Әріптестік технология көрінісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Елемес Ж. Н.
Орта мектепте химия мен биологияны оқытуда әріптестік технологиясын қолданудың тиімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 5В012500 - «Химия-биология» мамандығы
Қарағанды 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Қорғауға жіберілді
«Бейорганикалық және техникалық химия»
кафедрасының меңгерушісі
Мукушева Г. К.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: «Орта мектепте химия мен биологияны оқытуда әріптестік технологиясын қолданудың тиімділігі»
5В012500 - «Химия-биология» мамандығыОрындаған: Ж. Н. Елемес
Ғылыми жетекшісі:
х. ғ. д., профессор Е. С. Мустафин
Қарағанды 2022
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Факультет
Мамандық
Кафедра
Кафедра меңгерушісі
«Бекітемін»
«__»202_ж.
Дипломдық жұмысты (проект) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент
Курс, топ, мамандық, оқу формасы
- Дипломдық жұмыстың (проект) тақырыбы
- Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «__»20__ж
- Жұмысқа басқа мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік мәліметтер)
- Дипломдық жұмыста (жобада) өңдеуге жататын мәселелер тізімі
- Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. )
- Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- Жұмыс бойынша консультациялар
Тапсырманы берген
(қолы)
Тапсырманы алған
(қолы)
- Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
Тапсырма берілген күні «___» 20__ж.
Ғылыми жетекші
қолы, аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі
Тапсырманы қабылдаған студент
қолы, аты-жөні
Мазмұны
Кіріспе . . . 8
1 Әдеби шолу . . . 10
1. 1 Әріптестік технологиясы туралы түсінік . . . 10
1. 2 Оқушылармен қарым-қатынас . . . 12
1. 3 Әріптестік технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 21
1. 4 Әріптестік технологияның қолданудағы ерекшеліктері . . . 23
1. 5 В. Ф. Шаталов жүйесі және нарықтық мектеп . . . 28
1. 6 Технологияның жаңа модификациясы . . . 33
2 Тәжірибелік бөлім . . . 34
2. 1 Химия және биологияны оқытуда әріптестік технологияның
жаңа модификацияларын қолдану әдістемесі . . . 34
2. 2 Химияны оқытуда әріптестік технологиясын қолдануда
топтастыру стратегиясын пайдалану . . . 37
2. 3 Оқушылар дайындаған тіректер сипаты . . . 45
2. 4 Карточкалар мазмұны . . . 48
2. 5 Сабақта өтілген материалдармен жұмыс істей отырып, топ оқушылардың
дайындаған тіректерінің көрсеткіші . . . 50
2. 6 Әріптестік технологиясы бойынша жүргізілген тәжірибелік бөлім
нәтижесі . . . 52
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қысқартулар мен символдар тізімі
АҚШ - Америка құрама штаттары
ПҒА - педагогика ғылым академиясы
КСРО - Кеңес Социолистік Республикалар Одағы
ЖОО - жоғары оқу орны
БӘК - бағдарламалық әдістемелік кешен
ҰТЖИ - ұжымдық-топтық-жұп-индивидуалды
ТЖИ - топтық-жұп-индивидуалды
STAD - student teams achiements divising
TGT - teams games tournaments
LT - learning together
бит/с - жылдамдықтың өлшем бірлігі
г/см 3 - тығыздықтың өлшем бірлігі
°С - температураның өлшем бірлігі
кДж - жұмыстың өлшем бірлігі
г - массаның өлшем бірлігі
л - көлемнің өлшем бірлігі
т - массаның өлшем бірлігі
мг - массаның өлшем бірлігі
t б - балқу температурасы
ρ - тығыздық
қ. ж. - қалыпты жағдай
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет - мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп-өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны
білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін айтылады. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті [1] .
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібіне қойылған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі. 12 жылдық жалпы - алғанбілімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Елімізде мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінің аспектісін зерттеген ғалымдар: С. Қ. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, І. Р. Халитова, Ш. Б. Құлманова, Р. Қ. Дүйсембінова және т. б. Бастауыш сынып оқушыларының 8 түрлі іс-әрекеттерінде шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері А. Х. Аренова, А. Мұқанбетжанова, Ә. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Б. Т. Қабатай, А. А. Сағымбаев, А. Б. Мырзабаев, К. Қ. Базарбаева, К. Сәдуақасқызы, Ә. С. Тапалова және т. б. еңбектерінде қарастырылды. Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін химиядан эксперименттік есептердің бүгінгі күнге дейін ролі зерттелген жоқ. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел - бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы - жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады [2] .
Бүгінгі заманда жаңа цифрлық технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры «techne» - өнер, шеберлік, кəсіп жəне «logos» - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Педагогика саласында өзекті мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Қоғамада болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық ұсыныстар толық білім жүйесіне қатысты. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірбиелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарларымыздың біріне айналуда. Қай кезде болмасын ізгі мақсаттарға, асыл мұраттарға жету ізденістер мен шығармашылық әрекеттер арқылы мүмкін болмақ [3] .
Қазіргі заманда жалпыға орта білім беру мектептерінің түлектерінің білім сапасын жоғарылату әрбір педагогтың алдында тұрған өзекті мәселелелердің бірі болып табылады. Осыған орай мектептердегі педагогтар ұжымдары оқытудың жаңа әдістерін қолдануға және дәстүрлі әдістерді жетілдіруге бағытталған ізденістер үстінде. Қолдануға мүмкін және тиімді болып табылатын педагогикалық технологияларға әріптестік технологиясын жатқызуға болады. Әріптестік технология (сур 1) оқыту әдістемесіне және тұлғаның қалыптасуына бірдей көңіл бөлетін қазіргі заманғы технология. Осы технологияның мәнін, мұғалім оқыту әдісінде, оқушыныда бір қолымен алып жүре алатынын көреміз.
Бұл технология оқытылатын пән мен тұлғаның қалыптасуына негізделген. Оқушылар мен оқытушылардың арасындағы қарым-қатынастар жаңа сипатқа ие. Осындай, ұжымдық және мақсатқа жетуге ұмтылысты қалыптастыратын қарым-қатынастар оқушылармен әріптестіктің негізін қалайды.
Жұмыстың мақсаты: Жаңа педагогикалық технологиялардың бірі болып табылатын әріптестік технологиясын мектепте химияны және биологияны оқыту барысында қолдану мүмкіндігін қарастыру.
Жұмыстың міндеттері: химияны және биологияны оқытуда әріптестік технологиясын қолдануда, оқушының дара қабілетін дамыту, білім алуда жеке стилін қалыптастыруына, жеке қасиеттерінің ашылуына ықпал жасау мүмкіндігіне негізделген.
Қойылған міндеттерді шешу барысында төмендегі зерттеу әдістері қолданылады: алдыңғы бағдарлама мен жаңартылған білім беру бағдарламасын толықтай зерттеп, тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақтың методикасын құру; оқушыларды бақылау; тәуелсіз сараптау әдісі; сауалнама жүргізу; мұғалімдермен әңгімелесу; педагогикалық эксперимент.
Практикалық маңыздылығы: мектепте химия және биологияны оқыту әрбір оқушыда белгілі бір жалпы химиялық және биологиялық білім, білік, дағды қалыптастырылып, шындық өмірдегі объектілерді бейнелеудегі химияның және биологияның мәнін ұғындырады. Тәжірибе жүргізу барысында оқушылардың өзіндік дамуы, химияға және биологияға деген қызығушылығы аpтады және байқалған құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру кезінде оқyшы бойында білік пен дағды қалыптасуы жүзеге асады. Сондықтан тәжірибелік жұмыстaрды жүйeлi түрде сабақ барысында кеңінен қолдану қажет.
Зерттеу объекті: мектептегі химия және биология пәнін оқытуға арналған жаңа білім беру бағдарламасындағы тәжірибелер.
Дипломды жазудың тәжірибелік базасы: Қарағанды қаласы, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ, химия факультеті, «Бейорганикалық және техникалық химия» кафедрасы, Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлім (әдеби шолу, тәжірибелік бөлім), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Әдебиеттік шолу
1. 1 Әріптестік технологиясы туралы түсінік
Әріптестік технологиясы - дегеніміз оқыту әдістемесіне де, тұлғаның қалыптасуына да бірдей көңіл бөлетін технология. Осы технологияның мәнін, мұғалім оқыту әдісінде, оқушыныда алып жүре алатынын көреміз. «Әріптестік технологиясы» деген атау отандық және шет елдердегі дидактикалық тұрғыдан қиын мәселелерді шешу нұсқасы ретінде біріктірілген. Отандық түрі «әріптестік педагогика» атымен 80-90 жылдар басында ел ішінде қарқынды дамып, кең қолданылым тапты, өзгертіліп жаңалықтар енгізілді, кейбір бастапқы енгізілген элементтері алынып, оның орнына басқалары орнын тауып отырды. Сондықтанда бізде әріптестік технологияның өзгертілген (модификацияланған) түрі бар деп білеміз [4] .
Әріптестік педагогиканың негізгі ойларын «Манифестте» айтылғандай қарастырайық. «Манифест» - Мәскеудегі Переделкинодағы педагог-новаторлар тобының инициативасыменен қабылдаған қортынды құжат. Олар: С. Н. Лысенкова (Москва, №587 мектеп), В. Ф. Шаталов (№5 мектеп Донецк), И. П. Волков (№2 мектеп, Реутов, Мәскеу облысы), В. А. Караковский (Москва, 825 мектеп), М. П. Исетенин, КСРО ПҒА жалпы тәрбие беру мәселелері Институтының аға ғылыми оқытушысы, Е. М. Ильин, №307 мектеп мұғалім - әдіскері Ленинград, Ш. А. Амонашвили, КСРО ПҒА корреспондент - мүшесі, Н. И. Гузик - мұғалім (Одесса облысы) П. М. Эрдниев профессор (Элиста қаласы) және тағы басқа (18 қазан 1986ж. ) «Учительская газета» басылымында шыққан «Манифесттің» мәтінінде әріптестік технологиясының негізгі қағидалары келтірілген. Соларға тоқталып өтейік.
Сурет 1 - Әріптестік технология көрінісі
1. 2 Оқушылармен қарым-қатынас
Мектепте болған өзгерістерге көз салайық.
Алғашқы көзге, тап бұрынғыдай сияқты: мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылардан сабақ сұрайды, оқытудың техникалық құралдарын қолданып немесе қолданбай оларға жаңа материалды түсіндіреді, демек оқытудың түрі бұрынғыдай қалып отыр. Терең түрдегі өзгерулер мұғалімде емес оқытушыларда бар сияқты. Бұрын оқуға қабілеттілігі жоқ немесе оқығысы келмейтін оқушылар мектептен шығып немесе екінші жылға қалып отыратын; ол кездері егер жақсы білім алсаң, көп жалақы аласың деген мықты экономикалық ынта болатын; және көпшілік ата-ананың ұзақ уақыт оқытуға балаларына, орта білім беруге мүмкіндіктері жоқ болатын, сондықтын да қабілеттілігі төмен оқушылар мектептен кетіп жатты. 30%-ға жеткен оқушылар континенті біртіндеп өздігінен шығып отырды. Қазіргі уақытта бұл оқушылардың барлығы біздің сыныптарымызда біз қазір оқушыларды таңдап алусыз және шығарып тастаусыз оқытатын бірінші педагог буындарының біріміз. Осындай оқыту әдістерін, амалдарын біз мұра ретінде алып қалған жоқпыз, біз оларды өзіміз жасауымыз қажет. Ғасырлар бойы атақты педагог-гуманистердің қайталап келгені, біз үшін тек арман болса, қазір күнделікті қажеттілік болып отыр: біз біздің балаларымыз да оқудың өзінде жатқан, оқытуға жаңа ынта (стимул) оятуымыз қажет. Егер оқытуға сыртқы түрткі болмаса, зорлап оқытуға арналған әдістер болмаса, егер пәнге жалпы қызығушылық жоқ болып және де біз реалист ретінде бар болмыстан жасырынып қалғымыз келмесе біздің алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды жалпы оқыту еңбегіне баулып, қол жеткізген жетістіктеріне қуаныш сезімін, алға қарай ұмтылыуын, дамуын қамтамассыз етуіміз қажет. Олай болмаса, оқыта алмайсың. Оқыту нәтижесі қабілеттілікпен ынтаның көбейтіндісіне тең. Егер ынта нөлге тең болса, көбейтінді де нөлге тең. Балаларды оқыту үрдісіне қатыстыратын, баулитын оқушы мен мұғалімнің бірігіп еңбек етуіне көп көңіл бөлетін бұрынғы педагогикадан ерекшеленетін жаңа педагогика яғни әріптестік педагогикасы қажет.
Мектепте әрқашан пән мұғалімдері және тәрбиеші мұғалімдер болатын. Біріншілер пәнді оқушыға жеткізеді, екіншілер оқушыны пәнге апарады. Яғни бұл балалармен бірігіп, әріптестікке жұмыс жасау болып табылады, нәтижесінде ұжымшылдық және алға қойған мақсатқа жетуге қабілеттілік пайда болады. Егер ойлап қарасақ бұл әріптестікте оқыту және тәрбие беру, терең түрдегі әдісі мақсат-міндетімен сәйкес келеді [5] . Мұғалімдер әдетте өзінің мықты оқушыларын мақтан тұтса, біз әлсіз оқушылардан мықты болып шыққан оқушыларды мақтан тұтамыз. Әріптестік идеясы бір дыбыс болып қалмас үшін, ол әдістемемен күшейтілуі қажет (қазіргі түсінік бойынша - технологиямен) . Балалармен бірігіп жұмыс жасауды жаңа тоқсананнан бастап енгізіп немесе хабарлап айтып қоя салуға болмайды, оған жылдар бойы жету қажет. Біз ұзақ жылдар бойы оқушылармен бірігіп жұмыс жасауға алып келетін педагогиканы жасап келдік. Ол балалармен қарым-қатынас жасау кезінде пайда болды және де біздің басымызды қосатын негіз, бұл - оқушылармен қарым-қатынасымыздың өзгеруі. Мұғалімнің оқушыға көңіл аударуы, оның балалармен қарым-қатынасы, бүкіл дүние жүзі бойынша, қазіргі таңда халықаралық педагогикалық кездесулер мен конгрестерде талқыланатын сұрақ. Бұл мәселелерді шешудегі біз өзіміздің әдістерімізді табуымыз қажет.
Күштеусіз (зорлықсыз) оқыту. Бұл педагогиканың орталық нүктесі - біздің күштеп, мәжбүр етіп оқытатын әдістерімізді қолданбау және оқытудың гуманды түріне көшу. Бізге қандайда әлсіз сынып түссе де, біз жаман баға қоймадық, оқушылардың ата-анасына шағым түсірмедік, сабақ барысында ескерту жасамадық, яғни бұлай да оқытуға болады екен және бұл әлдеқайда жеңіл болады екен. Балаларды зорлықпен, күшпен оқыту педагогтардың өздерін де шаршатып, өз күштеріне деген сенімін төмендетеді, мектепте болып жатқан оқиғалардың дұрыс екеніне күмән туғызады. Әріптестік педагогика мұғалімнің жұмысын шиелендіреді, бірақ бұл шиелініс қуанышты болатын сияқты. Мұғалім үнемі бағаны жалған түрде жоғарылатып қоюдан, білім жоқ болсада жалған үш қоюдан босайды.
Әзірше, жаңа әдіс қабылданғанша, бізге бағдарламаларды үнемі қысқарту қажет болады, бірақ олар сонда да оқуға қабілеттілігі жоқ оқушылар үшін күрделі болып отырады.
«Сухомлинскийдің айтуы бойынша, бала жақсы оқып, үлгеруі үшін, оның жақсы оқуы және қалып қалмауы керек. Осы парадокс болып көрінетін сөйлемде педагогикалық істің барлық күрделілігі түйінделген. Тек жетістіктен туындайтын шабыт бар жерде, оқуға деген қызығушылық болады. Әріптестік педагогикасы тек бір нәрсеге бағыттылған, ол, балаға жетістікке жетемін деген сенімін жоғарылату, үйренуге үйрету, оның қалып қоюын және қалып қойғанын байқатпау.
Қиын-мақсаттың идеясы . Барлық мұғалімдер жаңа бөлім немесе сабақтың тақырыбын хабарлайды, бірақ та әріптестік рухын ұстап тұру үшін балалардың алдына күрделі мақсат қою қажет, оның аса қиын екенін көрсету қажет және мақсатқа қол жеткізілетіне, тақырыптың жақсы игерілетіне сенім ұялату керек. Бұл жағдайларда оқушыларды біріктіретін тек қана мақсат емес, мақсат аса қызық емес болуы мүмкін, ол қиыншылықтарды жеңе алатын мүмкіндікке сенім. Жалпы шабыттанусыз балалармен қызметтес болу қиынға түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz