Пиктографиялық жазу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті

Филология факультеті

Реферат
Тақырыбы: Жазудың жалпы даму тарихы

Орындаған: КО-22 тобының студенті Рыспаева Ш.Ж.
Тексерген: Турсунова М.А.

Қарағанды 2020ж.
Жоспар:
I.КІРІСПЕ БӨЛІМ
1. Жазудың тарихына жалпы шолу
2. Жазу қатынас құралы ретінде
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жазудың пайда болуы
2. Жазу түрлері
3. Қазақ алфавитінің шығу тарихы
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1. Тарих сахнасындағы жеті жазу жүйесі
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор. Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген.
Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б.пайдаланған. Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы дамып қалдырғысы келеді.Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі - иероглиф пайда болды.
Иероглиф сөзі киелі таңба деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Япония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған. Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген Финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыста болды. Әр елдіңоң алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды. Ерте кезде Грек елінің ғалымы Пеламед алғаш 16 әріп жасаса, уақыт өте жазу дамыту үшін 3,6 т.б. әріп қосып осылайша грек елінің алфавиті пайда болды.
Славян халықтарына келетін болсақ, қазіргі кезде олардың өз алфавиті бар. Алайда ерте кезде Славян елінің өз жазуы болған жоқ. Х ғасырдың екінші жартысында Греция елінен шыққан ағайынды Кирим және Мефодий ұлы Моравия ( қазіргі Чехословякия елінің территориясы ) еліне келіп славян елінің жазуын қалыптастыруымен айналысты. Олар славян тілін жақсы білгендіктер, славян алфавитін жасау қиынға соққан жоқ. Бұл славян елдерінің оқуы мен жазуына мүмкіндік берді.
Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді: 1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты - ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:Енисей ескерткіштері.Талас ескерткіштері.Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазу түрлері
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың... т.б. суреттері қолданған. Мысалы, "мен аң аулауға кеттім" дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндео мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялың таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін ) белгілейді.
Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын.Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазууындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айқындалған. Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, "5" деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрлардың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша - пять, қазақша - бес, ағылшынша - fiue. Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді,бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік - идеограммалдар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек. Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық, және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы, О-"кислород", -түбір, -"Атом ядросы", һ-"Планк тұрақтысы". Ғылым саласында жаңадан пайда болған ұғым, ең алдымен, сөз тіркесімен айтылады да, осыдан кейін барып ол арнаулы таңбамен белгіленеді. Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнынын білдірумен бірге, оның бөлшектері - сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады. Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майя жазуы, лигатуралы дыбыстық дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез-келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А(дауысты)+С(дауысыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген. Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы , кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді. Буын жазуының үшінші түріне үнді, жазуының әр түрлі жүйелері ( кхарошти, брахми, жәнет.б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар жеке - дара дауыстыларды ("а") және дауысыз бен дауыстының (" ка") қосындысын белгілейді.
Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.
1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары,
2) Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.
3) Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кун-мун).
Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды. Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы - сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.
1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60 - жылдардың басында - ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан Қазақ хрестоматиясының негізін К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы Христоматияда жүзеге асырды. Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды. Ал А.Е. Алекторовтың, А.В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын. А.Е.Алекторовтың өзінің К мудрости ступенька атты еңбегінде: В этих школах совсем непримимы учебные книги щвестиых нашых педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
Пиктографиялық жазулар
Жазудың алғашқы түрлері
Фразограммалар - бұл тарихтағы адамзаттың жасаған алғашқы жазуы
Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі
Тіл және қоғам
Жазудың шығу тарихы
Жазу және жазба тіл
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Пәндер