Мектеп үлкен мектеп


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ прозасындағы ұстаз образы (1990-2021 жылдар)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі

1. 1 Тәуелсіздік жылдарына дейінгі қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінің зерттелуі

1. 2 1990-2021 жылдардағы қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінің зерттелуі

2. 1990-2021 жылдардағы қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі

2. 1. Зейнолла Қабдоловтың "Менің Әуезовім" шығармасындағы ұстаз образы

2. 2. Әлібек Асқаровтың "Өр Алтай мен қайтейін биігіңді" шығармасындағы ұстаз бейнесі

2. 3. Тұрысбек Сәукетай "Желқайық шығармасындағы ұстаз бейнесі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы ұстаздардың теориялық ұстанымдары адамдарға дұрыс бағыт бағдар, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке шығармашылық қоры адамзат баласына шамшырақ іспеттес. Ұстаздардың ілімі адамдақ факторлармен сабақтасатындықтан олардың ұлттық сипатын сақтай отырып өмір жолын айқындауға мүмкіндік беруде. Осыған орай, қазақ ұстазының келбеті мен әдіснамалық құнды қасиеттерін қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінен көре аламыз.

Еуропада қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімі тауып келе жатқын білімнің берілуі яғни Платонның Аристотельге ұстаз болуы, Әл Фарабидің Аристотельді ұстаз тұтуы немесе Ибн Синаның Әл Фарабиді ұстазым деп қабылдауы ұстаздық жүйенің үзілмес белгісі болып табылады. Ұстаз әлемін тарихпен ұштастырар болсақ сонау Афиадан Пллатон Академиясынан басталған ғылым ізденісі адамдардың қарым қатынасы арқылы, білімді тасымалдау арқылы Азия құрлығын да орналасқан Отырар, Бағдат ілім шаһарларына дейін таралды. Ұстаздардың таным ұғымына, өмір жолына назар аударатын болсақ ұстаздық борыш сабақтастығын көре аламыз.

Француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы: "мұғалім болу - өз уақытыңды аямау, өзгенікін аялау". Ұстаз болу - балаға жүрек жылуын, мейірімділікті, адамгершілік ұлылығын ояту. Ұстаз болу дегеніміз-оқушыны ата-ана ретінде тәрбиелеу. Ұстаздық - жас ұрпақтың жарқын болашаққа деген жолын анықтау. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский: "ұстаз - бұл жас ұрпақта ғасырлар бойы жинақталған барлық қазынаны сіңіретін және оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мінездерден арылтатын адам", - деді. (Ақылдың кені, Қ. Жарықбаев, «Ана тілі», 2008 - 189б) Ал қазақ тектес қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов "ұстаз-мектептің жаны"деп бағалады. ( «Ғасыр саңлағы: А. Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны», Р. С. Имаханбетова, Астана, 2010 - 7б. ) Ұстаз деген-ұлы есім деп айта аламын. Себебі мұғалімге деген құрмет бәрінен жоғары тұрады.

Барлық уақытта мұғалімдерге деген құрмет жоғары болды. Бүгіннен бастап немесе кешегі күннен бастап ұлы кәсіпқойға деген құрмет қана емес, мұғалімге деген құрмет те бар. "Тасты тамшымен тескен су сияқты" (Әл - Фараби) - сіздің моральды алға жылжытудағы қадамдардың бірі. Өйткені, мұғалімге деген құрмет-білімге деген құрмет. Сондай-ақ, Құран Кәрімде: «білімді құрметтемейтін, мұғалімін құрметтемейтін білім алушы ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайды », - делінген. Өздеріңіз білетіндей, ақыл-ойы бар адамдардың көпшілігі әрқашан мұғаліміне ерекше құрметпен қарайтын. Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл-Сүйінбайды әрі ақылшылары, әрі ұстаздары ретінде тұтқан. Олар өздерінің өміріндегі зор, орасан үлкен асуларды бағындыруы ұстаздардың еңбегі екенін жақсы түсінді. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын мұғаліміне: "мен мұғалімге әкеден кем қарыз емеспін. Әкемнен мен өмірді алдым, Аристотельден-бұл өмірге қажеттінің бәрін алдым" деген екен. Сондықтан мұғалімге құрмет-бұл сіздің өміріңіздегі міндетіңіз. Мұғалімді құрметтеу-адамзаттың міндеті. (Жұмабаев М. Таңдамалы. - Алматы, 1992. )

Шынымды айтсам, ұстаз-ғалым, батыр және ақын. Оның еңбегі-әлемдегі сұлулық пен жылулық. Оқушыны шабыттандыратын, көзін ашатын, әлемге білім нұрын төгетін ұстаз. Ай астындағы айбынды да аяулы, жер үстіндегі жәннатым да жерұйығым - олардың қолында Қазақстан деңгейінің көтерілуі. Ұстаздың білім шегі неғұрлым кең болса, оқушының көкжиегі соғұрлым кең болады, ал саналы ұрпақпен елдің болашағы жарқын болады. Ұстаз-оқушының тәлімгері, тіпті сенуге болатын серік. Сенімді ақтай алатын ұстаздың да болашағы бар. Дарынды данагөйлердің өздері, даңқты дарабоздар ұстаздарды де назардан тыс қалдырмады. Ұстаздың ел алдындағы мәртебесі тым жоғары, оны құрметтейтін халық бар. Ұстаздардың өздеріне де үйреткен ұстаз, онда менің ойымша, бұл құндылық біздің уақыт. "Мектеп кеме-білім теңіз", - дейді дана қазақ. Ия, бұл мектептің бет-бейнесі, білім ордасы, егер адамның тірегі қаңқа болса, онда мектептің тірегі - ұстаз.

Мұғалім - пір, яғни рухани ұстаздың, ақиқат жолындағы жолсеріктің тұжырымдамасы да қазақтың дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, өзіне рухани азық сіңіретін ұстаз орны мәңгі қалады. Ежелгі дәуірден бері өсіп келе жатқан ғылым мен білім саласындағы жетістіктерге сүйене отырып, мұғалім үлкен еңбек жемістеріне ие.

Зерттеудің жалпы сипаттамасы: Дипломдық жұмыс қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінің танымдық сипаты мен қазметін анықтауға арналған зерттеу еңбегі болып табылады. Жұмыста ұстаз ұғымының ерекшеліктері әлеуметтік, танымдық қырлары танылады. Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық, физиологиялық еңбектер мен ақпараттар беріледі. Қазақ қоғамындағы ұстаз ұғымына қатысты ақпараттық тіл бірліктерінің сөз қорларының танымдық қызметі мен сипаты кеңінен талданады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бұл дипломдық жұмыста қазақ прозасындағы ұстаз образы сөз етіледі. Жалпы қазақ танымындағы ұстаз ұғымына тоқталып, қоғамда оның алар орны айтылып өтеді. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұстаздай ұлы тұлғаны қаламына арқау еткен жазушылар шығармаларын талдай отырып, оның мән мағынасын жан жақты ашу көзделген.

Тақырыпты зерттеудің қажеттілігіне тоқталып, оның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қолданысқа енгізу зәрулігі айтылады. Қоғамда соның ішінде жастар тәрбиесінде ұстаздың орнын анықтап, оның прозадағы көркем бейнеленуі жан - жақты қарастырылған. Қаламгерлердің образды сомдаудағы тақырыптық ізденістеріне мән беріледі. Әдебиет пен тәрбиені ұштастыру арқылы, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің жолдары зерделенген.

Дипломдық жұмыста қазақ әдебиеттануында арнайы зерттеудің объектісіне айнала қоймаған рухани эстетикалық болмысы бар құбылыс тексеріліп, талданды.

Жұмыстың мақсаты: Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін (1991-2021) аралығындағы прозалар арқылы салыстырмалы зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді таңдау және талдау.

2. Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін (1991-2021) шығармалар арқылы анықтау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу барысында синхрондық сипаттама, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми, теориялық, философиялық, психологиялық еңбектер мен ақпараттарды талдау және жинақтау.

І. Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі 1. 1 Тәуелсіздік жылдарына дейінгі қазақ прозасындағы ұстаз бейнесінің зерттелуі

Ұстаз тақырыбының кеше де, бүгін де, ертең де дабыл қақтыруы - уақыт талабынан туған қажеттілік. Көтерген тақырып - тәрбие тағдыры, мұғалім табиғаты болғанымен, әр жазушының тарихтағы ұстаздар жүріп өткен жолды суреттеулеріндегі өзіндік шеберліктерін, өмір сүріп отырған дәуірінің талғамын, ұстанымын, идеясын, қаламгерлік қарымын тану.

Ұстаз - үйретуші, ол бар жерде міндетті түрде шәкірт- үйренуші де бар. демек, «ұстаз-шәкірт» феноменінің негізгі пафосы- «үйрену-үйрету». Бұл дәстүрдің дүниеге келіп, қалыптасуы жер бетінде саналы өмірдің, көне тарихтың ізімен жасты. Демек, бұл- өте көне, бірақ адам қоғамы жасаған сайын өресі биіктей түсетін өміршең құбылыс. Ол адам баласының бір орында тұрмай ылғи өсіп, дамып отыруына байланысты. дүниеге клг адам әйтуір кү көру үшін, тамақ асырап, жан сақтау үшін, үлде мен бүлдеге бөленіп, жан рахаты мен тән рахатын көру үшін ғана өмір сүрмейді. Адам адамға лайықты ғұмыр кешу үшін алдына өмір бақи «үйрету, үйрену» деген ізгілікті мақсат қойып, болашағының жарқын бейнесін содан іздейді. міне, ұстаз бен шәкірттің тоғысар тілек-мұратының да, үш дәуірдің- өткен заман, бүгінгі күн жәнее болашақтың тоқайласар тұсы да осы феноменге тікелей қатысты. Ұстаз бен шәкірт проблемасы- күрделі мәселе. Өйткені ол адамзат өмірінің барлық саласынан көрініс тауып, «үйрету-үйрену» деген пафос арқылы өзінің сан алуан үлгі- өнегесімен ерекшелене түседі. Ал біздің «ұстаз-шәкірт» туралы әңгімеміз жалпы емес, ғылымның белгілі бір саласы- тіл білімі туралы ғана өрбімек. /«ұстаз һәм шәкірт», Г. Смағұлова, С. Сәтенова, Ғ. Әнес, Қ. Ғабитханұлы, Алматы, «Арыс» баспасы, 2004 -4б/

