП;
АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ, ... ,АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ...АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: ТИП;
PROCEDURE ПРОЦЕДУРАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ;
БЛОК;
FUNCTION ФУНКЦИЯНЫҢ ТАҚЬІРЫБЫ;
БЛОК;
BEGIN
END.
ОПЕРАТОР; ОПЕРАТОР;
Бөлімдердің берілу реттілігі қатаң анықталған, бірақ Паскаль тілінің кейбір нұсқаларында LABEL, CONST, TYRE, VAR сипаттамаларының реттілігі еркін анықталады.
Программаның тақырыбында PROGRAM қызметші сөзінен кейін программаның ішінде мағынасы жоқ және барлық программаны білдіретін программаның аты көрсетіледі. Программаның атынан кейін дөңгелек жақша ішінде файлдардың тізімі, яғни Программа қатынас жасайтын компьютерлердің сыртқы құрылғыларында орналасқан берілгендер жиыны келеді.
Кәдімгі жағдайда стандартты (INPUT) және шығыс (OUTPUT) файлдарының аттары немесе олардың біреуі пайдаланылады,
мысалы: PROGRAM CONUS (INPUT, OUTPUT);
Паскаль тілінің көптеген нұсқаларында стандартты файлдардың аттары болмауы да мүмкін, яғни олар үнсіз қабылданады.
Программа тақырыбынан кейін тамға бөлімін сипаттау (LABEL) келеді. Программадағы кез келген операторды оның алдына тамғаны, яғни төрт цифрдан аспайтын таңбасыз бүтін санды қою арқылы ерекшелеуге болады. Таңба оператордан қос нүкте арқылы ажыратылады, мысалы:
28 : READ (ХО, ҮО, ZO );
Программада тамғаның болуы басқарудың арнайы операторларына сілтеме жасауға және программаның табиғи орындалу барысын өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық тамғалар LABEL бөлімінде аталуы керек, мысалы:
LABEL
1, 12, 988.
Егер программада тамғалар болмаса, онда LABEL бөлімін жазбауға да болады.
Тањба бөлімінен кейін тұрақтыларды сипаттау бөлімі (CONST) келеді. Программада тұрақтылар аттарымен көрсетіледі, олай болса тұрақтылардың осы аттарына кейбір мәндер (сандар, қатарлар) меншіктелуі керек, мысалы:
CONST
РІ=3.1415926;
МАХ=1000;
HEAD -- 'кесте тақырыбы'.
Тұрақтылардың атауларын пайдалану программалаушыға про-грамманың басында машинаға тәуелді немесе берілген есеп үшін тән тұрақты шамаларды топтап беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде оларды программаның өзін өзгертпей-ақ өзгерту оңай.
Тұрақтылары топтастырылып берілген программа әсерлі әрі көрнекті болады.
Типтерді сипаттау бөлімі (TYPE) пайдаланушы енгізетін берілгендердің қарапайым және құрылымдық типтерін анықтау үшін қызмет етеді. Мұндай типтерге біз жоғарыда қарастырған аттап өту және шектелген типтер жатады. Программадағы әр түрлі шама тек бір типпен ғана берілуі керек. Тұрақтының типі оның мәнінің жазылу пішімімен анықталады. Айнымалының типі міндетті түрде арнайы айнымалыларды сипаттау бөлімінде (VAR) берілуі тиіс.
Айнымалыны сипаттау бөлімінің жалпы түрі программаның жалпы құрылымдық схемасында көрсетілген, мұндағы тип дегеніміз бүл типтің аты Стандартты немесе TYPE бөлімінде анықталады.
Егер программалаушы өзіндік программалық бірлік болып та-былатын және оған процедураның немесе функцияның атын және оның параметрлерін көрсету арқылы сілтеме жасауға болатын стандартты процедуралар және функциялардан басқа өзінің проце-дуралары мен функцияларын анықтайтын болса ғана процедураларды және функцияларды сипаттау бөлімі (PROCEDURE, FUNCTION) программада қатысатын болады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.
Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол әрі түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы болып саналады.
Кез келген прорамманың алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. О дан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа түрінде де орындалуы мүмкін.

1.2 Тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тіл ерекшеліктіріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады, олар:
:: атау ретінде (идентификатор) пайдаланылатын символдар;
:: цифрлар;
:: айыру белгілері;
:: арнайы символдар.
Атау символдарды рөлін латын алфавитінің 26 әрпі және цифрлар атқарады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері қолданылады.
Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі мысалы,
xe.qu х бір айнымалының атауы, дәл сол сияқты ALFA1, ALFAl және
alfa де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда
әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың
алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа яғни жоғарғы үтірге (') алынған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және А дан F ке (немесе а дан (-ке) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялардың белгілері жатады.
б) Арифметикалық, амалдардың белгілері:
:: + - қосу;
:: - - алу;
:: * - көбейту;
:: - бөлу.
:: D1V- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
:: MOD - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін
қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1. в) Логикалық, амалдардың белгілері:
:: AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
:: OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
:: NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
:: XOR - арифметикалық немесе амалы;
:: SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
:: SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
г) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі жөне түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын қызметші сөздерді бір-бірінен бөліп тұруға арналады.
Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа яғни жоғарғы үтірге (') алынған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және А дан F ке (немесе а дан (-ке) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялардың белгілері жатады.
б) Арифметикалық, амалдардың белгілері:
:: + - қосу;
:: - - алу;
:: * - көбейту;
:: - бөлу.
:: D1V- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 ама-лының нәтижесі
:: MOD - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін
қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1. в) Логикалық, амалдардың белгілері:
:: AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
:: OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
:: NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
:: XOR - арифметикалық немесе амалы;
:: SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
:: SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
г) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі жөне түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын қызметші сөздерді бір-бірінен бөліп тұруға арналады.
Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компьюторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Паскаль тілінің қызметші сөздері дегеніміз бір-бірінен айыру белгілерімен бөлініп, программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің қызметші сөздерін үш топқа белуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейнестандартты идентификаторлар.
Тілдің операторларын, яғни қарапайым сөйлемдерін жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі біржола анықталып қойылған символдар тіркесінен тұратын қордағы қызметші сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілдерінде ағылшын тілінде жазылады.
Программалау тілдерінде өрнек, оператор, тіл синтаксисі мен семантикасы ұғымдары кең пайдаланылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар, т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Математикада формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны программаның сипаттамасы болып табылады.

1.3 Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлi мәндердi қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгiленiп, кез келген уақытта белгiлi бiр мәнге ие болады. Айнымалылардың белгiленулерi: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.
Айнымалыларды сипаттау VAR түйiндi сөзiнен басталады, одан кейiн типi көрсетiлген айнымалылардың атауы көрсетiледi. Мысалы:
Var
x, y, z: integer;
a, b, c: real;
d, r: char;
meli, bol: boolean;
мұндағы, қос нүктеге дейiнгi атаулар - сипатталатын айнымалылар идентификаторлары, соңғы сөз олардың стандартты типтерi.
Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгерiссiз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтылар INTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түрiндегi мәндердi қабылдай алады. Символдық тұрақтылар апостроф iшiндегi таңбалармен жазылады, мысалы, `A'. Логикалық түрдегi тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерiнiң бiреуiне ие бола алады.
Жалпы түрi:
Const айнымалының аты = мәнi

1.4 Стандартты функциялар және стандартты типтердің сипатталуы

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып аты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде қоюға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты бар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және ішінде аргументі көрсетілуі қажет.
Паскаль тiлiнiң стандартты функциялары

Математика тілінде жазылуы
Паскаль тілінде
жазылуы

Түсiнiктемесi
1
2
3
4
5
6
7
8
Sinx
Cosx
Arctgx
X2
Öx
êxç
ln x
еx
Sin(x)
Cos(x)
Arctan(x)
SQR(x)
SQRT(x)
abs(x)
ln(x)
exp(x)
Синус
Косинус
Арктангенс
х-тың квадраты
х-тың квадрат түбiрi
х-тың абсолют шамасы
х-тың натурал логарифм шамасы
е-ң х дәрежесi

-1, егер х0
signx = 0, егер х=0 SGN(x) - санның таңбасы
1, егер х0

Бұл тiзiмде жоқ функцияларды есептеу үшiн әр түрлi түрлендiру формулаларын пайдалану керек.
Мысалы: tgx = sin(x)cos(x);
chx = (exp(x)+exp(-x))2;
Arcsinx = ARCTAN( xSQRT(1-SQR(x)));
Arcctgx = ARCTAN(1x);
Log5x=ln(x)ln(5);
an = exp(n*ln(x)) - a-ның n дәрежесi
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бутін сан туріндегі тип. Бүтін типтердегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
Атау1, атау2,..., атауп: тип; мұндағы тип орнында бүтін типті көрсететін қызметші сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte,...
Бүтін типке мынадай амалдар қолданылады: +, -, * , div, Imod.
Қосу, алу, көбейту, бөлу амалдары кәдімгі математикада орындалады, ал қалған екі амалға мысал келтірейік. 5 div 2=2 5 mod 2=1
8 div 3=2 8 mod 3=2
7 div 2=3 7 mod 2=1
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үш бүтін береді:
abs(x) - бүтін х санының абсалют шамасы;
sqr(x) - бүтін х санының квадраты;
trune(x) -- нақты х санының бүтін бөлігі (нәтиже дөңгелектенбейді), мысалы, trune(52.9) -- 52;
round(x) -- нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді, мысалы, round(x)=round(x+0.5), x=0,
round(x)=round(x+0.5), x=0,
succ(x) -- реттеліп орналасқан бүтін х санынан кейін тұратын санды береді, мысалы, succ(5)=6;
pred(x) -- реттеліп орналасқан бүтін х санының алдында тұратын санды береді, мысалы, pred(5)=4;
Бүтін сандарға not, or, shl, chr, and, xor амалдарын қолдану биттерге амалдар қолдану болып табылады.
NOT амалы. Бұл амалды пайдаланғанда әр битті 1-ден 0-ге, ал 0-ді 1-ге алмастырады, мысалы, ондық кодта not 12=-13, ал сәйкес екілік кодта:
not 0000000000000110 = 1111111111111001.
SHL амалы. Бұл амал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Pascal тіліндегі айнымалылар типі
Реттік мәліметтер типтері
Паскаль тілінің негізі
Динамикалық жады. Құрылымдық типтер
Турбо Паскальдағы бір өлшемді масивтер
Turbo pascal тілі
Turbo Pascal бағдарламалау тілі
Паскаль тілінің алфавиті
Turbo Paskal-да символдық ақпаратты өңдеу
С тілінде студенттердің аттестация қорытындысының мониторингісін құру. Құрылымдар
Пәндер