Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 3
1. Педагогтың кәсіби этикасы 5

1.1 Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары. 5

1.2 Мұғалімнің өнегелілік мәдениеті 10

2. Педагогикалық қарам-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен шеберлік 13

2.1 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар 18

Қорытынды 22

Пайдаланған әдебиеттер 24

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп - мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.

Ұстаз этикасы - мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика - ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс.

Педагогика және педагогтық этика үшін кәсіптік этиканың жекелеген мәселелері, олардың мұғалімнің жеке басына қоятын: кәсіпті сүю, баланың жеке басын құрметтеу, принципшіл әрі талапшыл болу, көп нәрсені білу және жасай білу, озық идеяларды, білімдерді насихаттаушы болу сияқты талаптар жөнінде бұрынғы өткен прогресшіл педагогтың айтқандарының үлкен маңызы бар. XIX ғасырдағы орыс педагогтарының қосқан ерекше үлесін атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ, В.Г.Белинскийді, Н.Г.Чернышевскийді, Н.А. Добролюбовты, А.И.Герцинді атамасқа болмайды, олар үшін мұғалімнің жоғары адамгершілік деңгейі, олардың қоғамдағы өз қызметін саналы түсінуі, азаматтық міндетті нормаға айналды.

Моральдық тәрбие - жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.

Тақырыптың мақсаты. Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика

Міндеттері:

Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.

оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;

мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, қорытынды және негізгі екі тарау мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Педагогтың кәсіби этикасы
1.1 Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары.

Этика категориялары - моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер, рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы. Олар - адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір функцияларын да атқаратынын атап өткен жөн. Біріншіден, қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б. дамуының, қозғалысының нысанасы.

Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері бар.

Біріншіден, қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді.

Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайрымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілігі мол адам т.б.

Үшіншіден, адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылыды, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.

Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.

Бесіншіден, этика категогияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.

Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Олар, моральдық сана, адамгершілік қатынастар, моральдық тәжірибе.

Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.

Жоғарыда аталған үш топтың категорияларын жеке-жеке талдап көрейік. Бірінші топ - моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық қағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сенім, адамгершілік мақсат, моральдық таңдау және т.б.

Екінші топ категориялары - бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуға болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т.б. Бұл қатынатардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, серіктестік, сенім, сыйластық және т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады.

Үшінші топ категориялары - бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық әрекет, моральдық салдар

Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал педагогикалық кәсәби этикадағы алатын орны тіпті ерекше. Мораль сапасын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау.

Этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой - бұл өз борышын жан-тәніменорындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл білім беру қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуатты қозғалыс күші.

Халқымыздың әдеп-ғұрып дағдылары мен әдеп нормаларын жақсы біліп, олардың ішінен кәзіргі күн талабына жауап беретін лайықтыларын жас ұрпақтарды тәрбиелеу ісіне қолдана білу - әр ұстаздың пайымы мен байымына, талғам-тәліміне, көрген өнегесіне байланысты. Әрине бұл ретте халықтың озық әдеп дәстүрлерін этикет талаптарымен үйлестіре, байланыстыра білу де біліктілікті, білімділікті қажет етеді.

Тәрбиенің негізігі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз:

Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат- тілекпен байланысты туындайды. Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанының, елінің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме, өлеңдермен өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы маңызды істерімен ұштасған. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерімен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық зергелік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай құю, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.

Халық педагогикасында бірінші байлық- денсаулық деген ұғым өзекті орын алған. Дені саудың жаны сау, Ас адамның арқауы, Ауру астан деп, рухани, материалдық байлықтыңи тәрбиенің негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дамыту, ізгерлікке, имандылыққа, адамдыққа тірбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағиды болып есептелген. Жаным - арымның садағасы - деп арды, адамгершілік қасиетінің үлгісі ретінде санаган.

Гуманизм мен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. Отан от басынан басталады, деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұл өкілдерін сыйлауға отбасы тәрбиесінің өзекті принциптері деп бағаланған. Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Жақсы - көпке ортақ деген өсиет тәрбиеден өзекті роль алған.

Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға Өнерлі өлмейді, Білігі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады, Білім таусылмас - кен, Өнер - өлмес мұра - дегенді насихаттап ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

Адам өмірі мәнгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен, жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлдененше жұмбақ, өлең - жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік:

Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, Ұлыңды бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекші деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді.

Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. Бір биден ала да туады, құла да туады, Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы деп, ой түйіндеген.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.

1.2 Мұғалімнің өнегелілік мәдениеті
Қазіргі күннің талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру, өнегелілік мәдениетін дамыту ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі барлық оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы, көбінесе соған байланысты.

Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын, өнегелілік мәдениетін жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Мұғалім үщін қастерлі міндет өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда, - деп есептейді А. Дистервег.

Мұғалімнің өнегелілік мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ең алдымен адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайырымдылық сезімін нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Ұстаз тұлғасының ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушылармен бірге толғанатын, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын кеңейте алады.

Өнегелілік мәдениеті ұстазға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, іштарлық, атаққұмарлық секілді әдеттерден аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі.

Өзімшіл өресі таяз адамдар өзінің көптеген рухани адамгершілік қасиеттерінен айырылады. Адамгершілік қасиеттен айырылудың осындай жақтарын байқаған В.Г. Белинский былай деп атап көрсетті: ғалым, дәрігер, заң шығарушы болған жақсы, алайда осының өзінде адам болмау өте жаман.

Әрине, өресі кең адамдардың өзінде де әр алуан кемшіліктер, болуы мүмкін. Шындығында әр адам өзінің өнегелі ішкі дүниесін жақсартып жетілдіре алады. Ол үшін бірінші кезекте адамгершілік, мейірбандық сезім аясын кеңейтіп, өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеру керек.

Мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптар педагогикалық деонтологияның жеке тұлғалық компоненттерінде өз көрінісін табады.

Мектептің алға қойған мақсаты - мәдени орталық болып саналуы, адамның бойына тек жақсылықтарды ұялату, дамыту. Тұлғаны дамыту үрдісі күрделі қайшылықтарды жеңумен байланысты, осы орайда көптеген келеңсіздіктермен күресуге тура келеді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігі туындайды. Мұнда педагогикалық мораль, ұстаздың кәсіби жұмысында адамгершілік қатынастардың бірлігіне құрылады. Бүгінгі күні этикалық тәрбиенің, адами қасиеттерді меңгертудің мәні зор.

Педагогикалық этика педагогикалық моральдың қызметін, принциптерін, мазмұнын, ерекшеліктерін қарастырады, педагогтың адамгершілік іс-әрекетін, мінез-құлқын негізге алады. Ол педагогикалық этикет негіздерін даярлайды, оның аясына адамдардың, өскелең ұрпақ тәрбиесімен кәсіби тұрғыда айналысып отырған барлық жандардың дұрыс қарым-қатынасының ережелері, қағидалары енеді.

Педагогикалық мамандықтың моральдық аспектілері әр педагогикалық қызметкердің өзінің іс-әрекетіне деген жауапкершілікпен, жеке көзқарасымен ұштасады. Педагог өз шәкірттерінің келеңсіз, жаман әдет-қылыққа баруына жол бермей, жан-жақты тәрбиенің аясынан босатпауы шарт. Бұл салаға ата-анамен тығыз байланыс та енеді. Кез келген ұстаз моральдық міндетін орындауда еркін. Өзінің кәсіби білімін, білік, дағдысын қандай деңгейде пайдалана алуы оның кәсіби этикасына байланысты.

Мұғалім ең күрделі процестерді - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: егер етік тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды, бар болғаны азаматтар барынша нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде жаман адамдар мен бұзақылар көбейіп кетеді.

Мұғалімдік атаққа ие болған әрбір адам ұстаздық абыройға ие бола бермейді, өйткені ол абыройлы, ардақты іс болғанымен, қолындағы дипломға қоса абыройлы деген мандат берілмейді. Жазылмаған бұл мандатты халықтан өзі алуы керек. Диплом алған әрбір адамның болмысы түгелдей мұғалім болып жаратылуы керек. Бұл мамандықты меңгерту барысында ұстаз кадрларын даярлайтын жоғарғы оқу орны әрбір тәлімгер болам деген талапкерге мұрындық болуы керек.

2. Педагогикалық қарам-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен шеберлік

Педагогикалық қатынас және оның мүғалімнің кәсіби қызметіндегі орның.Педагогикалық қарым-қатынас стиль.Педагогикалық такт-мүғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас стилін орнату ретінде.Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жену жолдары.Педагог этикасы мен әдептілік педагог қатынасының негізін салушы элемент. Педагог этикасының дәрежелері . Педагог этикасының дәрежелері . Педагог әдептілігі этикалық дәреже ретінде. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары.Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі.Сендіре білу тіл табысудың негізгі әдісі ретінде . Сендіре білу педагогтік әсер терудің әдісі ретінде. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар,олардың түрлері мен себептері . Дауларды шешу жолдары.

Ұстаз этикасы - оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика - ұжым ішінде, оқытушылар арасында басталып, өзінің заңды жалғасын топтарда табуы тиіс.Педагогикалық этикада əрбір нақты жағдайда студенттерге əсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика(əдіс-тəсіл) деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар жайлы айта отырып, осы жерде ағылшын тілі оқытушысы жайлы айта кетсек: - Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (студенттің қадір-қасиетін сөзбен де, көзбен де қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, ойын айтуға, дамытуға көмектесу). - Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінəлайды, шамалап мақтайды, кейбір істі тоқтатады, əзілді тежейді). - Шешімге келу. ( ең жақсы шешім - байсалды шешім; Ашу - нашар кеңесші). - Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен студент арасындағы психологиялық кедергі болып саналады). - Студентпен жеке əңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (студентпен жеке сөйлесу - оқытушы шеберлігінің көрсеткіші, ондай əңгімеге сабақтан кем дайындалмауы керек) - Оралымды жолдар. (əдепті оқытушы талап қойғыш, бірақ қатал болмайды). - Білімді бағалау. (жақсы баға - обьективті (студенттер сөзімен айтқанда-əділ баға). - Көңіл-күйі. (егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Студенттердің алдында оқытушы қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты жəне көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кəсіптің сыры осында.) - Əзіл.Тапқыр сөз. (өзі əзілді сүйетін, тапқыр сөзді оқытушымен студенттер ықыласпен араласады). Сөз тіркесін сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Баланы ойлауға үйрету
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің іскерліктерін қалыптастыру кезеңдерінің ерекшеліктері
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Мұғалім - мектептің жүрегі
Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау
Оқушылардың білімін, дағдылыры мен ептіліктерін анықтау әдістері
Қиын жасөспірімді тәрбиелеу
Пәндер