Көреген қазақ бауыр еті баласын «Сүйегі - менікі, еті - сенікі» деп, ел арасында ғылым-білімімен, өнерімен аты шыққан жақсы - жайсаңдарға тапсырған. Қазақта білім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Білім үйрету ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. «Садақаның ең жақсысы - ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету» деп білген қазақ көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығын, ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігін дәріптеген. Мұғалім сөзінің түп төркіні араб тілінен енгені белгілі. Арабша-қазақша түсіндірме сөздікте бұл сөз «оқытушы, ұстаз, шебер» деген мағынаны береді. (Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, «Мектеп», 1984 - 223б) Ұстаз - шеберханасынан талай ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін, ел жанашырларын болаттай шыңдап шығаратын шебер. Ұстаз еңбегінің жемісін өзі көрмесе де, ел көреді. Қазақ прозасындағы ұстаз образының жинақталып, типтендірілу сипаттарын, идеялық көркемдік құндылықтарын, ұстаз образына ғана тән характерлік, психологиялық ерекшеліктерді айқындау арқылы оны іс жүзінде мектептерде, басқа да оқу орындарында оқушыларға тәрбиелік эстетикалық тұрғыда қолдау көрсетуге болады. Қазақ прозасындағы ұстаз образының сомдалу сипаттарын, ерекшеліктерін ашу, қазақтың танымындағы ұстаз «идеалын» анықтау, рөлін зерттеу арқылы ғана біз мақсатымызға айқын жетуімізге болады. Прозадағы ұстаз бейнесінің көркем жинақталу сипаттары прозадағы образдың берілуінен әлдеқайда өзгеше болып келеді. Себебі, ұстаз бейнесін жасаудағы авторлардың, жазушылардың қолданған көркемдік әдіс-тәсілдері, ұстаздың характерін берудегі, портретін жасаудағы ерекшеліктері өзгешелеу болатыны хақ. Жазушылар арасында ұстаз бейнесін сомдаудағы идеялық ізденістері өзгеше болатыны анық жағдай. Жазушылардың ұстаз образын сомдауда қандай идеялық ізденістерге барғаны ол қаламгердің өзіндік прозадағы қолтаңбасы деп тануға болады. Бальзак әдебиетті «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі», Горкий «адам тану ғылымы» деді. ( З. Қабдолов, «Сөз өнері», «Өлке», 2014 - 17б) Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені - ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да - содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе - адам образы дегенді анықтай түседі. Шығарманың арқалайтын негізгі жүгі, қоғам және ұстаз мәселесі, адами мінез қайшылықтары, образды бейнелеудегі автор позициясы, бұл пікірлердің бүгінгі күнмен сабақтастығы деген секілді мәселелерге де толықжауап беретін шығармалар бар.

Прозадағы ұстаз ұғымын сөз еткенде, оның прозаға қатысын зерттеуге бекінгенде қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринді атап өтпеу мүмкін емес. Ен жайлаудың дала қоңырауына айналған алғашқы ұстаз Ыбырай жайлы жазылған шығармаларда қомақты. Қара сөз қаламына телінген Ыбырай образы прозада да сөз етілді.

Жайсаңбек Молдағалиев «Таза бұлақ». Жайсаңбек Молдағалиев 1935 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ы. Алтынсариннің жерлесі, үлы ұстаз ашқан мектептен дәріс алған. Прозадағы Ыбырайтану жолына өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалам тербей бастаған. 1978 жылы «Алғашқы қоңырау» повесі. кейін толықтырып, өндеп 1984 жылы «Таза бұлақ» атты романға айналдырды. Жазушы шытарманы жазуға он жыл өмірін арнады. 1973 жылы басталған романы 1983 жылы жазылып бітіп, 1984 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген.

«Таза бұлақ» романында Ж. Молдағалиев мұрағаттық материалдар мен тарихи деректердің негізінде ой қорыта отырып, жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің кең ауқымда алынатын көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген. Қазақ әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшау тұратын Алғашқы ұстаз - Ыбырай сынды түлғаның өмірі мен тарихи келбеті арқылы кейінгі ұрпақ санасына жеткізген. Ұлы ұстаз - Ыбырай бейнесі романда тарихи шындыққа негізделген көркемдік болжаммен өрнектелген. Аңыз бен тарихи дерек желісі роман сюжетінде қатарласа дамып, көркемдік негізде қисынды қиюласқан.

«Алғашқы ұстаз» бейнесі - қазақ тарихи прозасына, ұлттық руханияттың қалыптасуына айтулы үлес қосқан әрі әдеби, әрі тарихи тұлға. Қазақ қаламгерлері ұлағатты тұлға бейнесін сомдау арқылы ұлтымыздың азаттық жолындағы сан- қилы оқиғаларын сол тұлғалар тағдырымен байланыстырып, шығарма арқауына негіз етіп алды. Біртуар тұлғалар бейнесін сомдаудың түп-төркіні ұлттық болмыс-бітім арқылы, кейіпкердің жан әлеміне үңілу арқылы - қазақ ұлтының талайлы тағдырын, бүгінде қол жеткізген тәуелсіздігінің бедерін көрсеткісі келген.

Ы. Алтынсарин сынды өмірін бұлақтай етіп, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін ерен еңбек жасаған «Алғашқы ұстаздың» бұлақ болып қазақ даласын сусындатқаны деп те түсінуге болады. Туынды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бетке тоқталсақ, «Бұрыңғыдай емес, Ыбырайдың бекініс ішіндегі жұмысы да үстемелеп көбейіп кетті. Ояз бастығы жылы суға түсетін едім деп, шілде басталысын тоспай-ақ саялы орманды, мөлдір көлдері көп Аманның қарағайы деп аталатын мекенге кетіп, онда киіз үй тіккізіп, өзінше жайлауға шығатынды әдет қылып алғалы қашан!» (Мадин И. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасуы. - Алматы, 1979, 2б] .

Шығарманың кіріспесінен-ақ Ыбырай Алтынсариннің оқуын бітіріп, қызметке араласа бастаған кезін байқаймыз. Орыстың отаршылдық әккі саясатының да ұстазды ұршықша үйірілітіп, өз маңайынан алыстатқысы келмейтіні байқалады.

Ұлт болашағы жолында ағартушылық бағытты басшылыққа алып, поэзиялық, прозалық таным деңгейін білім жолында биікке көтеруге ұмтылған Ыбырай Алтынсариннің бейнесі тарихи тұлғалық деңгейге көтерілген. Романның әр бетінде бағдар сілтеп, ойға жетелеп отыратын таным қуаты мен тағлым мұратының сырына қанығу міндетін арқалайсыз. Жастайынан білімді атанған, «қараңғы қазақ көгіне күн болуды арман етіп» мектеп ашуға ұмтылған, алайда кең дүниеде сол тілегін құлшыныспен орындау жолындағы Ыбырайдың толғанысы ойға батырады.

Ж. Молдағалиев өзінің тарихи романында мұрағаттық материалдар мен тарихи деректердің негізінде ой қорыта отырып, жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің кең ауқымда алынатын көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген. Қазақ әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшау тұратын Ыбырай сияқты тұлға кейінгі дәуірдегі оқулықтарда Ыбырайдың өмірі мен тарихи келбеті арқылы кейінгі ұрпақ санасына жеткізген.

Ыбырайдың ұстаздық бейнесі де романда тарихи шындыққа негізделген көркемдік болжаммен өрнектелген. Ұстаздық тарихи дерек желісі роман сюжетінде қозғалысқа түсіп, қисынды қиюласқан, көркем шындыққа айналған.

Тұлғаның шынайы бейнесі досы Н. И. Ильминскийге жазған хаты арқылы көрінгендей. «Мектеп - халыққа білім берудің бұлағы, олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз, рабайсыз орналастырыла салатын болса, түкте пайда бере алмайды. Біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі - осындай қолайлы мектептерде тұр. Сондықтан, мектептерде жөні түзу. Түбегейлі білім берілетін болсын, ғылымнан кенжелік көрген халықтың мектепке ынтасын арттыру үшін оны бітірушілерге қай жөнінен болса да бір артықшылық жағдай туғызылсын, сонда ғана оқушылардың саны молайып, ынталы жастар өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, дүниетанымы, ой-өрісі кеңейген жастар көбейеді» («Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары», Ә. Ламашев, Алматы, «Қазақстан», 1988 - 47б)

Ыбырайдың ұстаздық бейнесінен өскелең ұрпаққа деген алаңдаушылық, қазақ балаларының қолайлы білім ала алама деген жан сезімі байқалады.

Автор романның басты идеясы халық тағдыры, ал халық атынан сөз алып отырған Ыбырай мұғалім екендігін байқатады. Себебі, алдымен Ыбырайды жетім шәкірт Күдерінің ойымен таныстырып, кейін губернаторға барар жолында осы екі жанды бірлікте сабақтастыра қарайды. Мұның бәрі, шығарманың негізгі мақсаты - халықтың арман мүддесі мен жарқын болашағы үшін ерекше орын алған Ыбырай Алтынсарин бейнесін көрсету еді. Себебі, «Таза бұлақ» романында суреттелетін тұлғалардың бәрі дерлік халық санасынан орын алған жандар болатын. Сол эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес еді.

Түркі - монгол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін - бірі толықтырып, кезектесе сөйлейтін дәстүр болған. «Таза бұлақ» романында оқиғалар желісін кейде Ыбырай мұғалім, кейде шәкірт Күдері дамытып, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін пайдаланғандай әсер қалдырады.

Ұлттық проза дәстүрінде «Алғашқы ұстаз» образын сомдауға күш салған Ж. Молдағалиевтің «Таза бұлақ» туындысы тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түрең салғанын, өткен тарихтың ізімен өткенімізді көз алдымызға әкеліп, болашақ ұрпақты елді сүюге, сонау ғасыр жүгі арқалап әкеткен ұлттық рухымызды тереңнен таныстыруда елеулі орны бар шығарма екендігімен құндылығы жоғары болмақ.

Балалар әдебиетіндегі ұстаздар бейнесі Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Өткен дәуіріміздің алпысыншы жылдары қазақ прозасында ұстаз бейнесі жақсы көрсетіле білді. Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі әдебиетіміздің соның ішінде балалар әдебиетінің даму кезеңінде де көрініс бере бастады. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді. Осыған байланысты таным, мәдениет, тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы ұстаз болмысының танымдық ерекшілігі құрылым бейнесі тұрғысында ғылыми талдау қай кезде де болса өзекті мәселе болып табылады. Балалар әдебиетіндегі ұстаздық кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын ұлттық таныммен байланыстырып тұжырымдау, сондай - ақ, балар шығармалары арқылы ұстаз иммиджін және беделінің биіктігін көрсету.

Балалар әдебиеті шығармаларында қазақ қаламгерлерінің ұстаз бейнесінің берілуіндегі портрет пен бейнелі сөз қолдануы сәтті шыққан. Мәселен Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа», Нәсіреддин Сералин «Қиын есеп», «Қисыбайдың хаты» сынды шығармаларда ұрпаққа ұстаз мәртебесі мен есімінің ұлылығын дәріптеу.

Балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқан, өзі де ұстаздық қызмет еткен Бердібек Соқпақпаев қазақ баларына ұстаз Майқанова бейнесін танытты. «Менің атым Қожа» повесі арқылы тентек сотқар Қожаның тілін таба білген, жан дүниесіне үңілген Майқанова апаймен барша қазақ жұрты танысты. Қожа қандай бала еді ол ақылды болды, бірақ сотқарлығы да, тендектігі де бар еді. Қай кезде болмасын әр сыныптың бір Қожасы болады. Ал Майқанова апай сынды ұстаздар көп емес. Шығармада Майқанова апайдың кешірімді, қамқоршыл, сабырлы, білімді бейнесін көреміз.

- Қадыров түбінде адам болатын бала, - деген Майқанованың сөзіне ұстаздық көрегенділік байқалады. (Б. Соқпақабаев Шығармалары «ҚазАқпарат» баспасы, 2014. 3 - том. - 4-150 б. )

Ұстаз қасиеті мен қадірі қатар жүретін, адамзат ойының жетекшісі. Ұстаздық еңбекқорлықты, жан - жақтылықты, көрегенділікті талап ететін мамандық. Ұстаз болу ол өзіне және өзеге деген жауапкершілік. Бұл есімге лайық болу үлкен бақыт. Ұстаздық жол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осындай жүкті арқалап жүру ерліктің айғағы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Сюжеттік сурет салу процесінде жоғары мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларда зерттеушілік әрекеттің дамуы жағдайындағы балалардың эксперименті
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Білім жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру мәселелері мен шешімдері
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz