ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

АМАНГАЛИЕВА Г.Т

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В020500 - Филология: қазақ тілі мамандығы

Орал, 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ДАМУ ТАРИХЫНА ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Фольклордың даму тарихына шолу, жинақталуы мен зерттелуі ... ... ... ... ...

1.2 Фольклордағы әйел образы және эволюциясы жайында түсінік ... ... ... ... ...

Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... . .

2.1 Аңыз - ертегілердегі әйел образы эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

2.2 Лиро-эпостық жырлардағы әйел образы эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

2.3 Батырлар жырындағы әйел образы эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

Екінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 60

Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Фольклор -
Диплом жұмысының мақсаты: Қозы Көрпеш Баян сұлу, Қыз Жібек секілді ғашықтық жырларын, Алпамыс батыр, Қобыланды батыр жырларын талдап, әйел образдары фольклордағы орының саралау, көкейкесті мәселелерді аспектісінде қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
Фольклордың тарихы мен дамуына щолу;
әйел образы мен эволюциясы терминін зерттеу;
аңыз - әңгіме, лиро - эпос, батырлық, тарихи жырларға шолу жасау;
әр жанрдағы шығармалардағы әйел образдарын анықтау, эволюциясын айқындау.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс - тәсілдер: фольклордағы шығармаларды саралап талдау, әйел образдарын анықтау, өзара салыстыру, ғалымдардың пікірін саралау.
Диплом жұмысының дерек көздері: зерттеу еңбектері, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, М.Ғабдуллин мен С.Қасқабасовтың еңбектері, Бабалар сөзі
Зерттеудің нысаны: Қазақ фольклорындағы шығармалар аңыз - әңгімелер, лиро - эпостық, батырлық, тарихи жырлардағы әйел образдары.
Жұмыстың нәтижелілігі: Жалпы фольклордағы шығармаларға талдау жасай келе келесі мәселелер анықталды.

1.ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ДАМУ ТАРИХЫНА ШОЛУ

3.1 Фольклордың даму тарихына шолу, жинақталуы мен зерттелуі

Фольклор - ағылшын сөзі, халық даналығы деген ұғымды береді. Алайда, бұрынғы Кеңестер одағынан басқа өркениетті елдерде фольклор кең мағынада түсіндіріледі. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ырымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады [2, 8 б.]. Фольклор дегеніміз - бәрімізге белгілі мақал - мәтел, аңыз - ертегі, эпостармен ғана шектеліп қалмайды. Жалпы алғанда фольклор тұрмыстың бір бөлшегі. Ол біз өмір есігін ашқаннан бастап, соңғы деміміз шыққанға дейінгі уақыт аралығында кеңінен кездеседі. Мысалы, сәби дүниеге келгенде жүзеге асырылатын әр түрлі ырым - кәделер мен солармен қоса орындалатын ғұрыптық өлең - жырлар, тілек - баталар, дұғалар, сол тәрізді сәбиді қырқынан шығару мен бесікке салу кезінде атқарылатын ырымдар мен айтылатын шарапатты сөздер, тұсаукесер мен сүндет той кезінде орындалатын кәде жоралғылар мен өлеңдер, - бұлардың бәрі міндетті түрде орындалуға тиісті фольклорға жатады [1, 9 б.]. Фольклорды басқаша ауыз әдебиеті деп атайтыны бәрімізге белгілі. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды [4, 3 б.]. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің айтуынша, бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным - сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған. Халық поэзиясы жөнінде айтылған Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы, Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады. Өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В.Г.Белинский оған қарама - қарсы фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық деген тұжырым жасайды [5, 9 б.]. Ғалымдардың пікірінен байқағанымыз фольклордың жылдар бойы дамып, қазіргі дәрежеге жетуінің бірде - бір себепкері халық. Уақыт өткен сайын мазмұны жағынан өзгеріске ұшырап бірнеше нұсқада баяндалатын фольклордағы шығармаларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген де халық. Яғни, фольклордың осындай үлкен ғылым саласы болып қалыптасуының басты факторы - сөз қадірін білген бабаларымыз. Фольклор оның мәні туралы Н.П.Андреев, Е.В.Аничков, В.Ф.Миллер, Ф.И.Буслаев, А.Н.Веселовский, Е.Г.Кагаров, Ю.М.Соколов, В.Е.Гусев, В.Я. Пропп, В.П.Аикин, Ю.Г.Круглов, П.Г.Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П.Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші - лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н.Путилов та фольклорды халықтың тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н.Путилов фольклорды әдебиетпен де жакындастырды. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е.В.Аничков фольклорды діни - нанымдармен байланыстырса, В.Ф.Миллер этнографиямен жақындығын сөз етеді [5, 10 б.]. Кеңес өкіметінің кезінде фольклорға кеңінен мән берілгенін осыдан байқауға болады. Дегенмен, бұл фольклор толыққанды зерттеліп болды дегенді білдірмейді. Әлі күнге зерттеліп жаңа қырынан ашылып келе жатыр. Бізге беймәлім тұстары қаншама.
Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің экономикасы, салт - санасы, халық тілі біршама дамып, семья мен рулық құрылыс күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен [5, 14 б.]. Түркі тілдес халықтардың көп бөлігі ерте заманда мал шаруашылығымен айналысқаны бәріне белгілі. Тиісінше, фольклорда осымен тығыз байланысты болған. Оған бірден - бір дәлел малдың пірлері туралы аңыздар. Яғни, бізге мектеп кезінен таныс Ойсыл қара, Зеңгі баба, Қамбар ата туралы аңыздар.
Одан соң қазақ эпосы мен ертегілеріндегі ұғымдарға мән берсек, мысалы академик Ә.Марғұлан бұл туралы өзінің Халық жырларын туғызудағы мотивтер деген мақаласында: Ерте кездерде халық өзіне жау күштерімен күресу үшін жылан, қасқыр культін тудырған, Бөріқұс, көкпар, ұғым ойындары содан туған. Жезтырнақ, қасқыр, жылан, жалмауыздардың қай - қайсысы болса да қазақ фольклорында адамға жау күштердің жиынтығы, ұнамсыз бейнелер. Солардың бәрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі деп түсінген жөн , - деп жазған.[5, 15 б.]. Бүгінгі күнге дейін жеткен аңыз - ертегілердегі, эпостардағы жағымды, жағымсыз кейіпкелер қалай пайда болғанын осы мақаладан айқын көреміз. Фольклордағы өзекті тақырыптың бірі - ислам діні. Ислам әсері қазақ эпосынан соншалық үлкен орын алмаған. Ол көбіне үстем тап ортасында туған жыр үлгілерінде кездеседі. Алайда құдай, пайғамбар, әулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып дейтін сарындар анық діни ұғыммен байланысты. Оны біз эпосқа тән қоспалар, әр түрлі қоғам сатыларының айтушылары тарапынан енгізілген діни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дәу, пері, шайтан, одан қалды, қожа - молдалар образдарының бәрі дерлік қазақ фолклорында бір ғана ұнамсыз адамдар бейнесіне берілген.[5, 15 б.]. Одан соң туған ертегі мен эпостық жырлардың қайсысын алып қарасақ та тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік, әдет - ғұрып қайшылығы, ел қорғау, махаббат еркіндігін жырлау, тарихи оқиғаларға үн қосу барысында. Уақыт өте келе фольклор ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне ауысты. Бұл процесстің өзі үлкен бір тарих десек болады. Қазак фольклорының ел арасынан жинақталуы XIX ғасырдан басталады. Әдебиетші Б.Кенжебаевтың зерттеуінше бұған бірден - бір себеп Қазакстанның Ресей мемлекетіне қосылуы. Патша үкіметі Ресейге қосылған өзге ұлттарды билеп төстеу үшін олардың тарихын, әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеуге күш салған [4, 17 б.]. Ал XX ғасырдың бас кезінде көптеген әнші, ақын - әдебиетшілер ел аузындғы фольклор үлгілерін жинап, газет - журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастады. "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қобыланды", "Алпамыс" жырлары Қазанда жеке - жеке жинақ болып басылады [5, 36 б.]. Фольклордың дамуының бірден - бір себебі орыс ориенталистерінің халық поэзиясын жинақтауы. Бұл жұмыстарға 1845 жылы Петербургте құрылған және өз кезінің ғылыми орталығы болып танылатын Ресейлік география қоғамы да араласады. Қазақ әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбек еткендер - Ресейлік география қоғамының мүшелері: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, И.Березин, А.Васильев, А.Алектеров, Г.Потанин, Н.Ильминский, Ә.Диваев, А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов т.б. Олар қазақтың ауыз әдебиетін аса бай мұра деп бағалаумен қатар, сол мұраны ел арасынан көптеп жазып алып, жинаған материалды қазақ және орыс тілдерінде көптеп шығарып, екі тілде газет-журналдарға бастырады. XIX ғасырдың аяқ кезінде бұл жұмыстар күшейе түседі. Сонымен қатар бұл жұмысқа О.Әлданов, Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекітов сияқты қазак жастары белсене араласты. Қазак фольклорын жинау процессінен Абай мен Ыбырай Алтынсарин де тыс қалмайды. Халық әдебиетін жоғары бағалаған Абай Құнанбайұлы шәкірттеріне, жолдастарына тапсырма беріп, ел арасынан асыл мәдени мұраны жинатып отырады және халық арасында таратуға үлкен мән береді. Ыбырай Алтынсарин ауыз әдебиетінің ең үздік үлгілерін өзінің Хрестоматиясына енгізіп, баспа жүзіне шығарады [4, 18 б.].
Жоғарыда аталған ғалымдардың ішінде Шоқанның, Радлов пен Потаниннің қызметі ерекше. Сондықтан олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып кеткен жөн.
Шокан Уәлиханов (1835 - 1865). Ол кісінің халық фольклорына қатысты арнайы зерттеулері болмаса да, Қазақ хрестоматиясы атты еңбегінде қазак фольклорының көптеген үлгілерін кездестіруге болады. Соның қатарында Марабай жыраудан жазып алған Қобыланды жырынан үзінді, қиял-ғажайып Қара қылыш, Алтын айдар, шыншыл-реалистік ертегілер Тазша бала, Қара батыр, Жиренше деген, көптеген мақал-мәтелдер де бар. Сонымен қатар Орынбай, Күдері ақындардың өлеңдерін жинаққа енгізген. Ы.Алтынсариннің фольклор материалдарын педагогикалық максатта қолдануы өз кезеңі үшін үлкен жаңалық болған.
В.В.Радлов (1837-1918) - Германияда туып өскен атақты фольклоршы - ғалым. Қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр халықтары В.Радловты өздерінің фольклорын жинаушы, әрі зерттеуші ғалым ретінде жоғары бағалаған. Оның есімі казақ халқы үшін өте жақын. Себебі, ғалымның фольклористикадағы ғылыми тұжырымдары қазақ ауыз әдебиетіне негізделіп айтылған. Ғалым әсіресе Көрпеш - Баян сұлу жырын терең зерттеген. Ондағы әдет- ғұрып қайшылығы, әйел бас бостандығы тақырыбын поэзияның қуаты, халықтың көз жасымен бұл жыр Радловтың романтикасына айналып кеткен. Ол қазақ эпосындағы өмір пернелерін де жақсы түсінген. Ал Бенфей, Веселовский, Миллерлер болса бұл тақырыпта сөз қозғай алмаған.
Қазак фольклоры мен этнографиясын кеңінен зерттеген келесі орыс зиялыларының бірі - Г.Н.Потанин (1835-1920). Баянауыл өлкесінде туып өскен, жасынан қазак халқының тұрмыс - тіршілігінен нәр алған. Ол шығыс елдерін мұқият зерттеген саяхатшы, одан соң Орта Азия халықтарының бай фольклорын жинап, реттеп, жариялап отырған этнограф. Дегенмен, қазақ ауыз әдебиетінін көптеген үлгілерін жинаса да, олар жайлы ғылыми-зерттеу еңбек жазбаған. Бірақ өзінің өзге еңбектерінде қазақтың ауыз әдебиетін жоғары бағалаған. Атап айтсақ, Н.Смированың сөз басымен Казахский фольклор в собрании Г.Потанина (1972) атты ғылыми - этнографиялық жинағы жарық көрді. Мұның өзі ғалым творчествосына жан - жақты ғылыми баға беруге жол ашары сөзсіз.
Он тоғызыншы ғасырдың 80 - жылдарынан бастап қазақ фольклорын жинаумен бастыруға көп еңбек сіңірген ғалымның бірі Әбубәкір Диваев (1856-1932) болды. Ол Орынбордағы кадет корпусын бітірген соң, Түркістан генерал - губернаторлығында қызмет істейді. Тиісті қызмет атқарып жүріп, қазақ халқының тарихы мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға кіріседі. Біріншіден, қазақ халқының мәдени мұрасын келешекте жас ұрпақ пен тарих үшін керек деп жинайды. Екіншіден, жинаған материалдарын орыс тіліне аударып, оны орыс халқына таныстыруды мақсат етеді.
Октябрь революциясына дейін Әбубәкірдің жинаған материалдары газет- журнал бетіне ғана басылып, өз алдына кітап боп шықкандары аз еді. Оның жинаған материалдары тек кеңес үкіметі заманында ғана, атап айтқанда, батырлар жыры жайында 1922 - 23 жылдары Ташкентте тоғыз кітабі баспадан шықты. 1924 жылы тұрмыс - салт өлеңдерінен құраған Тарту атты жинағы , ал 1926 жылы Қызылорда да Балаларға тарту атты жинағы басылды. Әбубәкір жинап, баспа жүзіне шығарған материалдар қазақ халқының мәдени тарихы үшін аса керекті асыл қазына еді.
Қазак халқының фольклорын жинау ісі 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясы құрылғаннан кейін күшейе түседі. Ғылым академиясы жер- жерге экспедициялар жіберіп халық әдебиетін жинақтап отырады. Және осы материалдардан үлкенді - кішілі жинақтар құрастырып шығарады. Оған дәлел Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына жиналған ауыз әдебиеті материалдарынан 1958-1973 жылдар арасында үлкенді - кішілі 23 том құрастырылып жарияланды. Кеңестік дәуірде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы, жариялануы жайында тағы бір мысал келтірейік. Ұлы Отан соғысына дейін эпостық жырларымыздың баспа жүзіне шыққаны он шақты ғана еді. Ал қазір бір ғана өнер институтының қолжазба қорында жүз сексеннен астам батырлар жыры, қырық шақты тарихи жыр, елуден аса лиро - эпос сактаулы тұр. Сонымен қатар жырдың варианты да көп. Мәселен, Қобыландының 26, Көрұғлының 30 варианты бар [4, 24 б.]. Бұл фактілер кеңес дәуірінде фольклордың үлгілерін жинаудың жемісті болғандығына дәлел. Фольклордың жинақталуы мен зерттелуі сол кездерде ғылыми жолға қойылған. Фольклористиканың негізі қаланып, фольклорист ғалымдар көбейген. Бір сөзбен айтқанда фольклор саласының тереңінен зерттеу осы уақыттан бастау алған. Әрине бұл дегеніміз кеңес дәуіріне дейін бұл сала мүлде зерттелмеді деген сөз емес. Монография фольклорға қатысты еңбектер болмаса да ғалымдардың айтқан пікірлері болды [4, 24 б.]. Кеңес дәуірдегі қазақ фольклористикасының қалыптас, даму, өсу жолын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең - 20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең - соғыс жылдары
Үшінші кезең - Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар [4, 25 б.].
Ең соңғы жылдағы шыққан үлкен еңбектің бірі Қазақ әдебиеті тарихына арналған 10 томдық монграфия. Осы еңбектің I томы толықтай фольклорды қамтиды. Монография З.Ахметов, Б. Уахатов, Д. Шалабековтың еңбектеріне негізделіп жазылған. Басты себеп ғылымның қай саласында болмасын жалғастық болуы қажет. алып қарамасақ та, жалғастық болуы қажет. Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар мен I томның құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар жататының және ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор С.Қасқабасов (Кіріспе, Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері, Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы сипаты, Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты, Жаңа дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты, Миф, Хикая, Этнологиялық ертегі, Қиял-ғажайып ертегі, Хайуанаттар туралы ертегі, Батырлық ертегі, Ғашықтық жыр, Аңыз, Әпсана, Хикаят, Новеллалық ертегі, Сатиралық ертегі, Тарихи жыр: жалпы сипаты, Кенесары туралы тарихи шығармалар, Лиро-эпикалық (балладалық) жыр, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Р.Бердібай (Көне эпос, Батырлық жыр: жалпы сипаты); ф.ғ.д., профессор Ш.Ыбыраев (Көне эпос); ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор З.Ахметов, ф.ғ.к. Б.Ақмұқанова (Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор тарауына Мақал-мәтел); ф.ғ.д., профессор Б.Абылқасымов (Арбау, Бәдік, Бақсы сарыны); ф.ғ.д., профессор К.Матыжан (Үйлену ғұрып фольклоры, Балалар фольклоры, Жаңылтпаш); ф.ғ.д., профессор Ш.Керім (Егіншілік жөніндегі фольклор, Жұмбақ, ХХ ғасырдағы фольклор тарауына Мақал-мәтел кірістірді); ф.ғ.д., Б.Әзібаева (Дастанның: жалпы сипаты, Хикаялық дастан, Діни дастан, Ғашықтық дастан); ф. ғ. д М.Жармұхамедұлы (Қыз бен жігіт айтысы, 1916 жылғы көтеріліс туралы фольклор); ф. ғ. д. Б.Уахатов (Наурыз мейрамы мен фольклоры, Қара өлең, Тарихи өлең); ф.ғ.д., профессор А.Сейдімбек (Күй аңызы, Қара өлең); ф.ғ.д., профессор Т.Қоңыратбай (Түркі қағанаты кезіндегі фольклор, Тарихи аңыз); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент А.Тоқтабай (Наурыз мейрамы мен фольклоры, Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері); ф.ғ.к Д.Шалабеков (Жұмысшылар фольклоры); ф. ғ. к С.Сәкенов (Тарихи жыр); ф.ғ.к Ж.Ахметжанова (Тарихи өлең); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев (Егіншілік жөніндегі фольклор); ф.ғ.к Р.Әлмұханова (Жарапазан, Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор, Алтын Орда тұсындағы фольклор, Алпамыс батыр, Айтыс: жалпы сипаты, Мысал айтыс, Шешендік сөз); ф.ғ.к., доцент П.Әуесбаева (Әңгіме); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Жақан (Жерлеу ғұрпының фольклоры, Қобыланды батыр, Лирикалық өлең, Өлең); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы (Терімшілік пен аңшылыққа қатысты фольклор, Мал шаруашылығына байланысты фольклор, Арбау, Жалбарыну, Алғыс (бата), Қарғыс, Ант, Едіге, Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қатысқан.

3.2 Фольклордағы әйел образы және эволюциясы жайында түсінік.
Фольклор - әйел образына бай, әрі сан алуан өзгешелігімен ерекшеленеді. Аңыз, ертегі, миф, эпостың әрқайсысы өзіндік әйел образдарымен белгілі. Фольклордағы әйел - ақылымен, алыстан ойлайтын даналығымен ер адамның қызу қанды мінезін бір арнаға тоғыстырады. Ер адамды өзінен бір саты биік ұстап, сыйластығын білдіріп, маңызды шешімдер қабылдау барысында жанынан табылады. Ертегілерде кездесетін әйелдер легі аса бір ақылымен көзге түседі. Олардың қатарында Кенжекей, Жұпар секілді дана аналарымыз бар. Ал батырлық немесе лиро - эпостық жырлардағы әйелдер сүйген жарына адал, жаман мен тексізден алыс, жанқияр табиғатымен ерекшеленеді. Әйел образындағы қарқынды эволюция батырлық жырлардан бастап орын алды десек, артық айтпаймыз. Себебі, Құртқа, Гүлбаршын, Назым, Ақжүніс, Қарлыға бастаған әйелдер ерлермен майдандас болып, сенімді серігіне айналған тұлпарын баптап, болашақ жарын өзі таңдап көлеңкеден шыға бастаған. Фольклордағы әйелдердің басты қаруы ақылы мен тіліп түсер шешендік қабілеті. Жалпы образ тақырыбына келгенде келесі жағдайларды ескерген жөн.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік - бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби жаман атанса да, хан жарандарынан озып шығады. Алдар көсе, Тазша бала бейнелері - халық тапқырлығының жарқын көрінісі. Эпостық жырларға келер болсақ, ондағы образдар ұлғайтылып, ұлы қаһармандар дәрежесінде жеткізілген. Баян, Қозы, Қобыланды, Құртқа, Алпамыстар - жалпыхалықтық образдар болып шыққан. Олардың іс-әрекеті, ой-ұжданы мен арман-мүдделері халық санасымен әркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М. Горький миф пен эпоста бір адамның ғана ой-санасы емес, бүкіл ел, халықтың бірлескен творчестволық қызметі болатындығын айтқанды [5, 12 б.]. Бұл дегеніміз фольклор жалпы халыққа ортақ шығарма, белгілі бір дәрежеде авторы да халық болып табылады.
Көркемдік әдіс тұрғысынан алғанда, образ екі түрлі - романтикалық образ және реалистік образ. Әдеби тек тарапына келгенде үш түрлі эпикалық, лирикалық, драмалық. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне келер болсақ, юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық [13, 166 б.]. Фольклорда жиі кездесетін романтикалық әйелдер образы. Оған батырлар жырындағы Құртқа, Назым, Ақжүніс, Гүлбаршын образдары дәлел. Ал, реалистік образға келсек өмірде болған Домалақ ана, Гауһар батыр секілді нәзік жандыларды алсақ болады. Фольклорда әйел образдары қаншалықты көп болса, соншалықты сан алуан. Мысалы, Айманға дейінгі әйелдер тасада отырып ақылымен ер адамға жөн сілтейтін. Айман болса қандай жағдай болмасын бас - аяғында өзі болған. Ол өзінің бас бостандығымен қатар, екі ауылдың ортасын жақындатуды ойлаған. Айман фольклордағы айлакер әйел десек болады. Құртқа, Гүлбаршын образдарынан ақылдылық пен кемеңгерлікті байқаймыз. Назым сұлу өзіндік еркіндігімен көзге түседі. Ақжүніс болса жүрек жұтқан батылдығымен ерекшеленеді. Яғни, өзінің болашағы үшін шешім шығарып әкесінің қаһарынан қорықпай сүйгенімен қашып кетуі осыған дәлел. Байқағанымыздай фольклордағы әйел образының қайсысы болмасын өзінен соң бір жаңашылдық алып келеді. Қаншама жыл өтсе де, оқыған сайын таңқалатындай ерліктерімен көзге түседі. Фольклордың қай саласына көз жүгіртсек те, әйел образымен тығыз байланысады. Қарапайым Ақылына көркі - сай мәтелі қанша ғасырлық тарихы болса да, өзіндік құндылығын жоғалтпаған. Қыз баласының ажарына ақылы сай болсын деген мағынада, тәрбиелік ағымда әлі қолданылады. Бұл дегеніміз фольклорды күнделікті өмірден айырып тастай алмайтынымыздың айқын дәлелі. Соның ішінде қыз баласына қатысты дүниелердің барлығы күніге тәрбиелік мағынада қолданылады.
Фольклор шығармаларының айырықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамынын болатындығы. Ақын - жыраулардың импровизациялық дәстүрі поэзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған [5, 12 б.]. Яғни, фольклордағы образдардың айрықша есте қалуының бірден-бір себебі халықтық қабылдауға әдемі жеткізілуі. Жәй ғана ауыздан ауызға тарап қана қоймай нақышына келтіріп халықтың өзара бір - біріне табыстауы. Осы жерде фольклорда әйелдердің ішкі сұлулығымен қатар, сырт келбеті, сән - салтанаты да айрықша рөл ойнаған. Ару қыздардың сыртқы сұлулығымен қатар, жүрісіне, өзін көпшілік арасында ұстауына ерекше мән берген. Өз жұртынан ұзатылып бара жатқан қыздың жасауына, басқа да кішкене бөлшектерге назар аударған. Негізінде, әйел образы отбасы ошақ қасы, үйдегі жылулықтың, береке мен бірліктің иесі деген ойдың төңірегінде өрбиді. Бірақ осы фольклорда әйелдер бізге басқа қырынан, ерлермен тең дәрежеде ашылады.
Енді осы фольклордағы әйел образының эволюциясына келсек. Эволюция өзіндік бір уақыт аралығында дамып, жетілу. Фольклордағы эволюция әйел атаулының уақыт аралығына немесе жағдайға байланысты іс - әрекетінің, мінез - құлқының өзгеруі. Эволюция бізге биология пәнінен таныс осының негізінде алар болсақ, эволюция кейіпкердің бойындағы, іс - әрекетіндегі бір жаңашылдық, даму. Негізі, әдеби эволюция - орыс формализімінен бастау алған әдебиет тарихының дамуын түсіндіруге арналған ұғым. Ол өзінің түсіндірме үлгілеріне ешбір сыртқы әсерлерді қоспай, әдебиеттің дамуын тек ішкі қажеттіліктен шығаратындығымен ерекшеленеді. Әйел образы эволюциясы мен жалпы сипаты көптеген факторларға байланысты жүзеге асады. Оған: нақты тарихи дәуір, қоғамдағы саяси және әлеуметтік өзгерістер, идеология әсер етеді. Эволюция нәтижесінде әйел затының ең жақсы қасиеттері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, мінез-құлық белгілері жаңа мазмұнға сай байытылады. Бұған этнографиялық деректер, публицистикалық материалдар, халық ауыз әдебиеті немесе фольклор туындылары, әдеби шығармалар дәлел бола алады. Яғни, осы фольклордағы әйел образы эволюциясының қарқынды дауы арқасында біздің бойымызда, ең жақсы қасиеттер мен еркін ой - сана қалыптасқан. Фольклордағы әйел заты негізінен жарына адал, жаны нәзік, ақ болып бейнеленеді. Ұмай анадан басталған даналық біздің де бойымызда бар. Бірте - бірте Құртқадай ақыл - парасат, Гүлбаршын сұлудай тапқырлық, Назымда бар еркіндік, Ақжүністей батылдықты қазір өзімізден көре аламыз. Осының барлығы эволюцияның жемісі. Образдың эволюциясы болмаса адамдардың сана-сезімі бір қалыптан қозғалмас па еді. Фольклордағы образдардың таңқалдыратыны соншама жағымсыз кейіпкердің өзінен бір түйір мейірім табуға болады. Мысалы, Қарлыға образы эволюцияға қатты ұшыраған образдардың бірі. Қыз да болса майданға аттанып, сүйгенінің жолында құрбан болуға дайын еді. Ең қатыгезі әкесі мен туған бауырын сол махаббат жолында құрбан етуі. Елін сатып кетуі көзсіз сезім артынан еріп, қолындағы барынан айырылып қалуы. Дегенмен, осы Қарлыға сұлудың бойында өзімізге алып қалар әдемі қасиеттері де бар. Мысалы, махаббатқа деген адалдығы, сүйген адамына деген кіршіксіз таза көңілі мен сенімі.

Бірінші бөлім бойынша қорытынды
Қорыта айтқанда, фольклор өзі бір үлкен ғылым саласы. Әйел образы мен оның эволюциясы фольклордан бастау алды деп айта аламыз. Фольклордағы шығармалардың сан ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқының мәдениетінде алар орны зор. Қазақ халқының М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Диваев, С.Қасқабасов секілді зерттеушілерімен қатар, орыс фольклористтері Н. П. Андреев, А. Н. Веселовский, Ю. М. Соколов, В. Е. Гусеев зерттеген. Фольклордағы шығармалардың авторы да, мұрагері де халық. Қай саласын алып қарасақ та, күнделікті өмірде көріп жүрген салт - дәстүрден бастап, сөйлеген сөзімізге дейін фольклорға жатады. Шығармалардағы образдарға келсек, қиял - ғажайып кейіпкерлермен қатар тарихтан өзіндік орын алатындары да жеткілікті. Әсіресе, әйелдер образы фольклорда ерекше көрініс тапқан. Олардың басты міндеті күйеуіне адал болып, ақыл айта отырып, елінің анасы болу. Фольклордағы әйел образының қайсын алса да бізге берер тәлім тәрбиесі көп. Фольклордың басты мақсаты да осы қазақы тәрбиенің бастауын жоғалтып алмау.

II.ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

2.1 Аңыз - ертегілердегі әйелдер образы эволюциясы.

Тарихи аңыздарда әйелдер ақылымен, батылдығы және тәрбиесімен ерекшеленеді. Бүкіл қазақ еліне аты шыққан Төле бидің өзін даналығымен баурап алып, әрі келіні онымен бірге ақылшысы болған Данагүл. Төле би әйелдің ер адамның өмірінде алар орны ерекше екенін дөп басып айтқан. Төле би: Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын. Асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса балам дана болады. Ердің бақыты - әйелде деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін - әйел, кең жайылған дастарханымен ердің атын шығаратын әйел. [ Бабалар сөзі 29 б.]. Бұл сөздерден ұғынатынымыз әйел отбасының намысы, ар - ұяты, отағасының абыройы десек болады. Қай жағынан алып қарасақ та, әйел адам көшбасшы кейіпінде көрінеді. Данагүлдің Төле бидің жолын кеспей, жанындағы қыздарға да жөн сілтеуінен өз ортасына сөзі өтетін басшы бейнесінде байқаймыз. Осы қасиетімен әрі ақылымен Төле бидің көзіне түседі. Оны Данагүлдің мына бір сөзінен байқасақ болады:
oo Аталар біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар.
Араларында ел бастаған батыры бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық [], - дейді Данагүл. Төле би Данагүлді әйел екеніне қарамастан өзінің кеңесшісі өзінен кейінгі ауылдың ақылшысы әрі басшысы ретінде көреді. Данагүлдің тапқырлығына, даналығына тәнті болады. Осылайша жай ғана кедейдің қызы Данагүлден, бір елді аузына қаратқан дана Данагүлді жасап шығады. Аңыздың басындағы ешкім танымайтын кедейдің қызы елге сыйлы Төле бидің келіні одан қалды кеңесшісі болады. Төле биден соң еліне сөзі жүретін осы Данагүл болады. Данагүлдің образының эволюциясын осыдан байқасақ болады.
Домалақ ана бәрімізге белгілі түркі қағанаты тұсында немесе оған дейін өмір сүрген тарихи тұлға. Бәйдібек биге тұрмысқа шығып, тазалығымен, тапқырлығының арқасында елге аты мәлім болады. Бәйдібек бимен танысуының өзі бір аңыз. Бір қызығы ол биге тұрмысқа шығуы керек екенін бірден сезеді. Он жасында суға барып, құдыққа түсіп кеткен уақытында құтқарып алып шыққан осы Бәйдібек би болатын. Содан Нұрила өзіне құда түсіп келгендерге құдық басындағы оқиғаны баяндап, Білегімді ұстаған - Бәйдібек, менің болашақ ерім сол болмақ. Өзге адамға күйеуге шықпаймын[42 б.], - деп көңілінде жүрген сырды айта салады. Бәйдібек пен Нұриланың бір - біріне деген сезімдері күшейе түседі. Бұны байқаған Мықтым ағзам атамыз Бәйдібек батырды шақырып алып: Балам, мен саған қызымды берейін, тұқымын қисапсыз мол болады. Жалғыз айтар тілегім - қызымды ренжіте көрме. Аялап, мәпелеп, аққудай әлпештеп ұста! Бұл қызымның бір бойында мың асыл қасиеті бар, - депті [ 42-43 б.]. Екі жасқа батасын беріп шығарып салады. Бұл жерде бала Нұрила Бәйдібекке тұрмысқа шығып Домалақ ана атанып кемеңгерлігімен көзге түсе бастайды. Тағы бір аңызға сенсек Домалақ Бәйдібектің тоқалы болған көрінеді. Ол жерде шын есімі - Бүбіжарды деп берілген. Ол бәйбішенің бетіне ешқашан қарсы келіп көрмеген екен. Ал, бәйбіше оны көре алмай түнде түйе болып келіп үйіне сүйкенетін көрінеді. Сонда бәйбіше екенін біліп, Домалақ ене жатқан жерінен тұрмай:
- Атшу - атшу, жануар, түйемісің, мыңға жеткін, қастық еткен адам болсаң, жаман ниетің өзіңді атсын! - дейді екен [40 б.]. Домалақ ана еш уақытта асығыс шешім қабылдамаған. Бірде ауылды жау шапқанда Домалақ ана үйме жұртқа ие болып ауылда қалған болатын. Шапқыншылар ауылдың бүкіл жылқысын айдап алып кетіп бара жатып, Домалақ ананы аяп не қалайтының сұрайды. Осы кезде ана ең арық сары биені қалдырып кетулерін өтінеді. Шапқыншылар айтқаның қалдырып кете береді. Түс ауа Бәйдібектің ұлдары Домалақ ананың ескертуін құлақтарына ілмей жау соңынан қуа жөнеледі. Ұлдардың біршамасы сол жерде қаза табады. Ал, жылқылар болса айдағанға көнбей, сол күні сары биенің қасына шұрқырайды. Міне, осы үзінділерден Домалақ ананың көрегендігін, тапқырлығын көреміз. Он жасар Нұрила қыз тұрмыс құрып, ел анасы атанады. Нұрила қыздан Домалақ ана болғанға дейінгі образының эволюциясы осы.
Бабалар сөзі 85 том Тарихи аңыздар 6-16 ғ Астана 2012
Жұпар қорығы туралы аңыз - əңгіме. Көп жылдар бойы еліне жайлы қоныс іздеген Асан қайғы Жиделібайсынға көшпек болып, дайындыққа кірісіпті. Мұны естіген жесір жеңгесі Жұпар бəйбіше қайнысына келіп, жөн сұраса, Асан қайғы үш жылға дейін төрт түлікті төлдетпей, ту ұстап, қоңдандырып алып, қозғалатындығын айтады. Жұпар бəйбіше көш жолында кездесетін қандай қиындықтардың бар екенін сұрағанда, Асан қайғы жол үстінде Хан қорығы деп аталатын көлемді жайылымның кездесетіндігін айта келіп, ол арадан тоқталмай тез өтпесе, қарақшы-хан жендеттерінің елге жəбір көрсететіндігін баяндайды. Жұпар ауылына келіп, дереу дайындыққа кіріседі, отыз ұлына біркелкі киім, қару-жарақ, он ақ боз ат, он қара ат, он торы ат дайындайды. Ту бие етін мейіздей кептіреді. Екі жылқының терісінен саба тіккізеді. Киіз үй жабдықтары мен үй жиһаздарын, ыдыс-аяқты мұқият əзірлейді. Мерзімді үш жыл өткен соң, Асан қайғы жолға шығады. Ал Жұпар балаларымен əдейі көш соңында болады. Асан қайғы Хан қорығынан суыт өтіп кетеді де, Жұпар көші қорықтың дəл ортасына келгенде қасақана арбаның мұрындығын сындырады. Бар жүкті түсіріп, көп малды қорыққа еркін қаптатып, еру болып қалады. Бұл жағдайды естіген Хан нөкерлерімен дереу аттанады. Мұндай істің боларын алдын-ала білген Жұпар сақадай сайланған ұлдарын түгелдей ауыл маңындағы биік төбе сыртына бой тасалатып қояды. Сөйткенше болмай Хан да жетіп, бəйбішеден жөн сұрайды. Сонда Жұпар: Алдияр тақсыр, жесір əйел едім, көш жөнекей осы араға келгенде арбам қирап, көшкен елден қалып қойдым. Алсаң бас міне, əйтпесе, төреңізге құлдық, көш жөнекей болса да сусын ішіңіз, - дейді. Хан сөзге келіп, дəм татуға ризашылық білдіреді. Ханиеме ашық далада дастархан жаймаймын, үй тігіңдер, - деп келіндеріне бұйрық береді. Дереу 8 қанат ақ үй тігіліп, мейізделген сарқымыз сапырылады да, тай қазандар да көтеріледі. Сол уақытта ауыл сыртындағы биік төбенің қалтарысынан қару - жарақ асынған ылғи ақбоз атты он жігіт шыға келіп, бəйбішенің алдын - ала айтуынша, қатар түзілген күйінде Хан отырған үйге келіп түседі. Қару-жарақтарын үйдің іргесіне сүйей салып, сəлем беріп, үйге кіреді де бəйбішеден төмен қаз-қатар отырысады. Əлден уақытта жаңағы төбеден он қара атты, одан соң он оры атты жігіттер жоғарыда айылған тəртіппен үйге кіріп, отырысады. Жігіттердің біркелкі , жарасымды киімдері мен қару-жарақтары, өздерінің сұстылығы мен əдептілігі, үй-ішінің салтанатымен көрсетіліп жатқан сый-сияпат ханға əбден ұнағандықтан, ол шешіле сөйлеп, əңгіме арасында Мына жігіттердің бəрі де өз балаңыз ба?, деген сауал қояды бəйбішеге. Сонда бəйбіше: Хан жаманы жер қориды, əйел жаманы ер қориды, деген ғой бұрынғылар, мен еріме өзімнің үстіме тағы екі əйел алғызған едім. Үшеумізден осы отырған 30 ұл туды, бəрі де өзімдікі ғой депті. Хан сөзден жеңіліп, қызғыштай қорып жүрген жерін бəйбішеге беріп, оларды сол арада қалдырыпты. Осыдан барып, бұл қорық ақылды бəйбішенің атымен Жұпар қорығы атаныпты дейді халық аңызы [ 27, 130 б.]. Бұл аңыздан көкейге түйгеніміз әйел адам ақылды болса шешен түгілі ханды да, аузына қаратады. Асан қайғының қолы жетпеген қорыққа тапқырлығының арқасында Жұпар анамыз ие болады. Әйел затының мықтылығы сонша білдей бір елдің ханын жеңіп қорықта қалуға рұқсат алу өзгенің қолынан келмес еді. Жесір болса да Жұпар асқан ақылының арқасында, үш жыл бұрын дайындалып, күймесін сындырып алды да болатынды болжайтындай көрінеді. Ақыры қорыққа қол жеткізіп, артынан әдемі нақыл сөз тастап кетіп қана қоймай, құрметіне аты беріледі. Хан жаманы жер қориды, əйел жаманы ер қориды қаншама ғасырылық тарихы болса да, мағынасын әлі жоғалтпағандай. Байқағанымыздай, ақылы мен айласының арқасында жесірден аңыз кейіпкеріне айналады. Міне, әйел образы эволюциясы дегеніміз осы.
Фольклордағы тағы бір ерекше бейне - Қарашаш . Ол Қарлыға секілді жаужүрек, Құртқа секілді көріпкел немесе Гүлбаршын тәрізді басқа түскенді көрермін деп отырмайды. Тіптен Баян, Жібек, Айманнан да өзгеше . Бұл аталған арулардың барлығы эпосқа тән сарында жасалған кейіпкерлер. Ал, Қарашаш сұлу ол реалистік образға жатады. Өзге эпостағы кейіпкерлер секілді бай отбасынан шықпаған. Кәрі кемпір мен шалдың жалғыз қызы. Қарашаштың өзгелерден ерекшелігі ақыл - ойының ұшқырлығында еді. Күйеуі Жиренше шешенге ханның берген шешімі қиын тапсырмаларының барлығын осы Қарашаш сұлу шешіп беріп отыратын. Бірде хан:- Жиренше, міне мен саған жүз еркек қой беремін, соны жазғытұры қой қоздаған уақытта қоздатып бер, егер қоздатып бере алмасаң, басыңды аламын, саған тәдбір сол, -- депті дейді. Сонан Жиреншекең, сірә, бұ сөзге ешбір нәрсе тауып айта алмай дағдарып, көңілі бұзылып, үйіне барды дейді. Үйіне барса, алдынан жарқырап келіншегі шығып, Жиреншенің көңілі бұзылып келе жатқанын біліп: - Жарқыным, бүгін неғып көңіліңіз бұзылып келе жатыр, не жайыңыз бар?- деп сұрапты дейді. Сонан Жиренше айтыпты дейді: - Көңілім неғып бұзылмасын, бүгін хан бір ауыз сөз айтып, соған ешбір жауап айта алмай жанымнан үміт үзіп келе жатырмын, -- депті дейді. Сонан әйелі айтыпты дейді: - Ау, неғылған ауыр сөз, -- депті. Жиренше айтыпты: - Хан айтады: мен саған жүз еркек қой беремін, соны жазғытұры қой қоздаған кезеңде қозылатып бер, -- дейді. -- Егер қозылатып бере алмасаң, басыңды аламын дейді. Мұнан артық ауыр сөз болар ма, еркек қой қозылай ма екен? -- депті дейді. Сонан әйелі тұрып айтыпты: - Қайғырма, құдайың берген екен, бар жылдам жүз еркек қойдан айдап келе ғой, -- депті. Жиреншекең барып жүз еркек қойды айдап келіпті, келсе, әйелі айтыпты: - Бұ қойдың жиырма шақтысын сой, ет керек қой жеуге, -- депті, -- және қалғанын базарға алып барып сат, киім-кешек, шай-шекер ал да, жалғыз бір еркек қойды есіктің түбіне байла, қыстай соны бағып шығармыз, -- депті. Жиреншекең байғұстың әбден дағдарғаны ғой, әйелінің айтқанын бәрін істеп, жалғыз қойды әкеліп есік түбіне байлап қойды дейді. Ханға ақыл берген билер бар, мұны көріп, көрім жақсы қылды, қойдың бәрінен айрылды, енді нағылады, ол мұрат-мақсұдымыз болады енді деп қуанды дейді. Сонан, бәракалла, қыс өтіп, жаз шықты, қойдың қозылайтын уағы болды. Енді кесулі күн тамам болғасын хан манағы ақыл үйреткен билеріменен Жиреншеге бармақ болып шықты дейді. Сонан хан Жиреншеге жақындар мезгілде Жиреншенің әйелі айтыпты дейді: - Тұр, жылдам ана қойды бауыздай қой! -- депті. Сонан жалма-жан Жиреншекең қойды бауыздапты. Сонан хан үйдің сыртынан келіп айқайлапты: - Ә, Жиренше үйде ме? -- депті. Сонда жалма-жан Жиреншенің әйелі екі қолын сыбанып жіберіп, қойдың бауыздама қанына екі тірсегіне дейін бояп, қан болып, ханның алдынан шықты дейді. Сонан хан сұрады дейді: - Шырағым, бұ тірсегіңе дейін қан не? -- депті дейді. Жиреншенің әйелі айтады дейді: - Тақсыр, қазір Жиренше жас босанып жатыр еді. Қолымның қаны сол еді, -- депті. Хан тұрып: - Ой ақымақ, ер кісі туатын ба еді? -- дейді. Сонан Жиреншенің әйелі айтыпты: - Бас тақсыр, еркек қой қозылайтын ба еді? -- депті. Сонан хан санына қолын бір соғыпты да: - Қой, болмас, жүріңіз қайталық, -- деп, хан байғұс бір әйелден жеңіліпті де қалыпты дейді. Сөйтіп, қапияда қатын табады ақылды деген сөз сонан қалыпты дейді. Жиренше өз ғұмырында бір бақырдан алданыпты да, екінші осы қойға жауап таба алмай сасыпты сірә, шешеннен гөрі әйелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Эпостағы тұлпар образы
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Фархад-Шырын жыры
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
«Ағылшын және қазақ фольклорындағы мифтік образдардың типологиялық ұқсастықтары мен ерекшеліктері»
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
«Оғыз-наме» кітаби эпосындағы космогониялық мифтер
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
Пәндер