Заң саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шығыстану факультеті
Қиыр Шығыс кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Заң саласындағы мәтіндерді корей тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері»
5B020700 - «Аударма ісі»
Орындаған: Райқұл І.
Ғылыми жетекші: Кыдырбаев Б. М.
Алматы, 2022ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Қазіргі таңдағы аударма
1. 1 Аударма түсінігі, функциясы және рөлі
1. 2 Аудармаға қойылатын талаптар
1. 3 Аудармашы этикасы
2 Заң саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
2. 1 Құқықтық құжаттардың негізгі түрлері
2. 2 Заң мәтіндерін аударудағы лингво-мәдени факторлар
2. 3 Заң терминдері мен мәтіндерін аудару жолдары
3 Заң мәтіндерін корей тілінен қазақ тіліне аудару (келісім-шарт негізінде)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Құқық қай елде де болмасын саяси және мәдени ерекшеліктерге байланысты сала болғандықтан, құқықтық аударма аударма саласының қиын түрлерінің бірі болып саналады. Себебі заң мәтіндерін барабар жеткізу үшін заң аудармасының тілі міндетті түрде дәл, түсінікті және анық болуы қажет. Заңдық мәтіндерді аудару мәселелері негізінен аударма тілде бастапқы тілдегі терминдерді дәл қайталай алатын тіл бірліктерінің болмауына байланысты. Сонымен қатар, мәтіннің халықтың мәдени ерекшеліктерімен менталитетіне, сондай-ақ белгіленген құқықтық нормаларға тәуелді болуына байланысты сөзбе-сөз аударма, түпнұсқа тіліндегі мәтіннің мазмұнына сәйкес келмейтін жағдайға әкеледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Корей тіліндегі заң мәтіндерін қазақ тіліне аудару ерекшелігін көрсету зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды: 1. Аударманың түсінігін, функцияларын және рөлін қарастыру; 2. Құқықтық құжаттардың негізгі түрлерін анықтау; 3. Құқықтық құжаттарды аудару ерекшеліктерін талдау;
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Өзге елдермен қарым-қатынастардың дамуы заңгерлерден шет тілін білуді ғана емес, сонымен қатар заң мәтіндерін бір тілден екінші тілге аудара білуді талап етеді. Құқықтық құжаттарды аудару кезінде елдердің заңнамасындағы бар айырмашылықты, халықтың тарихы мен мәдениетінің әсерін ескере отырып, аудармашының алдында бір тілден екінші тілге аудару кезінде құқықтық құжаттардың мазмұнын барабар тәржімалау мәселесі туындайды.
Зерттеу объектісі.
Орыс, қазақ, корей тілдеріндегі заң мәтіндері, заңнамалық құжаттар, заң мәтіндерін аударуда қолданылатын заң терминологиясы.
Зерттеудің жаңалығы.
Құқықтық мәтіндер қазіргі әлемде орасан зор рөл атқарады және қоғамның құқықтық және тілдік мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, заң мәтіндері сан алуан түрлерімен және айқын тілдік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Зерттеушілердің құқықтық мәтіндерге үнемі назар аударғанына қарамастан, олардың көпшілігі әлі де аз зерттелген. Көптеген ғалымдар көркем мәтінге тән терминология туралы зерттеулер жүргізді. Алайда, отандық та, шетел тіл білімінде де корей және қазақ тілдері мысалында құқықтық мәтіндерді аудару жолдары мен олардың ерекшеліктерін қарастыруға арналған арнайы зерттеу жұмыстары жоқ.
Практикалық және теориялық маңызы.
Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы заңға байланысты терминология кездесетін мәтіндерді аударудың жалпылама мәселелері аз зерттелгендіктен, зерттеуді қажет етеді.
Тәжірибелік маңыздылығы дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижелерін заңдық аудармалар саласындағы аудармашылардың практикалық қызметінде пайдалануында.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Аударма түсінігі, функциясы және рөлі
Әрбір мемлекет, халық және оның мәдениеті бір-бірінен ерекшеленеді. Әр елдің өзге халық үшін қызықты болатын өзіндік ерекшеліктері болады. Ерте заманнан бері қазіргі уақытқа дейін елдер арасындағы экономикалық, саяси және мәдени салалар бойынша өзара әрекеттестікке үлкен мән беріліп келеді. Алайда, ерте кезден қазіргі заманның ерекшелігі серпінді дамуында. Әлемнің түкпір-түкпірінен елдердің жақындасуының арқасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту жеңіл болды. Сол себепті, қазіргі ақпарат басқаратын заманда бұл үдерісті жүзеге асыру барысында, сөзсіз, аудармашылар үлкен рөл атқарады.
Аударма халықтар арасында бір сәттік байланыспен қатар ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Қай кезде де тілдік кедергі туған жағдайда, ол мемлекет өкілдері болсын, не интернет желісімен танысу болса да байланысты орнатушы аудармашы. Ұзақ ғасырлар бойы тәржімалау қазіргі кезге дейін қалыптасып келе жатқан адамдардың құндылықтарының дамуында үлкен рөл атқарып келеді.
1955 жылы ХХ ғасыр «Babel» журналында аударма ғасыры болып жарияланды. Әрбір елдің ғалымдары ұлттық мәдениеттердің қалыптасуы мен ақпараттық алмасуында аударманың ерекше рөлін атап өтеді. Қазіргі заманауи адам шетелде шығарылып, әкелінген тұрмыстық-техникалық заттардың нұсқаулығын оқыған кезде, өзге елде сол мезетте орын алып жатқан оқиғаларды интернет желісінің жаңалық сайттарынан немесе теледидардан естігенде, шетелден келген серіктестермен келіссөздер жүргізу қажет болған жағдайда аудармашының еңбегінің жемісін көре алады. Сонымен қатар, бұл тізімде өткен ғасырлардағы аудармашылардың еңбегін айта өту қажет, өйткені біз қазірде Киелі кітапты және көптеген көркем шығармалар мен ерте кезден қазіргі заманға дейін жеткен ұлы ғалымдардың зерттеу жұмыстарын ескі аудармалардан оқи аламыз. Қазіргі уақытта, техниканың даму ғасырында, әлбетте, аудармашыларға ең үлкен қажеттілік техникалық салаларда байқалады.
1987 жылы «London Computer Integrated Translation GmbH» мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі аударма көлемі жылына 200 миллион бетті құрап, оған деген қажеттілік жылына 15%-ға өсті. Дәл осындай тенденция шамалы өсумен соңғы жылдары да жалғасуда. Аударылған мәтіндердің ең үлкен көлемі - іскерлік хат-хабар, одан кейін әр түрлі түрдегі тұтынушыға арналған ақпараттық мәтіндер (нұсқаулар, брошюралар, газет-журналдар және т. б. ), содан кейін ғылыми-техникалық мәтіндер, шарттық мәтіндер, техникалық сипаттамалар болып табылады.
Тілдік кедергілер әрдайым бар, өйткені адамзат тарихи тұрғыдан көптілді. Қазіргі зерттеушілердің пікірінше, әлемде тірі тілдердің саны 7151-ге дейін жетеді. Өкінішке орай, барлық тілдердің 3000-ға жуығына жоғалу қаупі төніп тұр. Тілдердің негізгі бөлігі өте аз адамдар сөйлейтін тілдер, олардың кейбіреулерінде 100-ден 1000-ға дейін сөйлейді.
Шағын топ адамдар ғана қолданатын тілде сөйлейтіндердің халықаралық мәдени байланыс орнатуының ең танымал тәсілі - қостілділік. Шағын топ адамдар ғана қолданатын тілде сөйлейтіндер ғылыми мақалалар, көркем шығармалар мен жаңалықтарды жазатын шет тілі әдетте сөйлейтіндер саны көп негізгі тілдердің бірі болып табылады: ағылшын, неміс, француз, испан тілдері. КСРО болған кезде мұндай тіл көптеген халықтар үшін еріксіз орыс тілі, ал Исландия мен Норвегия үшін дат тілі болды. Мәдени байланыстар үшін делдалдық тілді пайдалану тәжірибесі жаңа емес. Аударманың негізгі мақсаты - оның тілдік және мәдени кедергілерді еңсерудегі жетекші рөлі. Тілдік кедергілерді еңсерудің ерекше жағдайы, жоғарыда айтылғандай, шет тілдерін дамыту деп санауға болады.
«Аударма» ұғымы қызметтің кең ауқымын қамтиды. Ол жазбаша түрде де әрекет ете алады - өлеңдерді, көркем әдебиеттерді, іскерлік мақалаларды, саясаткерлердің мақалалары мен сөйлеген сөздерін, ғылым мен мәдениетті, газет публицистикасын, діни мәтіндерді және ауызша - мысалы, баспасөз конференциясы, келіссөздер, спикердің сөзін аудару. Барлық уақытта аударма өркениет дамуының ең жоғары деңгейінің қалыптасуына ықпал етті: «Антикалық дәуірде ол грек және рим мәдениеттерінің сабақтастығына, орта ғасырларда христиандықтың кейіннен ислам дінінің таралуына, кейінгі барлық ғасырларда бір-біріне ықпал етті. Әлем халықтарының өнерін, ғылымын, әдебиетін, материалдық және тұрмыстық мәдениетін байытты» [Алексеева 2006: Алексеева И. С. Введение в переводоведение. М. : Academia, 2006. 8]
Л. С. Бархударов аударманы бір тілдегі мәтінді мазмұн жоспарын сақтай отырып, өзге тілде жеткізу процесі деп анықтайды. «Өзгеріссіз мазмұн жоспарын сақтау» туралы абсолютті мағынада емес, тек салыстырмалы түрде айтуға болады. Бір тілден екінші тілге аудару кезінде жоғалтулар сөзсіз, яғни түпнұсқа мәтіні арқылы берілген мағынаны толықтай жеткізу мүмкін емес. Бұл кезеңде аудармашының міндеті - бұл эквиваленттікті барынша толығырақ беру болып табылады. Аударма эквиваленттігі (латын тілінен aequus - тең, тең құнды және valentis - жарамды, берік) - бұл мазмұнның ортақтығы, түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің баламалылығы. Бұл ұғым аударма теориясының негізінін бірі, өйткені түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің эквиваленттілігіне, баламалылығына қол жеткізу аудармашының басты міндеті болып табылады.
Қазіргі таңда аударма, әсіресе машиналық аударма жете дамып келеді. Жақын болашақта Meta Holding компаниясы бір мезетте аударатын универсалды аудармашыны дайындауды қолға алды. Meta Holding кез келген, тіпті ең сирек тілде сөйлейтіндерге қажет болған жағдайда сөйлеу мүмкіндігін беретін жаңа аудармашыны қолдана отырып, тілдік кедергіні толығымен жоюға уәде береді. Бұл үшін Meta екі бағытта машиналық оқытудың жаңа әдістерін әзірлеген. Let's Lose Any Language бағдарламасы жасанды интеллекті екі тілден бірнеше мысалдарды қолдана отырып, аударуға үйретеді. «Әмбебап аудармашы» кәдімгі жазбаша компонентсіз нақты уақыттағы аударма жүйелерін жасайды. Әзірше Meta Hоldіng компаниясы жобаны жүзеге асырудың белгілі бір мерзімдерін атамады. (6қ)
Ал Сәтбаев университетінің студенті Жанғали Мақсұтов мәтінді лезде аударатын роботты ойлап тапты. Тиранд есімді робот студенттің төрт жылдық еңбегінің жемісі. Оның алдыңғы төрт роботы сөйлей алмайтын болған, ал өз кезегінде Тирандтың қозғалу және сөйлеу мүмкіндігімен қатар 26 функциясы бар. Сырттай робот «Трансформерлер» фильміндегі кейіпкерлерге ұқсас болып келеді. Жанғали роботты өз бетінше ойлап тауып, макетін әзірледі. Жас жігіт жасанды интеллект саласының маманы болғысы келетіні жөнінде атап өтті. (7қ)
Аудармашы - бір уақытта екі мәдениетке жүгінетін, кем дегенде, екі тілде сөйлей алатын адам. Аудармашыны кейде екі түрлі мәдениетті байланыстырып тұратын көпір деп те атайды. Дж. Мунен аударманы қостілділіктің ерекше жағдайы ретінде анықтады. Аудармашылардың көпшілігі ана сүтімен берілген бір тілмен қатар, осы тілмен бірге сіңірген бір мәдениетті жете біледі. Үстем тіл мен үстем мәдениет арқылы басқа тілдегі көркем шығармалардың мағыналары ашылып, басқа елдің мәдениеті жайындағы ақпарат қабылданады. Аударма процесінде екі тіл де сөйлеу кезінде бірге әрекет жасайды және бір уақытта қызмет етеді.
- Аудармаға қойылатын талаптар
Аудармашы мамандығы - бұл ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Себебі, ерте кезден әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар бір-бірімен байланыс орнату үшін осындай екі тілді жетік меңгерген адамның көмегіне жүгінген. Аудармашылардың көмегінің арқасында өзге елде осы сәтте болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, сол халықтың мәдениетімен танысып, дүниеге көзқарасымызды кеңейтеміз. Сол себепті де, аудармашы мамандығының пайдалылығы сөзсіз және әрдайым дәлелденіп отырады.
Қай ғасырда да болмасын, аудармашы болу үшін ең бастысы тілді біраз игеріп, филологиялық білім алу деген ойларымен бөлісе отырып, адамдар аудармашылардың жұмысын жете бағаламайды. Мектеп кезден, әсіресе, ағылшын тілі сабағында оқушылар таныс емес сөздердің аудармасын, кейіннен сөйлем, мәтіндерге аударма жасайды. Бұл жағдайда оқушыларға аударма жасаудың жолдары, тәсілдері және қосымша не білу қажет екенін түсіндірілмейді. Әдетте, аудару үшін тілді кішкене білген де жетерлік деген ой болады. Ал, осындай оймен жасалған аударманың сапалылығы қаншалықты жарамды болатыны әр адам үшін әрқалай.
Аударма процесі барысында аудармаға қойылатын талаптарды әр ғалымдар әр түрлі қояды. Яғни белгілі бір талаптар тізбесі берілмеген, бірақ, әрбір авторлардың қойған талаптарынан ортақ нәрсені шығаруға болады. Мысалы, Л. К. Латышев ең басты талап ретінде, берілген мәтін шығыс мәтінге коммуникативтік тұрғыда балама болуы керек, яғни адресатқа әсер етуі аударатын мәтіннің әсерімен бірдей болуы керек деп көрсетеді. Мұнда, шығыс тілі және кіріс тілі адресаттарының мәтіннің екі нұсқасын да қабылдаудағы және оларға реакциясы объективті түрде бірдей болуы қажет. Сол секілді Х. Савори де аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс деген талап қояды. Х. Саворидың нұсқасы бойынша аудармаға қойылатын талаптар келесідей:
1. Аударма түпнұсқаның сөздерін беруі керек.
2. Аударма түпнұсқаның мағынасын беруі керек.
3. Аударма түпнұсқа тәрізді оқылуы керек.
4. Аударма аударма тәрізді оқылуы керек.
5. Аударма түпнұсқаның стилін беруі керек.
6. Аударма аудармашының стилін беруі керек.
7. Аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
8. Аударма аудармашыға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
9. Аудармада автор қосқан және түсірген сөздер болуы мүмкін.
10. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген
(опущения) сөздер болмауы керек.
11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.
12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс [аударма өзектілігі, 22 б. ] .
Қазіргі таңда аударма негізінен 5 критерий бойынша бағаланады. Біріншіден, ол, мазмұнның сәйкестігінде. Қандай да бір олқылық шыққан жағдайда, бұл, деректік қате болып есептелінеді. Екіншіден, аударма заңдылықтарын ұстану. Яғни, орфографиялық, синтаксистік, морфологиялық, лексикалық қателерге жол бермеу. Үшіншіден, автордың мақсаты. Аудармашы халықтың мәдениетіне барынша сінісіп, ізденбесе, қандай да бір қанатты сөздің түп мағынасын теріс түсінген жағдайда, қате аударма кесірінен автордың шығармада қойған негізгі мақсаты өзгеріске ұшырайды. Төртіншіден, мәтіннің реңін сақтау. Ұғымдардың негізгі мағынасына қосымша реңктер жиі қосылады, олар автордың сөйлеу тақырыбына эмоционалды қатынасын білдіруге қызмет етеді. Осылайша, мәтінде коннотацияны жеткізе білу керек. Бесіншіден, аудармашының ойы түпнұсқа авторының көзқарасымен қайшы келген болса да, мәтіннің реңін сақтай отырып, негізгі идеяны оқырмандарға жеткізу. Сол секілді аударманың дәлдігі, ықшамдылығы, айқындылығы және әдебилігі секілді талаптар аударманың кез келген түріне қойылады және талаптардың сол аударма түріне байланысты негізгі маңыздылығы анықталады. Мысалы, заңдық талқылауларды аудару кезінде белгілі бір заңмен танысуға арналған оқырмандардың кең ауқымына арналған мәселелер, анықтық пен стиль ақпаратты берудің дәлдігінен маңыздырақ болуы мүмкін, ал елде шыққан үкімді аударуда дәлдік ең басты талап болып табылады.
Құқықтық мәтіндерді аудару мәселелері негізінен аударма тілде бастапқы тілдегі терминдерді дәл қайталай сөз бірліктерінің болмауына байланысты. Сонымен қатар, мәтіннің халықтың мәдени ерекшеліктері мен менталитетіне, сондай-ақ белгіленген құқықтық нормаларға тәуелділі болуына байланысты сөзбе-сөз аударма, түпнұсқа тіліндегі мәтіннің мазмұнына сәйкес келмейтін жағдайға әкеледі. Мәтіннің бұл түріне тән қасиет «клерикалдық стильдің басымдылығы» - кеңселік клишелердің көптігі, лексиканың кейбір консерватизмі, күрделі, қолайсыз синтаксис, нұсқаушы семантикасы бар модаль сөздердің көптігі, осы шақтағы етістік формаларының басым болуы. Құжат мәтіндері, әдетте, дайын үлгі бойынша аударылады, өйткені аудармада бір мағыналы эквиваленттер мен түрлендірулер басым болады. Өмір бойы адам кәсіби заңгерге жүгінуді талап ететін әртүрлі жағдайларға тап болады. Жеке және заңды тұлғалардың құжаттарының аудармасын «құқық саласына қатысты және әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында құқықтық ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын мәтіндердің аудармасы» деп сипаттауға болады.
1. 3 Аудармашы этикасы
Кез келген мамандықтың өз моральдық нормалары мен кәсіби мінез-құлық заңдылықтары болады, оны бұзуға болмайды. Аудармашы мамандығы да бұдан тыс емес. Демек, аудармашыға кәсіби этика керек. Ол неден тұрады? Ол моральдық принциптерді, кәсіби мінез-құлық нормаларын, кәсіби жарамдылыққа қойылатын талаптарды, аудармашының өзінің құқықтық жағдайын тиянақты білуін, аударманы техникалық қамтамасыз етумен таныстыруды қамтиды. Аудармашының моральдық принциптері, яғни аудармашы үшін ненің мүмкін, ненің мүмкін еместігін анықтау оңай шаруа емес.
«Аудармашының міндеті - түпнұсқаның мазмұнын оның стильдік және экспрессивтік ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен тұтас, дәл жеткізу. Аударманың «тұтастығын» жаңа тілдегі форма мен мазмұнның бірлігі деп түсіну керек. Аударма дәлдігінің критерийі сәйкестік болса ақпарат әртүрлі тілдерде жеткізілсе, тек осындай аударма толық (толық немесе барабар) деп танылуы мүмкін, бұл ақпаратты баламалы құралдармен жеткізеді. Басқа сөзбен айтқанда, перифразациядан айырмашылығы, аударма түпнұсқада не айтылғанын ғана емес, сонымен бірге ондағы айтылу тәсілімен де жеткізуі керек. Бұл талап берілген мәтіннің тұтас аудармасына да, оның жеке бөліктеріне де қатысты. (Рецкер Я. И. Теория перевода и переводческая практика. М. 2007 с 10)
Адамдар арасында түсіністік пен достық қарым-қатынас орнатуда оның жұмысы шешуші рөл атқарады. Жазушы-аудармашылар аудармаға баға бергенде ең алдымен аударма мәтінінің түпнұсқа мәтінмен салыстырғанда оқырман ретінде өздеріне қандай әсер қалдырғанына, автордың қандай көңіл-күйді жеткізгісі келгенін ескере отырып, аудармашы сол сезімді тудыратынына мән береді. Әлбетте, әсерлердің, көңіл-күйдің және эмоциялардың бағыты жеткілікті түрде барынша нақты болып келмейді және дәл талдау үшін біраз уақыт пен ойлауды қажет етеді. Бірақ, дәл аударма қателерінің нақты мысалдарымен дәлелденген түпнұсқа мен аударылған мәтінді қабылдаудағы сәйкессіздік аударма скептицизмі деп аталатын, яғни жоғары сапалы толық мәтінді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығаруға әкелді.
Аударма жағдайында этикалық нормаларды сақтау аударма нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді. Аудармашылық адамдармен тікелей байланысты талап ететін мамандық болғандықтан, аудармашы ең алдымен кез келген кәсіби этикада кездесетін қарым-қатынас этикасын сақтауды талап етеді. Бұл аудармашының өзін-өзі ұстай білетін қабілетінің болуымен қатар, тәрбиелі адам болуы керек деген сөз. Тәрбие туралы ойлардың ауқымы өте кең болғанымен, бірақ әрқашан тәрбиенің негізінде адамның өзіне деген құрметі секілді басқа адамдарға да сондай құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін ережелер болады. Адамды оның алдында «ол» деп атау құрметсіздік болып есептелінеді. Дұрыс аударма есімдіктің тұлғасын өзгертуге, яғни бір грамматикалық форманы екіншісіне ауыстыруға жол бермейді. Әсіресе, корей мәдениетінде бөгде адамға сөйлеген кезде аты-жөніне әдетте, мырза деп аударылатын씨 демеулік қосылып, айтылғанымен, сол кісінің лауазымына байланысты шақыру дұрыс болады.
Егер аудармашыға арнайы тапсырма берілмесе, ол бүкіл шығарманы, яғни барлық мәтін бірліктерін түпнұсқа тілде жеткізуге міндетті: тақырып, автордың атаулары, сілтемелер, иллюстрациялар астындағы жазулар және т. б. Тілдердегі сөздер мен мәтін үзінділері түпнұсқа тілден басқа (мысалы, корей тіліндегі мәтінде ағылшын, қытай тілдеріндегі үзінділер бар), аударма мәтініне өзгеріссіз ауыстырылады. Кәсіби жарамдылықты анықтайтын қасиеттердің ішінде олар әдетте жақсы есте сақтауды, ауыспалылықты, психикалық тұрақтылықты, байланысты, интеллектті атайды. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын аударма қателерінің себебін ең алдымен аудармашының білімінің жоқтығынан іздеу керектігі айтылған. Аудармашының білімінің жеткіліксіздігі, біріншіден, түпнұсқа тілін нашар меңгергендіктен, екіншіден, «автордың жеткізгісі келген ойын», яғни түпнұсқа мәтінде не талқыланып жатқанын жеткіліксіз білмеуінен байқауға болады. Түпнұсқа мәтінді зейінсіз оқу филологиялық білімнің төмендігінен де болуы мүмкін. Аудармашыда «лингвистикалық сезімталдық» қалыптаспағандықтан, ол аударма шығармасының стильдік ерекшеліктерін түсіне алмайды. Аудармашы белгілі бір сөздің немесе сөз тіркесінің негізінде қандай ұғым жатқанын, фразеологиялық айналымда қандай ұғымды қолдану орынды болатынын және сипатталған оқиғада қандай көңіл-күй берілгенін дұрыс түсінбеуі мүмкін.
Неғұрлым жалпы түрде бастапқы мәтіннің мағыналар жүйесін ашу кезіндегі аударма қателерінің себептерінің типологиясын келесідей көрсетуге болады:
1. Түпнұсқа тілін жеткіліксіз білу.
2. Когнитивті тәжірибенің жеткіліксіздігі. Түпнұсқа мәтінде сипатталған шындық саласы туралы білімнің болмауы.
3. Түпнұсқа мәтіндегі мағыналар жүйесіне немқұрайлы қатынас. Автордың тақырып туралы айтқанын дұрыс түсінбеу.
4. Жеке стильдің ерекшеліктерін ажырата алмау түпнұсқа шешендік шығарманың авторы . (Гарбовский Н. К. Теория перевода: Учебник. 2007 стр 514)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz