Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасы

Ф. МИ 201. 1. 2-02

КУРСТЫҚ ЖОБА

Тақырып: «Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қазақ халық ертегілерін пайдалану»

Пәні: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқыту әдістемесі»

Білім беру бағдарламасы: «6В01311-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған

БОПмӘ-2(3) тобының студенттері Сәулебай А. Қ.

Ақберген С. Қ.

Ғылыми жетекші

магистр, аға оқытушы Сұлтан Ж. И.

Ақтөбе, 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
:
Кіріспе:
3:
: 1
Кіріспе: Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастырудың теориялық мәселелері
3: 7
: 1. 1
Кіріспе: Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
3: 13
: 1. 2
Кіріспе: Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
3: 16
:
Кіріспе:
3:
: 2
Кіріспе: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
3: 22
: 2. 1
Кіріспе: Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
3: 28
: 2. 2
Кіріспе: Тәжірибелік байқау жұмыстарының нәтижелері
3: 32
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 34
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 36

КІРІСПЕ

Ертегілер - бала дамуында үлкен маңызы бар, әдеби жанр. Көрнекті психоаналитик Б. Беттельхейм «Қиял-ғажайып ертегілердің пайдасы мен маңызы» кітабында ертегілердің баланың жүйке жүйесіне әсері жөнінде өзінің тәжірибесін жинақтаған. Ол, бала дамуындағы ауытқушылықтың себебі, өмірге деген қызығушылығын жоғалту, оған көмектесетін ертегілер, деген. Ертегілер баланың құмарлығын оятып, бүкіл санасын, назарын аударатын, қиялын шарықтататын, өзін-өзі танытатын, интеллектін дамытатындай, келешекке сеніммен қарайтындай болу керек. Ертегілер ауызша айтуға лайықты түрде құрылады. Сөз, сөйлем құрылыстары да осыған лайық келеді. Қай елдің ертегісінде де дәстүрлі салтқа айналған бастамасы және шешуі болады. Мәселен, қазақ ертегілері:

Бар екен де, жоқ екен,

Аш екен де, тоқ екен . . .

Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні келте екен, - деп басталады. Ертегінің бұлай басталуы айтушылар үшін керекті әдіс, өйткені адам әрдайым білмегенін білуге құмар. Тыңдаушы үшін әңгімені жұмбақтап бастау оқиғаның мазмұнын білуге деген құмарлықты туғызу үшін керек. Бұл әдіс әуелде осы жағдайға байланысты туса да, кейін айтушылардың әдетіне айналған. Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі - өнегесінен нәр алары анық. Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды. Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара -қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның
жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады. Бала балғын тал, ересек адам - бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жаныны небір жақсылық нәрімен суару - оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. Әдебиеттік оқу бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты - дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналасындағы дүниемен жекебас - тұлғалық қатынасын этикалық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени - рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асуға болады. Осымен байланысты бағдарламада халқымызға тән әдептілік, имандылық, қонақжайлық, мейірімділік т. б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер, тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты пікірлер қалыптасқан. Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу бағдарламаларында оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізінен халқымыздың мәдени, рухани дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін ертегілер, аңыз-әңгімелер сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, ең алдымен, халқымыздың осы санадағы озық әдет-ғұрыптарына, дәстүріне, бай мұрасына негізделіп жүргізілетіні нақтылы көрсетілген. Білім мазмұнын мектепке тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік құралдық шамамен алғандағы тізімін алдын-ала білу. Тізім ең алдымен, қандай оқу -әдістемелік құралдардың қажет екенін біліп, білім мазмұнының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық т. б. мақсат, міндеттерін, толық, жан-жақты жүзеге асырып, әдістемелік жүйе түрінде құруды бағдарламаға мүмкіндік береді.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша мектеп оқушыларын ертегілерді оның ішінде қазақ халық ертегілерін оқыта отырып, ар-намысқа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В. Радиов, Г. Потанин, И. Березин; Ш. Уалиханов сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінде де мол орын алғаны бар. Қазақ тілінде мектеп оқу құралдарының барлығын да көп жылдардан бері халық ертегілерінің әр алуан үлгілері жарияланып, зерттеліп, оқылып келеді. Халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден -ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, ертегі-аңызға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді.

Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің өзіндік ерекшелік мәні зор. Әдебиеттік оқу сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш топқа бөліп, бірінші топқа сол ертегі бойынша диалог - монологтық түрде мәтінді дұрыс оқу, екінші топқа сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, үшінші топқа сахналық қойылым ұйымдастыру. Сонда өзі берілген 1 немесе 2 сабақты уақыт өлшеміне қарай пайдалану тапсырылады. Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т. б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы; деректі ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек; сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі. Ертегі - бастауыш мектеп жасындағы оқушының қиялына қозғау саналады. Шәкірттердің саналы тәртібі, мінезі туралы түсінігі қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғанып, біздің заманымызға жетіп отыр. Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз. Қазақ халқының адамгершілік іс-әрекеті негізінен ол көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым-қатынастарда қалыптасады. Біздің халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті құрметтейді. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқыта отырып өскелең ұрпақты тарихи шежіре, яғни ертегі-аңыз, жаңылтпаш, жұмбақтарды жете түсінуге үйретеміз. Ертегінің тілінде жеңіл сөз, желдіршелі фразалар жоқ. Оқиға басынан -ақсылбыр, баяндалады. Оның мақсаты - асықпа, оқиға жеңіл емес, ауыр әңгіме ұзаққа созылады дегенді білдіру болса керек. Ертегінің лексикасы мен синтаксисі халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімізге бұзылмай, шұбарланбай жеткен. А. Байтұрсынов қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

Ертегінің алатын орнының ерекшелігі де соған саяды. Келемеждеу, күлкіге ұшырату, мазақтау арқылы бай-шонжарларды дәріптесе, керісінше, асқан зиялы мәртебесін арман- мақсатпен ұштастыра отырып жағымды образ жасайды. Онда әрине, мейірімді де ақылы көп, адамгершілігі бар адам. Оның әрбір басқан қадамы үлкен сақтықты қажет етеді. Дегенмен де соңында бақытқа жетіп баян болады. Сондай-ақ жағымды образдардың бірі - Қожанасыр. Қожанасыр әңгімесін айтушы елдер ол жайындағы естіген сөздерін ғана айтумен қанағат қылмай, әр кезде Алдар көсе, Жиренше сияқты өз тұстарынан қосымша, үстеме әңгімелерді де жамап, молайтып айта берген. Сонымен Қожанасыр жайындағы әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ. Күлкіні заң етіп алып Насыр әңгімесіне талайды мазақ етеді. Ертегі арқылы үлкен жүректі, адамгершілігі мол, зор еңбекті жемісті образ көзге елестейді. Оқушыларға ертегінің тартымды болуы да содан. Ертегі арқылы жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айыра алатын болады. Мәселен, «Етікші» ертегісінде бала-шағасы көп болған, кедейліктен тұрмысы ауыр болған етікшінің отбасын өзінің адал еңбегі, яғни етік тігу арқылы аз ғана табысымен күн көріп еңбектенуі балаларды жалқаулықтан арылуға, әрқашан да тынымсыз еңбектің соңы бақытқа жеткізетінін көрсетеді. Мұнда мақсатқа талпынушылық, ерік, күш-жігер сияқты дара мінез бітістері шыңдала түседі.

Ал, «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнында кездесетін Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Қырағы балаларды достыққа, бауырмалдылыққа, кенеттенездескен қиындықтарды бірге отырып жеңе білуге, өжеттілікке тәрбиелейді. Осыған байланысты жеке дара мінез бітістері ұштала түседі. Аталған және тағы да көптеген ертегілерде елжандылық, сүйіспеншілік, мейірімділік, достық, бауырмалдық, сыйластық, шыншылдық, жақсылық, ерлік, әділеттілік, мақсаткерлік, ұқыптылық, еңбексүйгіштікке негізделген адамгершілік өлшемдері жатыр. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десек артық айтпаған едік.

  1. Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына

адамгершілік тәрбиені қалыптастырудың теориялық мәселелері.

Адамгершілік сезім адамгершілік іс- әрекеттің басты көзі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесіне А. С. Макаренко ерекше мән берген. «Жастарды нағыз мінез-құлыққа тәрбиелеу дегеніміз - олардың адамгершілік сезіміне тәрбиелеу» - деп атап айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері бастауыш сынып оқушыларына өмір сырларын, образ арқылы танытып, олардың адамгершілік түсінігінің қалыптасуына, баланың бойына жоғары адамгершілік сапаларының берік қалыптасуына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық ертегілерін оқуға ынталандыру оларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарының маңызды буыны болып саналады.

Қазақ халық ертегілерінің басты ұғымының бірі- дамыту. Бала сыртқы әсерлерді бірден қабылдай бермейді, оған өзінің бейімділігін, болмаса қарсылығын білдіреді. Яғни жүйке жүйесінің көмегімен сыртқы әсерлерге іштей елең етіп қажетіне қарай жауап береді. Міне қазақ халық ертегілерінің тәрбиенің біртекті жағдайының өзінде де мектеп қабырғасында да, сапалық қасиеті әр- түрлі балалармен бірге есейіп бірге дамиды. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс - баланың жақсы мен жаманды ажыратып, оған лайықты жауап беруі. Баланың бойындағы имандылық белгілерін дамытуы.

Адамгершілік тәрбиесі қазақ халық ертегілерінің, оқу- тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізуді, бастан кешірді және толғануды мінез-құлыққа енгізу қажет. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым- қатынастарда көзге түседі. Мінез- құлықтық сезім мен сананың жаңа түрлері, қазақ халық ертегілері арқылы одан әрі дамытылады. Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара қарым-қатынасқа, адамның көңіл-күйін дағдылануға көмектеседі. Олар мектепке оқу-әрекетіне өзінің қатынасын жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде қазақ халық ертегілері бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы арқылы қалыптасатыны да байқалады. Адамгершілік тәрбиесі-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғасады береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберінде қамтылған. Сондықтан, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізгі орын алмақ. Қандай халық болса да, оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, ілікті қасиеті, ұлттық менталитетті болуы арқылы болашақ ұрпақтың төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге, жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, өмір сыныптан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді саралауда педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс. Халқымызда қай тақырыпта да, табылатын тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілер қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы, « Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаман мен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар" деген мақалдарды, «Екі дос», « Кедей мен бай» атты ертегі желісіне оқуға болады. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек аадамның кез-келген қиыншылықтарды жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі. « Мақта қыз бен мысық» ертегісі балалар үшін өте тартымды және қызықты ертегілердің бірі. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық, мақта қыздың тілін алмай қатысып төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып көп қиыншылық көріп, барып қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс-қимылына жауап беруге, үйренуге өзінің жіберген қателігін түзетуге тәрбиелейді. «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Мұнда кедейдің 5 ешкісі қарлы боранда, далада қалады да қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп береке - бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балалардың бір-біріне көмектесуіне, береке, бірлікке бауырмалдылыққа үйретеді. « Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшаңдықтың пайдссын көрсетеді. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшаң тышқан жыл басы атанады. «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз, байларды қарапайым кезең Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісіне өміріне жауап бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой қиялдарын ертегілері арқылы жеткізу қабілеті бар. Қазақ халқы салт- санасымен, ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету қажет.

Қазақ халық ертегілері -тәрбиенің айнымалы көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады. Шыдамдылыққа, қайсарлық қазақ, батырлыққа, болашаққа міндеттер қойып соған жетуге дағдыландырады, үйретеді, үйрете білеміз. Ертегі бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін, қиялдауға да көп көмегін тигізіп отыр. Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқауға болады. Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми - зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:

Психикалық дамуға - оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;

Дененің дамуға - дене бітімінің өз жасына сай болу;

Рухани дамуға - оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Қазақ ертегілері сан алуан
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ертегілері негізінде рухани адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz