Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер
1.аЙТЫС ЖӘНЕ Бүгінгі таңдағы айтыс өнері
1.1Айтыс өнерінің шығу тарихы, түрлері
Айтыс дәстүрі түркі тілдес елдердің көбінде-ақ кездеседі, алайда, бұлардың ешқайсысы біздегі айтыспен теңесіп иық тіресе алмайды. Сол себепті біздегі дәстүрлі және бүгінгі айтыс өнері халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан өзінің сан алуан көркемдік, танымдық сипаттарымен ел мақтанышына айналып отыр.
Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі - оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар - топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.
Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі - онда Халық театрының анық, дәл ұрығы бар (М.Әуезов), айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды.
Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде тәрбиеленіп өсті. Айтыс - ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.
Айтыстың көркемдік ерекшелігі. Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері - өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады.
Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес [29. 408 б.], -
деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, қырандай желді күнгі аспандаймын деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз.
Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі - метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі.
Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем.
Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі - ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді.[29. 408 б]
Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді:
Қонжиып мінер Құла жорға барса,
Келе алмас ол шірігің қорғаласа,
Ол бізді шын масқара қылар сонда,
Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.[29. 409 б]
Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді.
Сөйтіп, Біржан мен Сара айтысының негізгі түйіні - әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді.
Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс - салт айтыстың ең биігі.
Аталы сөзді арсыз қайырады деген нақылды берік ұстанған халқымыз үлкен демей, кіші демей, жас демей, кәрі демей, еркек демей, әйел демей айтысушы ақынның қайсысының сөзі маңызды, өмірге, шындыққа жақын болса, соны қолдап, көтеріп отырған.
Ақындар айтысында жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында, Ырысжан:
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, Майданда озса жүйрікке есептелік. Орта жүз түгел білген Ырысжанмын Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, - деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ,
Алты арысқа білінген екен менмін, [31. 190 б] - деп, асқақ жауап қатады.
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір - біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.
Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі ойында өрелік жоқ дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.
Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ сиыршылау деп атайды. Шынайы ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, әрі қарай сөз таластырмайды. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі - оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар - топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.

Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері - өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, - деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, қырандай желді күнгі аспандаймын деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі - метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі - ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.
Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді, Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді.

Қонжиып мінер Құла жорға барса, Келе алмас ол шірігің қорғаласа, Ол бізді шын масқара қылар сонда, Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.
Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні - әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс - салт айтыстың ең биігі.
Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы Жар - жар мен Бәдік жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы - екі дай жұрттың ортасында бетпе - бет отырып, қолма - қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір - бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (Жар-жар, Бәдік), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (Ақсұлу мен Кеншімбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Құлмамбет, Молда Мұса мен Манат қыз, Кемпірбай мен Шөже, Орынбай мен Тоғжан, Біржан мен Сара тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет - ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе - бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал - тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай - қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла - тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды Аталы сөзге арсыз жауап қайырады деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.
Айтыс тарихы көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып келе жатыр. Оған мысал елдің ескі әдет - ғұрпына жататын тұрмыс - салт жырларындағы Жар-жар мен Бәдік өлеңдерінің айтыс формасында болып келуі. Айтыс табиғатын зерттеуші М.Жармұхамедұлы мынадай бір тосын мәлімет келтіреді: Айтыс түрік тектес елдерде ертеден бар екені аңғарылады. Бұған М.Қашқаридың Диуани лұғат ат - түрік атты жинағындағы Қыс пен Жаздың айтысын, сондай-ақ Қожа Ахмет Иассауидің Диуани хикметіндегі Дозақ пен Пейіштің айтысын дәлел ретінде айта аламыз Бұл дерекке қарап, атамұра өнеріміз қазақ ұлт боп қалыптаспай тұрған кезде де бар болғандығын аңғарамыз. Осы дәстүрдің арғы шығу тегін зерделей отырып, басқа да елдердің ұқсас әдеби үрдістерімен салыстыра зерттеген М.Әуезовтің пікірі біраз дүниеден хабар береді. Оның: Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты. Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол болып етек алып жайылған емес. Анда - санда кездесетін шашыраған өлеңдер сияқты көрінеді. Мысалы ескі француз әдебиетіндегі тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына ұқсайды. Онда да екі ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен айырмасы: суырыпсалма өлеңдермен айтысатын болса, тенсондар да сондай, жанынан шұғыл шығарылған ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де кейде қазақ айтысында кездесетін білім таласы сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. Француз әдебиетіне басқа, ескі араб әдебиетінде Мұғаллакат деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты, дей келіп: Міне өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас. Бірақ бұның бірде - бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығы ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әдебиет тарихының бөлімі болып етек алып тараған емес. Қазақтың кәрі, жасындай айтысты қызық көріп қызуланып, тегіс өнер қылып, жалпақ ел ұстанған емес. Қазақтағы айтыс әдебиет бөлімі болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан келе жатқан театры сияқты көпке бірдей қызық беретін жиын сауығы болған деген пікірі айтыстың қазақ әдебиетінде алатын орнын айқындап берді.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Рас, кітап бастыру мен театр өнері қалыптаса қоймаған елде айтыстың қалың жұртшылық бас қосып ден қоя тыңдап, одан эстетикалық ләззат алатын сауықшылдық сипаты да ерекше еді. Мұның үстіне ол қолма-қол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік қасиеттерімен де дараланады. Әлеуметтік мәні ұшталған бір алуан айтыстарды (Ақсұлу мен Кеншімбай, Молда Мұса мен Манат қыз, Ұлбике мен Жанкел, Шөже мен Балта, Орынбай мен Арыстан, Әсет пен Ырысжан, Біржан мен Сара, Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Құлмамбет т.б.) ел өмірінің көркем шежіресі, жинақталған энциклопедиясы деуге де болар еді.
Айтыскер ақындар жүрген жер ел ортасында көшпелі сауықшылар жүргендей қалың думан, жиын болатын. Елдің айтыс өлеңдерін қатты қадірлегендерінен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған. Барған елінің барлығында бағалы, қадірлі болып, қайда барса да сый, құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол жүрісін біржолата салт қылып әкеткен. Сән салтанатпен, қобыз, домбырамен қыдырып жүріп, айтысқа шығатын ақындарды іздеумен өткен.
Бұрынғы заманның осы сияқты жиыны болса да айтыссыз өтпейтін. Талай ақын өз елінен шығып, жат елді аралап, кектеніп, кез келген ақынмен айтысып, не жол алып, не жол беріп, жеңіп, жеңіліп жүрген. Баяғы заманда жауынгер батыр алыста тоят іздеп, білегінің қайратына сеніп, соғыс майданында жау іздесе, айтыс ақындары тіл жағының қайратына сеніп, соғыс майданының жекпе-жегін іздейді. Қазақ елінің бұрынғы жортуылшыл батырдан кейін тапқан, екінші алуандас батыры - қызыл тілдің иесі ақындар. Ел тіршілігінің жауынгерлік дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алған кезінде, Сарыарқаны сайқалдап, оңды-солды шарлап жүрген бір алуан адамдары, осындай сөз батырлары кешегі Жанақ, Кемпірбай, Шөже, сол ақындардың үлгісі ел ортасында соларға ұқсамақ болған жігіттер көбейген.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс - халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір - бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын.
Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып - жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі - айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
Атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, М.Горькийдің: Бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де сөз күші арқылы, үшкіру, аруақты шақыру әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр, - деген сөздерінің бәдік жырына тікелей қатысы бар.
Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. Үшкіру, шақыру арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген.
Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі - бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп бәдік айтатын болған.
Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене бір кәдікті,
Көш! Көш![30. 94 б.]
Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қонысжайға ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке ұсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.
Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл - қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым.
Ж і г і т:
Қаратауым дегенде, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздің ауыл[30. 98 б.].
Қ ы з:
Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,
Таудан арғы бұлтпенен араласып.
Енді екеуіміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығалық сабаласып[30. 98 б.].
Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар.
Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.
И е с і:
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?
С и ы р ы:
Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,
Қу шолақты соялық дескеніңде,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді.
Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.
Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі - жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман - тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды. Бұл - бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері - соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.
Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.
Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай, айтқан жұмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп білетіндігі таңғалдырады.
Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі - Сапарғали мен Нұржан айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді. Мысалы Сапарғали:
Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
Ұшырса, қондырса да еркі адамда
Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп[32. 3 б].
Нұржан:
Мысалы жайса зонтик құс секілді,
Тетігі қолда болған іс секілді,
Жауса пана, күн шықса көлеңкесі,
Достығы бейне сіз бен біз секілді[32. 3 б].
Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.
Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.
Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ойсанасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше.
Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
Қыз бен жігіттің айтысы - салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.
Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады.
Омарқұл мен Тәбияның айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.
Омарқұл:
...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін,
Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.
Сергелдең сенің үшін болдым талай,
Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...
Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін[33. 1 б].
Тәбия:
Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің,
Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін.
Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,
Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім,
Арасын екі ауылдың болжал етіп,
Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.
Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,
Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім...
Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады[33. 1 б].
Қысқасы, жігіт пен қыздың шын мәніндегі айтыстары, ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтиды. Тақырып, мазмұны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында.Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек қою да қиын.
1.2 Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты мен дәстүрлері
Бүгінде жер бетіндегі этнос, ұлт, халық, мемлекет сияқты іргелі ұғымдар өз болмысын айқындау үшін тіл - таным - мәдениет үштағанына иек артып, ұлттық дүниетанымның, ұлттық рухтың, ұлттық ерекшеліктің нәзік те күрделі табиғатын танып білуге байланысты антропоөзекті бағыттағы танымдық зерттеу еңбектер үрдіс алып келеді. Яғни, бұрын да тіл жеке ғылым саласы ретінде жеке дара сөз етілуді негізгі бағыт ретінде ұстанса, бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма ретінде қарастырылуы негізгі меженің бірі ретінде қалыптасу үстінде.
Тілдің қызметі тек қана коммуникативтік емес, ол әлем болмысы туралы дүниетанымдық қорды топтастырушы, жинап сақтаушы, келер ұрпаққа мирас етіп жеткізуші. Осыған орай, тіл арқылы әлемді тануда, этномәдени болмысын тануда аксиологиялық модельдер (құндылықтар теориясы), дүниенің тілдік бейнесі, психолингвистикалық стеоротиптер, концептілік тірек ұғымдар, герменевтикалық қағидалар, логикалық категориялар басым бағытқа ие болып келе жатыр.
Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік әлемге деген көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған әлемді қабылдау үрдістерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемінің күрделі қабаттарының сан салалы көрсеткіші.
Ғылыми таным көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жердің шалғай ғалам кеңістігін де нақты деректермен ұштастыра зерттеп, мүмкіндігінше оларды адамзаттың өмір шындығына біртабан жақын, шынайы өмірмен байланыстыра бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда.
Адамзат қоғамының дамуында әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі - тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуындағы маңызды фактор. Ал әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың аясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған лингвомәдениеттану, мәдениаралық коммуникация, әлемнің тілдік бейнесі бағыттарымен сабақтаса жүзеге асып келеді.
Мәдениет - қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз - мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар.
Мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл - тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану мен этнолингвистика пәнінің негізі болмақ.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі ішкі және сыртқы факторларға байланысты әр түрлі болғандықтан тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Тілдің бойында мәдениеттің арқауын құрайтын, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын негізгі сипаттары көрініс береді. Тіл рухының феномендік күші ұжым мүшелерінің тілдік санасында, ой-танымында, этномәдени болмысында қатталады.
Кез келген ұлт дүниетанымы, ұлттық болмыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық танымдық мәдениеті оның тілінде көрініс табады. Ұлттық танымдық мәдениеттің тірегі - тілде. Тіл - дүниетаным құралы. Тіл - мәдениет айнасы. Тілде халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәніндегі (табиғи) этномәдени болмысы мен дүниетанымы сақталған [1. 22 б.].
Әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол - мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан оны құрылымдық лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже бере алмайды. Себебі, тілдің қызметі тек қана коммуникативті - прагматикалық емес, этномәдени ақпараттарды сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, бүтін ұлттық тұтастықты жинастырушы болып табылады.
Ақиқат дүниенің мәдени ақпаратын танытатын әрбір лингвомәдени бірлік дүниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомәдени көрсеткіш ретінде қарастырылғандықтан, онда ұлттық таным, ұлт менталитеті, ұлттық мінез, өмір салты, әдеп-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі, сана - сезімі көрініс табады. Осыған орай, қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті сабақтастыра зерделейтін тіл білімінің кешенді саласы лингвомәдениеттану кең қанат жаю үстінде.
В. Маслова тіл білімінің бұл саласына төмендегідей анықтама береді: Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке [2. С. 228].
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек басымдық бағыт береді.
Мәдени ақпарат ұжымның когнитивтік санасында қатталып, тіл арқылы жүйеленіп, сөз құдіретінің негізінде халық есінде ғасырдан - ғасырға сақталады. Сондықтан да ғалымдар тарапынан тұжырымдалған ұлттық мәдениеттің негізі тілде деп көрсетуін де жоққа шығара алмаймыз.
Ұлттық мәдениетті танытушы негізгі құрал тіл екенін В. Маслова төмендегіше көрсетеді: Мәдениет халық тілінде көрініс береді. Тіл білімінің міндеті - сол мәдениет көріністерін зерттеу [2. 7 c].
Тіл мен мәдениеттің, дүниетанымның байланысы ұлттың рухани дүниесі арқылы көрініс беретінін алғаш В.фон Гумбольдт айтқан болатын.
В.фон Гумбольдт: Язык народа есть его дух и дух народа есть его язык, и трудно представить себе, что-либо более тождественное [4. 89 c], - деп атап көрсеткен тұжырымдамасы ХХІ ғасырдың кешенді мәдениеті үшін де өз өзектілігін жоймағаны ақиқат болып отыр.
Тіл мәдени ақпараттар қорын жинақтап қана қоймайды, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Тілдің бұл қызметін тіл ғылымында кумулятивтік қызмет деп атайды.
Тілдің кумулятивтік қызметі туралы зерттеуші Ж. Манкеева: Ана тіліміздің құдіреті - сан мыңдаған жылдар бойы халқымызға тән рухани қазынаны бойына сіңіріп, сақтауы. Ол - халқымыздың асыл мұрасын өз бойына сақтап келген, оны бүгінгі күнге жеткізген, келешек ұрпаққа жеткізетін тілдің кумулятивтік қызметіне байланысты, - деп тұжырымдайды [5. 137 б].
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер. Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ.баяғя ескі заманнан бастап соңғы күндерге шейін қай ру болса да ортасында айтыс өлең айтылмаған ел болмайды. Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңіз сияқты көрінеді. Өзге жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде, айтыс өлеңі деген бөлім, не жоқ болады, не болмаса аз кездеседі. Қазақтың өзге түрдегі ескілігнің барлығында өзге елдеігіне ұқсастық болса да айтыс өлеңдері барлығынан да жат, жаңа түр. Қазақ әдебиетінің өзіне ғана меншікті саналады. Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол етек алып жайылған емес. Анда - санда кездесетін шашыраған өлеңдер сиякты көрінеді. Мысалы: ескі француз әдебиетіндегі тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына құсайды. Онда да екі ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын болса, тенсондарда сондай, жанынан шұғылдан шығарылған ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де қазақ айтысында кездесетін білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. Мәселен, кейбір тенсондар адам қауымында әйелдің қандай бағасы бар деген жайға арналған. Француз әдебиетінен басқа , ескі араб әдебиетінде Мұғалла хат деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты. Бұрынғы замандағы, жәрменкедей ұлы жиында көп ақынның бір тақырыпқа айтқан жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, ең қызулы жеріне жібекке жазылып, ілініп қойлатын. Сондықтан Мұғалла хат деп - ілуілі өлеңдер айтылған.
Міне өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас.бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әбебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес. Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай ,Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған.барған елдің барлығында да бағалы, қадірлі бюолып қайда барса да сый, құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол жүрісін біржолата салт қылып әкеткен.
Ақындық, әншілік өнері жақсы жігіттің белгісі сияқты саналған. Сондықтан ел ішінің қызық сауығы үшін сән түзеп, қыдырумен жүретін салдар шыққан. Атақты ақындарға еліктеуден серілік молайып, бері келген заманда Біржандай сал, Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың жайы қай елдің ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.
Соның бәрі айтыс ақындарының сарқыты. Онан соң бұрынғы ел, ақын айтысын қызық сауықтың ермегі сияқты көре де екі рудың ақыны айтысатын кезед құр ғана көлденең тыңдаушы бола алмайтын. Біреудің тілеуінде болып, ұранына қызып, өзі жекпе - жекке шыққандай болып тыңдаған.
Ауызша әдебиетте өлең тақпақ пен айтыс ретінде айтылатын сөздер екі жікке бөлінеді. Біреуі ақындар айтысы, екіншісі билердің билік үстінде, ру тартысның тұсынды айтысатын сөздері - билер айтысы. Сырт көрінісіне қарағанда ақындар айтысы мен билер айтысы қазақ ескілігндегі екі алуан сөз сияқты. Бірақ , кейбір мағыналарымен, ел тұрмысымен байланысына қарағанда, екеуі бір түрге қосылады.
Бұларды бір түрге қосатын себеп: ескі қазақ ішінде өте күшті болған ру жігі. Бұрын қазақ әдебиетінде кездесетін өлең түрлері әр кезде әр түрлі болып ел кезегі үшін қызмет еткен.Мысалы: сыршылдық өлеңдері көздегі жас, көңілдегі қайғыны уатып, сүйеу беретін сөздер болса, кейбір жерде жылату үшін, көзден жас шығару үшін көңілдің зар-мұңын шығаратын сөз болған.
Айтыс өлеңдердің ішінде мұң мен зар айтылмайды. Мұның ішінде елге бүгінгі мұңын айтып, пәленде жолға түсіп, түзел деген өсиет жоқ. Мұндағы сөздердің барлығы екі кісінің тартысы - таласы. Бұл өлең түрімен айтылған сөз күресі, сөз жекпе-жегі ішкі мағынасына қарағанда, мұндай айтыстар бұрынғы елдің сауығы, желігі үшін айтылатын айт пен той, ойын, жиынның өлеңдері.[5. 172 б].
Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер жазған С. Мұқанов , М. Әуезов , Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин тағы басқалардың айтуына қарағанда, айтыс деген сөз бірнеше мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тарысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған.Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлеміне өсетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да - осы осы өлең түрінде айтылған айтыстар.
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі - халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі - шын мәніндегі ақындар айтысы. Соңғысы қазақ айтысының ең күрделісі болып табылады.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: жар-жар, бәдік айтысы, қыз бен жігіт айтысы, дін айтысы, жұмбақ айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет - ғұрып салтына байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған және ойын-сауыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру кезінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Олардың осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатындықтан, халық оны қыз бен жігіт айтысы деп атаған.
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,әзіл - оспақ, әдемі қалжын ретінде айтыла береді.Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын - сауыққа лайықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz