Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Есенов атындағы КАСПИЙ технологиялар және инжиниринг университеті

Курстық жұмыс

Пәні: Иклюзивті білім беру
Мамандығы:Тарих
Тақырыбы: Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

Орындаған: 3 курс студенті- Бегей Махбубе.
Оқу формасы:
Жетекші: Ерубаева. А. Р., аға оқытушы
___________________________________
Курстық жұмысты қорғау уақыты ___ ___ 2021 жыл

Ақтау-2021 жыл
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы КАСПИЙ технологиялар және инжиниринг университеті
Білім беру мектебі факультеті, ''Қазақстан тарихы кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы:

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Бегей Махбубе.
Тақырыбы: Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

Тапсырманы орындауға(зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларға жалпы сипаттама
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балалардың танымдық ерекшеліктері
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу

Негізгі әдебиеттер:
1.Башина В.М.Аутизм в детстве.-М.:Медицина-1999.
2.Гилберт К., Питерс Т. Аутизм.: Медицинское и педагогическое воздействие: Книга для педагогов- дефектологов-М.Владос.-2003.
3.Каган В.Е. Аутизм у детей - М.: Медицина, 1981.
4. Лебединский В.В.,Никольская О.С.и др. Эмоциональные нарушения в детском возрасте и их коррекция.-.:МГУ-1990.
5. Лебединский В.В.,Никольская О.С Диагностика раннего детского аутизма.-М.: Просвещение-1991.
6. Методические рекомендации по определению детей с аутизмом в организации образования.
7. Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М. Аутичный ребенок. Пути помощи.- М.: Терефинф-1997.
8. Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М.,Костин И.А., Веденина М.Ю., Аршатский А.В.,Аршатская О.С. Дети и подростоки с аутизмом. Психологическое сопровождение.- М.: Терефинф-2005.
9.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдемесі (01.06.2015 жылғы №348). http:online.zakon.kz

10.ҚР БҒМ Бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды психолого-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (12.12.2011 жылғы №524). http:online.zakon.kz

11.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:edu.gov.kz

Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ____ ___ 2021 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ___________ Ерубаева. А. Р. ___ ___ 2021 жыл

Эмоционалды - ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Аутизмі бар балаларға білім беру.
Бала аутизмі дегеніміз - туа пайда болған қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әсер ету бұзылыстары мен қиындықтары, мінез-құлықтағы стереотипті жағдайлар түрінде байқалатын психикалық дамудың бұзылысы.
Аутизмі бар балалардың білім беру ұйымдарында білім алуы және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері аутизмнің дәрежесіне қарай ажыратылады. Аутизмнің жеңіл түрлері бар балаларда ауыр түрдегі аутизмі бар балаларға қарағанда білімді меңгеруі мен әлеуметтік бейімделуі жоғары болуы мүмкін. Аутизмнің түрлеріне қарай психикалық дамудың өзіндік түрі мен ерекшеліктері жалпы және арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктері мен болжамын белгілейді.
Аутизмі бар балалар зерде мүмкіндіктері мен мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай жалпы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша оқытылуы және тәрбиеленуі мүмкін. Білім беру стандарттарын меңгере алатын, бірақ мінез-құлығында бұзылыстары бар балалар үйден оқытылады. Аутизммен қатар зерде және коммуникативті бұзылыстары бар балалар психологиялық-педагогикалық көмекті тек қана психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарынан және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан ала алады.
Аутизмі бар балаларды жалпы (инклюзивті) білім беру және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына анықтау психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңестерде жүргізіледі. Тексеріс нәтижесінде баланың психикалық дамуының дәрежесі мен ерекшеліктері анықталып, білім беру бағдарламасының белгілі бір түрін меңгеру мүмкіндіктері белгіленіп, оқыту мен тәрбиелеудің дұрыс жағдайлары (білім беру ұйымының түрі, типі) нақтыланады.
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.
Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.
Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады. Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.
Аутизмнің анықтамасы.

1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі деп аталды. Қазір оны Каннер синдромы деп те атайДЫ.
Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.
Бала аутизмі - бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;
Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
Тәртіптің стереотиптік түрлері.
Сәби жастағы немесе ерте жастағы бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.
Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді.
Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму мумкін , сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді.
Психолог О.С.Никольскаяның пікірі бойынша, аутистік дамудың бұрмалаушылығы қабылдаудың күрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде , қоршағандармен өзара іс-әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жәй ғана бұзылмайды, ол қатты бұрмаланып басқа жаққа кетеді. Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіппен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды.

Аутизмі бар балалардың сипаттамасы мен оларды оқытудағы мүмкіндіктерін бағалау
Балалар аутизмін диагностикалау 10-қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің (№ 10 АХЖ) аутизмнің диагностикалық көрсеткіштеріне сай жүргізіледі. Оларға төмендегілер жатады:
1) 3 жасқа дейін аномалды дамудың көріністері;
әлеуметтік өзара әсердің сапа тұрғысынан дамуының бұзылыстары:
- көру арқылы байланыстың жоқ болуы, әлсіздігі және қиындықтары;
ым-ишараны қолданудың жоқ болуы немесе шектелуі, дене қалыбының қызық жағдайы, қалыпты жағдайдағы емес бет келбеті (немқұрайлылық не тырысқан);
айналасындағылар, олардың атын айта отырып қарата сөйлеген адамдардың эмоционалды сөйлеу тіліне немқұрайлы түрде қарау, біріге отыра қарым-қатынас құру, ойнау, оқыту, әлеуметтік дағдыларды (тазалық, өзіне-өзі қызмет ету) орындау талпыныстарына қарсы болу;
адамдармен әлеуметтік қатынас құруға қабілетінің болмауы не едәуір мөлшерде төмендеуі;
балалармен қарым-қатынастың болмауы немесе шектелуі;
3) қарым-қатынастың (сөйлеу тілінің көмегімен қатысымның) сапа тұрғысынан бұзылуы:
ым-ишара, қатысымның басқа да тәсілдерімен орын толтыруға талпыныстары жоқ сөйлеу тілінің тежелісі не мүлдем болмауы;
әңгімені бастау не қолдауға қабілетсіздік (сөйлеу тілі дағдыларының болуына қарамастан), басқа адамдармен қарым-қатынас құруда сөз алмасуға қабілетсіздігі;
сөйлеу тілін стереотипті және қайталамалы түрде қолдану - эхолалиялар, штамптар, дәйексөздер, сөздер мен фразаларды өзгеріссіз қолдану; жіктік есімдіктердің болмауы және т.б.;
дауыс жиілігі, екпін, сөйлеу тілінің жыдамдығы, ырғағы мен интонациясындағы аномалиялар ;
4) мінез-құлық, мүдделер мен әрекеттердің шектелуі, қайталамалы және стереотипті модельдері:
- қайталамалы және стереотипті қимыл-қозғалыстар: мағына-мақсатсыз қимыл белсенділігі, аяқ, қол, дене қимылдары (қозғала беру, шапалақтау, көтере беру, айнала жүгіру, заттарды өз айналасында қозғалту, заттармен әрекеттер т.с.с.);
- қалыптасқан тәртіпті сақтауды талап ету;
- стереотипті және қайталамалы ойындар, жаттығулар мен қызығушылықтар;
- стереотипті және шектемелі қызығушылықтармен қамтылып, толықтай олардың ішінде болу;
5) клиникалық және психологиялық көрініс психикалық дамудың басқа да бұзылыстарына сәйкес келмейді: есту мен көру қабілеттерінің бұзылыстары (сенсорлы алалия), екінші реттегі әлеуметтік-эмоционалдымәселелер, эмоционалдымінез-құлық бұзылыстары қатар жүретін ақыл-ойының дамымауы, әдеттегіден ерте басталуы бар шизофрения және Ретт синдромымен бірге болатын бір нәрсеге үйір болудың реактивті бұзылыстары немесе нәрсеге үйір болудың бейберекетсіз бұзылыстары.
Ескертпе: Бала аутизмі аңғарымын қойған кезде 10-қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің диагностикалық көрсеткіштері және К.С. Лебединская мен О.С. Никольскаяның топтастыру көрсеткіштерін басшылыққа алу керек.
Классикалық түрдегі балалар аутизмімен қоса шығу тегі органикалық, хромосомды және психогенді негізгі синдромға тән сипаттарға ие, бірақ балалар аутизмінің көрсеткіштеріне толықтай ие емес аутистикалық сипаттағы бұзылыстардың кең спектрі (аутистикалық көріністер, аутистикалық синдром, аутистикалық спектрдің бұзылыстары, атипиялық аутизм, парааутистикалық бұзылыстар) белгіленеді.
Балалар аутизмінің жоғарыда айтылған белгілері түрлі дәрежедегі көріністерде байқалуы мүмкін. Аутизмі бар балалар дегеніміз - бұл психикалық дамуының ерекшеліктері, деңгейі мен мүмкіндіктері бойынша әртүрлі мүмкіндіктері шектеулі балалардың тобы. К.С. Лебединская мен О.С. Никольскаяның топтастыруында аутизмі бар балалардың төрт тобы анықталған.
Бірінші топтаға аутизмі бар балалар сөйлеу тілінің болмауы, мағынасыз мінез-құлық, айналасына толықтай немқұрайлылықпен қарау сияқты қасиеттермен ерекшеленеді. Қабілеттері белгілі бір салада ғана (түсі, түрі, көлеміне қарай топтастыру) көрініс табатын ақыл-ойының дамуының тежелісі белгіленеді. Мутизм (сөйлеу қабілеті бар болса да тілінің шықпауы) байқалады, бірақ ішкі сөйлеу тілінің болып, дамуы мүмкін. Балалар тіл түсінігін көрсетіп, кейде сөз бен сөйлемдерді айтуы мүмкін. Бұл топтағы балардың болжамы әртүрлі болуы мүмкін. Ерте жастан түзету көмегін көрсету барысында балалардың көпшілігінің психикалық-тілдік және әлеуметтік-коммуникативтік дамуында, жалпы немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеуге жеткілікті оң динамика байқалады.
Екінші топтағы балалар айналасымен қарым-қатынасқа түседі, бірақ өзіне ұнамайтын тұлғалар және өзгерістерді қабылдамайды. Қарсылығы айналасына немесе өзіне деген агрессивті іс-әрекетінен көрінеді. Оларға көптеген қимыл-қозғалыстық стереотиптері мен әр-түрлі үрейлер тән. Айналасының біркелкілігі, коммуникативтік және тілдік формаларды сақтауға белсенді ұмтылыс байқалады. Сөйлеу тілі - фразалы, бірақ стереотипті; қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара қатынасында тілдік құралдарды пайдалануда едәуір қиындықтар бар. Вербалды және бейвербалды зердесінің айырмашылығы айқын, вербалды қалыпты, ал сол кезеңде бейвербалдысы едәуір төмен болуы мүмкін. Әлеуметтік мағына мен себеп-салдар байланыстарын өздігінен түсінуде қиындықтары тән; білім, икем мен дағдырларды стереотипті формада пайдалана отырып формаларды түрде меңгереді. Түзету жұмыстарын дер кезінде жүргізген кезде мұндай балалардың дамуында елеулі динамика болуы мүмкін. Бұл топтағы балалар жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламалары немесе психикалық және сөйлеу тілі тежелген балаларға арналған бағдарламалары бойынша оқуға қабілетті.
Үшінші топтағы балалардың даму мәселелері бастапқыда мінез-құлқы, қарым-қатынасы мен әлеуметтік өзара әсерінде байқалады. Бұл топтағы балалар бірыңғай істер және қызығушылықтармен толықтай аналысатындықпен ерекшеленеді. Оларға кері байланыстың қажеті жоқ, олар өз әрекеттерінің түсінікті болуына сирек түрде тырысады. Олар өз қажеттіліктерін өзгеріп отырған жағдайларға бейімдей алмайды, ал мұнысы мінезінің экстремалды жанжалдығы, негативизмі, қыңырлық, қасақаналық істерінен байқалады. Ерте жастан сөйлеу тілінің және зердесінің жылдам дамуы, жақсы есте сақтау қабілеті байқалады. Зердесін қолдану арқылы жаттығу сабақтарына ерте жастан қызығушылық танытады. Белгілі бір абстрактылы білімдердегі жоғары көрсеткіштері айналада болып жатқандарды әлеуметтік тұрғыдан түсіну киындықтарымен ұштасып жатады. Балалар көбінесе жағдаяттың астарын сезбейді, үлкен әлеуметтік аңқаулық танытады.
Бұл топтағы балалар жалпы білім берудегі оқу бағдарламаларын игеруде қиыншылықтарға тап болмайды, бірақ окыту мен тәрбиелеуде жеке көзқарас және қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әсерде қиындықтарды жеңу мақсатында психологиялык көмекті кажет етеді.
Төртінші топтағы балаларда аутизм жеңіл түрде көрініс тауып, қарым-қатынас пен өзара әрекеттерін ұйымдастыру қиындықтары ғана білінеді. Бұл топтың балалары жоғары сезімталдық және қарым-қатынастағы тежелістермен ерекшеленеді. Олардың мәселелері бөтен адамдармен карым-катынас барысында, күрделі өзара қатынасқа әрекет жасағанда ерекше көрініс табады. Үлкендер мен балалар жағынан теріс баға алу оларда дәрменсіздік қорқынышын, мазасыздық, ары қарай әлеуметтік дамудан бас тартуды тудырады. Балаларда ақыл-ой және сөйлеу тілінің тежелістері байқалады. Өзіне айтылған сөзді баяу қабылдау тән. Сөйлеу тілі байланысқан, бірақ жұтаң, созылмалы және аграмматизмдері көп. Қарапайым әлеуметтік жағдайлардың түсінбеушілігі байқалады; бейвербалды саламен (музыка немесе құрастырушылық) байланысты белгілі бір қабілеттерінің көрініс алуы белгіленеді. Мақсатты бағыттағы өзара қатынас пен оқытуда тез тойымдылық пен шаршау байқалады.
Төртінші топтағы балалар алдыңғы үш топтың балаларына карағанда ең жақсы болжамға ие. Психологиялық-педагогикалық көмекті ерте жастан алған кезде олар жалпы білім беру мектептерінде оқи алады. Мұндай баламен байланыс жасау жеке көзқарасты қажет етеді: баланы эмоционалды түрде қолдау (жиі мақтау), жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындаған кезде асықтырмау, бала түсінбеген жағдайда нұсқаулар мен талаптарды қайталап түсіндіру, баланың іс-әрекетіне теріс баға бермеу, дауыс көтермеу, оны жұрт алдында айтпау т.с.с.
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына белгілеу
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру ұйымдарына (балабақшалар мен мектептер) белгілеуге жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге және ұжымда қалыптасқан мінез-құлық нормаларын орындауға бөгет жасамайтын ақыл-ойы, сөйлеу тілі және әлеуметтік-коммуникативті дамуының жеткілікті деңгейі бар балалар аутизмінің жеңіл түрі (3- және 4-топтар) жатады.
Ескертпе: Бұл балалар балабақша не мектепке жалпы негізде қабылданады (ПМПК-тің ерте жастағы аутизм деген қорытындысыз). Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары немесе мектеп пен балабақша жағдайында психологиялық түзету жұмысын жүргізу бойынша ұсынымдар жасалады: мектепке дейінгі ұйым не мектептің психологы балада қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекетке қатысты қиындықтардың болуына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түзету жұмысын өткізеді.
Аутизмі бар балаларды мектепке дейінгі инклюзивті білім беру ұйымдарына (жалпы балабақшалар), сонымен қатар психикалық дамуы тежелген балаларға арналған балабақшалар мен топтарға белгілеу көрсетілімі ретінде орташа деңгейде көрініс тапқан балалар аутизмі - жалпы режим жағдайынды ұйымдастырыла алатын 1- және 2-топтағы балалар: тазалық, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, мінез-құлықтың кейбір нормаларын өздігінен, шектеулі немесе енжар түрде ересектердің көмегімен орындайтын балалар.
Аутизмі бар балаларды жалпы (инклюзивті) білім беру мекемелеріне белгілеу көрсетілімі ретінде зерде, сөйлеу тілі және әлеуметтік-коммуникативті дамуының жеткілікті деңгейі жалпы мектептің бағдарламасын өздігінен (не ұйымдастырылған және жеке көмектің арқасында) меңгеруге, сабақ барысында тәртіп ережелері мен мұғалімнің талаптарын орындауға жеткілікті балалар аутизмінің орташа түрі (2- және 4-топтар) болады.
Аутизмі бар балаларды арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне белгілеу көрсетілімі ретінде мыналар болады: зерде және сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай аутизмі бар балалар білім беру қызметтерін арнайы білім беру ұйымдарының әртүрлі мекемелерінде ала алады:
1) психикалық дамудың жалпы және ерекше түрлеріне ие аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады;
2) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады. Бұл балалар қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекет барысында сөйлеу тілін түсіну мен епті қолдануда қиындықтарға тап болады;
3) зерде бұзылыстары ақыл-ойының жеңіл және орташа деңгейде дамуына тең болатын аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады;
4) зерде бұзылыстары ақыл-ойының ауыр және терең деңгейде дамуына тең болатын аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар білім беру қызметтерін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтар мен әлеуметтік қорғау ұйымдарында ала алады.
12. Аутизмі бар балаларды жалпы және арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне белгілеудегі қарсы көрсетілімдер ретінде төмендегілер болады:
1) баланың балалар ұжымында болуына кедергі жасайтын басқа да ауыр түрдегі психикалық бұзылыстар, психопатиялық сипаттағы бұзылыстар байқалатын болып жатқан психикалық аурудың (шизофрения) шеңберіндегі аутизм;
2) жиі болатын талма ұстамалары;
3) тұрақты энурез және энкопрез (интернатты ұйымдар үшін).
Ескерту: жоғарыда көрсетілген науқастарға (1) ұшыраған балалар жағдайына қарай белгілі бір кезеңде психикалық саулық орталықтарына емделуге жіберіледі. Ұзақ мерзімді ремиссия жағдайы және жағдайы жақсарғанда бұл балалар білім беру қызметтерін білім беру ұйымдарында алып, не үйден оқытылуы мүмкін. Білім беру ұйымына баланың бару мүмкіндігі не үйден оқытылуы туралы қорытындыны психикалық саулық орталықтары береді.

Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына орналастыру және оқу жағдайларын ұйымдастыру тәртібі
Ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін және балалар контигентін ескере отыра мектепке дейінгі жалпы білім беру және арнайы ұйымдарда аутизмі бар балалар үшін төмендегі топтар ашылуы мүмкін:
бір сыныпта (топта) аутизмі бар екі баладан артық болмауы керек басқа балалармен бірге оқытылатын сыныптар (топтар);
аутизмі бар 6 баладан артық оқытылмайтын арнайы сыныптар (топтар).
Ескертпе: аутизмі бар балалардың жалпы білім беру немесе арнайы білім беру мекемелеріндегі бөлек сыныптарда (топтарда) оқуы (ауыр аутизмі бар жағдайларды алмағанда) уақытша болу керек - баланың ұжымда қарапайым дағдылар мен тәртіп нормаларын меңгеруі үшін қажетті уақыт кезеңінде (бейімделу кезеңі)
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беретін немесе арнайы (түзету) балабақшаларда немесе мектептерде оқыту олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Жеке көзқарас аутист балаларды тәрбиелеу және оқытуда олардың даму ерекшеліктеріне сәйкес тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы білім беру бағдарламасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері
Балалардың көру қабілетінің бұзылуы
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Геморрагиялық синдромы кездесетін ауруларда және тромбоэмболиялық асқынулар
Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Арнайы педагогика
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Пәндер