Мәдени жаңғыру қарқыны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диссертацияның өзектілігі: Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық. Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды. 1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше саяси - ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын білетін адамдардан мәдени - ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне, оны аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді. Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары - кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді. Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе, 1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп, қорында 2, 5 миллион кітап болды. Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды. Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта - тілегі мәдени ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жатты. Степная правда (қазіргі Казахстанская правда) және Еңбекші қазақ, Қазақстан журналы шыға бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтың, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алыңды және мәдени - ағарту мекемелеріне желісіне, кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды. Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді, оларды дауыстап оқып беруісі ұйымдастырылды. Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды. 1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды, олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог кадрларды даярлаумен, курстар мен мектептерді ұйымдастырумен, көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды. Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді. Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті белсенділік көрсетті. Олардың инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізілді. Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды. Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді, мұғалімдер, оқулықтар, көмекші құралдар, жазу құрал-жабдықтары жетпеді. Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі қиындата түсті. 20-жж. аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді. Сөйтіп бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді. 30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды. 1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83, 6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады. 1920-1930 жж. Ж. Аймауытовтың, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаетың, А. Байтұрсыновтың, И. Жансүгіровтің, Ш. Құдабердиевтің, С. Сейфуллиннің Б. Майлиннің шығармалары кеңінен танылды. Әдеби қозғалысты М. О. Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтың, Т. Жароковтың, Ғ. Ормановтың есімдері байытта түсті. 20-ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды. Әнші Ә. Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шырқады. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақтың мемлекеттік опера, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Республикалық қуыршақ театры, Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді. Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды. М. Әуезовтың «Абай» роман - эпопеясының бірінші кітабы соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болды. Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» повестін жариялады. 1931 -1940 жылдарда республикада мектептердің саны мейлінше зор қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру, 1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы сондай-ақ, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы-қарарлар қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің барынша тез дамуына оң ықпалын тигізді. Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асыру нәтижесінде бұрынан болып келген 2 және 3 жылдық оқу орындары 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды.

Диссертациялық жұмыстың тарихнамасы: Ұлттық - мәдени даму мәселелері партия ішілік ортада да даулы мәселелердің пәніне айналады. 1917 ж. кейін ұлттық өмірге қарай ұмтылған Ресейдің көптеген халықтары үшін ағарту мен мәдениет ұлттық дамудың басым міндеттері болып табылды. Мұны И. В. Сталин айқын түсінді: «сол себепті ол 1925 ж. ұлттық мәдениет ұғымын ақтады». Ол мұнда сонымен қатар ұлттық мәдениетте ұлттық шеткі аймақтарды кеңестендірудің құралын көрді. 1925 ж. 29 мамырда Қазақстанның басты партиялық комитетінің органы - «Ақ жол» газеті туралы өзінің хатында жазды: «Мен партиялық емес интеллигенттер қырғыз (қазақ-авт. ) жастарын саяси және идеологиялық тәрбиелеумен айналысуына қарсымын. Біз билікті жастарды саяси және идеологиялық тәрбиелеуді буржуазиялық партиялық емес интеллигенттерге беру үшін қолға алған жоқпыз. Бұл майдан толығымен коммунистерде қалу керек» [7, 2 б. ] .

Ұлттық мәдениеттің мәселелері туралы пікірталас және «социализмнен коммунизмге өту жағдайында» ұлттық қатынастарды дамытуды талқылауға арналған конференция барысында да көтерілді. 9-12 қазанда «Социализмнің дамуы мен коммунизмге өтудің заңдылықтары» кешенді мәселесі бойынша Фрунзеде КСРО ҒА жанындағы Ғылыми Кеңеспен шақырылған жиналыс өтті. Онда ұлттардың мәдени жақындасуы «социализм мен коммунизм құрылысының обьективті заңдылығы» ретінде жарияланды. М. Д. Каммаридің баяндамасында «КОКП XXII съезіне дейін КСРО халықтары мәдениетінің интернационалдық негіздері жеткіліксіз зерттелгендігі және ұлттық белгілері салыстырмалы жағдайлармен қарастырылмағаны көрсетілді. Бұл қисынды түрде ұлттық форманың гипертрофиясына әкелді және КСРО халықтары мәдениетін жалпы адамзаттық үдерістерден, ұлтаралық қатынастар мен ықпалынан бөлек», - делінді [11, 211 б. ] . М. С. Джунусов өзінің баяндамасында, ұлттардың астасуы күрделі және ұзақ үдеріс екендігін және «ұлттардың бірігуі жекелеген халықтармен жинақталған барлық нәрсенің толықтай терістеу ретінде қарастыруға болмайтындығын» көрсетті [11, 212 б. ] .

Ұлттық мәдениеттердің мазмұнымен формасы мәселесін нақтылы тарихи шешу туралы Н. Джусойттың айтқан ойы қызығушылық тудырады. Ол мәдениеттің тарихын «оның қиғаш бөлігінде басқа ұлттық мәдениеттермен салыстырумен қатар» қарастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы-тарихи талдауды қолдануды ұсынды [12, 253 б. ] . Дегенмен, мұндай көзқарас ұзақ жылдар бойы іске асырылмады, бұл туралы 1984 жылы В. Т. Ермаковтың мақаласында айтылды [13, 90 б. ] .

КСРО халықтарының ұлттық мәдениетінің тарихы бойынша зерттеулерде салыстырмалы талдау әдісі Ю. В. Арутюнян мен Л. М. Дробижеваның «Многообразие культурной жизни народов СССР» деген кітабында табысты қолданылды [14] . Сол жылдардағы оқырмандардың әдеби-көркем талғамдарындағы ана тіліндегі және орыс тіліндегі көркем әдебиеттердің арақатынасы, өмірлік ұстанымдар жүйесіндегі білімнің орны мен мағынасы, кеңестік халықтардың өмірлік салтына урбанизацияның ықпалы бұл еңбекте көрініс тапты. Этно-әлеуметтік сауалнамалардың берілгендігіне, халық санағының материалдарын терең талдауға негізделген бұндай зерттеулер қазақстандық тарихнамада жүргізілген жоқ.

1970-1980-ші жж. тарихнамада көбінесе декларативті, КСРО халықтарының ұлттық мәдениетінің мазмұны мен формасы мәселелерінің «болымсыздығы» туралы мәселелер қарастырылды. Ұлттық мәдениеттердің мазмұнында ұлттық құрамдас туралы мәселенің қойылуының өзі мәдениеттегі идеялық құрушыны төмендетуге жетектейтін, таптықтың ұлттыққа айналуы ретінде қарастырылды [15, 72 б. ] .

Қазақтың ұлттық мәдениеті, тіліне байланысты өзекті мәселелер Х. М. Әбжановтың зерттеулерінің басты нысаны болып табылады. Ол тілдің қоғамдағы немесе нақты мемлекеттегі саяси - идеологиялық, экономикалық, демографиялық тағы да басқа ахуалмен өсетіндігін немесе өшетіндігін айта келе, әлеуметтік дамудың жалпы екі моделінің болатындығына тоқталады. Халықтың өз мемлекеттілігін, шаруашылық-мәдени типін, идеологиясын, болмыс - бітімін диалектикалық байланыс және қатынастар желесінде айқындауы, екіншісі - өзінен күштінің қармағына ілігіп, тәуелді, отар халық ретінде өмір сүруі. Х. М. Әбжанов қазақ халқының аталған баламалардың екеуін де басынан өткергендігін атап өтеді [37, 320 б. ] .

Мәдениет тарихын зерттеуші Р. М. Жұмашев 1917-1991 жж. Қазақстан мәдениетінің тарихнамасын қарастыру барысында, кеңестік тіл саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасынан тіл саясатындағы ұрандар сақталып, ал шынайы саясаттың өзгергендігін атап өтеді. Саясаттағы өзгерісті жазудың кириллицаға ауысқаны көрсетті. Жаңа тіл саясатының түпкілікті рәсімделуіне БК(б) П Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1938 жылдың 13 наурызындағы «Ұлттық республикалар мен облыстардың мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» Жарлығы нүкте қойды. Бұл шара мектептердегі тілдердің арақатынасының өзгеруіне әсер етті. Р. М. Жұмашевтың ойынша, сол жылдардағы тіл саясатының революцияға дейінгі кезеңге ұқсап кеткендігін жазады. Сонымен қатар, ол барлық халықтардың ұлтаралық байланысқа түскендігін, соған сәйкес көпшіліктің орыс тілін меңгерудің қажеттілігін түсінгендіктерін атап өтеді. Ал, 1940 жылдың 10 қарашасындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V сессиясында қабылданған «Қазақ жазуын орыс графикасының негізіндегі жаңа алфавит латыншаға көшіру туралы» заңын тіл саясатының логикалық аяқталуы деп бағалайды [38] .

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мәдениет, ұлт мәселесіне байланысты ғылыми зерттеулердің көлемі ұлғайды. Олардың ішінде республикадағы ұлттық-мәдени орталықтардың қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне [45], 1956-1991 жж. Қазақстандағы ұлттық мәселенің тарихнамасына [46], 1975-1995 жж. қазақ ұлттық мектептерінің дамуына [47], 1980-1994 жж. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мәселесіне [48], 1985-1995 жж. республикадағы көпұлтты білім беру жүйесінің дамуына [49] арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары болды.

Зерттеу нысаны: Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті

Диссертацияның мақсаты мен міндеті: Қазақстандағы кеңестік мәдениеттің мәнін ашу және оның қалыптасуы мен дамуындағы қайшылықтарды анықтау ретінде анықталуы мүмкін. Осы зерттеудің алдында тұрған міндеттер жиынтығын анықтады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- кеңестік мәдениетті күрделі және даулы құбылыс ретінде сипаттау;

- кеңестік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы қайшылықтарды анықтау;

- кеңестік мәдениет әдісінің мәнін ашу-социалистік реализм; оның ішінде оның идеологиялық және көркемдік дискурстарының өзара әрекеттесуінің күрделі жүйесі;

- кеңестік көркем мәдениеттің түрлендірілген формаларының пайда болуының алғышарттарын анықтау; оның "кері жағын" талдау;

Ғылыми жаңалығы : Кеңестік өнер мәдениеті, бір жағынан, айқын гуманистік әлеуетке ие болды, жеке тұлғаның маңызды күштерін ашуға, адамның рухани көтерілуіне, оны мәдени шығармашылықтың шынайы субъектісіне айналдыруға ықпал етті, екінші жағынан, жеке тұлғаның субъективтілігін басатын ерекше түрлендірілген формалар болды. Сонымен қатар, кеңестік мәдениетке тән оның көркемдік мазмұны мен әлеуметтік формаларының бірқатар қарама-қайшылықтары осы екіұштылыққа байланысты анықталды.

Диссертацияның ғылыми-практикалық маңыздылығы: Диссертациялық зерттеу кеңестік мәдениеттің мазмұны мен формалары және оның қарама - қайшылықтары туралы, оның дамуының тарихи формаларының қалыптасу динамикасы туралы тұтас түсінік береді; осы тақырыпты одан әрі дамытудың перспективалы нақты жолдарын ашады; мәдениет философиясының жалпы проблемаларына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы мәдени саясатты және оның субьектісін дамытудың тұжырымдамалық жобаларын қалыптастыруға негіз болады; оқу процесінде мәдениет философиясының, мәдениеттің жалпы теориясы мен тарихының жоғары оқу орындары курстарын, сондай-ақ бірқатар арнайы курстарды: "кеңестік мәдениет әлемдік мәдени мұраның ерекше феномені ретінде", "кеңестік жүйенің тарихи және мәдени практикасының диалектикасы", "кеңестік көркем мәдениет: мәні және оның түрлендірілген формалары" және қарастыруға болады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Кеңес үкіметінің мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары

1917 жылы қазанның аяғынан, шамамен, 1918 жылы көктемге дейін большевиктер кең-байтақ империя аумағының басым көпшілгінде, оның iшiнде Қазақстанда да социалистік революциясы қарсы күштерге тойтарыс бере отырып кеңес өкіметін орнатады. Орталық кеңес басқармасының басшысы әрі большевиктерін көсемі В. И. Ленин осы кезеңі мынадай келіп, деп атап көрсетті. "Біз, большевиктер партиясы . . . Ресейді-кедейлер үшін байлардан, еңбекшілер үшін қанаушылардан тартып алдык. Біз енді Ресей билігін қолға алуға тиіс. Революция жеңіске жеткен жағдайдағы елді басқару, Ленинің пікірi бойынша, бірінші кезеңде жаңа қоғамның экономикалық негізін құру, оның әлеуметтік саясатын анықтау мен жүзе асыру деген білімді. Қазақстанда жүзеге асыру алғашқы кезінде үйленіп тамырымен оңай

ic болмады. Жоғарыда айтылғандай, Кеңес өкіметі зияткерлік ерекшеліктері-

мен жеңіске жеттi, екіншіден, онын алғaшқы тетіктeрi негізінен экономика мен әлеуметтік жүйені беру туралы қандай да бір ерекшелігі жоқ, ғылыми коммунизм теориясын меңгермеген (бірақ " аспаз да мемлекетті басқара алады", деген лениндік тезисті тез үйреніп алған) адамдардың қолында болды. Үшіншіден, жергілікті жерлерде социализмге негізгі бағыттарын көрсететін орталық өкіметтің нұсқауы керменге ие болып кетіп жатқан немесе еркін өз түсінігнше түзетілді.

Қалай болғанда да өзгеріс басталып кетті. Большевиктер социалистік

экономикасын құруда, өндіріс пен өнімді бөлуде жұмысшы орны деп есептеді жұмыскер бақылауы өндірісті мемлекет меншігіне айналдырудағы өтпелі шара болып саналды және шаруашылық сайын жоспарлы бақылап отыруды құралына айналып, кәсіпорындарды толықтай басқару алғышарт әзірлеп берді. Оңдайын тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етті, Кеңес өкіметін жеңіске жету жолында, әдетте, жұмысшы мамандығын жүзеге асыратын жұмысшыларды көтереді. 1918 жылы ақпанда жұмысшы бақылауы Семей былғары жене кеме жендеу зауыттарда орнады. Осы жылдың 8 наурызында Ақмола уездік Кеңесі жұмысшылардың ұсынысы бойынша "Зингер" акционерлік қоғамы кәсіп жұмысшысы бақылауын енгіызу туралы қаулы қабылданды. Көп кешікпей Петропавл кеңесімен жұмысшы бақылауы орнады. Сауда-саттық ерекшеліктерін, кәсіпорындарына орнатылды. Мұндай әрекет өклетті басқа өнірлеріндегі (Доссор мұнай өнеркәсібіндегі, Қарағанды, шахталы, Успенск жене Сарысу кен кеңестерде де жүзеге асыралды. Жұмысшы мамандығын жүзеге оқыту банктерін мемлекет меншігіне алуға арналған шаралары болды. Олар БОАК-тің, 1917 жылы 27 желтоқсан "Банктерді мемлекет меншіктенуіне алу туралы", "Банктердегі болат сейфтерді тексеру туралы" жарлықтарының негізінде іске асырылды. Жергілікті жерлерде банктерді мемлекет меншігіне алу Кеңестерге әйеліне олардың қаржысы (финанс) бөлімдеріне жүктелді. 1918 жылы мектепте Орыс-Азиялық Банкінің бөлімші, Өскемен қаржы мекемесі мен қалалық банкі, Ақмола облысы аумағындағы банктердің филиалдары мемлекет меншігіне алынды.

Революциядан кейінгі алғашқы аралдарда банктерді мемлекет меншігіне алуды жергілікті кеңестер ауылдық-селолық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, еңбекшілерін әлеуметтік-мәдени сұраныстарын аттестаттау әйеліне ipi өндіріс орындарын қалдыруына келу үшін белгілі мөлшерде қаржыда болуға мүмкіндік алды.

Семей облыстық кеңесі қызметін кейбір мысалдарын келтірейікші: 1918 жылы мектепте алу комитеті: Семей уездік Кеңесіне ауыл-селолық және болыстық Кеңестерді ұйымдастыру, мектептер мен аурулар салу, мұғалімдер мен фельдшерлерді материалдық жағдайын жақсарту, азық-түлік, жеке іс қағаздарын жүргізушілері үшін Мемлекеттік банктің бөлімшелерінен 300 000 сом көлемінде несие болды; 1918 жылы 23 наурызда атқару комитеттер мәжилісінде Риддерге қаржылай көмек көрсету туралы мәселе талқыланды. Риллерде жұмысты жалғастыру ушін талап етілген ақша сомасы Өскемен уездік Кеңесінен сұралды. 1918 жылы 4 сәуірде Семей облыстық Кеңесі облысты жаңа мектептер құрылысына 2 900 000 сом саны сметаны бекітті; 1918 жылы 5 мамырда Павлодар уезд Кеңесі қазақ мектептеріне мұғалімдерді даярлау үшін 10 300 сом қолында ақша болуға қаулы алды. Банктер мемлекет меншігіне алу Кеңес өкіметін, экономика сала бірақ жағдайды біраз женілдетті, жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндіктер туғызды. Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестер қызметінің аса маңызды бағыты мәдени құрылыс проблемасы ең алдымен халыққа білім беру мәселесі болып табылды. Бұл сала бойынша Кеңес өкіметіне қиындығы мол мұра қалған еді. Елдің мәдени орталықтарынан алыс жатуы, халықтың басым көпшілігінің көшпелі тұрмыс салтын ұстануы, көне салт-дәстүрдегі орыс тұрғындарының болуы (әсіресе өлкенің шығыс өңірлерінде) және т. б. Қазақстан жағдайының өзіндік ерекшеліктері мәдени құрылысты кеңінен өрістетуге қосымша қиындықтар тудырды. Қарастырылып отырған кезенде Кеңестер алғашқы қадамды мектептерді қайта құрудан бастады. Облыстық, уездік және болыстық Кеңестер атқару комитетінің жанынан халыкқа білім беру бөлімдері құрылды. Облыстың және уездік білім беру бөлімдерінің жанынан мәдени-ағарту жүйесі ұйымдастырылды. Өлкедегі төңкеріске дейін болған мектептер саны халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Қазақстанда бастауыш мектептер тым аз болды, оған барлық мектеп жасындағы балалардың 4, 1%-ы ғана қамтылды.

1918 жылы көктемде өткен Қазақстан Кеңестерінің съездері басқа да

біркатар маңызды мәселелермен бірге халыққа білім беру проблемасын талқылады. Торғай облыстық Кеңестері съезінің қаулысында халыққа білім

беру мәселесі бойынша былай делінген болатын: «Мектеп бәріне бірдей тегін және тең болуға тиіс. Бастауыш білім алусегіз жастан бастап барлық бала үшін міндетті». Съездің шешімінде білім алудын алғашқы баспалдағында оқыту ана тілінде жүргізілуге тиіс екені айтылды. Оқытудың қалған баспалдақтарында «әрбір ұлттың өз калауы бойынша» оқытутілін еркін тандауына құқық берілді. Жалпы білім беретін мектептер жүйесін, әсіресе қазақ халқы үшін, едәуір кенейту карастырылды, мұғалім кадрларды дайындау мәселесі бойынша нақты шаралар белгіленді. Съезд Торғай облысында 679 мектеп барын, жыл сайын көбейе беретінін, Ақтөбе уезінде 194 қазақ, 123 орыс, Қостанай уезінде 250 қазақ, 198 орыс, Ырғыз уезінде 114 қазақ және 14 мектеп-интернат, Торғай уезінде 166 қазақ мектебі мен интернаты бар 13 училище жаңадан қосымша ашылатынын ескере отырып, 200 мың сом көлемінде облыстық мектеп корын құруды қарастырды. Семей облыстық Кеңесінің халыққа білім беру бөлімі Азамат соғысына дейін 100 жаңа училище ашты және 10 екі сыныптық училищені қайта жарақтандырды. 56 Мектептер мен училищелер ашу Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында

да белгіленді. Осындай кең көлемді жоспарларды іске асыру кезінде Кенес басшылығы күтпеген кедергілерге - мұғалімдердің бір бөлігінің шіркеулік және жеке меншік мектептерді мемлекеттік халықтық білім беру жүйесіне өткізу, балаларды оқытуды таза кеңестік сипатқа көшіру тәрізді мектептерді

кең көлемде қайта құруға келіспеушілік сияқты қасақылықтарына тап болды.

Петропавл РК(б) П ұйымы көсемдерінің бірі кеңестік жағдайда халықка білім беру мәселесі калай койылуы туралы өз түсінігін баяндай келіп, былай деп атап көрсетті: «Біздің алдымызда елдің бар өңірін кәсіптік білім беретін сипаттағы мектептер жүйесімен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Жоғары мектеп, университеттер кеңестік тұрғыда қайта ұйымдастыры-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ежелгі Қытай мәдениеті жайлы
Туристік ресурстарды дамыту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz