Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар


«Есенов колледжі» ЖШС
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Орындаған: П-19-1 тобының студенті
Сембек Диас Пулатұлы
Тексерген: Жанесова Алия Сайфеденовна
Ақтау қаласы 2022
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ
1. 1. Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1. 2. Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың алдын - алу шаралары
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
2. 1. Қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп қылмысын саралау
2. 2. Қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп жекелеген құрамдарын талдау
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоғамға қауіптілік - заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі. Қоғамға қауіптілік қылмыспен ғана шектелмейді. Адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатын тиісті әлеуметтік жағдайларды жасауға байланысты. Әрине, 70-80-жылдары тұрақты қылмыстық топ құру, қылмысқа арнайы ұйымдастырушылық дайындық жұмыстарын жүргізу, мемлекет мүлкін талан-таражға салу әрекеттері болғанын сол кезде жұмыс істеген аға тергеушілер мен судьялар жақсы біледі.
Заңда адам өліміне, ауыр мүліктік залалға немесе қоғамға өзге де қауіп төндіретін терроризм актісі қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, жұртшылықты қорқыту немесе билік органдарына ықпал ету мақсатында, сондай - ақ осындай мақсаттарда жасалуы мүмкін екендігі көрсетілген.
Жақында әлемде орын алған жан түршігерлік оқиғалар терроризмнің көптеген елдер үшін күрделі мәселеге айналғанын көрсетті. Қазіргі дертке айналған бұл қоғамдық қауіпті құбылыстың кең етек алуы мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, ұлттық, діни және басқа да факторлармен сипатталады. Факторлардың үлкен қайшылықтарға ұшырауымен түсіндірілетін болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қайшылықтар алдағы онжылдықтарда да күшейе береді. Бұл терроризм көбейеді деген сөз. Ал мұндай әрекеттерден ешбір мемлекет тыс қалмауы тиіс.
Қоғамдық қауіпсіздік - қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің жағдайы, яғни қоғамның өмір сүруін және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қажеттіліктер мен қанағаттандыру жиынтығы.
Қоғамдық тәртіп - қоғамда қалыптасқан адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі, қолданыстағы заңдармен, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлермен, сондай-ақ моральдық нормалармен бекітілген мінез-құлық және жатақхана ережелері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың сипаттамасы.
Курстық жұмыстың міндеті:
- қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп тұжырымдамасын зерттеу:
- теориялық және әдістемелік аспектілері;
- қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды тергеу және алдын алу;
- Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерін ашу және заңнамалық жауапкершілікті жетілдіру.
Курстық жұмыстың обьектісі: қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің нақты жағдайы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттен тұрады.
1. 1. Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс.
Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі. Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішіңде Қылмыстық кодексте адамды қорғауды өзінің міндетті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылық береді. Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, түлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады. Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальді анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі. Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалдық анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қауіпін тудырушы, қылмыстық заңға көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты төменгідей топтарға бөлуге болады:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталган тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерді қозғауы мүмкін. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету жөнінде қызмет атқару қағидаларын бұзу. ҚК 449бабы.
2. Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.
3. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.
4. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп -қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі, демалуы, түрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады.
Бұл топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 449 баптарымен көзделген әрекеттер жатады.
Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру - даярлық әрекеттерін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін тапан-таражға салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсетілгендігін сол тұста еңбек еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген ұйымдасқан талан-таражға салушылар тобын әшкерлеп, мемлекетке миллиондаған каражатты қайтаруга атсалысты.
Коғамдық, қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысуды мемлекетіміз алғаш рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексіне 63-3 бап еңгізілді. Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 262-бабында ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың құрамы болып белгіленді.
Ұрлықты саралаған кезде бір топ адам жасаған ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білген жөн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну қажет. Қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналасу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық, құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ бөлімшелері болады.
Алдын-ала сөз байласқан бір топ адамнан, ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың негізгі айырмашылығы - олар ұйымдасқан және тұрақты келеді.
Қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен тұрақтылдығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымының айыптылығы, олардың мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, қылмыстық әрекеттерінің түрімен тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасында рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын-ала шараларын және қылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 10 - бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін. Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым- қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) . Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы белгілерімен сипатталанады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міңдетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді. Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға қауіптілік қоғамды зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады. Бөлігі бойынша механикалық көлік кұралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда осы бап бойынша болған жағдайда жауаптылық әкімшілік ретпен қарастырылады.
Қылмыстық қауіпсіздік деп адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, өқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрлыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамға қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т. б. ) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары) ; ал қайсы біреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы: ҚК-тін 245, 246 баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық ал қайсы біреулері материалдық құрамға жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығың ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 10-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік жәңе қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін) . Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға үшырауы мүмкін. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық қодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т. б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады.
Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды. Заңга сәйкес, Қылмыстық қодексінің 10 - тарауының нормаларымен құрастырылған қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауыпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалынады:
- терроризм (Қылмыстық кодексінің 255-бабы), адамды кепілге алу (ҚК-нін 261-бабы), бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы) және басқалары.
Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін: атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК - нің 276-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 277 - бабы) және басқалары.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстардын көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және коғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі қылмыстың қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалган қоғамдық қарым - қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі. Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жогарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты кызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру даярлық әрекет терін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражга салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол тұста еңбек еткен аға-буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі.
Заң террорлық әрекетке адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255-бабы осындай анықтама береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz