Мемлекеттік баж төлеу тәртібі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Іс жүргізу мерзімдері
1.1. Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...6-8
1.2. Бұйрық арқылы іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-1 2
Сот шығындары: ұғымы, құрамы
2.1. Мемлекеттік баж және оның ставкалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-19
2.1.1. Мемлекеттік баж төлеуден босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..19-25
2.1.2. Мемлекеттік баж төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-26
2.1.3. Мемлекеттік баж қайтару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-27
2.2. Іс жүргізіге байланысты шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2.1. Талап қою бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-28
2.2.2. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Кіріспе
Курстық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып, шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Осындай нысандардың бірі және әлем деңгейінің көрсеткіші болып сотты жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі әкімшілік іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларына негізделген конституциялық заңдарда, кодексте айқындалады.
Адам мен азаматтың бұзылған немесе дауланатын құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, заңды тұлғалардың заңды мүдделепін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны шешу әкімшілік іс жүргізудің міндеттері болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
Курстық жұмыстың мәні қазіргі уақытта іс қағаздарды жүргізу және шығындарды өтеу тек қана соттықпен экономикалық фактор болмай сонымен қатар социумдық сипатқа ие.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo Іс жүргізу және сот шығындарын өтеу тақырыбын жан - жақты қарастырып, сараптау;
oo Іс жүргізу және сот шығындарын өтеу мәні мен мазмұнын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Берілген тақырыпта көптеген отандық және шетелдік ғалымдар көптеген еңбек етіп, қазіргі уақыттың өзінде, осы тақырып сараланып, зерттеліп жатыр. Осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың ішінде, мысалы Абалкин Л.И., Гойло В.С., Горланов Г.В., Дзарасов С.С., Колесов Н.Д., Куликов В.В., Ракитский Б.В., Рязанов Т.В., Столяров И.И., Черкасов В.Н. Смит А., Друкер Г., Маркс К., Мэйо Э., Розенберг А., Саймон Г., Вильховченко Э.Д., Волгина Н., Кокина Ю.П., Ржаницина Л.С., Рофе А.И., Рудык Э., Баймұратов О.Б., Оқаев Қ.О., Берішев С.Х., Мұхамбетов Т.И., Сағадиев К.Ә., Кенжеғожзин М.Б., Қошанов А.К., Сәбден О.С., Қадыржанов Е.К., Бердәлиев К.Б. және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады.
Курстық жұмыстың І тарауында Қазақстан Республикасында іс жүргізу мерзімдері, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері айтылған.
ІІ тарауда сот шығындары: мемлекеттік баж туралы жалпы ережелер, ставкалары, төлеуден босату, төлеу мен қайтару тәртібі, іс жүргізуге байланысты шығындар түрлері қаралған.
Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері ҚР Салық Кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем 1.
Төлеушілер:
Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру женінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақнотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақазаматтарға азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтықхал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқықберетін құжаттарды рәсімдегені үшін, сондай-ақосы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені үшін;
12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады 2.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға теленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзгө де шығындар жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық іс жүргізудегі сот шығындар туралы толықмағлумат беріп, атқаратын рөлін, маңызын көрсетуге бағытталған.
"Сот шығындары" атты тақырып азаматтық іс жүргізуде және жалпы заңтану саласында теориялық және практикалық жағынан маңызы зор.
1 Іс жүргізу мерзімдері
1.1. Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері
Әкімшілік сот өндірісін енгізгенде ол бастапқыдан халықтың сеніміне ие болғаны маңызды. Сотқа деген сенім әкімшілік сот өндірісінің нәтижелігі шарттарының бірі. Сонымен бірге, біздің көзқарасымызға сәйкес, әкімшілік соттар туралы пікірді өзгерту керектігі маңызды. Осындай соттар құрылған елдерде олар жеке тұлғаларды жазаламай, адам құқықтарын билік органдары тарапынан бұзуға қарсы қорғау береді. Егер сот сол уақытта жазаласа, онда халықтың оған жеткілікті сенімі болмайды. Әкімшілік дауларды қарайтын судьялар тиісті, адал басқарудың халықаралық үлгілері бойынша арнайы дайындықтан өткендері де маңызды.
Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі әкімшілік іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларына негізделген конституциялық заңдарда, әкімшілік кодексте айқындалады. Әкімшілік іс жүргізудің тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Егер Әкімшілік іс жүргізудің барысында азаматтық немесе қылмыстық құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажеттігі пайда болса, ол азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды.
Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.
Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.
Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.
Егер іс жүргізу әрекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса; белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.
Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу әрекеттерін жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімінің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім берілмесе, сот қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.
Іс жүргізу мерзімдерінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.
Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру
Барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады.
Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.
Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.
Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады.
Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.
Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс.
Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
1.2. Бұйрық арқылы іс жүргізу
Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
8) алынып тасталды
9) алынып тасталды
10) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.
Сот бұйрығын шығару туралы арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.
Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) өндіріп алушының аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
3) борышкердің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
4) өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;
5) мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.
Арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.
Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылады.
Сот бұйрығының күші жойылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылмайды.
Өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.
Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі:
Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Заң мен сот алдындағы теңдік ӘІК жобасының 24‑б. келтірілген, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар құқықтық мәртебелерінің теңдігі ретінде. Сонымен бірге, кінәсіздік презумпциясы (25‑б.) және кінә ұстамы (26‑б.) жеке тұлғаларға ғана тарайды.
Жеке тұлғалар (226-228‑бб.) мен заңды тұлғалардан (230, 231‑бб.) мүлік объектілерін уақытша алу ережелерінің де айырмашылықтары бар.
Іс жүргізу мерзімнің тиімділігі жақтардың жүріс-тұрысын соттың тиісті процессуалдық бақылауымен қамтамасыз етілуі тиіс. Дәл сот тағайындалған сараптамалардың өткізілуін бақылау тиіс. Сарапшылар судья бақылайтын соттық қарау шегінде жұмыс істейді. Ол істі соттық қарауына дайындау және процестің жылдам өтуі үшін жауапты болып қалады (1987 ж. 25 маусымдағы Капуано Италияға қарсы ісі бойынша § 38-шешімі). ӘІК жобасында (203-б.) сараптама өткізу рәсімінде судьяның осындай өкілеттігі жоқ.
Тұрғын үйге қол сұғылмау Конституцияның жеке және отбасы өмірін қадірлеу құқығы туралы 8-б. кепілденеді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізуде әкімшілік орган әртүрлі қамтамасыз ету шараларын кедергісіз қолдануға құқылы: тұрғын емес жайларды және аумақты қарау (214-б.), көлікті, аз мөлшерлі кемелерді қарау (223-б.), аумақты, жайларды, тауарларды, заңды тұлғаға тиесілі басқа да мүлікті, сонымен бірге, тиісті құжаттарды қарау (229-б.). Осы уақытқа дейін қоғамдық әкімшіліктің соншама шексіз өкілеттігін сақтау кеңес заманынан қалған мираспен түсіндіруге болады. Өндіру құралдарының жүз пайызы социалистік иелікте болғанда билік органы басшысының қол астындағысына не белгілі директорға бұйрығының тең маңызы мен күші болатын. Әр түрлі жайларға қол жеткізумен де ұқсас жағдай. Кәсіпорындар аумақтары мемлекеттік мүлік объектілері болатын, ал, тұрғын үй азаматтардың жеке мүлкі болмайтын.
Соттық қарау жеке өмірге құқығына араласу туралы шешім қабылдау рәсімін қадірлеу және әділдік талаптарына ең жақсы жауап береді. Конвенция осы құқықты шектеудің ерекше оқиғалары туралы (ұлттық және қоғамдық тәртіп, елдің экономикалық қауіпсіздігі, тәртіпсіздіктің не қылмыстардың алдын алу, денсаулықты не игілікті сақтау немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаты) айтады. Осы негіздердің ішінде әкімшілік бұзушылық жасаған деген сезіктің бар болуы айтылмайды.
Іс жүргізуді формалды түрде қозғау (ӘІК жобаның 233-б.) оның негізі жеткілікті мәліметтердің барын (2-бөлім) көздейді, ал, іс хаттама жасалғаннан бастап қозғалады (3-бөлім). Іс жүзінде бұл әкімшілік органдарының екі жұмыс атқаруына әкеліп соғады. Әуелі іс қозғалғанға дейін белгілі рәсімді әрекеттер өткізеді, ал, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы жасағаннан кейін ӘІК жобасына сәйкес жиналған дәлелдерді қайта бекітеді. Осындай реттеу қоғамның мүддесіне және мемлекеттік қаржысын, қызметкерлер уақытын үнемдеу мақсатына сәйкес келмейді. Адам құқықтары да шектеледі, өйткені, әкімшілік органдар жұмысының елеулі бөлігі істі формалды түрде қозғағанға дейін ӘІК-нен тыс қалады.
Іс бойынша іс жүргізуі билік органының әрекеттері кез келген әдіспен тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге әкелгенде немесе құқыққа қарсы әрекет жасау туралы хаттама жасалғанда қозғалды деп саналуы тиіс.
Әкімшілік деликтік іс жүргізу мен тексеруді өткізу тәртібінің сәйкестілігінің іс қозғауды рәсімдеу мәселесімен ұқсастығы бар. Жоба шын мәнінде әкімшілік органның тексеру, инспекциялау, ревизиялау рәсімі кезінде жиналған дәлелдерді қайта жинау міндетін көздейді. Нақты айтқанда, үлгілерді (206-б.), заттық дәлелдерді алу (209-б.), жеке тінту және жеке тұлғаның өзіндегі заттарды тінту (222-б.), көлік құралдарын, аз мөлшерлі кемелерді қарау (223-б.), қарау (224, 225-бб.), заттарды және құжаттарды алу (226-б.), аумақтарды, жайларды, тауарларды, заңды тұлғаға тиесілі басқа да мүлікті, сонымен бірге, құжаттарды қарау (229-б.), заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлікті алы (230-б.).
Осындай ережелер кеңес дәстүрімен түсіндіріледі. Онда кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардың қызметін тексеру рәсімі әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы іс жүргізумен айланысты болған жоқ. Әкімшілік бұзушылықтарды тек жеке тұлғалар жасауы мүмкін болатын, ал, тексеру нәтижелері ретінде заңды тұлғаларға бюрократиялық санкцияларды қолдану ғана болатын. Сондықтан, заңды тұлғаларды инспекциялау кезінде алынған нәтижелерді басшыларына қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы іс жүргізу кезінде қайта бекіту керек болатын.
Кеңестікке қарағанда, істегі заң құжаттары заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілік субъектілері деп табады. Осыдан әкімшілік құқықбұзушылық туралы істе тексеріс кезінде алған нәтижелерді дәлел ретінде мойындау керектігі туындайды.
Іс жүргізуді жеке тұлғаның сотқа шағым беру арқылы іс жүргізуді қозғау (ӘІК жобасының 233-б. 4-6-тт.) әкімшілік жауапкершілік ұстамдарын бұзады. Ол (жауапкершілік) мемлекет пен құқыққа қарсы әрекет істегені үшін айыпталатын адамдар арасындағы қатынас ретінде қаралуы тиіс. Мемлекет бұзушыға қатысты айыптауды қолдау өкілдігін жеке тұлғаларға бере алмайды. Егер осындай мүмкіндік пайда болса, онда осындай қатынастар жеке деп табылуы тиіс, ал, тиісті бұзушылықтар азаматтық деліктік деп мойындалуы тиіс. Демократиялық қоғамда жеке тұлғалар мүдделері мемлекет есебінен басқа тұлғалардан айып-пұл өтеу үшін арыздану керектігіне сүйенбеуі тиіс. Тұлғалардың болжамды бұзушылық жасалғаны туралы арыздары әкімшілік органымен іс жүргізудің негізі ретінде ғана қаралуы тиіс.
Іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану негіздері ӘІК жобасымен (214-231-бб.) тек әкімшілік органдары лауазымды тұлғалардың қарауына берілген. Жобада кей кезде негіздердің жеткілігі туралы ғана айтылады. Бірақ, олардың арасында табиғаты және тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу дәрежесі бойынша әртүрлі шаралар кездеседі - әкімшілік ұстау; әкелу; жеке тінту және заттарды, көлік құралын не аз мөлшерлі кемені тінту; құжаттар мен заттарды алу т.б.
Сот шығындары: ұғымы, құрамы
Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленеді (ҚР АІЖК-нің
100-бабы).
2.1. Мемлекеттік баж және оның ставкалары.
Мемлекеттік баж -- уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдықмәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары:
1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден,
сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады 10
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін -- талап қою сомасының 1 проценті; заңды тұлғалар үшін -- талап қою сомасының 3 проценті;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан -- 30 процент;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың қүқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан -- 500 процент;
4) салық тексеруі актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:
жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін -- есептелген салықпен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың О,1 проценті;
заңды тұлғалар үшін -- есептелген салықпен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың 1 проценті;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан -- 30 процент.
Неке бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгіленеді;
6) белгіленген тәртіппен хабар ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталган адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан -- 50 процент;
8) ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) --
50 процент;
9) сот шешіміне жасалған апелляциялық шағымдардан -- мүліктік емес сипаттағы талап арызды берген кездегі алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен -- 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша -- арыз беруші дауға салып отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1 -тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақшетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін --
500 процент;
11) сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (дубликаттарды), сондай-ақіске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың етініші бойынша соттар берген істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайталап бергені үшін - әрбір құжат үшін
10 процент және, одан басқа, әрбір дайындалған бет үшін З процент;
12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар қоса көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ставкалары.
Нотариаттықіс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-аққұжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін бергені үшін мемлекетгік баж мынадай мөлшерлерде алынады 11:
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса -- 1000 процент;
құны 3 айлық есептік көрсеткішке дейін:
балаларына, жұбайына, ата-анасына туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне -- 100 процент,
басқа адамдарға -- 300 процент,
құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне -- 500 процент;
басқа адамдарға -- 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалықтұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса -- 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне -- 50 процент; басқа адамдарға -- 70 процент;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса -- 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына; туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне -- 200 процент; басқа адамдарға -- 500 процент;
4) жалға беру, қарыз (ипотекалықтұрғын үй заемын қоспағанда), кепіл ақы, лизинг, мердігерлік, неке келісім-шарттары, ортақменшіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін -- 500 лроцент;
4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшін -- 200 процент;
5) өсиет хаттарды куәландырғаны үшін -- 100 процент;
6) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті беру үшін -- берілген әр куәлікке 100 процент;
7) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақменшік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікгі беру үшін -- 100 процент;
8) мүлікті пайдалану мен иелену құқығы туралы сенімхаттарды куәландырғаны үшін -- 60 процент;
9) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін -- 100 процент;
10) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін: -- 200 процент;
11) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін: жеке тұлғаларға --
10 процент;
заңды тұлғаларға -- 50 процент;
12) мұраға қалдырылған мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін -- 100 процент;
13) теңіздік наразылық білдіргені үшін -- 50 процент;
14) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):
жеке тұлғаларға -- 5 процент; заңцы тұлғаларға -- 10 процент;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай -- аққұжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әр құжат үшін);
жеке тұлғаларға -- 3 процент; заңцы тұлғаларға -- 10 процент;
16) жеке және заңцы тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға етініштерін бергені үшін -- 20 процент;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін --
20 процент;
18) дубликаттарды бергені үшін -- 100 процент;
19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әр қужат үшін):
жеке тұлғаларға -- 10 процент; ,.
заңды тұлғаларға -- 50 процент;
20) жылжымайтын мүліктің кепіл шарттарын, ипотекалықтұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалықкуәліктерді куәландырғаны үшін -- 200 процент; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін -- 700 процент;
21) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін -- 50 процент;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін -- әр айға
10 процент;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін --
50 процент;
24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа нотариаттықәрекеттерді жасағаны үшін -- 20 процент.
Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж ставкалары:
1. Азаматтықхал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақтуу неке, некені бұзу өлім туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толыктыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайталап бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады 3:
1) 498-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы ҚР-ның 2002 жылгы
21 наурыздағы № 310-11 Заңымен алып тасталды.
2) некеге туруды тіркегені үшін -- 30 процент;
3) некені бұзуды тіркегені үшін:
кәмелетке толмаған балалары жоқерлі-зайыптылардың езара келісімі бойынша -- 200 процент;
сот шешімі негізінде -- 150 процент (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);
белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан ерекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде
10 процент;
4) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін -- 10 процент;
осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін -- 10 процент;
5) туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін -- 10 процент;
6) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін -- 100 процент;
Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары:
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдарға мыналарға құқық беретін виза бергені немесе ұзартқаны үшін:
Қазақстан Республикасынан кетуге -- 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге -- 100 процент;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына виза бергені үшін -- 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретін құжаттарына өзгерістер енгізгені үшін -- 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдарға шетелден шақыру келгені туралы қүжаттар бергені үшін -- әрбір шақырылған адам үшін 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды рәсімдегені үшін -- 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлінген құжаттарды ауыстырып бергені үшін -- осы баптың тиісінше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары
Басқа да іс әрекеттер жасағаны үшін:
1) тұрғылықты жерін тіркегені үшін -- 10 процент;
2) аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін -- 10 процент;
3) мыналарды бергені үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтыгы жоқадамның куәлігі -- 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің қазақстан Республикасында туруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі -- 20 процент;
4) мыналарды бергені үшін:
қаруды және оның патрондарын әкелуге рүқсат -- 200 процент; қаруды және оның патрондарын әкетуге руқсат -- 200 процент; қаруды және оның патрондарын сатып алуға руқсат -- 50 процент;
қаруды және оның патрондарын сақтауға рүқсат -- 50 процент; қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рүқсат -- 100 процент; қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рүқсат -- 200 процент; қаруды және оның патрондарын қайта тіркеуге рүқсат -- 100 процент; қаруды және оның патрондарын комиссиялықсатуға рұқсат -- 100 процент;
5) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық және газды аэрозольді құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені үшін
10 процент;
6) жеке басты куәландыратын қүжаттарға өзгерістер енгізгені үшін --
10 процент;
7) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz