Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
14-дәріс. Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат және жауапкершілік
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат және жауапкершілік туралы түсінік
Жоспар:
1.Сыбайлас жемқорлықпен күрестің күшейтілген шаралары
2. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.
3. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясат, тәртіптік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік

Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді. Сонымен бірге жаңа моделді қалыптастыру бойынша практикалық шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыздағы жарлықтарында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында мемлекеттік қызметті реформалаудың күшті саяси және құқықтық базасы құрылған болатын. 137 2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленді. Қазақстан Республикасының қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2015 жылы 11 наурызда Нұр Отан партиясының XVI съезінде, жалпы мемлекетті жаңғырту жөніндегі бес институттық реформаны ұсынды. Осы негізде, ол Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспары (бұдан әрi - Жоспар) әзірленді. Мемлекет басшысының бірінші институционалдық реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Ол жоғарыда аталған реформаны жүзеге асыру үшін 15 нақты қадамды қамтиды: мемлекеттік қызметте кіру рәсімдерін жаңғырту, төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік тәсіл негізінде одан әрі ілгерілетуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу. Сондай-ақ, Жоспарда еңбек нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, лауазымдық жалақыға өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделген. Мемлекеттік қызметті жаңғырту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу, меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондайақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін институттандыру және мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша барлық теориялық тәсілдер мен негіздер, сондай-ақ практикалық шаралар аталған Жоспар шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бекітіледі. Жоспар қазақстандық қоғамда оң қабылданды. Тек бірлескен ісшаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Тек заң алдында азаматтардың теңдігінің конституциялық қағидаты толық іске асырылса, мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің 138 тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұған мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, монополия субъектілерінің қызметінің ашықтығын, айқындығын, қоғам алдындағы есептілігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту септігін тигізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес, сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек. Осылайша, Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен ел дамуының ұлттық ерекшеліктерінің негізінде мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында реформалар жүргізуде өз тәжірибесін жинақтады деп қорытынды жасауға болады. Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүйесінде функционалдық және құрылымдық өзгерістер өтті, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қоғамдық өмірдің әр түрлі бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес, реформа кезеңді түрде жүзеге асты. Бұрын қойылған көптеген міндеттер орындалды немесе орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың кейбіреулері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр.
Қазіргі заман жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыс жаһандық жалпы адамзаттық проблемаға айналды, осыған байланысты, оған қарсы іс-қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр. Интернеттің дамуы жаһандық әлемдік нарықтың туындауына алып келді, коммуникациялардың көмегімен сыбайлас жемқорлық қызметінен, оларды шетелде жасырудан түскен кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру және заңдастыру мүмкіндіктері артты. Көптеген елдерде осы үрдісті белең алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама базасын жаңғырту басталды. 2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен бағыттары көрсетілген. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында көрсетіледі. Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы қабылданған және 2014 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 393 баптан [10], 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады [11]. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді мемлекет, бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының мүддесі үшін пайда мен артықшылық көру мақсатында пайдалануды көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған, Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар 11 қылмыс құрамының 9-ы сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Бұл тарауда сыбайлас жемқорлық қылмысқа ҚР ҚК-нің 363-бабында Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу және 371-бабында Салғырттық көзделген қылмыстар жатқызылмайды. 6-тарауда Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған: 1) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы); 2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса деген міндетті саралау белгісі бар. 8-тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды: 1) жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215-бабының 2-бөлігі 3-тармағы); 2) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы 2-бөлігі 4-тармағы); 3) қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 5) экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы). Барлық жағдайларда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса деген міндетті саралау белгісі бар. 11-тарауда Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен ұштасса (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы). 16-тарауда Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа үш қылмыс жатқызылған: 1) билікті теріс пайдалану; 2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы). Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды. Парақорлықтың жалпы сипаттамасы Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы 1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексінде қамтылған. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерінің бірі болып табылады. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пара алудың объективтік жағы мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы болып табылады. Қарастырылатын қылмыстың объектісі қалыпты, заңмен регламенттелген мемлекеттік билік қызметі және онымен байланысты мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері болып табылады. Қосымша объект - азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері. Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған (25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.) Қорқытып алу тәсілдері: 1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу). Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер қарастырылмаған). Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де өзгерді. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданыстағы кодексте бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу міндетті сипатқа ие. Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған. Сонымен, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс үшін, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Әкімшілік - құқықтық жауапкершілік
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Нарық субъектісін дискредитациялау
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері
Парақорлық қылмыстар
Пәндер