Логистикалық жобаларды басқару


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бизнес-технологиялар кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «КОМПАНИЯНЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ»

5B090900 - «Логистика (сала бойынша) »

Орындаған: Нұртай Г. А.

(қолы)

Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Мухамедиева Г. М.

(атағы) (қолы)

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №__, __ « » 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі Aхметовa З. Б.

(қолы және мөрі)

Нормобақылау Мұса Қ. А.

(қолы)

Алматы, 2022ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
4
: 1
Кіріспе . . .: ЛОГИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 7
: 1. 1
Кіріспе . . .: Логистика ғылым ретінде: концепциясы, даму тарихы . . .
4: 7
: 1. 2
Кіріспе . . .: Логистикалық қызметтерді ұйымдастырудың негіздері мен қолдану тиімділігі . . .
4: 12
: 1. 3
Кіріспе . . .: Шетел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі . . .
4: 20
: 2
Кіріспе . . .: КОМПАНИЯНЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ . . .
4: 33
: 2. 1
Кіріспе . . .: Қазақстандағы логистикалық жүйенің даму көрсеткіштері . . .
4: 33
: 2. 2
Кіріспе . . .: «Аkzhol incorporation» ЖШС компаниясының экономикалық-шаруашылық қызметінің жалпы сипаттамасы . . .
4: 44
: 2. 3
Кіріспе . . .: Қазақстан Республикасы компанияларында логистикалық жүйені қолданудың тиімділігі . . .
4: 50
: 3
Кіріспе . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОМПАНИЯЛАРЫНДА ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
4: 59
: 3. 1
Кіріспе . . .: «Аkzhol incorporation» ЖШС компанияның қызметін талдау . . .
4: 59
: 3. 2
Кіріспе . . .: Компанияның логистикалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
4: 63
:
Кіріспе . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 73
:
Кіріспе . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 74

Реферат

Диплoм жұмыcы кіpіcпeдeн, үш нeгізгі бөлімнeн, қopытындыдaн, 45 қoлдaнылғaн әдeбиeттep тізімінeн жәнe 14 кecтe, 14 cypeттен, 1 қосымшадан тұpaды. Дипломдық жұмыстың көлемі 75 бетті қамтиды.

ЛОГИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, КОМПАНИЯНЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОМПАНИЯЛАРЫНДА ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: аумақтық билік органдарымен ұйымдастырылған Алматы қаласының брендинг процестері.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: аумақтың брендингінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру және аумақтың брендинг стратегиясының тиімділігін бағалау әдістері. Дипломдық жұмыстың мақсаты: жаһандану жағдайында территориялық басқарудың имиджін арттыру үшін қаланың жергілікті брендін жасау. Жұмыстың мақсатына сәйкес міндеттері жүзеге асырылды.

Реферат

Дипломной работы состоит из введения, трех основных разделов, заключения, списка из 45 источников и 5 таблиц, 19 глав, 1 приложения. Объем дипломной работы 60 страниц.

БРЕНДИНГ, ИМИДЖ, ТЕРРИТОРИАЛЬНОЕ УПРАВЛЕНИЕ, МЕСТНЫЙ БРЕНД, МАРКЕТИНГОВЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ, КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТЬ

Объект исследования дипломной работы: процессы брендинга в г. Алматы, организуемые территориальными органами власти.

Предмет исследования дипломной работы: методы формирования основных показателей брендинга территории и оценки эффективности стратегии брендинга территории. Цель дипломной работы: создать локальный бренд города для повышения имиджа территориального управления в условиях глобализации. Задания выполнялись в соответствии с целью работы.

Abstract

The thesis consists of an introduction, three main sections, a conclusion, a list of 45 references and 5 tables, 19 chapters, 1 appendix. The volume of the thesis is 60 pages.

BRANDING, IMAGE, TERRITORIAL MANAGEMENT, LOCAL BRAND, MARKETING TOOLS, COMPETITIVENESS

The object of study of the thesis: branding processes in Almaty, organized by the territorial authorities.

Subject of research of the thesis: methods of formation of the main indicators of branding of the territory and assessment of effectiveness of branding strategy of the territory. The purpose of the thesis: to create a local brand of the city to enhance the image of territorial governance in the context of globalization. Tasks were performed in accordance with the purpose of the work.

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы - негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты - материалды ағымдарды толассыз басқару.

Шетелдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шетелде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйелердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық әдебиетінде логистикалық мәселелердің алатын орны маңызды және оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналған.

Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.

Логистикалық жүйенің элементі логистикалық жүйені басқару немесе жобалау міндеттерінің бөлігі ретінде логистикалық жүйенің байланыстырушы бөлігі болып табылады. Мысалы, егер қойма логистикалық жүйенің буыны ретінде қарастырылса, қабылдау, қабылдау, паллетизация, тасымалдау аймақтары логистикалық жүйенің элементтері болып табылады. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысының өзектілігін көруге болады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Шаруашылық міндеттерді шешуге логистикалық тәсілдердің көпжоспарлығын, олардың Экономика жұмыс істеуінің түрлі аспектілерімен өзара байланысын ескере отырып, логистика мәселелері соңғы уақытта шетелде де, Қазақстанда да кеңінен зерттеле бастады. Бұл бағытта В. А. Аникина, А. Б. Миротин, А. М. Гаджинский, Ю. М. Неруш, А. А. Смехова, В. П. Федько және т. б. шетел ғалымдарының еңбектері белгілі.

Қазақстанда логистика мәселелері ғалымдардың еңбектерінде бөлшектеп қарастырылады. Бұл ғылымға ең көп үлес қосқан Ахметжанов С. Б. , Бенке И. Ю., Бекмағамбетов М. , Исаева М. Г. , Каренов Р. , Қолдыбаев К. , Кенжегузин М. Б., Құрманалиев К. К. , Сағадиев К. А. , Тоғысбаева А. Б. және басқа да ғалымдардың еңбектері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Отандық компаниялардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

- логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу;

- логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру;

- шетел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін талдау;

- Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағын қарастыру, «Akzhol Incorparation» ЖШС компания мысалында іс-әрекетін талдау;

- Қазақстан Республикасы компанияларында логистикалық жүйені жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: және Қазақстан Республикасының кәсіпорындары негізінде және «Akzhol Incorparation» ЖШС компаниясы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Кәсіпорындарда логистикалық жүйелерді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың теориялық әдіснамалық негіздері. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда логистикалық ұйымдастырудың және оны реттеудің теориялы практикасының отандық және шетел экономист ғалымдарының еңбектері және заң актілері, Қазақстан Республикасы үкіметінің өкімдері.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:

Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер және баспасөз материалдары көрсетіліп кетеді.

Бірінші бөлімде логистиканың теориялық негіздері, логистиканың концепциясы, даму тарихы, логистикалық қызметтерді ұйымдастырудың негіздері мен қолдану тиімділігі, шетел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі кеңірек қарастырылады.

Екінші бөлімде компанияның логистикалық жүйесінің іс-әрекеттерін талданды. Қазақстандағы логистикалық жүйенің даму көрсеткіштері, «Аkzhol incorporation» ЖШС компаниясына сипаттама және Қазақстан Республикасы компанияларында логистикалық жүйені қолданудың тиімділігі қарастырылды.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы компанияларында логистикалық жүйелерді жетілдіру жолдары, «Аkzhol incorporation» ЖШС компаниясының қызметі талданып, Қазақстан Республикасында логистикалық жүйенің даму мәселелері және болашағы тереңірек зерттеліп, компанияның логистикалық жүйелерін жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар қарастырылды.

Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде логистикалық жүйенің тиімділігін арттыру, тәжірибедегі мәселелерін шешу жолдарын көрсетіп, ұсыныстар келтірілген.

1 ЛОГИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Логистика ғылым ретінде: концепциясы, даму тарихы

Бүгінгі таңда логистика ғылым, процесс, дербес қызмет, тұжырымдама, әдіснамалық және басқару құралы ретінде анықталған. «Логистика» түсінігін түсіндіруге қатысты ғылыми пікірталас көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Б. А. Аникинаның анықтамасы бойынша «әртүрлі типтегі процесстерді ұйымдастыру және олардың қосындысы» деп айтылса, М. Н. Григорьев, А. П. Долгов пен С. А. Уваров «Логистика - ұйым арқылы өтетін және ұйымға келетін және шығатын материалдық ағындарға жауап беретін функционалдық бағыт» деп есептеген.

Логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде «логистер» немесе «логистиктер» деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы византийлік патша VI Леон (б. з. 865-912 ж. ж. ) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақытылы қарайластыру жатады деп есептелген.

Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың ұйымдастыруына байланысты жеңіске және жеңіліске ұшырап отырған. Мысалы, Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыстағы британдықтардың жеңілуі көбінесе ағылшын әскерлерінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен түсіндіреді. Соғыстың ең өршіген кезеңінде американдық континентте британдық әскердің құрамында 12 мың отряд болды, олар Англиядан тек қару-жарақ емес, сондай-ақ азық-түлікте алулары тиіс еді. Соғыстың алғашқы 6 жылында өмірлік маңызы бар бұл жабдықтарды ұйымдастыру әскерлердің қажеттілігіне пара-пар болмады, бұл өз кезегінде әскери әрекеттердің сипатына және сарбаздардың моральды жағдайына кері әсер етті. Әскерлердің дәлме-дәл қамтамасыз етілуі тек 1781 жылы ғана жүзеге асты, ал бұл тым кеш болды.

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе, американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы алғы шептегі жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағармай материалдарымен және азық-түлікпен уақытылы және жүйелі түрлі қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да «logisties» сөзін әскери: 1) тыл және жабдықтау; 2) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: «Логистика гректің «logistike» сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Еуропада XVII ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы «calculus ratiocinator» (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды» .

Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логикаға кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын математиканың философиялық мәселелер саласындағы бағыты) . Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысындағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.

Логистика бойынша, бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XIX ғасырдың басында француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: «логистика - әскерлерді маневрлеудің тәжірибелік өнері». Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т. б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XIX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты.

Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми тәжірибелік бағыты, яғни өндіріс және айналым салаларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.

Экономикада логистаканың кең қолданылуы 60-70 жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларының іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді.

Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Логистикалық тәжірибенің әлеуетін алғашқы болып американдық ғалым мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның әлеуетті мүмкіндіктерін «Шығындарды үнемдеудің соңғы шегі» және «Экономиканың танымал материгі» ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Портер, Д. Стон және басқалары осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасына шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.

Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілерді: үйлесімдік, рационалдылық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

Логистикадағы зерттеу нысаны логистикалық жүйелердегі ағындарды басқарудағы ресурстарды оңтайландыру болып табылады. Ұйымның ресурстарын оңтайландыруда логисттердің рөлін логистикалық қызмет пен жабдықтау тізбегін басқаруда көруге тура келеді.

Негізгі және ілеспе αғындарды басқару үшін ұйымдастырылған логистиканың негізгі түсінігі - логистикалық жүйелер.

Логистикалық жүйе - бұл материалдық, сервистік және ілеспе ағымдарды басқарудың бірыңғай процесінде өзара байланысқан элементтерден құрылымдалған экономикалық жүйе.

Басқару, зерттеу және жобалау мақсаттары үшін логистикалық жүйені ішкі жүйелерге, сілтемелер мен элементтерге бөлуге болады.

Логистикалық жүйенің ішкі жүйесі - бұл логистикалық жүйені және кәсіпорын қызметінің жеке саласында логистикалық функциялар кешенін басқару міндеттерін шешу үшін ұйымдастырушылық құрылымға сәйкес бөлінген логистикалық жүйенің бөлігі.

Логистикалық жүйенің функционалды және қосалқы ішкі жүйелерін бөліп қарастыру логистика үшін қалыптасқан жағдай болып табылады. Функционалды ішкі жүйелер (логистиканың функционалды бағыттары) - жеткізу, өндіру және бөлу. Қосымша ішкі жүйелер ұйымдық, экономикалық, құқықтық, кадрлық қαмтамасыз ету және логистикалық ақпараттық жүйе болып табылады.

Логистикалық жүйенің буыны - бұл логистикалық қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырумен байланысты жергілікті мақсатты орындайтын белгілі бір экономикалық және функционалды оқшауланған объект. Мысал ретінде компания немесе заңды тәуелсіз кәсіпорынды қарастырамыз. Бір логистикалық жүйенің байланыстары логистикалық процесті бірыңғай басқаруға ие болуы керек. Логистикалық жүйеде сілтемелер мысалына жеткізушілер, тұтынушылар және логистикалық делдалдар жатады. Өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындары көбінесе орталық компания деп аталады, оларға қатысты бірінші және екінші тараптар жеткізушілер мен тұтынушылар, ал үшінші тарап логистикалық делдалдар болып табылады. Орталық компанияның ішінде логистикалық жүйенің байланыстарын ажыратып алуға болады. Мысалы: материалдық ресурстар қоймасы, өндірістік бөлімдер, дайын өнім қоймасы және т. б. сияқты ажыратуға болады.

Логистикалық жүйенің элементі логистикалық жүйені басқару немесе жобалау міндеттерінің бөлігі ретінде логистикалық жүйенің байланыстырушы бөлігі болып табылады. Мысалы, егер қойма логистикалық жүйенің буыны ретінде қарастырылса, қабылдау, қабылдау, паллетизация, тасымалдау аймақтары логистикалық жүйенің элементтері болып табылады.

1-Кесте. Логистиканың даму кезеңдері

Логистиканың даму кезеңі
Кезең мәні
Логистиканың даму кезеңі: 1-кезең
Кезең мәні: Ұйымдағы логистика қоймалау мен дайын өнімді тасымалдаумен байланысты. Логистикалық стратегиялар әлі енгізілмеген, ал логистикалық функциялар күнделікті сұраныстың өзгеруі мен өнімді тарату процесі барысындағы пайда болған мәселелерге байланысты болып өзгеріп отырған.
Логистиканың даму кезеңі: 2-кезең
Кезең мәні: Логистика тапсырыс берушіге қызмет көрсету, тапсырыстарды өңдеу, қоймалау, дайын өнімнің қорларын басқару, тасымалдауды біріктіреді. Басқаша айтқанда, осы кезеңде дайын өнімді тарату барысындағы орын алатын барлық логистикалық функцияларды біріктіреді. Бұл кезеңде тауарды тарату стратегиясы қалыптасуы мүмкін.
Логистиканың даму кезеңі: 3-кезең
Кезең мәні: Кәсіпорындар сатып алуларға логистикалық тәсілді енгізуде. Осы саладағы логистика шикізатты кәсіпорынға жеткізуді, материалдарды түгендеуді, жартылай дайын өнімдерді, шикізатты, материалдарды сатып алуды, логистикалық жүйелерді жобалауды қамтиды. Бірқатар кәсіпорындар өндіріс пен бөлу интеграциясы ретінде үшінші кезеңді ұйымдастырады, ол үшін сату және бөлу жоспарлары негізінде өндірістік қуаттарды пайдалану жоспарлары құрылады, бірақ тарату арналары бойынша. Логистиканың осы деңгейінде кәсіпорындар негізгі көрсеткіштер жүйесін енгізеді, сапа стандарттары мен озық тәжірибелермен салыстыру негізінде кәсіпорын логистикасының қызметін бағалайды.
Логистиканың даму кезеңі: 4-кезең
Кезең мәні: Логистиканың барлық функционалды бағыттары интеграцияланған, кәсіпорындар логистикалық жүйелерді жобалау мәселелерін шешеді және әртүрлі елдердің заңнамаларын ескере отырып, ғаламдық жұмыс деңгейіне жетуге болады. Кәсіпорындар технологиялық тәсілді белсенді қолданады, жеткізілім тізбегін басқару тұжырымдамасын жүзеге асырады.
Логистиканың даму кезеңі: Ескерту: [34] мәліметінің негізінде автормен құрастырылды

1-кестеден көріп отырғанымыздай, логистика бірден қалыптаспаған. Негізгі 4 қалыптасу кезеңінен өткен логистикада логистикалық нарық ұғымы 3 кезеңде ғана қалыптасып бастаған. Кестеде белгілі болғандай, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен сол кезеңде болған толықтыруларды көре аламыз. Кезеңнен кезеңге ауысу біртіндеп немесе жедел бағытта болуы мүмкін (ішкі және ұйымаралық бірігу нәтижесінде) . Кезеңнен кезеңге біртіндеп өту алты айдан екі жылға дейін, ал дамудың бірінші кезеңінен төртінші деңгейіне көшу шамамен 20 жылға созылады.

Логистикалық провайдер (логистикалық делдал, логистикалық қызмет жеткізушісі, логистикалық оператор, логистикалық компания) - логистикалық қызмет көрсететін, жеке операцияларды немесе күрделі логистикалық функцияларды орындайтын, сондай-ақ клиенттік кәсіпорынның логистикалық тізбегін басқаруды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.

Нарықта логистикалық делдалдардың алуан түрі бар. Олардың әрқайсысының негізгі атқаратын қызмет түрлері мен функцияларының аялары бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы олардың атқаратын қызмет түрімен, сондай-ақ олардың қаншалықты механикаландырылғанын немесе автоматтандыруды пайдаланатындығымен де түсіндіріледі. Сондай-ақ, олардың нарықтағы басқа да қатысушылармен қандай байланыста болатындығы да олардың функцияларын анықтауға септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өткізудегі қорларды басқару
«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы
Транс - еуропалық көлік желісін қаржыландыру
Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі экономикадағы орны
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz